![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және маңызы
Органикалық заттар адамға өте ертеден таныс болды. Себебі, адамның өмір сүруіне ең қажетті заттар- ішетін тағам, киетін киім, жағатын отын, т.б. органикалық заттар еді. Уақыт өте келе адамдар табиғи органикалық шикізатты өңдеп, өз қажетіне пайдалануды үйрене бастады. Ерте кездің өзінде-ақ адамдар тамақ пісіруді, тері илеуді, жарақаттарын жазатын дәрілер (майлар) дайындауды, малдың сүтін өңдеуді, сусындар дайындауды білді. Бертін келе адамдар өсімдіктерден бояу алып, тері мен матаны бояуды, қант өндіруді, сабын жасауды, сірке суы мен өсімдік майын алуды үйренді. Осылай адамның пайдаланатын заттары көбейіп, өндіретін өнімдерінің саны өсе берді. Көміртектің қосылыстары туралы ғылым XIX ғасырдың басында пайда болды. Швед ғылымы Й.Берцелиус органикалық қосылыстардың элементтік құрамын анықтаумен айналысты. 45 химиялық элементтің атомдық массаларын анықтады. Церий, селен, торий элементтерін ашты. 1814 жылы химиялық элементтердің қазіргі қолданылып жүрген таңбалары мен химиялық қосылыстардың формулаларын енгізді. 1843 жылы «Химия оқулығын» жазды. Көп уақыт өтпей-ақ көптеген органикалық заттар синтезделіп, жасанды жолмен алына бастады. Неміс ғылымы Ф.Велер 1828 жылы бейорганикалық зат - аммоний цианатынан мочевинаны (несепзәр) синтездеді. Сол сияқты орыс ғылымы Н.Зинин анилинді (1842 ж.), неміс ғылымы Г.Кольбе сірке қышқылын (1845 ж.), француз ғылымы М.Бертло майды (1854 ж.), орыс ғылымы А.Бутлеров қантты заттарды (1861 ж.) синтездеп алды. Осылай органикалық заттарды да бейорганикалық заттар сияқты лабораторияда алуға болатыны дәлелденді. Бұл ғалымдардың еңбектері органикалық және бейорганикалық заттардың араларында тығыз байланыс бар екендігін және олардың бір-біріне айналулары мүмкін екенін көрсетті. Тамақ, фармацевтика, талшық, каучук, резеңке, пластмасса, шайыр (смола), бояу өнеркәсіптері, газ, мұнай, көмір өндіру мен өңдеу органикалық химия өндірістерінің негізгі салалары болып табылады. Тапсырмалар: Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Тапсырма. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз. өмір сүру - жить ең қажетті - самое нужное шикізатты өңдеп - перерабатывая вредные вещества үйрене бастады - начал учиться дайындай білді - умели изготавливать пайдаланатын заттары - используемые вещи қосылыстары туралы - про соединения атомдық массалары - атомные массы формулаларын енгізді - ввели формулы көміртектің қосылыстары - углеродные соединения тірі организмнен - из живого организма элементтік құрамы - элементный состав массаларын анықтады - вычислил массы заттар синтезделінді - вещества синтезировались 3-тапсырма. Талдауға ұсынылатын сұрақтар: 1. Швед ғалымы Й.Берцелиус қанша химиялық элементтің атомдық массаларын анықтады? 2. Химиялық элементтердің қазіргі қолданылып жүрген таңбалары мен химиялық қосылыстардың формулалары қай жылы енгізілді? 3. 1828 жылы бейорганикалық зат- аммоний цианатынан мочевинаны синтездеген кім? 4. Неміс ғалымы Г.Кольбе қай затты синтездеп алды? 5. 1854 ж. майды синтездеп алған ғалымды атаңыз. Тапсырма. Мәтінді ауызша әңгімелеңіз. Тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз. Тиісті тұлғасына қойыңыз. (Органическая) химияның жеке (как наука) бөлінуінің басты себебі, органикалық заттардың бәрінің (в состав)(углеродный) атомы кіреді және олардың саны өте көп, түрлері (разные). Органикалық заттар биологиялық жағынан (важны). (В живых организмах) жүретін процестер органикалық заттардың (с участием) өтеді. Биологиялық процестердің (ход) катализдеп отыратын гармондар, витаминдер, ферменттер –органикалық (соединения). Тапсырма. Екі қатардағы сөздерден мағынасына қарай сөз тіркестерін құраңыз.
Тапсырма. Мәтіннің мазмұны негізінде сұхбат құрастырыңыздар. Үлгі: - Органикалық заттарды адам қашаннан бері пайдалана бастады? - Органикалық заттар адамға өте ертеден таныс болды. Себебі, адамның өмір сүруіне ең қажетті заттар- ішетін тағам, киетін киім, жағатын отын, т.б. органикалық заттар еді. Тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді толықтырыңыздар. Ішетін тағамымыз, негізінен, ... заттар. Киетін ..., жағатын отынымыз да ... заттардан тұрады. Дәрі-дәрмектер мен жуғыш ..., қағаз бен бояулар, синтездік каучук пен резеңке, желім мен лак, жарылғыш ... мен органикалық тыңайтқыштар, т.б. ... заттарға жатады. Тест тапсырмалары 1)Й.Берцелиус қай елдің ғалымы? - швед - неміс - грек - француз 2) «Химия» оқулығын жазған ғалым? - Ф.Велер - А.Бутлеров - Й. Берцелиус - Г.Кольбе 3)Химиялық элементтердің қазіргі қолданылып жүрген таңбалары мен химиялық қосылыстардың формулалары қашан енгізілді? - 1823 ж. - 1757 ж. - 1814 ж. - 1788 ж. 4)Бейорганикалық зат – аммонийдің цианитін синтездеген кім? - Н.Зинин - М.Бертло - Г.Кольбе - Ф.Веллер 5) Орыс ғалымы Н.Зинин қай элементті синтездеді? - анилин - сірке қышқылын - майды - қант
![]() |