Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар



Трактордың жалпы құрылысы

 

Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынадай негізгі бөліктерден құралады: қозғалқыш, трансмиссия, жүргізгіш бөлік , басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған.

Қозғалтқыш негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отыннан алынған жылу энергиясын тракторға жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын қозғалқыш қондырғыларының бірнеше түрлері бар. Олардың бірі электр қуатын, екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын және т.б.энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі - жылу қозғалтқыштары. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу қозғалтқыштары деп атайды.

Жылу қозғалтқыштары іштен және сырттан жанатын қозғалтқыштар деп екіге бөлінеді. Бұлардың ең көп тараған түрі іштен жанатын қозғалтқыштар. Іштен жанатын қозғалтқыштар жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді.Олар: дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштар. Ауыл шарушылығындағы тракторларда тек дизельді қозғалтқыштар қолданылады

Қозғалқыштан алынған механикалық қуатты трактордың жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды.

Құрылыстарына қарай трансмиссия да бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері: механикалық, гидромеханикалық және т.б. Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия, тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электрмеханикалық трансмиссия қолданылады.

Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді

Басқару механизмдері көбінесе иінді тұтқалар немесе гидравликалық механизмдерден құралады.

Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы ) және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа қосалқы қызметтерді атқаруға арналған

 

Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыздар.

 

11.Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құрыңыздар.

 

екіқабаты арқалық - двухслойная балка екінші реттік ілініс - вторичное зацепление ендік толқын шебі - фронт поперечной волны еркін айналыс - свободное вращение еркін тірелген арқалық - свободно опертая балка есептелген қуат - расчетная мощность есептеу гидродинамикасы - вычислительная гидродинамика есептеуіш машина - вычислительная машина ескіш машина - крутильная машина  

Бақылау сұрақтары

1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз

А. есім сөздер

В. бастауыш, баяндауыш

С. толықтауыш, пысықтауыш

Д.одағай, шылау

Е. анықтауыш, қыстырма сөздер

 

2. Зат есімнен жасалған баяндауышты табыңыз

А. Шәкірттер өсіп қанат қақты

В.Ауыл кешке өзгеше жанданғандай

С. Ер жолдасы – тәуекел

Д.Мен де жаудан шегінбен

Е.Ол кітап оқығанды жақсы көреді

 

3.Автомобиль неше бөліктен тұрады?

А. екі

В. үш

С. төрт

Д. бес

Е. алты

 

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. « .... негізгі қуат көзі болып табылады»

А. қосалқы жабдықтар

В. қосалқы заттар

С. қозғалтқыш

Д. дөңгелек

Е. иінді білік

 

5.Жылу қозғалқыштары нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. үшке

С. төртке

Д. беске

Е. алтыға

 

6.Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз. « Солардың ішіндегі ең .... - түрі жылу қозғалқыштары»

 

А. жақсы

В. жаман

С. нашар

Д. қолайлы

Е. қолайсыз

 

7. «Сложная установка» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіздер

А. күрделі зат

В. күрделі орын

С. күрделі қондырғы

Д. күрделі тежегіш

Е. күрделі жағдай

8. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «..... – көптеген механизмдерден тұрады »

А. Басқару жүйесі

В. Басқару орны

С. Басқару қондырғысы

Д. Басқару тежегіші

Е. Басқару бағыты

 

9. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.

А. Күн жылы

В. Бес жерде бес жиырма бес

С. Сабаққа келді

Д. Жанымыз ашиды.

Е. Күн ашық.

 

10. Сын есімнен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.

А. Осыны айтқен менмін

В. Қайың - ағаш

С. Жеті – тақ сан

Д. Бұл қылығың жақсы

Е. Бәйгені озған алады

 

6 – сабақ

Автомбиль трансмиссиясы. Трансмиссияның қызметі мен түрлері

 

Анықтауыш.

Сөздікпен жұмыс

Жетекші – ведущий

энергияның сақталу заңы – закон сохранения энергий

кедергі – сопротивление

ажырату – отделять, разъединить

жылдамдық - скорость

өзгеру – изменение, изменяться

торап – узел, стык

шығындалу – тратиться, растрата

 

Сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жетекші, күш, жылдам, қозғалыс, тұрақты, әртүрлі, өзгеру, қосу, жалпы, сатылы, түр, көп, үлкен, мөлшер, бөлу, тұрақты, қызмет

 



Просмотров 2369

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!