Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Халқының саны – 725952 адам (2011 жылдың 1 маусым ағымдағы есебі бойынша)
Н.Ә. Назарбаев «АТАМЕКЕН» Қазақстан Картасы» Көз салсаң өткен күнге, кешегіге, Тарихтың көші баяу көшеді де. Беймәлім талай сырға қанығасыз, Келсеңіз «Атамекен» кешеніне. Жерімнің бүтіндігі ел тілегі, Желі кеп Сарыарқаның желпіп еді. Байлығын еліміздің, әсемдігін, Айнытпай көз алдыңа келтіреді. Туған жер қасиетін ұққандайсың, Шипалы ауасынан жұтқандайсың. Қазақтың қасиетті кең даласын, Аралап бір-ақ сәтте шыққандайсың. Тілдесіп болашақтай тылсымменен, Қадірін тәуелсіздік білсін деп ем. Бетінде «Қазақстан Картасының», Жүрегі Отанымның дүрсілдеген.
Онысбай Әбілов Азақстанның халық ақыны
Атамекен «Атамекен» – ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған «кір жуып, кіндік кескен» аймақ, өңір. Түркі қауымына ортақ «Ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, «ата – бабалар ғұмыр кешкен, олардың ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіретін термин ретінде орныққан. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы «Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешені Қазақстанның «Атамекен» танымды-көркемдік кешені – мемлекеттің тарихымен, онда тұратын халықтардың мәдениетімен таныстырады. Сәнді таулар, қыраттар, қырлар, ормандар, көлдер, ірі қалалардың нышандық белгілері – осы мәдени орталықтың өзіндік ансамблін құрайды. “Атамекен” Қазақстан Картасының” ерекше бөлігі - Каспий теңізі. Этно-мемориалдық кешен көлемі - 1,7 га алады. Картада 14 облыс және 2 қала - Астана және Алматы орналасқан. Қазақстан Республикасы аумағының жалпы көлемі - 2,7 млн. шаршы шақырым. Халқы - 16 518 000 адам (2011 жылдың 1 мамыр ағымдағы есебі бойынша). Шекараның ұзындығы – 12 187 км. Елордасы - Астана. Қазақстан аумағында 140-тан астам ұлт және шағын халықтар тобы өмір сүреді. Ең ірі таулы массив – Хан-Тәңірі шыңы – 6995 м. Ең ірі теңіз – Каспий – 374 шаршы шақырым. Ең ірі өзен – Ертіс – 4 248 км. Мұңалбаева Мітхан Дәуренбекқызы «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Азақстан Республикасы Елдің мемлекеттік тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланған. Жер көлемі – 2724,9 мың шаршы шақырым. Халқы - 16 441 959 (2011 жылдың 1 қаңтары). Астанасы – Астана қаласы. Азақ елі ұлан-байтақ. Бір қиырынан бір қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылады. Кең байтақ жеріміз батысындағы Жайық өзенінен шығысындағы Алтай таулары мен Ертіс өзеніне дейін 3 мың шақырым, солтүстігіндегі Батыс Сібір ойпаты мен Есіл өзенінен оңтүстігіндегі асқақ Алатауға дейін 1600 шақырым, жалпы аумағы 2 724,9 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Жағрапия тілімен айтқанда, 55°,26' - 40°,56' солтүстік пен 45°,27' - 87°,18' шығыс бойлық арасына орналасқан. Қазақстан өзінің жер көлемі жөнінен әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарында тұр. Бұл көрсеткіш бойынша, ол Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орынды алады. Азақстан Республикасының шекарасы 12 мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 1730 шақырымы су (Каспий және Арал теңіздері) бойымен өтеді. Батыс, солтүстік батыс және солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясы болса, оңтүстік-шығыс және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстағы шекараластарымыз Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы. Азақстан жерінде 100-ден аса ұлт пен ұлыстар тұрады. Жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл. Республика аумағында 4 750 түрлі өсімдік өседі. Ірі мұхиттардан тым шалғай жатқандықтан, Қазақстанның климаты, негізінен, құрғақтығымен ерекшеленеді. Тек Алтай мен Алатау маңында ғана ылғалдау ауаның басымдылығы сезіледі. АСТАНА ҚАЛАСЫ Астана қаласының аумағы – 710,2 мың шаршы шақырым. Халқының саны – 725952 адам (2011 жылдың 1 маусым ағымдағы есебі бойынша). 1830 жылы Есіл өзенінің жағалауы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі, 1832 жылы Ақмола сыртқы округі құрылды. Ерте заманда осы жерде тайпалар ордалары орналасып, жазғы кездесулер өткізілген, маңызды мәселелер (әскери экономикалық жер иелену, Ұлы Сарыарқа арқылы қыстауларға өту) талқыланған. Астана қаласы қазіргі атын 1998 жылы алды. 1961 жылға дейін қала – Акмолинск, 1961-1994 жылдар аралығында – Целиноград, 1994-1998 жылдары – Ақмола деп аталған. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Астана қаласы тез қарқынмен дамып, көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналып, Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар салынды. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орналасқан. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шет елдерден келген қонақтарды таң қалдыруда. Астана күннен-күнге өзгеріп, ажарланып келеді. Жас Астана тарихқа еніп, Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қалаға айналды.
АҚ ОРДА Президент саябағының маңында мемлекет басшысының тұрақты орны, яғни ғимараты орналасқан. Оның биіктігі – 80 метр, 1-ші қабаттың биіктігі – 10 метр, ал қалғаны – 5 метрден. Ол 2 жерасты қабаты және 5 жерүсті қабаттан тұрады. Күмбезі көк түсті болу себебі Қазақстан Республикасының туының түсін білдіреді. Қазақстан Республикасының Президент Ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі 2004 жылы 24 желтоқсанда болды. Осы жерде Елбасымыз шетелден келген елшілерді, құрметті қонақтарды қарсы алып, марапаттайды. Сонымен қатар, жиналыстар мен көптеген салтанатты жиындар жүргізіледі.
БӘЙТЕРЕК “Бәйтерек” тәуелсіздік монументі – биіктігі 97 метрден тұратын шар тәріздес құрылыс. Бұл жыл сайын терек ағашының ұшар басына сиқырлы жұмыртқа салатын Самұрық құс туралы көне қазақ аңызының символы іспеттес. Тәуелсіздік монументінің орасан зор құрылысы ендікте және меридианды осьта орналасқан. Монументтің оңтүстігінде Қорғаныс министрлігінің, ал солтүстігінде Сыртқы Істер Министрлігінің ғимараты салынған. Қаланың қай жерінен болсын көрініп тұратын бұл кешен Астананың ғана емес, жалпы тәуелсіз Қазақстанның рәмізіне айналып отыр.
|