Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес деген ереже қай қағидаға жатады: А) айыпкердің қорғану құқығы В) кінәсіздік презумпциясы С) сайысушылық қағидасы D) істі жан-жақты, толық, объективті айқындау қағидасы Е) куәгерлік көрсету міндетінен босату
2. Дәлелдемелер болып табылады: А) деректерді жинау В) деректер туралы мәліметтер С) деректер D) деректер туралы мәліметтер және деректер Е) дәлелдеуге жататын жағдайлар
3. Қылмыстық іс бойынша ақиқат бұл: А) дәлелдемелер В) бұндай түсінік жоқ С) дәлелдеу процеcі D) дәлелдемелер көлемі Е) қылмыстық - процесуалдық дәлелдеу мақсаты
4. Көрсетілген элементтердің қайсысы ҚР ҚІЖК-ң 117 бабы бойынша дәлелдеу пәніне жатпайды: А) қылмыстың оқиғасы В) зиянның сипаты мен мөлшері С) іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар D) дәлелдемелік дерек Е) кылмыстық заңмен тиым салынған әрекетті кімнің жасағандығы
5. Төменде көрсетілген мән-жәйлардың қайысын дәлелдеу қажет: А) жалпыға белгілі фактілер В) тұлғаның заң білмеуі С) адамның заңды білуі D) адамның өзінің қызметтік және қәсіби міндеттерін білуі Е) заңдық күшіне енген соттың шешімімен белгіленген мән-жайлар
6. Рұқсат етілмеген деп танылған дәлелдеме: А) әрқашанда қолданылады. В) жақтардың өтініші бойынша шектеулі түрде қолданылуы мүмкін С) шектеусіз қолданылады D) айыпталушының кінәсіздігін тану үшін қолданынады Е) дәлелдеме ретінде қолданылмайды
7. Сарапшының ауызша тусініктемесі дәлелдеме болып табыла ма: А) жоқ В) тергеушінің көзқарасына байланысты дәлелдеме болуы мүмкін С) бұрын берген қорытындысының бір бөлігін түсіндіру ретінде болады В) әрдайым болада Е) жасалатын қорытындарының бір бөлігін түсіндіру ретінде ғана болады
8. Дәлелдеуде ғылыми-техникалық құралдарды колдануға рұқсат ететін жағдайды көрсетіңіз: А) әмбебаптық В) үнемділік С) қауіпсіздік D) жоспарлылық Е) тұрақтылық
9. Мыналардың қайсысы дәлелдемелердің жіктелу түріне жатпайды: А) бастапқы және туынды В) жеке және заттық С) нақты және нақты емес D) тура және жанама Е) айыптаушы және ақтаушы
10. Мыналардың қайсысы дәлелдемелердің қайнар көзіне жатпайды: А) сарапшы қорытындысы В) куә көрсетуі С) заттай айғақтар D) деректер Е) сезікті көрсетуі
11. Дәлелдеу пәні-бұл: А) іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар В) дәлелденген жағдайлар С) қылмыстың оқиғасын анықтау D) дәлелдеу үрдісі Е) дәлелдемелер
12. Мыналардың қайсысы кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жатпайды: А) кәмелетке толмағанның жасы В) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы С) кәмелетке толмағанның заңды білуі D) интеллектуалдық, ерік-жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінезімен тегеурінділік ерекшеліктері, мүктаждары мен мүдделері Е) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы
13. Куә ретінде жауап алынбайтын тұлғаңы көрсетіңіз: А) барлық істер бойынша тергеуші\ В) қадағалау істері бойынша прокурор С) қылмыстық іс бойынша өзінің міндеттерін өзіне белгілі болған жағдайлар туралы сезіктінің, айыпталушының қорғаушысы D) анықтаушы Е) сарапшы
14. Сезікті көрсетуі мен айыпталушы көрсетуінің ұқсастықтарын көрсетіңіз: А) олар ұқсас емес В) екеуі бір тұлға С) екеуіде жасаған қылмыстары жайында көрсету береді D) айыпталушы мен сезікті көрсетуінің пәні бірдей Е) айыпталушы мен сезікті көрсету беруге міндетті емес, құқылы
15. Іс жүзіндегі деректер қайда бекітілгеннен кейін дәлелдеме болып табылады: А) фотосуретке В) видеожазуға С) үнтаспаға D) хаттамаға Е) ауызша бекіткеннен соң
16. Дәлелдемелер қалай бағаланады: А) әмбебаптығы бойынша В) қатыстылығы бойынша С) жол берілушілігі бойынша D) дұрыстығы бойынша Е) жеткіліктілігі бойынша
17. Мыналардың қайсысы ҚІЖК бойынша дәлелдемелерді бағалау субьектісі болып табылмайды: А)судья В) қорғаушы С) прокурор D) тергеуші Е) анықтаушы
18.Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде не алынады: А) дәлелдеме В) ақпарат С) ештеңе алынбайды D) дәйектеме Е) құжаттар
19. Құжаттар қандай жағдайда дәлелдеме болып табылады: А) құжаттар дәлелдеме болып табылмайды В) құжаттар барлық уақытта дәлелдеме болып табылады С) ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндаған немесе куәландырған мәліметтердің қылмыстық іс үшін маңызы болса D) қылмыстық іс үшін маңызы жоқ болса Е) егер құжат болса
20. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің мақсаты: А) болған оқиғаны ашу В) шындықты анықтау С) пайымдаудың шынайылығын иегіздеу D) қылмыдты тергеу Е) дәлелдемелер жинау
|