![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Аныққан көмірсутектер. Алкандар
Қаныққан көмірсутектер алкандар мен циклоалкандар болып бөлінеді. Алкандардың молекуласындағы әр көміртек атомының барлық төрт валенттігі толығымен, яғни шегіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады. Алкандардың бірінші мүшесі метан болғандықтан, метан қатарының көмірсутектері немесе парафиндер деп те атайды. Жалпы формулалары бірдей, химиялық қасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше CH2 тобына өзгеріп отыратын заттар гомологтар деп аталады. Гомологтарды салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне қарай орналастырса, гомологтық қатар түзіледі. СН2гомологтық айырым деп аталады. Алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы. Алкандар, негізінен, табиғатта кездеседі. Газ тәрізді алкандарды табиғи газ бен мұнайға серіктес газдардан алады. Сұйық алкандар мұнайдың, қатты алкандар мұнай мен озокериттің құрамында болады. Алкандарды көмірді гидрлеп алуға да болады. Жай заттардан алкандарды синтездеу реакциясының теориялық тұрғыдан маңызы зор. Алкандар табиғатта кездеседі және отын ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, алкандар мен олардың туындылары күнделікті тұрмыста және химиялық шикізат ретінде кең қолданылады. Метан - табиғатта көп тараған көмірсутек. Метан өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің ауа қатыспай ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Батпақты суларда, тас көмір шахталарында кездеседі. Табиғи газ, негізінен, метаннан тұрады (80-90%). Мұнай өндіргенде бөлінетін газдың құрамында да метан көп болады. Көмірдің кен орындарында кездесетін метанның мөлшері табиғи газ құрамындағы метанмен салыстырғанда едәуір артық деп болжануда. Шахталардағы қопарылыстың көбі метанның кесірінен болатындықтан, бұл газ ерте кезден «шахтерлердің қас жауы» деп аталады. Ағашты, шымтезекті, тас көмірді құрғақ айдаған кезде, мұнайды крекингілегенде метан түзеледі. Тапсырмалар: Сабақта жиі қолданылатын негізгі ұғымдармен танысыңыз. қаныққан көмірсутек - насыщенный углеводород атомдарымен қаныққан - насыщен атомами көмірсутектерге жатады - относятся к углеводородам жалпы формула - общая формула қасиеттері ұқсас - похожие свойства өзгеріп отыратын - изменяющиеся өсуіне қарай - в порядке возрастания бутанның молекуласында - в молекуле бутана көміртек атомдары - атомы углерода көп тараған - распространенный табиғи газ - природный газ метаннан тұрады - состоит из метана сұйық алкандар - жидкие алканы маңызы зор - важное значение Тапсырма. Мәтінді сөздіктің көмегімен аударыңыз. 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз: 1) Алкандар қандай көмірсутектерге жатады? 2) Гомологтардегеніміз не? 3) Табиғатта көп тараған көмірсутекті атаңыз. 4) Табиғи газдың 80-90%-ы неден тұрады? 5) Қатты алкандар көбінесе ненің құрамында кездеседі? Тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударып, жақшаны ашыңыздар. Алкандарға құрылымдық изомерлену (свойственно). Ол молекуладағы көміртек атомдарының өзара (от расположения) болады. Тармақталмаған көміртек тізбегі нормальді изомер деп (называется). Алкандардың изомерленуі бутаннан (начинается). Бутанның молекуласында барлық көміртек атомдары тізбектеліп (распологается). Тапсырма.Жоғарыда берілген мәтіннен химиялық терминдерді теріп жазыңыз. Тапсырма. Мәтіннен синоним сөздерді жазып сөйлемдер құрастырыңыз. Тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңыз. Алкандар табиғатта көп таралған көмірсутектер. Оларды табиғи газдан және мұнайды фракциялап айдап бөліп алады. Олар қаныққан көмірсутектер. Құрамындағы көміртегі атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы жалғасқан. Тест тапсырмалары 1)Алкандардың изомерленуі неден басталады? - метан - этан - бутан - октан 2)Метан деген не? -көміртек - сутек - көмірсутек - спирт 3)Табиғи газдың неше пайызы метаннан тұрады? - 50-60% - 60-70% - 70-80% - 80-90% 4) Алкандарды қандай серіктес газдардан алады? - табиғи - фрот - азот - хлор 5)Сұйық алкандар қайда кездеседі? - көмірсутекте - суда - мұнайда - көміртекте
![]() |