Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Лекция тақырыбы. Процесуалдық әрекеттердің хаттамалары және басқа да құжаттар
Лекция тезистері: Тексеру, көзін жеткізу, алу, тінту, ұстау, мүлікке тиым салу, хат-хабарларға тиым салу, хабарларды ұстап алу, телефон және басқа да сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, зерттеу үшін үлгілер алу, мәйітті эксгумация жасау, айғақтарды қылмыс болған болған жерде тексеру. Тергеу эксперименті, тергеу әрекеттерінің барысында маман жүргізген заттай айғақтарды зерттеу кезінде алынған қылмыстьш процесті жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жайларды куаландыратын тергеу іс-әрекетінің хаттамаларында бар іс жүзіндегі деректер, сондай-ақ сот іс-әрекетінің барысы мен олардың нәтижелерін көрсететін сот отырысының хаттамасында бар қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Дәлелдеме ретінде қылмыс туралы, табыс етілген затіар мен құжаттар туралы, айыбын мойындап келу туралы ауызша мәлімдеу кезінде жасалған хаттамалар да адамдарға олардың құқықтары мен оларға жүктелген міндеттерді түсіндірулерде камтылған іс жүзіндегі деректер падалануы мүмкін. Құжаттар егер олардағы ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндаған немесе куаландырған мәліметтердің қылмыстық іс үшін маңызы болса дәлелдеме болып табылады. Негізгі әдебиеттер: [1-3 Қосымша әдебиеттер: [1-75]
Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары Тақырып. Дәлелдеу пәні мен шектері. Сұрақнама: 1. Дәлелдеу пәнінің түсінігі. 2. Дәлелдеу пәнінің элементтері, оларды жіктеу. 3. Басты деректер мен дәлелдемелік деректер, олардың арақатынасы. 4. Дәлелдеу шегінің түсінігі мен мазмұны. Тапсырма:. қажетті әдебиеттерді қолдана отырып такырыптың сұрақтарын талқылаңыздар. Қылмыстық істер бойынша анықтауға жататын мән-жайларды анықтаңыздар. Дәлелдеу пәні мен дәлелдеу шегінің арақатынасын анықтаңыздар. Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар:қылмыстық істер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодекісінің 117 бабында көрсетілген. Осы мән-жайлардың мазмұның ашып, оларды жан-жақты талкылау қажет. Тақырыпты оқу барысында мына еңбектерге басты назар аудару қажет: Банин В.А. Предмет доказывания в советском уголовном процессе. -Саратов, 1981; Банин В.А. Структура предмета доказывания в советском уголовном процессе. –Уфа, 1976. Негізгі әдебиеттер: [1-3 Қосымша әдебиеттер: [1-75]
Тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер. Олардың қасиеттері. Сұрақнама: 1. Дәлелдемелердің түсінігі мен маңызы. 2. Дәлелдемелердің қасиеттері. 3. Дәлелдемелердің іске қатыстылығы және іс бойынша жіберілуі. 4. Дәлелдемелердің анықтылығы. Тапсырма: қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің маңызын анықтаңыздар. «Дәлелдеме», «іс жүзіндегі деректер», «фактілер», «факті туралы мәліметтер», «дәлелдемелердің қайнар көздері» деген түсініктердің арақатынасын анықтаңыз. Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар:бұл тақырыпқа дайындалу барысында қылмыстық іс қөзғалғаннан бастап сол іс бойынша белгілі бір шешім қабылданғанға дейінгі қылмыстық іс жүргізу әрекеті дәлелдемелермен жұмыс істеу болатындығын ескеу қажет. Сондықтан да арнайы әдебиеттерді қолдана отырып дәлелдемелердің маңызын анықтау керек. Негізгі әдебиеттер: [1-3 Қосымша әдебиеттер: [1-75]
Тақырып. Дәлелдемелердің жіктелуі. Сұрақнама: 1. Дәлелдемелерді жіктеудің теориялық және практикалық маңызы. 2. Бастапқы және туынды дәлелдемелер. 3. Тікелей және жанама дәлелдемелер. 4. Жеке және заттық дәлелдемелер. 5. Дәлелдемелерді жіктеудің басқа да негіздері. Тапсырма: дәлелдемелерді жіктеудің негіздерін көрсете отырып, олардың теориялық және практикалық маңызын айтыңыз. Құқықтық әдебиеттерде берілген дәлелдемелердің жіктелуі бойынша өз ойынызды білдіріңіз. Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар:осы тақырыпты зерттеу үшін тиісті оқулықтармен, монографиялармен, мақалалармен және заңдармен танысу қажет. бұрынғы оқыған пәндерден алынған білімдерді пайдалану қажет. Негізгі әдебиеттер: [1-3 Қосымша әдебиеттер: [1-75]
Тақырып. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің түсінігі мен мазмұны. Сұрақнама: 1. Танымның ерекше нысаны ретінде дәлелдеудің түсіңігі. 2. Дәлелдеу міндеті. 3. Дәлелдеу үрдісінің мазмұны. Тапсырма: дәлелдеудің түсінігін қарастыра отырып, дәлелдеу үрдісінің мазмұның қарастырыңыздар. Дәлелдемелерді табудың, жинаудың, бекітудің, зерттеудің және бағалаудың дәлелдеу үрдісінің элементі ретінде мазмұның ашыңыздар. Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар:тақырыпқа дайындалу барысында ұсынылған оқулықтар мен монографияларды қолдану қажет. Сондай-ақ әдебиеттер тізімінде берілген нормативтік актілермен танысу керек. Негізгі әдебиеттер: [1-3 Қосымша әдебиеттер: [1-75]
|