Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Картоп отырғызатын машиналар



Картопты екі түрлі әдіспен: шаршы –ұялап және бір - бірлеп отырғызады. Ол екі әдіске байланысты отырғызғыштардың да жұмыс технологиясы әртүрлі болады. Қазіргі өндірістен шығатын картоп отырғызғыштар картоптың қатар аралығын 60,70 және 90 см етіп отырғызады

Машинаның негізгі жұмысшы мүшесі – отырғызғыш аппарат. Ол шынжырлы беріліс арқылы қозғалысты трактордың қуат бөлігінен алады. Әр қатарда бір-бір отырғызғыш аппарат орналасады. Ол білікке қозғалмайтын етіп орналасқан дискіден тұрады. Сол дискінің бетіне қысқыштары бар шөміштер бекітілген. Қысқыштардың бір ұшы шөміштегі тесікке кіріп тұрады, ал екінші ұшы иілген. Серіппе қысқышты шөмішке қарай үнемі итеріп тұрады. Дискінің төменгі жағында қалып (лекало) бар. Ол қозғалмайтын етіп рамаға бекітілген. Дискі айналып, төменгі қалыпқа келгенде, қысқыштың иілген басы осы қалыпқа тіреледі де серіппені қысып, қысқышты шөміштен алыстатады. Сол шөміш пен қысқыш ашылған қалпында қоректендіргіштегі картопқа келеді. Шөміш картопты аралап өткендіктен оған картоп түйнегі ілінеді. Шөміш картоп арасынан шығар кезде қысқыш қалыптан шығады да, серіпенің күшімен ілінген картоп түйнегін шөмішке қарай қысып ұстап тұрады. Диск әрі қарай айналып төменгі қалпына келгенде, яғни түрен (сошник) үстіне келгенде, қысқыш қалыппен кездеседі де картопты босатып жібереді.

 

 

Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Картопты қалай отырғызады?

б) Картоп отығызғыш қандай бөліктерден тұрады?

в) Отырғызғыш аппараттың қызметі туралы айтып беріңіз

 

Мәтінге жоспар құрыңыз

 

7.«Жұмыс» сөзімен тіркесетін бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз

Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

 

дождевальная машина, кормораздаточная машина, лесопосадочная машина, хлопкоуборочная машина, техническое диагностирование, техническое обслуживание, дизельное топливо, жидкое топливо, мазутное топливо, гусеничный трактор, колесный трактор, механизация сельского хозяйства, корчевальная машина.

 

Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар

Агрегаттарды күрделі жөндеуде оны толық бөлшектеу , ақауын анықтау, қалпына келтіру немесе бөлшектерін ауыстыру, ретімен қайта жинау , реттеу және сынау жұмыстары жүргізіледі. Агрегаттың негізгі бөлшектері толық қалпына келтіруді қажет еткенде, сондай- ақ агрегаттың жұмыс қабілеті ағымдағы жөндеумен қалпына келтіруге болмайтын жағдайда күрделі жөндеуге жіберіледі.

Негізгі бөлшектер агрегаттың жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етеді және оның пайдалану сенімділігін анықтайды. Сондықтан негізгі бөлшектерін күрделі жөндеумен қалпына келтіргенде оның сапалық деңгейін сақтау қажет.

Күрделі жөндеу басым көпшілігінде арнайыландырылған автожөндеу мекемелерінде жүргізіледі.

Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

лездік беріктік - мгновенная прочность лездік дөңестену - мгновенное выпучивание лездік жүксіздеу - мгновенная разгрузка лездік қозғалыс - мгновенное движение лездік үдеу - мгновенное ускорение лездік үйек - мгновенный полюс лүпіл - пульсация лүпіл күші - пульсирующая сила майлаушы зат - смазочный материал майтұтқы сақина - мазеудерживающее кольцо материалдың морттығы - хрупкость материала меншікті жұмыс - удельная работа мойынтірек - подшипник мойынтіректі тірек - подшипниковая опора  

Бақылау сұрақтары

1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Әр қатарда бір- бір.... аппарат орналасады»

А. қысқыш

В. қондырғы

С. білік

Д. отырғызғыш

Е. жүргізгіш

 

2. «цепная передача » сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

А. қондырғылы беріліс

В. қысқышты беріліс

С. қопсытқыш беріліс

Д. шынжырлы беріліс

Е. үйкелісті беріліс

 

 

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Серіппе қысқышты.... қарай үнемі итеріп тұрады»

 

А. қысқышқа

В. қондырғыға

С. білікке

Д. отырғызғышқа

Е. шөмішке

 

4. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы байланысады?

А. сондықтан, себебі

В. кейде, біресе

С. не, немесе

Д. және, де, да, те, та

Е. бірақ, дегенмен

 

5. Дискінің төмен жағында не бар?

А. болат

В. мыс

С. мырыш

Д. қалып

Е. білік

 

6. Картопты қандай әдістермен отырғызады?

А. шаршылап

В. қатарлап және шаршы ұялап

С. ұялап

Д. бір- бірлеп және шаршы ұялап

Е. екі – екіден және шаршы ұялап

 

 

7. Құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. үшке

С. төртке

Д. беске

Е. алтыға

 

 

8. Қарсылықты салаласты табыңыз.

 

А. 1933 жылы Қазақ драма театры жанынан музыкалық студия ашылды.

В. Қоңырау соғылды, сабақ басталды.

С. Бүгін кеш тұрдым, бірақ сабаққа кешіккен жоқпын.

Д. Мұражайға барсаң, маған айт.

Е. Бала жасындағысын ұмытпайды.

 

9. Отырғызғыш аппарат қандай беріліс арқылы қозғалысты трактордың қуат бөлігінен алады?

 

А. қондырғылы беріліс

В. қысқышты беріліс

С. қопсытқыш беріліс

Д. шынжырлы беріліс

Е. үйкелісті беріліс

 

10. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы байланысады?

А. бірақ, дегенмен

В. кейде, біресе

С. не, немесе

Д. және, де, да, те, та

Е. сондықтан, себебі

 

11- сабақ



Просмотров 2672

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!