Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойып, өткен шақтың жұрнақтарын анықтаңыздар



Мұнай мен газ шаруашылыққа өте қажетті, сондықтан оларды іздеп табу жағына көңіл бөлін... . Алғашқы кездерде бұл кендердің көзін тәжірибесі мол адамдар ғана табатын бол... . Жергілікті халық мұндай адамдарды «ізші›› деп ата... . Ол адамдар, әсіресе, Апшерон түбегін қоныстан... халық арасында көптеп кездесетін. Бірақ олар бабадан атаға, атадан балаға қал ... бұл кәсіптерін елге жария ете бермей, сыр ғып ұста... , көп жылдар бойы мұнай өндіретін құдықтар солардың қолында бол ... . Құдықтар тек қана солардың сілтеуімен табылып және ашылып қазылып кел... .

Сөздік:

Іздеу - искать

Табу - найти;

Кен - месторождение;

Түбек- полуостров; түбек қоныстану – заселяться

Құдық –колодец

Сілтеу –направить; указывать

Аршылу –расчиститься;расчищаться

Тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, эссе құрастырыңыздар.

Мұнай, газ, мұнай кен орындары, мұнай және газ өнімдері, қысымның төмендеуі, газ факторы, газ бүркембесі (төмпешігі), мұнайды ығыстыру, еріген газ, мұнайдың сүзілу (фильтрация) үрдісі, кеніштерді игеру т.б.

Сөздік:

төмендеу - понижение;

қысым – давление;

төмпешік – холмик;

ығыстыру – вытеснение;

сүзілу – сцеживаться;

игеру – освоить;

 

Тест сұрақтары

1) Табиғи газдың неше пайызы метаннан тұрады?

- 50-60%

- 60-70%

- 70-80%

- 80-90%

2) Табиғи газдан сұйыту арқылы қандай қоспалар бөлініп алынады?

- метан және этан

- пропан және бутан

- метан және пропан

- этан және бутан

3) Мұнайға серік газдарды неше фракцияга бөледі?

- 4

- 7

- 3

- 5

4 ) Бутанның қоспасы?

- этан

- метил

- этил

- пропан

5) Мұнайға серік газдардың нешінші фракциялары табиғи газдағындай қолданылады?

- 2,3

- 1,3

- 1,2

- 2,4

 

11сабақ

 

Мұнайдың құрамы

Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық құрамы да, сандық құрамы да әртүрлі болады. Мұнай, негізінен, аздаған мөлшерде көмірсутектер мен азотты, оттекті және күкіртті қоспалардан, минералдық тұздардан, т.б. заттардан тұратын күрделі қоспа.

Мұнайдың негізін парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектер құрайды. Олар сұйық, еріген зат, қатты зат күйінде болады. Оның құрамындағы газ тәрізді және қатты қоспалары сұйық компоненттерінде еріп жүреді. Мұнайды құрамындағы көмірсутектерге байланысты парафинді, нефтенді, ароматты деп ажыратады. Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдарынан тазартып, өңдеуге жібереді. Тазартылған мұнай тауарлық мұнай деп аталады.

Мұнай – қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәріздес, қоймалжың сұйық зат. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Мұнай – жанғыш зат.

Жер қыртысынан мұнайды өндіру кезінде алғашқыда жаңа ұңғымаларда қысым әсерінен мұнай бұрқақ түрінде атқылап шығады. Шикі мұнайды тұндырып, сепаратордан өткізіп, газынан және суынан айырады. Кейбір кен орындарының мұнайы тұтқыр, ағысы өте төмен болады. Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарға жеткізу үшін мұнай құбырлары, теміржол цистерналары, теңіз танкерлері және автомобильдер қолданылады. Көбіне құбырлар мен танкерлерді пайдалану тиімді болып табылады. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау өндірістің маңызды саласына айналды.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Жаңа сөздерді жаттап алыңыз:

сапалық құрамы - качественный состав

сандық құрамы - количественный состав

күрделі қоспа - сложное соединение

аздаған мөлшерде - в малых количествах

көмірсутектер құрайды - составляют углеводороды

өңдеуге жібереді - отправляют на переработку

тазартылған мұнай - очищенная нефть

сұйық зат - жидкое вещество

суда ерімейді - не растворяется в воде

жанғыш зат - горючее вещество

суынан айырады - отделяет от воды

төмен болады - бывают низкими

мұнай құбырлары - нефтяные скважины

иісі бар - есть запах

теміржол - железная дорога


 

2-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Мұнайдың құрамы қандай?

2. Мұнайдың негізін нелер құрайды?

3. Шикі мұнайды не істейді?

4. Мұнайдың қандай пайдасы бар?

5. Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарға немен жеткізеді?



Просмотров 2363

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!