Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ауысым сайын техникалық қызмет көресету



Моторды пайдалану жөніндегі нұсқау бойынша ауа тазартқыштарға техникалық қызмет көрсетіледі. Аккумулятор батареясын тексеріп, қажет болса аккумулятордың үстін, клемманы, сымдардың ұшын , тығындағы желедеткіш саңылауларын тазартып, тазартылған сумен толықтырады. Отын сүзгісіндегі ірі қалдықтарды, артқы белдік тежеуіштерінің қуыстарындағы және бұраушы моментінің үлкейткішіндегі жиналған майды, ауа баллонындағы конденсатты төгеді. Аккумулятор батареялары сымдарының ұшы мен клеммаларды майлайды. Майлау кестесі мен картасына сәйкес автомобильдің кұрама бөлшектеріндегі май деңгейін тексеріп қажет болса, белгіленген дәрежеге дейін толықтырады. Автомобильдің құрама бөлшектерін майлау кестесі мен картасына сәйкес майлайды.

 

9. Сөйлемдерді көшіріп жазып, пысықтауыштарды түрлеріне қарай ажыратыңыз.

1. Тырма салмағын көбейту үшін арнаулы ыдысқа жүк толтырады. 2. Торлы тырмаларды қант қызылшасы мен жүгерінің қатар аралығын сирету үшін де қолданады . 3. Қыртысты өңдеулер тұқым себу алдында немесе тұқым себілгеннен кейін өсімдік қатар аралығын баптау үшін қолданылады. 4. Мұндай шаң-тозаңдар желдің әсерімен ұшып немесе сумен шайылып ағып кетеді.

 

 

10. Мақал-мәтелдерден пысықтауыштарды табыңыз, мәнін түсіндіріңіз.

 

1. Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес. 2. Еңбек етсең - емерсің, ерінбесең – жеңерсің. 3. Еңбек қылмай ер оңбас, бірлік қылмай ел оңбас. 4. Жылай – жылай арық қазсаң, күле – күле су ішерсің.

 

Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Жылу двигательдері, электр энергиясы, арнайы барабан, иілгіш кабель, ток көзі, ток қабылдағыш, аккумулятор батареяларының қуаты, жанармайдың химиялық энергиясы, механикалық қуат

 

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Тракторлар мен автомобильдердің қозғалтқыштарының үлгілеріне қарай жіктелуі

Қозғалтқыштарының үлгілеріне қарай тракторлар мен автомобильдер

екі топқа: электродвигательді тракторлар мен автомбильдерге және жылу қозғалқыштары бар тракторлар мен автомобильдерге жіктеледі.

Электр қозғалқыштары бар тракторлар мен автомобильдер .

Электр энергиясы трактордың қозғалтқышына тракторға орнатылған арнайы барабанға оратылған иілгіш кабельдің көмегі арқылы ток көзімен беріледі.

Ал автомобильдердің электр қозғалтқышы токты ток қабылдағыштардың ( тролейбустарда) көмегі арқылы аспалы жүйеден немесе экипаждағы аккумулятор батареяларының қуатынан ала алады.

Жылу қозғалтқыштары бар тракторлар мен автомобильдер. Жылу қозғалтқыштарында жанармайдың химиялық энергиясы алдымен жылу, бұдан кейін механикалық қуатқа айналдырылады.

Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

 

кедергі - сопротивление кедергі дағдарысы - кризис сопротивления келтірілген күш - приведенная сила кернеулік ағыны - поток напряженности керу күші - сила натяжения керу механизмі - натяжной механизм кері шама - обратная величина керілу - натяжение кескін ойыстарының сызығы - линия впадин прфиля кескін шығыңқысы - выступ профиля кескіш тіс - режущий зуб

Бақылау сұрақтары

 

1.Трактордың руліне гидравликалық не қойылған?

 

А. күшейткіш

В. қозғалтқыш

С. бөлшек

Д. ілгек

Е. өзгерткіш

 

2. « Трение » сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А. үлесім

В. үйлесім

С. үйкеліс

Д. үрдіс

Е. үлестіргіш

 

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. « Аккумулятор деп энергияны ... құралды айтады»

А. сақтайтын

В. жинақтайтын

С. қозғайтын

Д. қозғамайтын

Е. сақтайтын

 

4. Мақалды жалғастырыңыз. «Еңбек қылмай ер оңбас, ............»

 

А. бірлік қылмай ел оңбас

В. бірлік қылмай жер оңбас

С. бірлік қылмай жел оңбас

Д. бірлік қылмай адам оңбас

Е. бірлік қылмай кісі оңбас

 

5. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. « Ыдыстың ішіне күкірт қышқылының.... құйылады »

А. суы

В. уы

С. қоспасы

Д. қосындысы

Е. ерітіндісі

 

6. Пысықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер.

А. кімнің? ненің?

В. кімде? неде?

С. қандай?

Д. қалай? қайтіп?

Е. кімнен? неден?

 

7. Мезгіл пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А. Әдейі келді

В. Қалаға келді

С Ауылға келді

Д. Даладан келді

Е. Бүгін келді

 

8. Мақсат пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

 

А. Әдейі айтып отыр

В. Әңгіме айтып отыр

С Ертегі айтып отыр

Д. Әкесі айтып отыр

Е. Әжесі айтып отыр

 

9. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Бұл бұрын шығарылған МТЗ -50 тракторының өте .... түрі. »

А. нашар

В. әлсіз

С жақсартылған

Д. күшейтілген

Е. үлкейтілген

 

10. 14 кН тракторлары қай қаладағы трактор зауытынан шығады?

А. Владимир қаласындағы

В. Минск қаласындағы

С Липецк қаласындағы

Д. Орынбор қаласындағы

Е. Тула қаласындағы

 

 

9- сабақ

Тырмалар

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 

Сөздікпен жұмыс

тырма – борона , грабли

ылғал – влажность

арамшөп –сорняки

құрылысы - структура

өңдеу - обработка

өткір – острый, резкий

серпілмелі - упругий, пружинистый

дөңестік – выпуклость

сопақтық – овальность

көлденең - поперечный

жүріс бөлшегі – ходовая часть

сүйреткіш тырма – шлейф борона

бұрандалы білік, иірлік , шнек – шнек

піспек, қаумен (техн.) – поршень

кіндік , білік (техн.) - ось

 



Просмотров 1730

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!