Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Халықтың сел кезіндегі іс әрекеті



Сел-тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп,деңгецінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен , моренді мұзды өзендердің бұзылуынан жер сілкінісінен адамдардың шаруашылық нәт.де пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес жекелеген толқындардың 10 м/с және одан да көп жылдамдықпен қозғалады. Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарыында сондай-ақ Қаратау ,Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қаз-дағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады. Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарларды хабарлау ұйымдастыру үлкен әсер етеді. Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу , егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс. Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хаб.лаған жағдайда сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандасын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халақ қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек.мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ арқан сырық шынжыр және т.с.с болуы мүмкін.Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра тасқынның бағыты бойынща шығару керек.Сел қаупі кезінде көшіуге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден карттар мен балаларды,аурулармен өз бетншее жүре алмайтын адамдарды шығарады.Еңбекке кабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға,кедергілер туғызуға,ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Егер сел апатына елді мекен ушыраса ,онда іздеу –құтқару жумыстарына әзірлеген жоспар б\ша жумыс жургізетін артурлі куткару болімшелерінің айтарлықтай куштері мен куралдары тартылады

32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Көшкін қаупінің белгілері:

· Көшкін апаттарының деректері адамдардың қаза болуына алып келетін лықсулардың көпшілігінің адамдардың кінәсінен болатындығын көрсетіп отыр. Автомобиль жолымен немесе жаяу соқпақпен келе жатқан адамдардың көшкіннің астында қалуы өте сирек. Көшкіннің лықсуы оның қозғалысының үлкен жылдамдығынан бірнеше секундпен өлшенеді. Мұндай жағдайда адамның қауіпсіз орынға жету мүмкіндігі жоқ. Бұдан шығатын қорытынды –

қарлы тік жартасқа шықпаңыз, тек жолмен және тапталған сүрлеумен жүріңіз.

· Бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы хабарларын үнемі қадағалаңыз, Қазгидрометтің көшкінұстау станцияларының мамандарымен кеңесіңіз.

· Қалың қар жауғаннан кейін 2-3 күн бойында тауға шықпаңыз.

· Қар қалың жауып, бұрқасын болғаннан кейін тік жартастардың қиылысын айналып өтіңіз, сондай-ақ олардың ирек тұстары мен қардың еруімен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда тек су ағатын жиектің бойымен ғана көтеріліп, төмен түскен жөн. Егер аяқ астынан қардың отыруынан сықыр естілсе қозғалысты бірден тоқтатыңыз. Бұта, қалың орман өскен ірі тастар жатқан беткейлер қауіпсіздеу.

· Қар суланып, беткейлерден оңай сырғитын көктем кезінде түстен кейін аса сақ болыңыз. Күн жылып қар еріген кезде (наурыз-сәуір) тауға шығудан немесе көшкіндер жасанды жолмен түсіріліп жатқан аудандарда демалудан бас тартыңыз.

· Қозғалыс кезінде тәулік уақытын ескерген жөн. Көктемде көшкін қауіпі қар суланып беткейден оңай сырғитын мезгіл тал түсте байқалады.

· Тауда төңірек жақсы көрінетін кезде жүріңіз. Тұман әрдайым көшкін қаупін күшейтеді.

· Көшкін қаупі бар жерлерден өткен уақытта айқайлап шуламаңыз.

· Көшкін қаупі бар жерлерден бір-бірлеп өтіңіз.

· Қарлы беткеймен көтерілген кезде айналсоқтамай тік жүріңіз.

· Қар жапқан тік таулы беткейге жақын жерде демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз. Түнейтін жерді дұрыс анықтау аса маңызды. Мұнда жазықтың екі жағындағы беткейдің қар көшкіні қаупі ескерілуге тиіс. Бағытты жоспарлағанда қауіпті учаскілер кездескен жағдайдағы қосымша нұсқаны міндетті түрде межелеген жөн. Сөйтіп жорықты тоқтатпай және өзіңізді төтенше қауіпке ұшыратпай басқа қауіпсіздеу жолмен жүрген дұрыс.

· Қар көшкіні лықсыған кезде оның ықтимал жолынан кетіп жер бедерінің, жартастың бұрышын паналаңыз.

· Тауға еш уақытта жалғыз бармаңыз. Топпен жүрген кезде қауіпке бірден ұшырамайтындай болып жүрген жөн.

Осы тәртіптерді сақтамау көп жағдайда қайғылы оқиғаларға алып келеді.

Опырылма – тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.
Сырғымалар мен опырылмалар қаупінің белгілері:

· топырақтың ылғалдануына алып келетін нөсер жаңбырдың жаууы, қар жамылғысының үздіксіз еруі;

· жарықшақтары, бұрын болған қопарылмалардың іздері бар борпылдақ жыныспен жамылған таулы тік жартас;

· тас кесектері құлайтын, жарықшақтары бар, жыныстарын жел кеулеген таулы тік жартас.

33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз

Химиялық қауіпті объектілерді авариялардың қайталама факторы жарылыс тар мен өрттер болу мүмкін. Соғыс уақытында қарсылас жоқ ядролық қаруды қолдану кезде мыналар зақымдағыш факторға жатады:Соққы толқыны- негізгі зақымдағыш ісер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын,қатты сығылған ауаның жиналған жері. Соққы толқын ғимаратты, техниканы,өндірістік қондырғыны, ғимарратты қиратады ж/е адамды зақымдайды.соққы толқынның зақымдағыш әсері шаршы см-ге кг -мен көрсетілетін оның төңірегіндегі артық қысым сипатталады.

Химиялық қауіпті авария кезіндегіхимиялық зақымдалу аймағыпайда болады. Ол ҚӘУЗ әрекеті нәтижесінде адамдар тіршілігі үшін қауіптілік деңгеімен сипатталады. КӘУЗ – бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға , жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар. 6 млн-нан астам химиялық құрамалар белгілі,оның ішінен бірнеше жүздеген КӘУЗ бізді қоршап тұр.

Оларға сырқатты ақуал тудырып тіпті қазаға ұшыратуы мүмкін. Қарсыластың осындай объектіге жасаған ядролық немесе қарапайым соққылары нәтижесінде табиғат апаттары немесе өндірістегі апаттар кезінде күшті әсер ететін улы заттардың төгілуі және онымен жергілікті жердің улануы, зақымдану мүмкін.

· Химиялық зақымдау ошағы-ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң. Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейдегі химиялық қауіпті обектілер үлгісіне ҚӘУЗ түрінде оның ерекшелігіне санына ж/е сақтау жағдайына аварияның ауа-райы жағдайы ж/е т.б сипатына байланысты. химиялық объектілердегі басты зақымдағыш факторы алмағы ондаған шақырымға созылатын аймақтың химиялық зақымдану болып табылады. Химиялық қауіпті объектілерді авариялардың қайталама факторы жарылыс тар мен өрттер болу мүмкін. КӘУЗ қауіптілігі жағынан төмендегіше жіктеледі:1 класты – өте қауіпті ;

· 2 класты – жоғары қауіпті;

· 3 класты – орташа қауіпті;

· 4 класты – аз қауіпті. КӘУЗ ошақтарын медико – тактикалық жіктеу:Жіктелу негізіне КӘУЗ тұрақтылығы мен зақымдаушы әсерінің басталуы жатады:

· тез әсер ететін тұрақсыз;

· жай әсер ететін тұрақсыз;

· тез әсер ететін тұрақты;

· жай әсер ететін тұрақты;

· жартылай тұрақты.

Жұмыс қолданылған УЗ типін ескере отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі,бұл кезде төмендегі ережелер басшылыққа алынады:-химиялық зақым ошағында жұмыс тыныс алу органдары мен терінің жамылғыш қабаттарын қорғаудың жеке құралдарымен жүргізілуі тиіс;

· -барлық зақымдаушыларды УЗ – дың одан әрі әсер етуінен қорғау керек,нашар киілген газтұмылдырықты жөндеу немесе қосалқыларын кию;

· -ең алдымен көмек балаларға, аяғы ауыр әйелдерге ,газтұмылдырығы жоқтарға және аралас зақымданғандарға көрсетіледі;

· -УЗ- зақымданғандарда жарақат болған кезде алғашқы мед. Жәрдем,ең алдымен УЗ әсеріне қарсы жүргізілуі тиіс,тек содан кейін жарақат бойынша жәрдем көрсетіледі;

· -химиялық зақым ошағындағы СД жұмысы оның командирі жетекшілігімен жүргізіледі;

· -химиялық зақым аудандарында қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау керек.

· Химиялық зақым аймағында қорғаныштың негізгі түрлері: Газтұмылдырық киіп, Жұмысты тоқтату Барлық паналарға тығылу

· Өндірістік процесті бұзбай Газтұмылдырықты киу

34. АЭС-тегі авария және қоршаған ортаға радиобелсенді заттар шығуы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз

Авария жағдайында хабарлау дабылы мен радио бойынша хабарлауды естіген бойда тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз етіп,есік пен терезені жабуға,электр қыздырғыш және тұрмыстық приборларды ажыратуға,балаларды киіндіруге,қажетті киім мен тамақты табуға,көршілерді ескертуге,абыржымай көрсетілген бағытта желге қарсы үйден жылдам шығуға ТЖ жөніндегі нұсқауларды алғанға дейін шыққан жерінен кемінде мың жарым километр қашықтықтағы жақсы желдетілген учаскіге баруға тиіс.

35. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті және радиациалық зақымдану ошағында йодпен алдын-алу шарасының тағайындалуы және қолданылуын түсіндіріңіздер

Радиациялық қауіпсіздіктердің құқықтық аспектілері.Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, негізгі нормативті – құқықтық құжаттар. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Радиоактивтілік туралы жалпы түсініктер. Радиоактивтілік және оларды өлшеу бірліктері. Радиоактивтілікті ашу тарихы. Радиоактивтілік туралы М. Кюри, П. Кюри және басқа да ғылымдағы ғалымдардың тигізген пайдалары. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Зарядталған бөлшектердің құралдармен өзара әсері. Гамма- және рентген сәулелерінің құралдармен өзара әсерлерлері.

36. Қоршаған ортаға аса қауіпті ауру қоздырғыштар таралғандығы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз

Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.

УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.

Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Улағыш заттардың жіктелісі

Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

· жүйкені жансыздандыратын УЗ — фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы — зарин, зоман, V — газдар;

· жалпы улағыш әсері бар УЗ — көгілдір қышқылы,хлорциан;

· терінің қүрысуына әсер ететін УЗ — иприт, люизит;

· түншықтырғыштық әсердегі УЗ — фосген, дифосген;

· көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);

· психохимиялық әсер ететін УЗ — ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;.

Аэрозоль бу түрінде қорғану нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кеттеді.

Әр түрлі жағдайда ір түрлі органдарда тұйық желсіз жерлерде ұзақ сақталу мүмкін.Улы заттармен зақымдану жолдары:Уланған ауамен демалғандаУлы тамшылардың теріге не көзге тиюіУланған заттарды ұстағанда уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі Хлор мен аммиак. УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:

♦ өлімге ұшырататын — (зарин, зоман, V — газдар, көгілдір
қышқылы, иприт, люизит, фосген);

♦ уақытша есті тандыратын — ДЛК, В2;

♦ тітіркендіретін — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.

37. Аса қаупті ауру қоздырғыштары ауаға таралғанда карантин мен обсервация қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз

ТЖ — ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры ай­маққа кең жайылып кетуі мүмкін.

Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақкарантинаймағыныңшекарасыментікелейжанасатынаудандаенгізіледі

Көшіру, обсервация және карантин. Бұл шараларды өткізуге бақылау жасауды санитарлық – эпидемологиялық қызмет жүзеге асырады.

Эпидемиологияға қарсы және емдеу – алдын алу шаралары обсерва­ция кезінде мыналарды қарастырады:

· сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру;

· оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған адамдарды емдеу және соңынан апат аймағының сыртында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;

· зардап шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға, жұқтырып алу қаупі бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;

· денсаулық сақтау жүйесі саласындағы дәрігерлік көшірукезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;

· күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал қолдағы бар көрсеткіштер бойынша – санитарлық өндеу жасау.

38. Бұлшықетке ине шаншу қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз

Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.

Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;

· Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, поршеннің сабы бос.Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;

· Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;

· Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;

· Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;

· Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.

· Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет.

39. Атмосфера мен литосфераны ластаушы заттардан қорғау шараларын сипаттаңыз

Атмосфера – әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын жердің газ тәрізді қабықшасы.Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен арақашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады.

Күкіртті газ, әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Өсімдіктер газдың ошлардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын – шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ – өазіргі кездегі қоршаған ортаның әр түрлі элементтері мен биотасына әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.

Күкірткөміртек улы қосылыс, түссіз, оңай жанатын сұйық. Ауамен жарылғаш қоспа түзеді. Адам ағзасына тыныс алу жолдары мен тамақпен бірге түседі. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауын туғызады, есірткілік әсері бар.

Ауаны тазарту арқылы жабық орындарда және сыртқы орындарда қажетті температураны, ылғалдылықты, газдық және иондық құраманы, ауа орталарындағы иістерді, сонымен қатар ауа жылдамдығын ұстауға болады.

Литосфера – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалаңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.

Литос.ң ластаушы көздері;өндірістік өнеркәсіп,коммуналдық шаруа.қ ауыл, мал шаруа.ғы,мұнай өнеркәсібі. Литос.ң құнарлылығын бұзушылар; химиялық заттар-пестицидтер, гербицидтер, тыңайтқыштар, мұнай төгілу,топырақ және су эрозиясы,топырақ шөлейттенуі.

Таиғатты қорғаудың түрлі аспектрлерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-әрекеттері қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да ластануына әкеліп соғады. Нәтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жұмыстар тау- тау болып үйілген мұнай өнімдері жиналған, т.б индустриялық далалар пайда болады. Мұндай жерлерде ештене өспейді.Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Олар көміртек, күкірт, молибден, мыс, мырыш т.б бар. Мұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақта қалыптасқан қатынасы бұзылады. Топырақтың ластапнуы тек қана адамның индустриялық қызметтерімен емес, сонымен бірге ауыл шаруашылық өндірістің нәтижесәнде де жүреді. Топырақты едәуір ластаушы көздер- мал шаруашылық комплекстер. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондыпғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағармайларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың белсекнділігін нашарлатады.Сол сияқты минералды тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды.

Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттарымен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеліп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар топырақтың тұздануына себеп болады.

40. Гидросфераны ластаушы заттардан қорғау шараларын сипаттаңыз

Гидросфера – біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліктерінің бірі.Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады.

Гидросфера жердің басқа элементтері- атмосфера және литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір – бірімен байланыс-тырып, біртұтас жабық жүйе:мұхит – атмосфера – құрлықты түзеді.

Соңғы жылдары өзен, көл, теңіз бен мұхит суларының ластануы қатты байқалуды. Табиғи суларды ластаушы негізгі көзге мыналар жатады:

· өндіріс орындарынан шыққан полютанттар бар ағызынды сулар;

· фекаллилер, детергенттер, микроорганизмдер бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;

· улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштармен ластанған ауыл шаруашылық ағызынды сулары;

· атмосферадағы ластаушы заттар, газдар мен қатты заттар;

· мұнай өндіруші және өңдеуші өнеркәсәп орындарының ағызынды сулары.

Ауыл шаруа – ғы суды ластаушы көздердің бірі. Ауыл шаруа – да қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалықь заттар топырақтан суға түсіп, олардың көп массасы улы әсері болмаса да су экожүйелеріне едәуір әсер етеді.

Гидросфераның ластану көздері;өндірістік өнеркәсіп,коммуналдық шаруащылық,ауыл шаруа.ғы,мал шаруаш.ғы т.б.Гидросфераның ластану түрлері;физикалық-судың мөлдірлігі бұзылады,температурасы өзгереді.Химиялық-хим.қ заттардың болуы мен сипатталады,ең көп болады;пестицидтер,тыңайтқыштар,ауыр металдар,диоксидтер т.б.Биологиялық-заттар ең көп шығады,олар суды ашытады да судың құрамында зиянды микроағзалар пайда болады.

Гидросфераның ластану көздері:

· өндірістік өнеркәсіп;

· коммуналдық шаруашылық;

· ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы т.б;

· Гидросфераның ластану түрлері:

· физикалық – судың мөлдірлігі бұзылады, температурасы өзгереді.

· химиялық – химиялық заттардың болуы мен сипатталады, ең көп болатыны: пестициттер,тыңайтқыштар, ауыр металдар, диоксиндер т.б.

· биологиялық – биологиялық заттар көп шығады, олар суды ашытады да судың құрамында зиянды микро ағзалар пайда болады.

41. Артериялық қысымды өлшеу техникасын сипаттаңыз

Артериялық қан қысымын өлшеуде кеңінен таралған Рива-Роччи әдісі, оны әрі дамытқан Коротков. Бұл әдіс арқылы иық артериясындағы максимальді және миниамльді артериялық қан қысымы анықталады. Әдіс белгілі бір уақытта артрияда қысқаннан кейін шетке қарай тарайтын дыбысты естуге негізделген.

1. Зерттелуші иығына созылмайтын матамен қапталған резінкелі манжетті орналастырады, Манжетка резінкелі грушамен және монометрмен байланысқан.

2. Грушанын көмегімен білек артериясында тамыр соғысы жоғалғанға дейін ауаны енгізеді (қысым систолалық қысымнан аздап жоғары). Содан кейін грушанын бұрмдамасын сәл босатып манжеткадағы қысымды төмендетеді.

3. Фонендоскоптың көмегімен білек буын аймағында иық белдеуінде пайда болған дыбысты естуге тырысады және сол уақытта манометрдің көрсеткішін бақылап отырады. Дыбыстар манжеткадағы қысым систолалық деңгейден төмен болған жағдайда пайда болады.

4. Тамыр соғысы жүректің систоласы кезінде қанның артерияға енгенінен болады. Осы уақыттаға манометрдің көрсеткіші қанның систолалық артриялық қан қысымына сәйкес келеді.

5. Қысымның әрі төмендеуі дыбыстың жоғалуына әкеледі. Дыбыстың толығымен жоғалу сәті диасталық қан қысымына сәйкес келеді. Осы уақыттан бастап манжеткадағы қысым артерияны қысым көрсете алмайды, сондықтан дыбыстар естілмейді.

Адамда ірі артерияларындағы қалыпты систолалық қан қысымы 105-120 мм с.б.б. (қолқада 100-125 мм с.б.б.), ал диастолалық — 60-80 мм с.б.б.

Осындай әдіспен алынған мәліметтер нақты көрсеткіштен біршама үлкенірек (максимальді қысым үшін 7-10%, минимальді қысым үшін 20-25 %), өйткені манжеткадағы қысымның бір бөлігі артерияны қоршап жатқан жұмсақ ұлпаларды қысуға жұмсалады. Әдістің нақтылығы 10-15 мм с.б.б. құрайды.

42. Қан кетуін тоқтату әдістерін келтіріңіз

Жарақат – сыртқы факторлардың әсерінен ұлпа тұтастығының бұзылуы. Жарақат механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық болады.

Артериалды қан кету кезінде оны уақытша тоқтату бойынша іс – шаралар жүргізіледі. Жарадан киім қалдықтары мен бөгде заттарды алып тастау керек. Жара айналасындағы шашты қайшымен қию. Жара айналасындағы теріні спиртпен немесе зеленкамен (1% жасыл бриллиант ерітіндісі) залалсыздандыру керек. Жеке қапшықтан алынған мақта дәке таңғышымен орау (жараға бірнеше залалсыздандырылған сулық қойып, оларды залалсыздандырылған матамен жауып, сыртынан бинтпен орап тастауға болады). Бастағы таңғыштың берік болуы үшін торлы дәкені пайдаланған ыңғайлы. Егер жарақат терең болса жарақатталған дене мүшесін қозғау керек: қолды шаршы орамалмен денеге таңып тастау керек, ал аяқты танғыш қалақпен таңып тастау керек. Денемен қарындағы жараны таңғыш – жапсырғыш сипаттағы таңғышпен тану керек (сулықты бинтпен немесе лейкопластрьмен бекіту). Егер жара қатты ауырса, промедолдың 2% ерітіндісінен 1-2 мл бұлшық етке немесе есірткілі емес тыныштандыратын дәрі егу керек.

Қан кету – алғашқы көмек. Қан кету – қан тамырлары жарылу кезіндегі қан тамырларынан қанның ағуы. Қан кету соққы алу және қандай да бір аурудың себебінен орын алады. Осыған орай жарақаттық және жарақаттық емес қан кету деп бөлінеді. Қан тамырларының зақымдану түріне қарай қан кету: артериалды, веналық, тамшылық және аралас болуы мүмкін. Артериалды қан кету кезінде аққан қан ақшыл қызыл түсті болады, қатты шашырап ағады. Веналық қан айтарлықтай қара және жарақаттан көп мөлшерде тоқтаусыз ағады. Тамшылық қан кету кезінде қан жараның барлық бөлігін қамтиды. Аралас қан кету артериалдық және веналық қан кетудің белгілерімен сипатталады. Көп қан жоғалтқан адамның денесін суық тер басып, әлсіреп, басының айналғандығына шағымданады, басын көтергенде көзі қарауытады, аузы кебірсиді. Тамыр соғысы жиілейді, бірақ қанның жүруі азаяды. Алгашқы көмек. Зардап шеккен адам өмірін сақтап қалудың басты тәсілі – қан кетуді дер кезінде тоқтату. Ең қарапайым тәсіл – артерияны жанамалап саусақпен қысу, яғни жара аймағында емес, жарадан жоғары қарай сүйек жанынан немесе артынан қысу.

Бас жарасынан қан кету кезінде самай артериясын бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан басу. Беттегі жарадан қан кету кезінде астыңғы жақ артериясын астыңғы жақтың бұрышына қарай басу. Жалпы ұйқы артериясын алдыңғы жағынан көмей сыртынан басу. Саусақпен басуды омыртқаға қарай жүргізу керек, оған қоса ұйқы артериясы мойын омыртқасының көлденең өсінділеріне қарай басылады. Бұғана асты артериясын бұғана үстіндегі щұңқыр астынан бірінше қабырғаға қарай басу керек. Тізе асты артериясын сирақ пен аяқ ұшы жараларынан қан кеткен кезде тізе асты шұңкыры аймағында қысу.

Артерияны қысқаннан кейін қан тоқтататын бұрау қоюға кірісу керек. Ол қалың резеңке түтіктен немесе ұзындығы 1,0-1,5 м лентадан тұрады. Лентаның бір ұшына күршек, ал екінші ұшына металл бау болады. Теріні зақымдап алмау үшін бұрауды киімнің сыртынан таңады немесе бұрау қоятын жерді бинтпен, орамалмен және т.б. орау керек. Резеңке бұрауды созылған бетінде аяқ – қолға орайды. Бұрауды бір – екі рет айналдырып, арасында тері қалмайтындай етіп орау керек. Бұраудың ұшын бау мен күршектің көмегімен байлау керек. Бұрау жоқ болған жағдайда, қолда бар құралдарды, мәселен, резеңке түтікті, белдікті, галстукты, бинтті, бет орамалды пайдалануға болады. Аяқ – қолды жгутпен орағандай етіп немесе ағаштың көмегімен бұрау жасауға болады. Жіңішке немесе қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені ұлпалар мен нервтер зақымдалуы мүмкін.

43. «Жара» ұғымын ашыңыз. Жара түрлерін келтіріңіз. Жараны стерильді өңдеу қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріңіз

Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары өр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерішң күшпен зақымдануына әкеп соғады, мысалы: соғып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы жөне т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) жөне терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін (140-сурет). Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, бет және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін. Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:

· кесілген (пышақпен, алмаспен, өйнек, шыны жарықшақтарымен жаралану — жара шеті ажырап, катты қанайды);

· шабылған (балтамен сүйектер зақымдануы мүмкін);

· шаншылған, (түйрелген жаралар (пышақ, шеге, біз, қанжар, айыр, сүңгі-найзамен, кейде терең болуы мүмкін, ішкі органдар, мысалы, кеуде немесе іш қуысы зақымдануы ыктимал); соғылған жара, оқ тиген жара және т.б.

Жаралар ок тиген (оқтық, жарықшақтық жөне т.б.), тесіп өткен (ок немесе жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (ок немесе жарықшақ тіндерде қалып койса, яғни денеде жат текті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі кан тамырлары, нервтер, сүйек және буындар, ішкі куыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) кабаттасып келеді.

44. «Десмургия» ұғымын ашыңыз. Таңу түрлерін келтіріңіз. Таңғыш материалдарды, таңу техникасын, ережесін атаңыз

45. ТЖ кейін авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз

Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.

Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы — төтенше жағдай бойынша комиссия атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:

· апаттық аймақтың қысқаша сипаты( зақымдану ошағы) ;

· төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;

· жұмыс реттілігі;

· төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;

· медициналық шараларды ұйымдастыру;

· қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

· басқаруды ұйымдастыру;

· материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:

Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын- тұтас және жеке өрттер бөлігін,өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады

Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.

46. Сүйек сынуы кезінде жүргізілетін алғашқы көмекті сипаттаңыз

Сүйек тұтастығының бұзылуы — сыну деп аталады. Бұл механикалық күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сынықтың жабық және ашық түрлері бар. Ашық сынықтарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары. Егер сынық екі жарықшақты болса, онда ол:

Жабық (терінің закымдануынсыз);

толық (сүйектің бүкіл тұтастығының бөлігі бұзылуы), толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы) болып бөлінеді.

Закымданған сүйектің өзінде едәуір өзгерістер болуымен бірге, оның айналасындағы жұмсақ тіндер де (тері, бұлшық ет, буын жүйке) өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сынық белгілері:

· сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы), аяқ-кол функцияларының бұзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толы емес сыну кезінде және шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;

· аяқ-қол сүйектерінің қысқаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде), аяқ-қол сүйектері формасының өзгеруі (деформация-майысу);

· зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (сипалап көру кезінде), кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады), кейде дене қызуының көтерілуі (алғашқы күндері —38°С-қа дейін);

· бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек және басқаларының закымдану белгілері айқындалады.

Сынық түрлері мен олардың асқынулары Толық сынық түрлері:

· көлденең сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең келеді (түтікті сүйектерде, қысқа сүйектерде — білек, балтыр,табан сүйектері, тізе тобығы, өкше сүйегі және т.б.);

· қиғаш сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең (аяқ-колдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі);

· бойлық сыну сызығы — сүйек ұзындығына параллель (көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяқ-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында, бұранда тәрізді сыну сызығы — бұранда тәрізді сызық түрінде (ұзын сүйектердің бұралған кезінде — көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);

· аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—тәрізді,Ш—тәрізді) сызығы.

· шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп («шаншылып») кетеді.

Сүйек тұтастығының бұзылуы саны бойынша жекеленген және көптеген, жарықшақты болады (сүйектің үш және одан да көп сынуы, көбінесе ок тиген жараларда). Сыну кезінде сүйек сынықтарының орны ауысуы мүмкін (бұлшық еттің жиырылуы сүйек сынығына жабысып тұрған) инфекцияның дамуы (жұмсақ тіндердің іріңдеуі, зақымданған сүйекте іріңді некротикалық процестің дамуы —оқ тиген жара остеомиелиті). Балаларда ерекше сынықтар жиі байқалады — мертігулер сүйек дөңесі бетіндегі сынық, сүйек асты-үсті аз жылжуы, эпифизиолиздер, сүйек ұштарындағы сүйектенбеген эпифизарлы шеміршек аумағындағы сынық.

Сынық кезінде зардап шегушіні толық тыныш қалыпқа келтіру керек. Бұл шоктың пайда болу себептерін азайтады, жұмсақ тіндер мен тамырлардың сүйек сынықтарымен зақымдануының алдын алу кажет. Егер сынықтар ашық болса, онда алдымен қан кетуді тоқтатып, жараға таңғыш салады. Киім мен аяқ киім шешіледі немесе тігісінен сөгіледі. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы) және оның белгілері Жұмсақ тіндер көбінесе (аяқ-қолдың) киратылған ғимараттар, кұрылыстар, шахталардағы опырылған тау жыныстарының сынықтарымен шаншылып калуы мүмкін.

47. Реанимация тәсілдерін сипаттаңыз

Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру.

Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішіндеклиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, ағза тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 – 8 минутқа созылады.

Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен ағнаны тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, ағнаны тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның ағзасындағы тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.) қайтымсыз өзгерістер байқалса, Организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады.

Тірілтудің ұстанымдары:

· жүрек қызметін қалпына келтіру

· тынысты қалпына келтіру

· бұзылған гомеостазды қалпына келтіру

48. Клиникалық және биологиялық өлім белгілерін ажыратыңыз

Өлім деген ұғыды биологиялық тұрғыдан қараcақ, ол — организм тірлігінің толық тоқталуы. Өлген адам өлі денеге, яғни өлікке айналады. Өмір «сүрү өлу — деген сөз» деп Ф.Энгельс бекерге айтпаған.

Өлу заңдылыктарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп карау керек. Бірак, әр түрлі зерттеулер аркылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейін де біраз уақытқа дейін сақтай алатындығы анықталған. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіндерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Қазіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға кешіріп отырғызу практикада кең колданыс.

Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агония) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзактык мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатка немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалык өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организмді мәйіт деп атауға болады.

Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін.

Клиникалық өлім тынысалу және қан айналымының тоқталуымен сипатталады, бірак бүл өзгерістер бірнеше минуттай (ми қыртысының тіршілігі сақталғанша) қайтымды болады.

Клиникалық өлім агониядан (жанталас кезеңінен) басталады (грекше: agon — күрес. жанталас). Ол гомеостазды қамтамасыз ететін жүйелер жұмысының терминальдық (ақтық) кезеңдегі үйлесімсіздігін бейнелейді (аритмия, сфинктрлердің паралич, құрыспа (судорога), өкпенің сусіңрділенуі.

Биологиялық өлім организм тіршілігінің қайтымсыз өзгерістерімен және аутолиздік процестердің басталуы-мен сипатталады. Дегенмен клеткалар мен тканьдер бір мезгілде өлмейді.

49. Жүрекке массаж жасау техникасын келтіріңіз

Егер адамның жүрегі соқпаса онда миға қан бармай адам тез өліп қалады.

Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге өкпеге ауыздан аузына тәсілімен ауаны беріп тұрсаң, адамды құтқаруға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтап тастау мүмкін.

Алақандарды бір біріне қосыпкеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.

Егер массаждысіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек. Егер массажді екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек.

Егер адамда пульс пайда болса, онда жүректін массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.

Егер жүректін массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.

Егер жүректін массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм.-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.

50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын келтіріңіз

Қолдан тыныс алдыру – ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі.
Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен жарақаттану, т.б.) қолданылады. Қолдан тыныс алдыру кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпен қамтамасыз етумен қатар, өкпегебаратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қолдан тыныс алдыру әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады.

Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс алдыруды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, т.б.), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қолдан тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететінадамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.

Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетушіадам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған.

Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетінадамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару).

Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16–18 рет ырғақпен қысады. Қолдан тыныс алдыруды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі.

51. ТЖ кезінде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз



Просмотров 2540

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!