Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар



Алғашқы автомобиль жарысы 1894 жылы Парижде өтті. 1904 жылы құрылған халықаралық автомобиль федерациясына 97 ел мүше болды (1992ж.). Автомобиль спорты бойынша 1925 жылдан бері әлем біріншілігі, 1935 жылдан бастап Еуропа біріншілігі өткізіліп келеді. Қазақстанда автомобиль спорты 1970 жылдан қалыптаса бастады. Елімізде алғашқы чемпионат 1978 жылы өткізілді. Құрама команданың алғашқы жаттықтырушысы Ю. Милащенко болды. Қазақстан спортшылары дүниежүзілік жарыстарға 1989 жылдан бастап қатынасты. 1992 жылы Қазақстан республикасының автомотоспорт федерациясы құрылып, Халықаралық автомобиль федерациясына мүше болып енді.

 

 

Уатты, тапсырма, дәреже сөздерінің синонимдерін табыңыз.

Шу, сұйық, жеңіл сөздерінің антонимдерін табыңыз.

Неркәсіп» сөзімен тіркескен бірнеше сөз тіркестерін жазыңыз.

Мына сөздердегі сәйкестікті табыңыз .

автомобиль моечный- автотіркегіш

автомобиль-снегочиститель – қар тазартқыш көлік

автогрузчик – жуғыш автомобиль

автомобиль специализированный – автомобиль өнеркәсібі

автомобильная промышленность – арнаулы автомобиль

автосцепка – автотүсіргіш

автосамосвал – автотиеуіш

 

Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар

Доңғалықты машина, шынжыр табанды машина, ауыл шаруашылығы, жер қазу, басқа мақсаттар, сүйретпелі тіркемелер, арнайы білік, түрлі жүктер, жүктерді тасымалдау, қазіргі заман

 

12. Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыздар

Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы бақылау; автомобильдің қалыпты сыртқы қалпын сақтау ; автомобильге жанар май құю , ал қозғалыс құрамының кейбір түріне қорабын санитарлық өңдеуден өткізу жұмыстары күнделікті техникалық қызметтің міндеті болып табылады. Техникалық қызмет қозғалыс құрамының жұмысынан соң және жолға шығар алдында орындалады. Автомобильдің техникалық жағдайын жолға шықпас бұрын және ауысым кезінде жүргізушінің өзі бақылайды.

 

Мәтінді оқып, терминдерді жазып алыңыздар.

Тракторлар мен автомобильдердің классификациясы

Трактор деп доңғалақты немесе шынжыр табанды өздігінен жүретін машинаны атайды. Ол ауыл шаруашылығының жол төсейтін, жер қазатын және басқа мақсаттарға арналған тіркемелі немесе аспалы машиналар мен құралдарды және сүйретпелі тіркемелерді алып жүруге арналған. Сондай –ақ аспалы және тіркемелі механизмдері күш алатын арнайы бөліктің көмегімен қозғалтқыш арқылы қозғалысқа келтіреді. Автомобиль деп рельссіз жолдарда жолаушылар мен түрлі жүктерді тасымалдауға арналған өздігінен жүретін машинаны атайды .

Қазіргі заманғы тракторлар мен автомобильдер мақсатына, жүріс бөліктерінің үлгілеріне, тұлғасына және қозғалқыштарының ерекшеліктеріне қарай жіктеледі.

 

Мәтінге сұрақ қойыңыздар.

Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлем құрастырыңыздар.

 

  дәл өлшеу - точное измерение дәлдік бағасы - оценка точности дәлдік шегі - допуск,предел точности доңғалақ - колесо доңғалақ құрсауы- обод колеса дөңгелек ағынша - круглая струя дөңгелек қабықша - круговая оболочка дөңгелектіктің дәлдік шегі - допуск круглости дыбыссыз ілініс - бесшумное зацепление дыбысты тербеліс - звуковое колебание дірілжазғыш - виброграф  

Бақылау сұрақтары

1. Қазақстанда қай жылы автомобиль шаруашылығы құрылды ?

А. 1921

В. 1924

С. 1926

Д. 1928

Е. 1930

 

2. Автомобиль өндірісі қандай өнеркәсіптердің өркендеуіне жол ашты?

А. мұнай, химия, металлургия

В. тамақ өнеркәсібі

С. тоқыма өнеркәсібі

Д. алтын өнеркәсібі

Е. жеңіл өнеркәсіп

 

3. Алғашқы автомобиль жарысы 1984 жылы қай қалада өтті?

 

А. Мәскеуде

В. Парижде

С. Римде

Д. Верныйда

Е. Орынборда

 

4.Қазақстанда автомобиль спорты қай жылдан бастап қалыптаса бастады?

А. 1975

В. 1972

С.1970

Д. 1980

Е. 1985

 

5. Қазақстан спортшылары дүниежүзілік жарыстарға қай жылдан бастап қатыса бастады?

А.1983

В. 1985

С. 1987

Д. 1989

Е. 1981

6. Тұрлаулы мүше – бастауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Білгенің – бір тоғыз,

Білмегенің – тоқсан тоғыз

А. Көсемше

В. Есім

С. Етістік

Д. Есімше

Е. Есімдік

 

7. Бастауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз

А. Мұғалім дәптерді бес-бестен үлестірді

В. Алты – үшке қалдықсыз бөлінеді

С. Мен – он төрттемін

Д. Биыл молшылдық болды

Е. Ақылмен мыңды,ақырумен бірді көндіресің

 

8. Бірыңғай бастауыш қандай сөз табынан

Алыстағы жоталар мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу

А. Етістік

В. Зат есім

С. Сын есім

Д. Етіс

Е. Сан есім

 

9. Автомобиль өнеркіәсібін өркендетуде АҚШ қандай әдіс қолданған?

А. желісіз әдіс

В. желілік әдіс

С. жиілік әдіс

Д. жеңіл әдіс.

Е. ауыр әдіс

 

10. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.

 

А. Қыс қатты.

В. Екі жерде екі төрт.

С. Татулыққа табыс мол.

Д. Жанымыз ашиды.

Е. Күн ашық.

5 – сабақ

Автомобильдердің жалпы құрылысы

Баяндауыш

Сөздікпен жұмыс

Жүйе – система

Құрылысы- строение

Күрделі қондырғы – сложная установка

Науа - кормушка; колода; лоток

жылу энергиясы- тепло энергетика

Тежегіш – тормоз

Аспа – навеска , подвеска

Қозғалтқыш – двигатель

 

2.Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

 

Тасымал, арнайы мақсат, жер жырту, егін жинау, негізгі жұмыстар, мақсат, жолсыз жерлер, жүк автомобильдері, жеңіл автомобильдер

 



Просмотров 2050

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!