Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мәтінді оқып , термин сөздерді теріп жазыңыздар



Пайдалану үшін жүргізіп байқауға әзірлегенде, автомобильді шаң- тозаңнан және сақтауға қойған кездегі майлаған майдан тазартады. Аккумулятор батареяларын көріп ,оларды жұмысқа әзірлейді.Тексеру үшін құрылғылармен жабдықталған құрама бөліктердегі май дәрежесін тексереді , қажет болса белгілі дәрежеге жеткізу үшін қосымша май құяды. Автомобильдің құрама бөліктері мен тетіктерін пресс- майлағыштың көмегімен майлайды. Автомобильдің сыртқы бұрандаларын және де басқа да қосылған бекітулерін тексеріп қажет болса мұқият бұрап бекітеді.

Белдіктің тартылуы (желдеткіштің жетегін), генератордың, компрессордың басқару механизмін, ауаның қысымын тексеріп, қажет болса реттейді. Мотордың салқындау жүйесіне салқындататын сұйық құяды. Моторды от алдырып , оны тыңдайды, бақылау аспаптары көрсеткіштерінің белгіленген нормаға сәйкестігін тексереді.

 

Сөйлемдерден толықтауышты тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

 

Картопты отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады. Жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келеді. Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы шарт.

Минералдық тыңайтқыштар өндірісте шығарылады. Олар майда ұн түрінде немесе түйіршіктер түрінде дайындалады. Минералдық тыңайтқыштың жергілікті жерде дайындалатын түрі де болады.

 

Көп нүктенің орнына тиісті толықтауыштарды қойыңыз.

Топырақты өңдеу алдында … жер бетіне біркелкі етіп шашады. Зиянкестер …. алуан түрлі ауруларға шалдықтырып, олардың түсімін төмендетеді. … себер алдында химиялық өңдеуден өткізеді.

 

Қажетті сөздер: тұқымды, өсімдікті, тыңайтқышты .

 

Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

 

Жартылай рамалы тракторлар, барлық механизмдері мен бөліктері, дәнекерлеу арқылы, алдыңғы бөлік, түрлі бөліктер, раманың қызметін атқару

 

 

Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Шағын тракторлар

718 модельдері шағын трактор. Бұл трактор тарту күші 2,0 кН болатын класқа жатады. Мұны Кутаисидың шағын тракторлар заводы шығарады. Шағын тракторлар ішінде орташасына жатады. Ол қосымша құрылыста да , коммуналды шаруашылықта да қолданылады.

Шағын трактордың негізгі тораптарына двигатель, трансмиссия, жүріс бөлігі, қуат алу білігі сияқты қондырғылар жатады. Трактор РД-180 маркалы екі цилиндрлі, төрт тақталы дизельді қозғалтқышпен жабдықталған. Трансмиссиясы ілінісу муфтасынан, беріліс қорабынан, алдыңғы және артқы жетек белдемесінен, екі қуат алу білігінен тұрады. Ілінісу муфтасы бір дискалы, құрғақ. Беріліс қорабы алға қарай екі диапазонға бөлінген алты беріліс, артқа қарай үш беріліс жасайды. Алдыңғы және артқы жетекші белдемелерге жұдырықшалы муфталармен біріктірілетін дифференциалдар орналасқан. Солардың көмегімен трактор тура жүрген кезіндегі дөңгелектердің тығылуын болдырмайды. Олардың іске беріліс қорабы арқылы қосылатындықтан, оған тәуелді жұмыс істейді. Осыған қосымша трактор арнаулы тапсырыс бойынша алдыңғы қуат алу білігімен де жабдықталады.

 

Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

игіш машина - гибочная машина икемділік - податливость ию күші - изгибающающая сила ию теңдеуі - уравнение изгиба июге сынау - испытание на изгиб иілгендік - изогнутость иілгіш сырық - гибкий стержень иілуге қатаңдық - жесткость на изгиб иілім сызығы - линия прогиба иінді білік - коленчатый вал иінтірек – рычаг иірмек доңғалағы - червячное колесо иірмекті беріліс - червячная передача иірімділік - завихренность  

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Тракторлар тарту күшіне қарай неше топқа бөлінеді?

 

А. екіге

В. бірнешеге

С. үшке

Д. төртке

Е. беске

 

2. «Зазор» сөзінің аудармасын көрсетіңіздер.

А. сағат

В. сағым

С. саңылау

Д. саты

Е. саз

 

3.Тракторлар атқаратын жұмыс түріне қарай нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. бірнешеге

С. үшке

Д. төртке

Е. беске

 

4.Топырақты өңдеу алдында жер бетіне біркелкі етіп не шашады?

 

А. тыңайтқыш

В. топырақ

С. құм

Д. саз

Е. батпақ

 

5.Толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер.

А. кім? не?

В. кімнің? ненің?

С. қалай?

Д. қайтіп?

Е. кіммен? немен?

 

6.Тура толықтаыштың сұрақтарын көрсетіңіздер.

А. кімді? нені?

В. кімнің? ненің?

С. кімде? неде?

Д. кімнен? неден?

Е. кіммен? немен?

 

4. Араларында пайда болған ненің әсерінен жетектелуші диск айналады?

 

А. тартылыс күшінің

В. үйкеліс күшіңің

С. құмның

Д. саздың

Е. батпақтың

 

8. Сөз тіркесіндегі тура толықтауышты табыңыз.

 

А. Үйіне бармайтын болды

В. Үйіне кетті

С. Үйінен келді

Д. Үйін білді

Е. Үйге барды

 

9. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. « Тракторлардың осы түріне .... негізгі маркасы шығарылады»

 

А. байланысты

В. қатысты

С. арналған

Д. қатысқан

Е. арнайы

 

10. «Общая работа» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А.жалпы жұмыс

В.жақсы жұмыс

С.арналған жұмыс

Д.қатысқан жұмыс

Е.арнайы жұмыс

 

8 – сабақ

Тракторлар модификациясы

Пысықтауыш

Сөздікпен жұмыс

 

Ілгек – петля, зацепка

Шұнқыр – яма

Тиегіш машина - загрузочная, погрузочная машина

Үйкеліс – трение

Күріш өсіру – выращивать рис

Салқындату- охлождать

Өтімділік – ликвидность, окупаемость

Өтімді – влиятельный, ходовой

Жеміс өсіру - выращивать фрукт

 

2.Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар

Негізгі базалық маркасы, шөп жинауға арналған, жеміс өсіруге, транспорт жұмыстарын атқаруға арналған, металдан жасалған, жұмыс түріне қарай, төмендегідей айырмашылық, көрсетілген өзгеріс, мақта өсіру жұмыстары,трактор зауыты, әртүрлі тиегіштер

 



Просмотров 1363

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!