Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мына сұрақтарға жауап беріңіз. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»АҚ

 

 

Төлеужанова Ж.М.

 

А з а қ т і л і

Жоғары оқу орындарындағы техникалық факультеттер мамандықтарына арналған оқу құралы

Астана , 2012 ж.

ӘОЖ 811. 512.122 574 ( 075. 8)

КБЖ 81 ( 5 Қаз ) я 73

Т 65

 

Төлеужанова Ж.М.

 

Қ а з а қ т і л і( Жоғары оқу орындарындағы техникалық факультеттер мамандықтарына арналған). – Астана: 2012. 84 бет.

 

 

Пікір жазғандар: Бектасова Ж.Т. Қазақ ұлттық өнер университеті ӘГП және тілдер кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Кенжемұратова С.К. « С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті » АҚ қазақ тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

 

 

Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы техникалық факультеттің жалғастырушы топ студенттеріне арналып жазылған.

Оқу құралының басты мақсаты - мамандыққа сай терминдерді, кәсіби лексиканы игерту. Осы мақсатта студенттердің тілін дамыту, лексикалық сөздік қорын байыту үшін мамандыққа байланысты мәтіндер, жаттығулар, тест тапсырмалары берілген.

Оқу құралында берілген тапсырмалар студенттердің өз мамандығы саласында ғылыми сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі « С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті » АҚ Ғылыми кеңесінің ұсынысымен баспадан шығаруға рұқсат берілді ( № 13 хаттамадан көшірме 29. 06. 2012 )

 

 

ISBN 9965 – 799 - х

 

Алғы сөз

 

 

Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарының техникалық факультетінің жалғастырушы топ студенттеріне арналған.

Аталмыш оқу құралының негізгі мақсаты – ауызекі сөйлеуге төселіпф, сөйлеу тілі қалыптасқан студенттердің мемлекеттік тілде сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, кәсіби лексикасын байыту, тіл байлығын тереңдету , шығармашылық ізденіс қабілетін жан - жақты дамыту, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру.

Оқу құралы 15 сабақтан тұрады. Сабақтарда лекикалық, грамматикалық жаттығулар, мәтіндер, мәтін бойынша тапсырмалар, сол салаға қатысты негізгі термин сөздердің сөздігі де беріледі. Әр сабақтан соң студенттердің білімін бағалау мақсатында тест тапсырмалары берілген.

Қазақ тілі заңдылықтарына сүйене отырып, студенттердің өз кәсіби лексикасын молайтуға, мамандыққа байланысты терминдерді игеруге, салалық сөздік қорын қалыптастыруда аталмыш оқу құралының маңызы зор.

Мамандыққа байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыстар студенттердің ғылыми сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, кейін олардың өз мамандығы бойынша адамдармен қарым - қатынас жасауына көмегін тигізері сөзсіз.

 

Сабақ.

Автомобиль.

Сөйлем. Жай сөйлем. Сұраулы сөйлем. Хабарлы сөйлем.

Сөздікпен жұмыс

Өнертапқыш – изобретатель

Жолаушылар тасымалы – перевозка пассажиров

Қозғалтқыш – двигатель

Өндіріс – производство

Жақсарту – улучшение

Құрастыру – сооружить

Шығарыла бастады –начал выпускаться

Бу автомобильдері – паровые автомобили

Жетілдіру – совершенствовать

Көрсеткіш – показатель

 

Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Жел күші, беріліс қорабы, механикалық тежеуіш, ғасырдың аяғы, орыстың өнертапқышы, карбюраторлы қозғалтқыш, дами бастады, қозғалу, жасау, құрастыру, қолдану, шығару, алу, жетілдіру.

 

Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Автомобиль.

Автомобиль (грек.autos - өзі және лат.mobilis – қозғалмалы,қозғалатын ) - өз қозғалтқышы арқылы қозғалып, жүк және жолаушылар тасуға арналған машина. Орта ғасырларда жел күшімен немесе адамның бұлшық еті күшімен қозғалатын арба жасалды. 1752 жылы орыс механигі Л.Шамшуренков екі адамның күшімен қозғалатын "жүгірме арба" жасады. 1769 – 1770 жылы француз өнертапқышы Ж.Кюнью, ал одан бірнеше жылдан кейін Англияда У. Мердок және Р. Тревитик бу автомобильдерін құрастырды. 1784 – 1791 жылдары орыс өнертапқышы И.П. Кулибин жасаған педальды арбаларда осы күнгі автомобильдерге тән механизмдердің (беріліс қорабы, маховик, механикалық тежеуіш, роликті подшипник,т.б) біразы қолданылды. 19 -ғасырда Англияда Г. Герн мен У. Ханкоктың, Францияда А.Болленің, А. де Дионның және Л.Серполленің бу автомобильдері тарала бастады. 19-ғасырдың 30 жылдарында жолаушылар таситын бу автомобильдері жолға шықты. Аталған ғасырдың аяғында аккумулятор батареяларынан қуат алатын автомобильдер құрастырылды. 1879 ж. орыстың өнертапқышы О.С.Костович бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқыш жасады. Жеңіл де, ыңғайлы, жүрісі шапшаң және үнемді жанатын қозғалтқыштың шығуымен автомобиль жасау ісі тез дами бастады. 1885 – 1887 ж.неміс өнертапқыштары К.Бенц пен Г.Даймлер бірінші болып іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобильдер жасады. 1890 жылдары Францияда "Панар-Левассор" және "Де Дион - Бутон" автомобильдері пайда болды. 1892 ж. АҚШ- та Генри Форд өзінің алғашқы автомобилін құрастырды, ал 1903 жылдан ол өндірісте шығарыла бастады. 1932 жылдан Кеңес Одағында ГАЗ автомобильдерін көптеп шығару қолға алынды. М.Р.Бриллинг пен Е.О.Чудаков құрған автомобиль мектебі автомобиль жасауды жетілдіруде, оның пайдалану көрсеткіштерін жақсартуда маңызды рөл атқарды.

 

 

Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Жүгірме арба қай жылы жасалды ?

б) Бу автомобильдері қай жылы құрастырылды ?

в) Бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқышты кім жасады ?

г) Автомобиль жасауды жетілдіруде қандай мектеп маңызды роль атқарды?

 



Просмотров 1269

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!