Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мына сұрақтарға жауап беріңіздер



а) Картоп жинаудың қандай технологиясын білесіз?

б) Картоп жинайтын машиналардың қандай түрін білесіз ?

в) Қазақстанда картоп қай облыстарда өсіріледі?

 

Мәтіннің мазмұнын айту үшін жоспар құрыңыз.

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Картоп жинайтын машиналарды негізінен мынадай түрлерге бөледі: сабақ жинағыш машиналар, картоп қазғыш машиналар, картоп қазып дестеге салғыш машиналар, картоп жинайтын комбайндар және картоп сорттағыш машиналар.

Картоп қазғыш машиналарды жұмыс технологиясына қарай екі түрге бөледі. Олардың біріншісі картопты қазып жер бетіне шашып тастайды, соңынан оны қолмен жинайды. Машинаның екінші түрі картопты қазып, 4-6 қатарын дестелеп бір жерге үйеді, соңынан ол дестелерді картоп комбайндарымен жиыстырады. Картоп қазғыш машиналар көлемі шағын ғана картоп егісін жинауға арналған.

 

9. Мына сөздерден сәйкестікті табыңыз.

Картофелеводство – картоп жинайтын комбайн

Картофелекопатель – картоп өсіру

Картофелепогрузчик – картоп жинаушы

Картофелеподборщик – картоп тиеуіш

Картофелесажалка – картоп сорттаушы

Картофелесортировка – картоп отырғызғыш

Картофелеуборочный комбайн – картоп қазғыш

Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Картофелеуборочная машина, картофелехранилище, картофельная совка, растение однолетнее, растение озимое, растение травянистое, растение яровое.

 

Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Қысқа, жеңіл, кейін, азайту, ылғалды.

 

Рмалас сөйлемдерді түрлеріне ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Фитофтороз – картоп ауруы. Ауру белгілері алғаш жапырақ ұштарында қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Кеселдің дамуына жағдай қолайлы болса, картоп жапырақтары тез қурап кетеді. Фитофтороз картоптың түйнектерін де залалдайды. Онда ішке қарай тереңдей беретін қоңырқай дақтар пайда болады да, түйнектер сақтау кезінде толығымен немесе жартылай шіриді. Ауру қатты шарпыған жағдайда өсімдікте фотосинтез процесінің екпінділігі төмендейді, осының салдарынан картоптың түсімділігі кемиді. (Г.К.)

 

Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар

Көктемгі- жазғы кезеңде техникалық қызмет көрсету

Көктемгі - жазғы маусым алдында автомобильдің жылу ұстайтын қаптарын алып тастайды . Моторды майлау жүйесінің радиаторын жұмысқа қосады. Салқындатқыш жүйесінен дара жылытқышты ажыратады. Реле реттегіштің реттеуіш винтін ‘Ж’(жаз) қалпына қояды. Ауа райы қатаң континенталды аудандарда аккумулятор батареяларындағы электролит тығыздығын жазғы нормаға жеткізеді. Қажет болса мотордың салқындатқыш жүйесін де тұнбадан тазартады .

 

 

12. Құрмалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.

 

1. Көп балалы үйдің шаң- щұңы көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ. 2. Абай кейінірек білді, Салтанаттың бұл үшін еткен еңбегі көп екен (М.Әуезов). 3. Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді( Ғ. Мүсірепов).4. Кісі отырарлық жері бар деймісің, басқа үйлердің біріне барайықшы( М. Әуезов). 5. Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді(Ғ. Мұстафин). 6. Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. (Ғ. Мұстафин). 7. Мұның айтарын өзі біліп қойғандай, басқа жайды сұраған да жоқ (Ғ. Мүсірепов )

 

Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар

 

1. жұмыстарды, мүмкін, осы, жеке-жеке, машиналар, бірден, немесе, бірнешеуін, атқаруы

2. машиналарды, қолдануға, картоп, жинау, байланысты, сол, өзгереді технологиясы, да.

3. фазды, картопты, бір,фазды, жинайды, немесе, екі ,әдіспен

4. түйнектерінің, картоп, өзін ,тәсілдері, жинаудың ,бар, бірнеше

Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

 

 

ұйтқу - возмущение ұйтқыту әдісі - метод возмущений ұйтқытушы күш - возмущающая сила ұқсастық - подобие ұқсастық әдісі - метод подобия ұлғаю дәрежесі - степень расширения ұлғаю жұмысы - работа расширения ұсақ ілініс - мелкое зацепление ұстамайтын байланыс - удерживающая связь ұстын, колонна - колонна ұшталу бұрышы - угол заострения ұшу қашықтығы - дальность полета ұшып өту уақыты - время пролета  

 

Бақылау сұрақтары

 

1. «Картофелесажалка» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А. картоп өсіру

В. картоп тиеуіш

С. картоп отырғызғыш

Д. картоп қазғыш

Е. картоп жинауыш

 

2. Картоп жинайтын машиналардың неше түрі бар?

А. үш

В. төрт

С. бес

Д. алты

Е. жеті

 

3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

 

А. Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.

В. Марат қалай ойлайды?

С. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.

Д. Таңертең ерте тұрып, дене шынықтыру жасаймын.

Е. Бәріміз қуанып қалдық

 

4. Қандай әдіспен сабағы онша дамымаған картопты жинайды?

А. бір фазды

В. екі фазды

С. үш фазды

Д. төрт фазды

Е. бес фазды

 

5. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Бұдан кейін ғана картоп түйнектерін қазып алып, оны басқа . . . тазартады.

А. собықтардан

В. жапырақтардан

С. қоспалардан

Д. қосындылардан

Е. сабақтардан

 

6. «Картофелекопатель» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А. картоп өсіру

В. картоп тиеуіш

С. картоп сорттаушы

Д. картоп қазғыш

Е. картоп жинауыш

 

7. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

«Картоп түйнектерінің жинаудың . . . тәсілі бар»

А. бес

В. төрт

С. екі

Д. үш

Е. бірнеше

 

8. «Картофелепогрузчик» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А. картоп жинауыш

В. картоп тиеуіш

С. картоп сорттаушы

Д. картоп қазғыш

Е. картоп өсіру

 

9. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді?

А. Қайтсе? Не еткенде?

В. Не себепті? Неліктен?

С. Не мақсатпен?

Д. Қашан? Қашанға дейін?

Е. Қалай? Қалайша

 

10. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді?

А. Қалай? Қалайша

В. Қашан? Қашанға дейін?

С. Не мақсатпен?

Д. Не себепті? Неліктен?

Е. Қайтсе? Не еткенде?

 

14 – сабақ



Просмотров 1080

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!