Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыз




табиғи каучук - природный каучук

ағаштан алады - извлекается из дерева

жинап алады - собирают

қатты зат - твердое вещество

маңызды қасиеті - важное качество

сығылып қысқарады - становится меньше

әсері тоқтағаннан - после прекращения воздействия

бастапқы қалпына- в начальное положение

температура жоғарылағанда - при повышений температуры

қатайып кетеді- затвердевает

біртіндеп ериді- постепенно растворяется

қажетті мөлшер- необходимое количество

мөлшерден көбірек- больше необходимого

қолданылатын заттар- используемые вещи

көбірек қосылса - при избыточном добавлений


2-тапсырма. Талдауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Табиғи каучук негізінен қай ағаштан алынады?

2. Каучуктың молекулалық массасы қанша?

3. Каучуктың аса маңызды қасиетін атаңыз.

4. Температура жоғарылағанда каучук қандай жағдайға түседі?

5. Күкірт пен резеңкенің қосындысынан қандай зат алуға болады?

Тапсырма. Мәтіннен алынған тұйық етістіктерді қолдана отырып, сөйлемдер құрастырып, аударыңыз.

Үлгі: Көру (смотреть), көруге болады (можно посмотреть), көруді қоя тұр (подожди смотреть), көруде мән бар (есть смысл смотреть), көруден бас тартты(отказался смотреть), көрумен шұғылданды (он занялся просмотром).

Қатаю, алу, еру, ісіну, қалпына келу, оратылу.

Тапсырма. Сөйлемдерден пысықтауышты тауып, оларға сұрақ қойыңыздар.

Бір тонна синтетикалық сағыз өндіруге 9 тонна дән, 2,2 тонна картоп жұмсалады. Бұл алу әдістері экономикалық жағынан тиімсіз болды.

Қазақстанда ең алғаш көксағызды өсімдік 1929 жылы Актөбе облысының Шалқар және Қара Шоқыт станцияларында сағыз ретінде пайдаланған. 1930 жылы Қаратауда таусағыз өсімдігі табылды. 1930 жылы Шымкент облысы Түркістан ауданында көксағыз шаруашылығы, Шалқарда көксағыз зауыты іске косылды. 1961 жылы Қарағанды синтетикалық көксағыз өндірісін іске қосты. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша жылына 10 000 000 т көксағыз өндіріледі.

Тапсырма. Жуан қосымшалы сөзді бір бөлек, жіңішке қосымшалы сөзді бір бөлек теріп жазыңыздар.

Каучук - қатты зат. Молекулалық массасы 150000 - 300000 шамасында. Табиғи каучуктың макромолекулалары тізбекті құрылымды, оратылып түйіншектеліп жатады. Каучуктың аса маңызды қасиеті – оның майысқақтығы.

Тапсырма. Төмендегі мәтінге өз білетіндеріңізді қосып мазмұндаңыздар.

Капрон талшығы өте бағалы механикалық қасиеттерімен белгілі және кеңінен қолданылады. Бірқатар техникалық мақсаттардан басқа, ол әртүрлі тігін және трикотаж бұйымдарын: шұлық және басқалар, сонымен қатар, балық аулауға қажетті заттар, жасанды талшық және т. б. даярлау үшін қажет. Капрон талшығы мақтанікінен екі есе берік, суда ісінбейді, қара күйеге желінбейді. Одан жасалған бұйымдарды өтектемесе де болады: тез кеуіп, олар фабрикада берілген бастапқы қалпына келеді. Капроннан иірілген жіп табиғи жібек жіптен 15-20 есе иілгіш. Капрон пластмасса түрінде де пайдаланылады, одан механизмдер үшін тетіктер жасайды. Капрон талшығы негізінде алынған маталардың кемшілігі, олардың ылғал сіңіре алмайтындығы. Соның салдарынан терінің тершеңдік ауруы және аллергиялық реакция туындайды.

Тест сұрақтары

1)Табиғи каучукті негізінен қайдан алады?

- гавея ағашынан

- кастури ағашынан

- тельвижия ағашынан

- аскөк ағашынан

2)Каучуктің молекулалық массасы?

- 25000-117000

- 311000-467000

- 150000-300000

- 11432-22678

3)Каучук резеңкеге айналуы үшін күкірт пен толықтырғыштарды қандай температурада қыздырады?

- 130-140 С

- 70-120 С

- 147-194 С

- 203-274 С

4)Каучук қандай зат?

- қатты

- жеңіл

- газ

- сұйық

5)Егер күкірт резеңкеге қажетті мөлшерден көбірек қосылса қандай қатты зат алынады?

- карбонат

- нитрат

- эбонит

- нитрит

 

 

9сабақ

 



Просмотров 2879

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!