Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ылмыстық заңның түсінігі және оның маңызы, мәні



Ылмыстық құқық (Жалпы бөлім) пәнінен дәрістер конспектісі

Дәріс-1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі.

Ылмыстық құқық ғылымы

Құқық адамдардың еркін мінез-құлқына әсер етуі арналған, ол құқықтық реттеу пәні болып қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықпен реттелетін және өзінің жиынтығында қылмыстық құқықтық реттеуді құрайтын қоғамдық қатынастар. Негізгі 3 түрін бөліп көрсеткен: қорғаушылық, жалпы ескертушілік және реттеушілік. Қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру және қылмыс оқиғасымен байланысты жаза, сонымен қатар жазаны тағайындауға оны өзгерту қылмыста жауапкершілікті және жазадан босату қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастың мазмұны болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар қылмыс жасаумен байланысты пайда болады. Қылмыс жасаған тұлға заң қылмыс жасаумен байланыстыратын қолайсыз зардаптарды міндетті түрде өткеру қажет. Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға міндетті. Ал сот қылмыстық жаза орын алмастыратын шара тағайындайды. Бұл қатынастар құқықтық нормалармен реттеледі. Жалпы реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар нормаларда көзделген жазалау қаупімен моральдық тұрақсыз тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтап қалумен байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқықтық тыйым анықталмаған тұлғалар шеңберінде қылмыс жасаудан тоқталу міндетін жүктейді.

Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастарды азаматтарды қоғамдық қауіпті қол сұғудан қорғану кезінде қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін зиян тигізу құқықтарына ие қылатын қоғамдық қатынастар. Берілген құқықтық қатынастар реттеушілік нормалар негізінде құрылады және бір уақытты және саяси пайдалы болып табылатын тұлғалардың құқықтық мінез құлықтарын реттейді.

Қылмыстық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың түрлері оларды реттеуді өзіндік әдісіне сәйкес келеді.

Қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеу әдістері:

1) қылмыс жасаған тұлғаларға санкция нормаларын қолдану

2) қылмыстық жауапкершіліктен босату

3) медициналық сатыдағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқықтық тыйымдардан шығатын қоғамдық қатынастарды реттеу әдісі бұл тыйымды бекіту тыйымды қылмыстық жаза қаупімен ұштасады.

Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар азаматтарды қоғамға қауіпті әрекеттерімен белсенді күресу құқығына ие қылу әдісімен жүзеге асырылады.

Сонымен қылмыстық құқық қылмыстылықпен әрекеттің жазалануы қылмыстық жауапкершілік негізі жаза тағайындаудың жүйесімен реттік және анықтайтын ҚР-ң мемлекеттік билігінің жоғарғы органдармен бекітілген құқықтық нормалардың жиынтығы және қылмыстық жауапкершілік және жазадан босату шаралары. Қылмыстық құқық міндеттері тікелей қылмыстық заңда жинақталған: адам мен азаматтың меншік құқықтары міндеттері мен заңды мүдделері ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қоршаған ортаны Конституциялық құрылымымен ҚР территориалдық тұтастығын, қылмыстық қол сұғушылықтардан мемлекеттің және қоғамның заңды мүдделерін қорғау, әлем мен азамат қауіпсіздігін қорғау мен және қылмыстардың алдын алу (ҚР ҚК 1 б).

Қылмыстық құқықтық негізігі міндеті қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау. Басқа есептердің қосымша міндеттері:

А) жалпы превенция (предупреждение-ескерту) – қылмыстық құқықтық тыйым ықпалымен азаматтардың қылмыс жасауының алдын алу

Б) жеке превенция – қылмыс жасаған тұлғаларға қылмысқа жаза шараларын қолдану жолымен жүзеге асырылады

В) азаматтарды заңды нақты орындау рухында тәрбиелеу

Жалпы бөлім өзіне қылмыстық нормаларында қарастырылатын жалпы қағидалар, институттар мен түсініктер жазаны қолдану және қылмысқа жаза шектері мен негіздерін анықтайтын негізгі ережелер бекітіледі. Жаза мен қылмысты жауапкершіліктен босату негіздері мен тәртібі.

Түрлері мен тегіне байланысты анықталған нақтылы қылмыстар және сол қылмыстарды жаслуына байланысты жазаның бекітілуі нормалары жалпы бөлімде құрастырылады. ҚК жалпы және ерекше бөлімдері ағзалық байланыста және қылмыстық құқықтық нормалардың бірыңғай құрылымдық жүйесі ретінде қылмыстық құқықты тек біртұтастықта көрсетеді.

Ылмыстық құқық қағидалары.

Қағида қандай да бір теория білім, ғылымның және т.б. негізігі бастаппқы жағдайы.

Қылмыстық құқық қағидаларына мыналар жатады:

- заңдылық

- теңдік

- жеке жауапкершілік

- кінәлі жауапкершілік

- әділдік

- ізгілік гуманизм қағидасы

Заңдылық қағидасы. Қылмыстық заңда көзделген әрекеттер ғана қылмыс болып табылады. Осыған байланысты келесідей жағдайлармен басшылық ету керек:

А) қылмыстылық әрекеттің жазалануы және оны жасаудың өзге де қылмыстық құқықтық себептері тек қылмыстық заңмен анықталады

Б) қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаға міндеттер жүктеледі және заңмен белгіленген құқықтармен қолданады

В) қылмыстық заңның мазмұнын нақты мәтініне сәйкес түсіну керек.

Теңдік қағидасы қылмыс жасаған тұлғалар заң алдында тең және жауапкершілікке олардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілдік және ұлттық көзғарасына, жынысына, біліміне, тіліне, діни нанымына, айналысатын ісінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жері және т.б. мән-жайларға тәуелсіз тартылады. Берілген ереже тікелей ҚР Конституциясының 14 б белгіленген.

Жеке жауапкершілік қағидасы. Қылмыс жасаған тұлға жеке өзі жасаған әрекеті үшін ғана жауапты. Қылмыстық жауапкершілік басқа тұлғаларға жүктелмейді. Қазақстандық қылмыстық құқық заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін жоққа шығарады.

Кінәлі жауапкершілік қағидасы. Қылмыстық жауапкершілікке оның кінәсі дәлелденген зардаптар мен әрекеттері үшін тартылады, яғни қасақана ой немесе абайсыздық. Конституцияның 77 бабының 3 тармағының 1 тармақшасында келесідей қағидалар бекітілген: «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімінен танылмағанша, ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі».

Жауапкершіліктің неотвратимость қағидасы. Әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыс құрамы белгіленген кез келген тұлғаға қылмыстық заңда көзделген жаза немесе басқа да ықпал ету шаралары қолданылады. Жазаның ескертушілік ықпалы оның қаталдығында емес, неотвратимостьында екендігі барлығына мәлім.

Әділдік қағмдасы. Жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық әсер ету шаралары қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылады және жаза қылмыс ауырлығының деңгейіне, кінәлілігінің деңгейіне және оның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.

Ізгілік қағидасы (гуманизм). Қылмыс жасаған тұлғаға байланысты оны түзеу мен жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында қажетті және жеткілікті ең аз шамадағы немесе өзге де қылмыстық құқықтық әсер ету шаралары адамдық қадір-қасиетін таптау немесе физикалық қасірет жәбір көрсетуді мақсат етпейді. Конституцияның 17 бабында «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетінқорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды»деп анықталған.

Ылмыстық саясат.

Қылмыстық саясат – қылмыспен күресудің басты бағыты, жолдары мен әдістері туралы мемлекеттің басқарушы көзғарастары.

Қылмыстық саясат келесідей ережелерге негізделген:

1) қылмыстың алдын алу қылмыспен күресудің негізін құрайды

2) қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік болуы керек

3) қылмыспен күрес заңдылықтардың қатаң сақталуымен жүргізілуі қажет

4) қауіпті және аса қауіпті қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазаның қатаң шаралары қолданылуы қажет

5) ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстармен күресуде бас бостандығынан айырумен, сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысы жоқ әсер ету шаралары ерекше орында орын алуы қажет болуы шарт

6) қылмыспен күрес қалың бұқараның тартылуымен жүзеге асырылуы керек.

Қылмыстық саясаттың нақтыландыру нысандары мыналар:

1) заң шығарушылық (1-ші кезекте қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізушілік, қылмыстық атқарушылық)

2) құқық қорғанушылық (құқық нормеларын қолдануда қылмыстық әділет органдарының тәжірибелік қызметі)

3) қылмыспен күресуге және оның алдын алуға бағытталған бұқараның қызметі

4) құқықты насихаттау мен құқықтық тәрбиедегі бұқараның және мемлекеттік органдардың қызметі.

Дәріс-2. Қылмыстық заң.

ылмыстық заңның түсінігі және оның маңызы, мәні.

Қылмыстық заң қылмыстық құқық қағидаларымен жалпы ережелерін қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс болып табылатыны және қылмыс жасағаны заң нормалардан тұратын ҚР-ң Парламенті қабылдаған заң шығарушылық акт.

Заң – бұл а) ерекше тәртіпте қолданылатын биліктің жалпы мемлекеттік өкілетті органның б) ҚР-сы халқының еркін тікелей және тура білдіру в) аса мәнді және маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші г) жоғары заң күшін иеленуші акт.

Қылмыстық заңды тұлғаны қорғау оның құқықтары мен босатндықтарын қорғау меншігін табиғи ортаны, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, бүкіл құқықтық тәртіпті қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар адамзат қауіпсіздігі мен тәрбиелілігін қорғауға көмек көрсетеді. Қылмыстық заң қылмыстың алдын алу азаматтарды республика заңдарын және Конституцияны сақтау рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Қылмыстық заң қылмыс болып табылатын қоғамдық қауіпті әрекеттерді жазалау қаупімен тыяды. Сонымен қатар ол сәйкес органдар лауазымды тұлғаларға әрекетте қылмыс белгілерінің бар болуын және кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе заңды негіздердің басуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуды ұйғарады. Қылмыстық құқықтық нормалардың ескертушілік қызметі онда санкцияның белгіленуінде негізделеді – жасаған әрекет үшін жазалану мүмкіндігі. Осыған байланысты қылмыс жасай алатын тұлғаларға ескертушілік тәрбиелік әсер ету. Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау. Тәрбиелеу қылмыс жасаған адамдарға шыдамаушылық жағдайын қалыптастырған.

Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың жалғыз қайнар көзі.

Адаммен жасаған әрекетті қылмыс деп тану және осы тұлғаға қылмыстық жаза қолдануды тек заңмен анықталған жағдайда жүзеге асырылады.Ал қандай да болмасын басқа нормативтік актілер соттық прециденттер негізінде немесе соттың қарауына байланысты шешілмеуі керек. Әрекеттік қылмыс қатарына жатқызу және жаза тағайындау сияқты мәселелерде заңдылық қағидаларын бұлжытпай сақтау қажет. Бұл тек егер қылмыстық заң қылмыстықпен қоғамға қауіпті әрекеттермен жазалануы, жаза қолдану және одан босату шарттары анықталса ғана мүмкін.

ҚР қылмыстық заң шығарушылығы ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1 қаңтарда қолдану енген ҚК-тен тұрады.



Просмотров 6323

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!