Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бұрқасындарменқарлыборандар 3 часть



Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 — 0,1 кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бүл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауысирек. Жарықтың сәуле шығаруы — ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін тө-мендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді.

Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді. Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сырттқы шекараға 0,5 кг/см2 жоғарырақ артық қысым-мен соққы толқынының әсеріне үшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады.

17. Адам ағзасына әсер етуіне қарай химиялық қарудың жүйелеуін келтіріңіз

Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына әсері Аммиак – көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүйке жүйесінің тері ұлпаларына қауіпті. Аммиактың қатты әсерінен кейін бірнеше минуттан соң бұлшық еттің әлсіздігі, көтеріңкі рефлекторлық қозу, құрыспа пайда болады. Есту күрт төмендейді, өкпе қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымдану нәтижесінде психикалық және неврологиялық аурулар ықтимал. Көздің бұршағы, қабақтың қараюы кейде тіпті көрмей қалуы мүмкін.Көміртегі тотығы – қандағы гемоглобин тотығынан оттегіні ығыстырады,карбоксигемоглобинді жасайды. Оттегі көлемі 18-20пайыздан 8 пайызға дейін төмендеуі мүмкін(аноксемиз). Көміртегі тотығы ұлпалық тыныс алуды бұза отыра тікелей улы әсер етуге қабілетті. Көміртегі тотығы әсеріне жастар және бронхитпен,демікпемен,өкпе,қан айналымы,бауыр органдарының ауруларынан, диабетпен зардап шегетін адамдар тез сезеді. Көмір алмасуына ықпал етіп, қадағы қант деңгейін көтереді. Фосфорлық және азоттық алмасуды бұзады. Адам тыныс алудың тоқтауынан қаза болады.

Хлор — тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, өкпені қабындырады. Қанда хлордың әсерінен бос амин қышқылдарының мөлшері бұзылады және кейбір тотықтарының белсенділігі төмндейді.

Жүйкені жансыздандырады – зарин,заман, Vгаздар

Терінің құрысуына әсер етеді – иприт,люизит

Тұншықтырғыштық әсер етеді – фосфен,дифосфен

Көздің жасын аққызады және тітіркендіргіштік әсері бар – хлорпикрин, хлорацетофен, адамситПсихохимиялық әсер етеді – BZлизергин қышқылының диэтиламиді т.бЗиянды химиялық заттардың әсеріЖүйкені жансыздандырады – зарин,заман т.бЖалпы улағыш әсер етеді – көгілдір қышқылы, хлорцианТерінің құрысуына әсер етеді – иприт,люизит.

Тұншықтырғыш әсер етеді – фосфен, дифосфенКөздің жасын ағызады және тітіркендіргіштік әсер етеді – хлорпикрин,хлорацетофенон, адамсит. Психохимиялық әсер етеді – бизет лизергин қышқылының диэтиламиді. Өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер етеді – нейтропты улар. Зат алмасуды бұзады. Аммиак көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүйке жүйесінің тері ұлпаларына қауіпті. Біренше минуттан соң бұлшық еттің әлсіздігі, көтеріңкі рефлекторлық қозу,құрыспа пайда болады. Есту күрт төмендейді, өкпе қабынуы мүмкін,психикалық және неврологиялық ауытқу ықтимал, көз көрмей қалуы мүмкін.Көміртегі тотығы қандағы гемоглобин тотығынан оттегіні ығыстырады,карбоксигемоглобинді жасайды,оттегі көлемін 18-20пайыздан 8 пайызға дейін төмендетуі мүмкін,тыныс алуды бұзады,қандағы қант деңгейін көтереді, фосфорлық және азоттық алмасуды бұзады. Хлор тыныс алу жолдарын тітіркендіреді,өкпені қабындырады, бос амин қышқылдардың мөлшері қандағы бұзылады,кейбір тотықтарының белсенділігі төмендейді.

18. Радиобелсенді көздерді сипаттаңыз

Радиоактивтілік- табиғи процесстердің және адам іс әрекетінің нәтижесінде түсетін радиоактивті газдар мен аэрозольдердің атмосферада болуымен байланысты.

Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. «Иондық сәулелену» атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының қүрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау жаныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам үлпасы мөн мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.

Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран түзының сәулеленуін анықтады. Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне үқсастыру бойынша бүл қүбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті. Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды. Осы қүбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты. 1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады. Олардің кейбірін — радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратты. Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты. Бүдан кейін радий өзінің «сәулеленуші» атауына ие болды. Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды. Сәулеленудің осы үш түрі грек харіпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды. Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жүмсайды. Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация.

Иондаушы сәулелену — элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан түратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бүл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді.

Радионуклид — атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады.Радионуклидтің ыдырау өнімдерінен басқа иондаушы радиацияға Жерге ғаламдық кеңістіктен келген ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері жатады (рентген аппараты, элементті бөлшектерді жылдамдатушылар және т.б.).

19. «Дезактивтендіру», «дегаздау», «дезинфекция», «дезинсекция», «дератизация» ұғымдарына түсінік беріңіздер және ТЖ-да санитарлық тазалауды жүргізуді келтіріңіз

Дезактивациядегенімізрадиоактивтізаттарменластанғаннәрселердітазалау, олардыденелердіңүстіненжуыпнемесесыпырыпкетугеболады. Осымақсаттажуғышерітінділердіпайдаланады, майлыжердегінеқуысқуыстағырадиоактивтізаттардыәбденкетіреді. Бұданкейінсуменжақсылапшаюкерек. Осымақсаттажерқабатын, қардыңбіршамабетінсылыпалыптастайды. Мысалы: Чернобль 1986 жыл.

Киімнен, жиһаздан, басқа да ұй заттарынан радиоактивті заттарды шаңсорғышпен, қағумен, щеткамен тазалап та кетіруге болады. Міне, осындай жұмыстарды дизактивация д.а. Қаланың ауқымын, өндіру іс орындарын, көлік тазартуды т.с.с жұмыстарды тек дизактивация, дегазация жүргізетін машиналары қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Киімді, аяқ киімді басқа қорғаушы киімдерді дезактивациялау АҚ адамдары жұмыс істеп жатқан алаңдарда және киім тазалайтын әдейі орындарда өткізеді. Дезактивация ластанбаған әдейі алаңдарда немесе тұрақты жуу пунктерінде өткізіледі.

Дегазация дегеніміз ластанған денелерден уланған заттарды жою. Дегазация жұмысы былайшыа жүргізіледі: Химиялық заттармен ластанған ауданда, адам денесінде, киімінде улы заттардың тамшылары болса, ол жерді шелектегі сұйықпен тазалайды, пакет болмаса орамалмен тамшыларын сүртіп алып, улы заттарға қарсы таблетка ішіп, уланған ауданнан тезірек шығуға тырысады.Осыдан кейін олар толық санитарлық тазалықтан өтеді. Алдымен, қорғаныс киімдерді шешпестен бұрын ашық учаскелеріне түскен улы заттарды тазалайды, себебі теріден өтіп кеткен улы заттар көп зақымға ұшыратады. Содан кейін сыртқы және қорғану киімдерін, дененің ашық жеріне ішкі киімге тигізбей, әлеуі противогазды, соңынан қолғапты шешеді.

Дезинфекциядеп ауру жұқтыратын немесе ауру тасмалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып ғана жоюға болады. Дезинфекция жұмыстарын өте сақтықпен жүргізіледі. Тек противогаз, респиратор не шаңға қарсы тігілен маска киіп жұмыс істеу керек. Бұларды жұмыс біткен соң, қауіпсіз жерде шешуге рұқсат етіледі.

Дератизация алдын-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған.

Дегаздау– улы объектілердің жұғу дәрежесінің рұқсат етілген нормаларына дейінгі төмендеуі (техниканың, кийімнің, адам терісінің жамылғысы, су және т.б.). Немесе қатты әсер ететін улы заттарды жою, бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі бетпен зақымданудың жол берілетін нормаларына дейін немесе толық жою-дегазация деп аталады. Оны жүзеге асыру заттардың сапасына және түрлілігіне байланысты болады. Тағы бір анықтама дегазация – ластанған денелерден УЗ-ды жою.

20. Зиянды химиялық заттардың жүйеленуін келтіріңіз, адам ағзасына қосарлы (комбинациялық) әсерін сипаттаңыз

Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.

Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті.

Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді.

Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді.

Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады. Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы.

Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.

Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады.

Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық.

Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.

Жүйкені жансыздандырады – зарин,заман т.б. Жалпы улағыш әсер етеді – көгілдір қышқылы, хлорцианТерінің құрысуына әсер етеді – иприт,люизитТұншықтырғыш әсер етеді – фосфен, дифосфен. Көздің жасын ағызады және тітіркендіргіштік әсер етеді – хлорпикрин,хлорацетофенон, адамсит. Психохимиялық әсер етеді – бизет лизергин қышқылының диэтиламиді. Өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер етеді – нейтропты уларЗат алмасуды бұзады. Аммиак көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүйке жүйесінің тері ұлпаларына қауіпті. Біренше минуттан соң бұлшық еттің әлсіздігі, көтеріңкі рефлекторлық қозу,құрыспа пайда болады. Есту күрт төмендейді, өкпе қабынуы мүмкін,психикалық және неврологиялық ауытқу ықтимал, көз көрмей қалуы мүмкін.

Көміртегі тотығы қандағы гемоглобин тотығынан оттегіні ығыстырады,карбоксигемоглобинді жасайды,оттегі көлемін 18-20пайыздан 8 пайызға дейін төмендетуі мүмкін,тыныс алуды бұзады,қандағы қант деңгейін көтереді, фосфорлық және азоттық алмасуды бұзады. Хлор тыныс алу жолдарын тітіркендіреді,өкпені қабындырады, бос амин қышқылдардың мөлшері қандағы бұзылады,кейбір тотықтарының белсенділігі төмендейді.

21. «Шу», «діріл» ұғымдарына анықтама беріңіз, ағзаға әсері, олардан қорғану жолдарын сипаттаңыз

Зерттеулер көрсеткендей ұзақ уақыт шуы көп жерде болған адамдардың денесінде қолайсыз өзгерістер пайда болып, зат алмасу процесі, рухани дүниесі, ішкі сезімі нашарлайды. Көздің көруі, құлақтың естуі төмендеп, қан қысымы көбейіп, жұмысқа, оқуға, үйренуге ұқыптылық азаяды. Шу әсері жасы ұлғайған кісілерге көп әсер етеді. Шудың әсері туралы сұрау салғанда 27 жасқа дейінгілердің 48,3 проценті, 30 жасқа дейінгілердің – 57 проценті, 58 жасқа дейінгілердің – 62,4 проценті, 58 жастан асқандардың- 72 проценті өздеріне шудың қолайсыз екенін айтқан. Атақты Н.М. Сеченов пен Н.П Павловтың зерттеулері өте қатты шу ми қабығына жетіп, оның клеткаларын қайта-кайта тоздырып, мерзімінен бұрын істен шығатынын көрсетті.Жүйке клеткаларының да қабілеті бұзылып, шеттен келген дыбыстарға әсерленуі өзгереді. Кейде өте қатты шуға шыдап, көңіл аудармаса, тым төмен дыбыстардан тітіркеніп, кеюшілік білдіре бастайды. Зерттеулер көрсеткендей ұзақ уақыт шуы көп жерде болған адамдардың денесінде қолайсыз өзгерістер пайда болып, зат алмасу процесі, рухани дүниесі, ішкі сезімі нашарлайды. Көздің көруі, құлақтың естуі төмендеп, қан қысымы көбейіп, жұмысқа, оқуға, үйренуге ұқыптылық азаяды.

Шудың негізгі көздерікөпшілігін автомішинелер, олардың ішінде жүк таситын дизель қозғағышты Қаладығы шудың мәшинелер береді. Мәшине көп жүретін үлкен көшеларде дыбыстың күші 68-78 дБа, онан кіші көшелерде 63-69 дБа, мөлтек аудандардағы тұрғын үйлер арасындағы көшелерде51-60 дБа болады. Көшеде пайда болған дабас ауамен жан-жаққа тарап, тұрғын үйлерге, қызмет орындарына жетіп жатады.

Кәсіпорындардағы шу негізінен жабдықтардың, станоктардың, мәшинелердің жұмыс істегенде соқтығуынан, қажалуынан, теңселіп ұрынуынан пайда болады.Оларды уақытында майлап ірге тастарға бекітсе шудың күші азайған болар еді. Құрылыс алаңадрында электр жіне ауаның қысымы күшімен жұмыс жасайтын құралдар, жүк көтергіш крандар т.б механизмдер де шуды көп таратады. Қаладағы ескі трамвай вагондары 95 дБа-ге дейін, жаңалары – 75дБа-ге дейін шу таратады. Қала тұрғындары үшін әуе көлігінің де зиянды әсері бар.Ұшақтар аспанға көтерілгенде, немесе қонарда, қаланың үстінен төмен ұшып, жұрттың берекесін кетіреді.Ұшақтардан тарайтын шудың күші ұшақтың түрі мен санына , ұшып-қону шу көп қабатты ұйлердегі лифтің сырғуынан, шаң сорғыш, тоңазытқыштар, кір жуатын мәшинелер, теледидар, радио қабылдағыш, магнитофон т.б жұмысынан пайда болады.

Шудан (қатты дыбыстан) сақтанудың бір жолы дыбыс тарайтын көздерді тексеріп, оларды жоюға шара қолдану. Әрбір қондырғы, станок, жабдық өзінің қисынымен жиналып, дұрыс орнатылса, мезгілінде майланып, жөндеуден өтсе ірге тасқа бекіткенде, жұмыс істегенде бөлшектер бір – бірімен соқтықпас үшін арасына дыбыс жібермейтін немесе азайтатын қосымша төсем салынса дыбысты азайтуға болады. Егер дыбыс көздерінде оның күшін азайтуға мүмкіндік болмаған жағдайда дыбыс тарайтын жолға кедергі болатын заттардан қалқан қойып, ағаш отырғызып, тұрғын үйлердің қабырғаларындыбыс өткізбейтін материалдан салып, оларды дыбыс көзінен әрірек әкетуге т.б. жолдарды іздестіруге болады. Автомашиналар көп жүретін көшелерде дыбыстың күші 78-80 дБа-ге дейін жететін болса, оны 65-ке дейін кеміту үшін тұрғын үйлерді көшеден 80-90 м. қашық салу керек болар еді. Көшенің өзі бетін есептегенде жолдың ені 180-250 м-ге дейін кеңейіп, әр көше бойында осыншама жерді бос тастау әрине дұрыс емес. Өйткені құрылыстың бағасы өсіп, қаладағы ең қымбат байлық жер орынсыз жұмсалған болар еді.

Виброизоляция – вибрация тарапынан қорғаныс. Виброизоляция жасау үшін серпімді материалдардан алынған амортизаторлар қолданылады. Вибрация белгілі бір мөлшерде адам ағзасына жағымды ісер етеді. Алайда вибрациялық потология пайда болады. Бұл вибрация кезінде туындайтын ауру түрі.

22. Лазер сәулесі, ультрадыбыс, инфрадыбыстың ағзаға әсерін көрсетіңіз

Лазер дегеніміз- жылулық, химиялық, электр энергиясын, электро магниттік өріс энергиясына айналдыратын құрылғы.Шу, вибрация және т.б.техногендік сипаттағы тж туғызатын факторлар қатарына лазер жатады. Лазер бұл тіршілік ортасына қауіп төндіруші факторлардың бірі. Лазерлік қоспаларды дайындауда эксплуатациялауда және сынақ жүргізу барысында адам физикалық, химиялық және психофизиологиялық қауіпті және зиянды факторларға тап болуы мүмкін. Физикалық факторлар: лазерлік сәулелену, лазерлік құрылғылардың жұмысына ауырлық күші түскенде,импульс әсерінен жарық түсуінің жоғарылауынан,лазерлік жұмыстар әсерінен шудың көтерілуі негізінде және вибрация болғанда, лазерлік жұмыс алаңында инфрақызыл радиациясының көбеюінде лазерлердің қатты қозғалу барысында құрылғылардың бұзылуы.

Химиялық факторлар: жұмыс алаңының лазерлік құрылғы арқылы бүлінуі, ауа бүлінуі; иісті газдар мен лазерлік құрылғылардың буы пайда болғанда. Психофизиологиялық факторлар: монотопия, гипоКИнезия, эмоцианалдық күш түскенде, ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКОМФОРТ; анализаторлық функцияларға яғни көру, есту мүшелері жұмысына әсер етеді.

Лазерлік сәулеленудің негізгі ерекшеліктері:жоғарғы дәрежедегі когренттілік,монохроматты ,шоқтың қатаң бағытталуы,сәулелердің аса қуаттылығы.

Лазер түрлері:Рубин лазері,Газ лазері,Жартылай өткізгішті,Газодинамикалық

Лазерді қолданылуы:Байланыс үшін ғарыш кеңістігінде,Зор қуаты вакуумдегі материалдарды кептіру, пісіру үшін,Радио локатор ретінде,Зергерлік салада,Фотолитографияда,Машина жасау, құрылыс саласында,Медицинада,Әскери істе,Металл бетіне өте әдемі және дәл суреттер, логотиптер, вензелдер салуда,Косметалогияда,Термоядролық реакцияны басқару үшін.

Лазерлік сәулелерден қорғанудың арнайы тәсілдері қалыптасқан. Оларға мыналар жатады:

· лазердің қолдану аясындағы жұмыстарда ұйымдасқан тексеру жұмыстарының жүргізілуі;

· тұлғаның лазерлік құрылғыларды пайдаланбас бұрын оны жақсы танып білетін білімділігі өте жоғары деңгейде болуы;

· медициналық бақылау ұйымдарының болуы;

· қорғанатын құрылғыларды, приборларды пайдалану;

· құрылғыларды дұрыс алмастыру, жұмыстан тыс кезде блокка қою қажеттілігі.

Қорғану жолдарының негізгі шараларына мыналар жатады:қорғаныс экрандарын пайдалану, жеке қорғаныс үшін арнай киімдер кию қажет, көзді қорғау үшін арнайы көзілдірік тағу қажеттілігі бар.

Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі децибелмен өлшенеді.

Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде.

Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар клетка мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі. Негізгі шағымдары – алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды.

Инфрадыбыстың әсері. Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен болады. Осы жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс қарқындылығының ддеңгейі децибелмен (дБ) көрінеді.

Инфрадыбыстардың ерекшеліктеріне толқындардың үлкен ұзындығы және аз мөлшердегі тербеліс жиілігі жатады. Ауада инфрадыбыстардың жұтұлуы аз болғандықтан олар олар ауада аз энергияны жоғалтумен жақсы таралады. Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде қиындықтарды тудырады. Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен қатар кохлеовестибулярлы анализаторлар қызметтерінің бұзылулары инфрадыбыстардың әсер ету ұзақтықтарына, жиілігіне, деңгейіне байланысты. Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінен астения, еңбек ету қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда болады: тітркенгіштік, жүрек айну. Инфрадыбыстардың есту босағасы төмен деңгейде орналасуына қарамастан, инфрадыбыстардың тербелістерінің жоғары деңгейлері есту ағзасымен қабылданады.



Просмотров 1141

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!