![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Анықпаған көмірсутектер. Алкендер
Қанықпаған көмірсутектердің құрамындағы көміртек атомдары еселі байланыстар (қос және үш) арқылы жалғасады. Қанықпаған көмірсутектердің молекула құрамында сутек атомдарының саны сәйкес алкандармен салыстырғанда азырақ болады. Қанықпаған көмірсутектердің бірнеше түрі бар. Олар: алкендер, алкадиендер және алкиндер. Алкендер. Алкендер химиялық белсенді болғандықтан табиғатта өте сирек кездеседі. Алкендердің газ тәрізді мүшелерін мұнайға серік газдардан немесе мұнай өңдегенде және көмірді кокстегенде бөлінетін газдардан алады. Алкендерді алкандардан және олардың туындыларынан да өндіреді. Өнеркәсіпте алкендерді жоғары температурада сутек бөле отырып, сәйкес алкандарды айырып алады.Алкендер судан жеңіл, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Құрамында қос байланыс болғандықтан, алкендер едәуір белсенді қосылыстар. Алкендердің химиялық қасиеттері, негізінен, молекула құрамындағы қос байланыспен анықталады. Алкендер сутекті қосып алып, сәйкес алкандарға айналады. Алкендер галогендермен әрекеттескенде, реакция қос байланыс бойынша жүріп, нәтижесінде, алкандардың дигалогентуындылары түзіледі. Реакция алкенді галогеннің ерітіндісімен кәдімгі температурада әрекеттестіргенде жүреді. Алкендердің қос байланысын бромды су мен перманганат ерітіндісінің түссізденуі арқылы анықтауға болады. Алкендерден күнделікті тұрмыс пен техникаға аса қажетті көптеген заттар (этил спирті, хлорэтан, дихлорэтан, глицерин, полиэтилен, полипропилен, каучук, резеңке, т.б.) алынады. Тапсырмалар: Тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыз. қанықпаған көмірсутектер - ненасыщенные углеводороды сутек атомдары - молекулы водорода сирек кездеседі - редко встречается серік газдар - попутные газы жоғары температурада - при высокой температуре гомологтық қатарында - в гомологическом ряду молекулалық массалары - молекулярная масса судан жеңіл - легче воды жақсы ериді - хорошо плавится белсенді қосылыстар - активные соединения алкандарға айналады - превращается в алканы қайнау температурасы - температура кипения анықтауға болады - можно выяснить көптеген заттар - многие вещества айырып алады - отделяет Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Қанықпаған көмірсутектердің неше түрі бар? Оларды атаңыз. 2. Алкендердің газ тәрізді мүшелері қалай алынады? 3. Алкендердің химиялық қасиеттері қалай анықталады? 4. Алкендер галогендермен әрекеттескенде қандай реакция жүреді? 5. Алкендерден күнделікті тұрмыс пен техникаға аса қажетті қандай заттарды алуға болады? Тапсырма. Көміртек, мұнай, газ сөздерін септеңіз. Тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазыңыз. Құрамы...ғы көміртек атомдар... еселі байланыс... (қос және үш) арқылы жалғасқан қанықпа... көмірсутектер. Қанықпа... көмірсутектер... үш түрі болады. Олардың қарапайым өкіл...і: этилен, бутадиен, ацетилен. Қанықпа... қосылыстар көмірсутектер арасында кең тараған, практика... маңызы зор топты құрайды. Қанық... көмірсутектер қатарының метаннан басталатыны тәрізді, қанықпа... көмірсутек...і үлкен тобы... қарапайым өкілі этилен болып табылады. Тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді оқып, аударыңыз. Алкандардың гомологтық қатарындағы жалпы заңдылықтар алкендердің қатарында да байқалады. Гомологтардың молекулалық массаларының өсулеріне байланысты балқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары артады. Нормальды құрылымды алкендер тармақты изомерлерінен жоғарырақ температурада қайнайды. Тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыз. Алкендер химиялық белсенді болғандықтан табиғатта өте сирек кездеседі. Алкендердің газ тәрізді мүшелерін мұнайға серік газдардан немесе мұнай өңдегенде және көмірді кокстегенде бөлінетін газдардан алады. Алкендерді алкандардан және олардың туындыларынан да өндіреді. Өнеркәсіпте алкендерді жоғары температурада сутек бөле отырып, сәйкес алкандарды айырып алады.
Тест сұрақтары 1) Қанықпаған көмірсутектердің түрлері? - алкандар, алкиндер, алкадиендер - алкиндер, алкендер, алкадиендер - алкендер, алкандар, алкиндер - алкиндер, алкандар 2)Алкиндерді қандай газдардан алады? - мұнайға серік газдардан - көмірсутекке серік газдардан - сутекке серік газдардан - табиғи газдардан 3)Алкандардың гомологтық қатарындағы жалпы зандылықтың қандай қатарында байқалады? - алкиндер - алкандар - алкадиендер - алкидиендер 4)Алкендердің жалпы формуласы: - - - - 5)Алкендердің ең қарапайым мүшесі? - пропилен - этилен - окадиен - бутадиен
Каучук пен резеңке Каучуктар табиғи және синтездік болып бөлінеді. Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) - каучуктың колоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. Каучук - қатты зат. Молекулалық массасы 150000 - 300000 шамасында. Табиғи каучуктың макромолекулары тізбекті құрылымды, оратылып түйіншектеліп жатады. Каучуктың аса маңызды қасиеті – оның майысқақтағы. Яғни, сыртқы күштің әсерінен каучук өзінің пішінін өзгертіп – созылып ұзарады немесе сығылып қысқарады. Сыртқы күштің әсері тоқтағаннан кейін бастапқы қалпына қайта келеді. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Ол этил спиртінде аздап ериді, ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде әуелі ісініп, сосын ериді. Температура жоғарылағанда каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде – қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ сақтағанда каучук қатайып кетеді. Каучукты вулканизациялап, яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады. Ол үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) 130-1400С шамасында қыздырады. Резеңке каучукпен салыстырғанда берік болады. Каучук бензинде біртіндеп ериді, ал резеңке бензинде ерімей, тек ісінеді. Егер күкірт резеңкеге қажетті мөлшерден көбірек қосылса, онда созылмайтын қатты зат – эбонит алынады. Резеңкеден шиналар, шлангтер, конвейер ленталары және тұрмыста қолданылатын көптеген заттар алынады. Тапсырмалар:
![]() |