Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Сыртқы оқу түрінің жұмыс оқу жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеті Заң факультеті Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы
«Қылмыстық сот өндірісіндегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» пәні бойынша
5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Курс: 3к4ж Семестр: 6
Курс: 2к3ж Семестр: 5
Курс: 2к2ж с/б Семестр: 3
Қарағанды 2015 Құрастырғандар: Абзалбекова Марал Тлеуғабыловна - қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы
Қылмыстық сот өндірісіндегі дәлелдеме және дәлелдеу курсы бойынша оқу-әдістемелік кешенде: оқу пәнін бейнелеу, бақылау нысаны, дәріс тезистері, семинарлық сабақтың жоспары, семинарға дайындалудың әдістемелік ұсыныстары, студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмыстары шеңберіндегі сабақ жоспары, өзіндік жұмыстарының жоспары, курс бойынша жазбаша жұмыс тақырыптары, өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары көрініс табады. «Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу құқығы» курсы бойынша оќу-әдістемелік кешен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 ж. 23 желтоқсандағы № 779 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған ҚР МЖМБС 3.08.279-2006.
«Қылмыстық сот өндірісіндегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» пәні бойынша 5В030100 – «Юриспруденция» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен / Дайынд.М.Т.Абзалбекова - Қарағанды: ҚарМУ, 2015. – 46 б.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2015 1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) Күндізгі оқу түрінің жұмыс оқу жоспары
Күндізгі оқу түрінің тақырыптық жоспары (3к/4ж)
Күндізгі оқу түрінің тақырыптық жоспары (2к/3ж)
Сыртқы оқу түрінің жұмыс оқу жоспары
Сыртқы оқу түрінің тақырыптық жоспары (2к 2ж)
3. Пәннің оқу бағдарламасы — (SYLLABUS) 3.1 Оқытушы туралы мәліметтер: Абзалбекова Марал Тлеуғабыловна - қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы. Электронды адресі:Abzalbekoba@mail.ru Кафедра Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бас корпусының №327 адуиториясында орналасќан.
Пререквизиттері: Осы пәнді игеру үшін студенттерге көптеген құқықтық және теориялық білімдер қажет. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша құқық түсінігі, мәні және мазмұны, құқық нормалары, құқық жүйесі және құрылымы, құқық нормаларын талқылау, құқықтық қатынастар, құқықбұзушылық және құқықтық жауапқершілік деген салаларды меңгеру керек. Қылмыстық істер жүргізу пәні бойынша қылмыстық іс жүргізу міндеттері мен қағидалары, қылмыстық ізге түсу, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар, дәлелдемелер мен дәлелдеу, қылмыстық іс қөзғау, алдың ала тергеу және т.б. бөлімдерді меңгеру қажет. Яғни, ендігі пәндер игерілгені жөн «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Қылмыстық құқық», «Жалпы және құқықтық психология», «Криминология», «Конфликтология», «Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Азаматтық құқық», «Прокурорлық қадағалау», «Әкімшілік құқық», «Конституциялық құқық» пәндерін игеру барысында алған теориялық және құқықтық білімдер қажет.
Постреквизиттері: берілген курсты игергеннен кейін «Сот өндірісіндегі дәлелдемелер және дәлелдеу» пәнін зерттеу барысында алған білімді келесі пәндерді зерттеуде қолдануға болады: «Жедел іздестіру қызметі», «Криминалистика», «Адвокатура және адвокаттық қызмет», «Қылмыстарды саралау теориясы», «Алдын-ала тергеудің психологиясы», «Шет елдердегі соттардың құрылымы», «Қазіргі кездегі құқықтық жүйелер», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Соттық риторика», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» және т.б.
|