Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар



Гидромеханикалық трансмиссияның негізін гидротрансформатор құрайды. Ол сұйық майдың көмегімен иінді біліктегі қуатты турбина дөңгелектеріне жеткізіп, айналдыру моментін аздап көбейтеді. Сондықтан да онда гидротрансформатормен қоса, механикалық редуктор қолданылады. Бұл трансмиссия да берілісті сатысыз өзгерткенімен,п.ә.к. аз болады. Сондықтан да онша көп қолдану тапқан жоқ.

Сонымен, қазіргі автомобильдерде көп қолданылатын трансмиссияға механикалық трансмиссия жатады. Оның негізгі артықшылығы п.ә.к. берілетін қуат мөлшеріне тәуелді емес. Яғни, автомобиль қандай жағдайда жұмыс атқарса да, трансмиссияның п.ә.к. тұрақты болып қалады.

 

10. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

 

Егер жеке түйнек салмағы 70 грамнан ….. болса, оларды ортасынан бөліп жарады. …..дискінің бетіне қысқыштары бар шөміштер бекітілген. ….. машина сатып алынды. Картоптың … түрлерін таңдау керек

 

Қажетті сөздер: картоп отырғызатын, жақсы, сол, ауыр.

 

 

Мақал-мәтелдерден анықтауыштарды тауып, мәнін түсіндіріңіз.

1. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ. 2. Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады. 3. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер. 4. Ақ көп болса, ақ нан көп. 5. Ердің атын еңбек шығарар.

 

Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.

Автомобилдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндіріс құралдарына технологиялық процестерді ұйымдастырғанда қойылатын санитарлық ереже мен гигиена талаптарын , мемлекеттік стандарт талаптарын дұрыс орындау керек.

Автомобильдер мен тіркемелерге маусымдық техникалық қызмет көрсету кезінде байқалған сынықтарды жөндеу керек. Автомобильдерді пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған техникалық қызмет көрсету бөлімшелерінде жүргізіп байқайды.

Автомобильдер мен тіркемелерге техникалық қызмет көрсету ауыспалы агрегаттардың көмегімен жұмыс орнында жасалады. Отын және жағармай кұю операцияларын жүргізгенде автомобильдің негізгі бөлімдеріне шаң, топырақ және ылғал түспеуі керек. Жұмыстан кейін автомобильдің картерінен алынған майларды, гидравликалық жүйенің сұйықтарын , техникалық қызмет көрсету кезінде алынған басқа да мұнай өнімдерін арнайы ыдысқа жинап, есебін жүргізеді. Жұмыстан шыққан мұнай өнімдерін жерге төгуге болмайды. Күрделі немесе ағымдағы жөндеу алдында техникалық қызмет жүргізбей, диагностикаға жіберіп, оны жұмысқа пайдалануға керектігі немесе жөндеуге қойылатыны анықталады.

Мына сөйлемдерден анықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Отырғызылған картопты көмудің екі түрі бар. Ылғалды аудандарда оны жал етіп, ал құрғақ аудандарда тегіс етіп көмеді. Соған байланысты көмгіш мүшелер де өзгереді. Жал етіп жасырған кезде тек дискіні ғана тіркейді, ал тегістеп көмген кезде дискі артына ұзын тіс тырма тіркеледі. Барлық қозғалатын бөліктер қолдан жеңіл қозғалуы тиіс (М. А).

 

 

14. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Мотоблоктар

 

Жұмыс көлемі шақтаулы шаруашылықтарда қолданылатын энергиялық құралдарды атқаратын жұмыстарына және түрлеріне қарай екі топқа бөлуге болады. Оларды мотоблоктар және шағын тракторлар деп атайды. Мотоблоктар дегеніміз арнаулы қозғалтқыш қондырғысымен жабдықталған бір осьті машиналар.

МТЗ- 0.5 мотоблогы Минскінің трактор заводында шығарылады және ол мотоблоктардың ауыр түріне ( салмағы 100 кг артық) жатады. Оның жұмысшы жылдамдығының кең мөлшерде өзгере алатындығына байланысты көптеген ауыл шаруашылық жұмыстарын атқаруға болады. Қуат алу білігі арқылы, азық ұсақтағыштар сияқты тұрақты машиналарды іске қосуға болады. Жол жүретін саңылауының көптігі (300 мм) тасымалдау жұмыстарын, өсімдіктердің қатаралығын өңдеуді атқаруға мүмкіндік береді. Беріліс трансмиссиясындағы реверсивті механизм барлық берілісте трактордың алдына немесе артына жалғастырылған машиналармен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Мотоблок қозғалытқыштан, ілінісу муфтасынан, беріліс қорабынан, басты берілістен, біріктіріп тастайтын қондырғысы бар дифференциалдан, соңғы берілістен, қуат алу білігінен және басқару жүйесінен құралған.

 

Мәтінге сұрақтар қойыңыздар.

Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар

жазық тиек - плоский затвор жалпыланған жылдамдық - обобщенная скорость жанама әдіс - косвенный метод жанама қима - касательное сечение жанасу нүктесі - точка касания жану шебі - фронт горения жарғақ - мембрана жарма білік - разрезной вал жарылыс толқыны - взрывная волна жасаушы бұрыш - образующий угол жебе арқаны - стреловый канат  

Бақылау сұрақтары

 

1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Энергияның сақталу заңы бойынша ..... ұтсақ, жылдамдықтан ұтыламыз»

 

А. қуаттан

В. күштен

С. ауадан

Д. желден

Е. даладан

 

2. « Сопротивление» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А. кедергі

В. жылдамдық

С. күш

Д. дөңгелек

Е. қозғалыс

 

3. Машиналардың трансмиссиясы нешеге бөлінеді?

 

А. екіге

В. үшке

С. төртке

Д. беске

Е. алтыға

 

4. Электр қозғалтқыштары нені айналдырады?

 

А. тараптарды

В. дөңгелектерді

С. тастарды

Д. механизмдерді

Е. орындықтарды

5. Мақалды жалғастырыңыз. «Еңбексіз өмір жоқ, .................»

 

А. жол жоқ

В. нан жоқ

С. ауырсыз жеңіл жоқ

Д. байлықтың көзі жоқ

Е. жеңіл жоқ

 

6. Бірыңғай аңықтауышты табыңыз

А. Далада гүлдер жайқалып тұр

В. Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды

С. Біз таудың ең биік шыңына шықтық

Д. Мырзабайдың баласы ақылды

Е. Кең әрі ұзын көшелер қалаға көркін беріп тұр

 

7. Күрделі анықтауышты табыңыз

А. Аласалау үйден түтін шығып жатыр

В. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

С. Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты

Д. Далада кішкентай балалар ойнап жүр

Е. Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды

 

8. Анықтауыштың белгісін табыңыз.

А.анықтайтын сөзінің алдында тұрады

В.анықтайтын сөзінен кейін орналасады

С.анықтайтын сөзімен бірдей сұраққа жауап береді

Д.анықтайтын сөзімен бірдей сөйлем мүшесі қызметін атқарады

Е.анықтайтын сөзінен үтір арқылы ажыратылады

 

9. Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер

А. кім? не?

В. кімнің? ненің?

С. кімді? нені?

Д. кімге? неге?

Е. кіммен? немен?

 

10. Кімнің атын еңбек шығарар?

 

А. Ердің

В. Адамның

С. Кісінің

Д. Жолдастың

Е. Баланың

7 – сабақ

Тракторлардың түрлері

Толықтауыш

Сөздікпен жұмыс

Жалпы жұмыс – общая работа

Қатараралық- междурядье

Арнаулы – специальный

Көрсеткіш – показатель

Саңылау – зазор, прощелина

Бағыт- направление

Жіңішке - тонкий

Өлшеу- измерять

Көлденең – поперек

Қалыпты –нормальный, обычный

Шынжыр – цепь

 



Просмотров 1672

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!