Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кезектес, талғаулы салалас сөйлемдер



Сүрлем дайындайтын комбайндар.

Сөздікпен жұмыс

дестелегіш - жатка

сүрлем - силос

қалбағай - мотовило

топса – петля, шарнир

сырғу – скольжение, скользить

теңестіру – равнять, выравниваться

сабақ - стебель

собық – початок

собық ұнтақтағыш – початкоизмельчитель

собық жинағыш – початкособиратель

егін оратын машина – жатка

топса – шарнир

пішендеме – сенаж

қалқақшалы – скребковый

маялағыш – стогометатель

жанармай - горючее

 

 

Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Жүгері, жұмысшы, тазалау, әдіс, мал азығы, технологиялық жұмыстар, ұсақтау, жер бедері, жүгері жинау, жиналыс.

 

 

3. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

 

Желдеткіш, шынжыр, дән, көлік, ұсақтағыш аппарат, құбыр арқылы, астық комбайндары, тазалағыш аппарат, жеңіл заттар, сұйық заттар, ауа ағыны.

 

 

Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Сүрлем дайындайтын машиналар

Жүгері жинауды бірнеше технологиялық әдіспен жүргізеді. Егер жүгері мал азығы үшін жиналатын болса, онда көк кезінде сүрлем комбайнмен орылып, сабағы мен собығын тұтас ұсақтап турайды да сүрлемге салады.

Жүгеріні дән үшін жинаған кезде толық піскеннен кейін жүгері комбайнымен жинайды. Комбайн жүгері сабақтарын сүрлемге турап, собықтарын бөліп алады да сыртындағы орамдарынан тазартады. Тазаланған собықтарды арнаулы молотилкаларда бастырып дән алады. Жүгеріні дән үшін жинаған кезде астық комбайндарын да қолдануға болады. Ол үшін комбайнға арнаулы жүгері жинайтын қондырғы орнатылады. Ондай қондырғымен жабдықталған комбайндар собықты бөліп, дәнге бастырып бірден тазалап шығарады.

Сүрлем дайындауға байланысты технологиялық жұмыстарды сүрлем комбайндары атқарады. Олар жиналатын дақылдың сабақтарын орады, турайды және ұсақталған массаны көлікке тиейді. Осы жұмыстарға сүрлем комбайндарының КС-2,6; КСГ-3,2; КС-1,8 сияқты маркалары және арнаулы жүгері жинайтын қондырғымен жабдықталған астық комбайндары қолданылады.

КС-2,6 әртүрлі әдіспен себілген жүгеріні, күнбағарды және басқа сүрлемдік дақылдарды жинауға арналған. Бұл комбайнмен биіктігі 4 м және диаметрі 40 мм сабақтары бар дақылдар сүрлемге туралады.

Комбайн қалбағайдан, турағыш аппараттан, сүрлем тасығыш пен тиегіш транспортерден құралған. Комбайнның қалбағайдан басқа жұмысшы мүшелері трактордың қуат білігінен қозғалысқа келтіріледі, ал қалбағай қозғалысты жүріс дөңгелегінен алады. Жұмысшы мүшелері жүріс бөлігі бар рамаға бекітіледі. Қалбағай рамаға топсалы орнатылғандықтан жұмыс кезінде жер бедеріне икемделіп жүреді.

 

Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

Мәтінге жоспар құрыңыз.

Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Сөздікті пайдаланып мына сөздерді, сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Силосная культура, силосные и сенажные хранилища, силосопогрузчик, силосорезка, силосотрамбовщик, силосоуборочный комбайн, скребковый транспортер, стогометатель, уборка однофазная, уборка раздельная.

 

9. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

 

Тыңайтқыш дайындайтын машиналармен әртүрлі тыңайтқыштарды қосып араластыруға, бірігіп қатып қалған тыңайтқыштарды ұсақтауға және жергілікті жерде дайындалған тыңайтқыштарды ұсақтап, електен өткізуге болады.

Өсімдікті қоректендіру үшін тыңайтқышты қолданудың үш түрлі тәсілі бар: негізгі қоректендіру, дер кезінде және кейіннен қоректендіру. Негізгі қоректендіру үшін тыңайтқыштар топырақ өндеу алдында жер бетіне біркелкі шашылады, бұдан кейін топырақ өңделеді. Дер кезінде қоректендіру үшін тыңайтқыштар тұқыммен бірге шашылады. Ал кейбір өсімдіктер өзінің өсуі кезінде әр түрлі элементтерді өте қажет етеді. Егіске сол элементтері бар тыңайтқыштар шашылады. Мұны кейіннен қоректендіру деп атайды

 

Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Бастау, биік, төменгі, алды, ілгері, үлкен, азайту.

 

Діс» сөзімен тіркесетін бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.

Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар

Автомобильді күзгі- қысқы кезеңде пайдаланудағы маусымдық техникалық қызмет көрсету

Күзгі - қысқы кезеңде көрсетілген маусымдық техникалық қызметте автомобильдің салқындатқыш жүйесіне (төменгі температурада) суықта қатпайтын сұйықтық құяды. Дара жылытқышты жұмысқа қосып, жылу ұстайтын қаппен жабады. Майлау кестесіне сәйкес қыста қыстық, ал жазда жаздық май сортына ауыстырады. Мотордың майлау жүйесіндегі радиаторды ажыратады. Реле реттегіштің реттеуі маусымдық бұрмасын ‘Қ’( қыс) қалпына қояды. Қыста 40 C – қа дейін суық болатын , ауа райы қатаң континенталды аудандарда аккумулятордағы электролит тығыздығын қысқы нормаға жеткізеді. Мотордың от алуын жеңілдететін құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексереді.Байқалған ақауларды жөндейді.



Просмотров 2247

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!