Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Процесуалдық әрекеттердің хаттамалары және басқа да құжаттар



Сұрақнама:

1. Процесуалдық әрекеттердің хаттамалары және басқа да құжаттар дәлелдемелердің қайнар көзі жүйесінде.

2. Процесуалдық әрекеттердің хаттамаларының мазмұны, маңызы және түрлері.

3. Процесуалдық және процесуалдық емес құжаттар.

4. Басқа да құжаттар.

Тапсырма: құжаттардың дәлелдеме ретіндегі түсінігін беріп, олардың жіктелу ерекшеліктерін карастырыңыздар. Процесуалдық және процессуалдык емес құжаттардың арақатынасын атаңыздар. Жазбалар, фотографиялық, киноматографиялық құжаттардың ерекшелігін көрсетіңіздер.

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар:бұл тақырыптың құқықтық негізі қылмыстық істер жүргізу кодекісінде қарастырылған. Атап айтсақ, қылмыстық істер жүргізу кодекісінің 122 бабы іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларына арналса, 123 бап құжаттар деп аталады. Кодекспен қатар арнайы ұсынылған әдебиеттерді қарастыру қажет.

Негізгі әдебиеттер: [1-3

Қосымша әдебиеттер: [1-75]

 

Лабораториялық сабақтар қарастырылмаған

Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Студент дәрістік және семинарлық оқу кестесіне сәйкес сабақтарға тұрақты қатысуға міндетті. Берілген ауызша және жазбаша тапсырмаларға қойылған талаптарды сақтай отырып оларды уақытында орындауға тиіс. Студенттер оқытушымен және оқытушысыз студенттердің өздік жұмыстары аясында қарастырылған тапсырмаларға, сабақтарға саналы түрде дайындалуы керек.

Жоғарғы оқу орнының әкімшілігінің сабаққа дейінгі және сабақтан кейінгі, сондай-ақ дәріс және семинар сабақтарына қойылатын талаптарын орындап, оған бағынуы керек.

Сабақтарға катысу міндетті, себебі, тек оқытушымен қарым-қатынас жасау үрдісінде ғана құқықтық білім жүйелілігі, олардың динамикасын, қазіргі заңнаманы, құқықты терең түсіну қалыптасады. Сабақтардың басқа түрлеріне қатысу режимі жоғары оку орнының әкімшілігімен анықталады.

 

Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар қарастырылмаған

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

Тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер. Олардың қасиеттері.

Тапсырма: дәлелдемелердің жекелеген түрлеріне түсініктеме беру.

СОӨЖ өткізу түрі: дәлелдемелердің жекелеген түрлері бойынша салыстырмалы кесте жасау.

Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы орындау үшін, ең алдымен дәлелдемелердің жеке түрлеріне байланысты нормативтік және арнайы әдебиеттермен танысу қажет. Кесте жасау үшін заңдық әдебиеттерде кездесетін дәлелдемелердің жіктелу негіздерін қарастырып сұрыптаған жөн.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [1-35

Қосымша әдебиеттер: [1-75]

 

Тақырып. Дәлелдеу үрдісін құқықтық реттеудің негізі.

Тапсырма: дәлелдемелер және дәлелдеуге қатысты жоғарғы соттың нормативтік қаулыларымен танысып, түсініктеме беру.

СОӨЖ өткізу түрі: дәлелдемелер және дәлелдеуге қатысты жоғарғы соттың нормативтік қаулыларының тізімін дәптерге жазу. '

Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар: жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын тауып, танысу. Түсініктеме беру үшін нормативтік қаулылардан, дәлелдемелерге қатысты негізгі ережелерді, сонымен қатар соттың үкім шығарған кезде негізге алатын кезеңдерді ескеру қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [1-35

Қосымша әдебиеттер: [1-75]

 

Тақырыптар. Дәлелдемелердің қайнар көздері.

Тапсырма: дәлелдемелердің қайнар көзінің біреуіне реферат жазу.

СОӨЖ өткізу түрі: реферат жазу, қорғау және оларды бірігіп талқылау. 2.7. пунктен рефераттың 1-50 тақырынтарын таңдау.

Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар: аталған тақырыптар бойынша реферат жазу үшін ең алдымен рефератқа қойылатын талаптармен танысу және әдебиеттер тізімін, нормативтік қорларды қалыптастыру керек. Реферат кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұратын, аяқталған ғылыми жұмыс болуы керек. Реферат жазуда оған қойылған мақсаттарды орындап, өзіндік қорытынды мен ұсыныстар жасаған дұрыс

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [1-35

Қосымша әдебиеттер: [1-7 5]

 

Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

Тақырып. Дәлелдемелер теориясы мен дәлелдемелік құқык түсінігі және маңызы. Соттық дәлелдемелер туралы ғылымның даму тарихы

Тапсырма: Дәлелдемелер теориясы мен дәлелдемелік құқык түсінігі және маңызы. Соттық дәлелдемелер туралы ғылымның даму тарихы бойынша ғылыми баяндама және негізгі категорияларға қатысты ұғымдарға талдау жасап кесте құрастырығыз

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Дәлелдемелер теориясы мен дәлелдеу құқығының арақатынасы.

2. Дәлелдемелер теориясының пәні, әдістері және жүйесі.

3. Дәлелдемелер теориясы заң ғылымдары жүйесінде.

Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нусқаулар: Баяндама жасау үшін ресейлік процесуалистердің заңдық әдебиеттерін қарастырып, дәлелдемелердің жіктелуіне теориялық және практикалық маңызына тоқталған жөн. Пайдаланылуға ұсынылған әдебиеттер тізіміне сай тақырып бойынша авторлардың дәлелдемелер және дәлелдеуге қатысты ұымдардың даму динамикасын білдіріп өз пікіріңізді құраңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [1-35

Қосымша әдебиеттер: [1-75]



Просмотров 1038

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!