Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Геометриялық пішіні дұрыс үлгілердің орташа тығыздығын анықтау



МАЗМҰНЫ

№ 1, 2-ші зертханалық жұмыс. Құрылыс материалдардарының жалпы қасиеттері .......................................................................................    
№ 3-ші зертханалық жұмыс. Тау жыныстары .........................................  
№ 4-ші зертханалық жұмыс. Қыш кірпішін сынау .................................  
№ 5-ші зертханалық жұмыс. Құрылыстық әйнек ....................................  
№ 6-шы зертханалық жұмыс. Металл қаттылығын анықтау .................  
№ 7-ші зертханалық жұмыс. Гипстік байланыстырғыш заттар ............  
№ 8-ші зертханалық жұмыс. Портландцемент қасиеттерін зерттеу ...  
Қосымшалар .................................................................................................

 

Ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы «ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ» – 2 сағат

Материалдардың физикалық қасиеттерін анықтау

Шынайы тығыздық – ол кеуексіз және қуыссыз көлем бірлігіндегі (мүлде тығыз күйіндегі) заттың салмағы ( , ). Материалдың шынайы тығыздығын келесі формуламен есептейді:

 

,

мұнда m – материал салмағы; V – мүлде тығыз материал көлемі.

Орташа тығыздық – ол материал массасының табиғи күйіндегі, яғни кеуектері мен қуыстарын қоса есептегендегі, көлеміне қатынасы ( , ):

 

,

 

мұнда m – материал салмағы, г, кг; Vе– табиғи күйіндегі материал көлемі, , .

Әртүрлі құрылыс материалдарының орташа тығыздығы мен шынайы тығыздығының айырмашылығы кеуектер мен қуыстардың болуына байланысты зор және орташа тығыздық мөлшері материал көлемінің 90%-на дейін құрайды. Мысалы, кварцтың шынайы тығыздығы 2650 бола тұра, одан алынған силикатты мақтаның орташа тығыздығы (шыны мақта, қожды мақта) 150 құрайды (1-ші және 2-ші қосымшалар). Сонымен, материалдың орташа тығыздығы шынайы тығыздығынан әрқашан аз болып келеді. Тек мүлде тығыз материалдардың (шыны, болат, битум және т.б.) орташа және шынайы тығыздығы бір біріне ұқсас болады.

Материалдың көпшілігінде кеуектер болады. Оның материал бірлігіндегі саны неғұрлым көп болса, тығыздығы да соншалық аз болады. Сұйықтықтар мен балқытылған массадан алынатын материалдардың (әйнек, металл) орташа тығыздығы іс жүзінде мәні бойынша шынайы тығыздығына тең.

Тығыздықтың сандық мәні құрылыс материалының және бұйымының түріне, химиялық құрамына және кристаллдық құрылымына байланысты. Материал тығыздығына оның физика-механикалық қасиеттері тәуелді, мысалы, беріктік пен жылуөткізгіштік. Материал тығыздығының мәнін оның кеуектілігін, салмағын, құрылыс конструкциясының өлшемін анықтағанда және көліктер мен көтеріп тасымалдау жабдықтарын есептегенде пайдаланады. Материалдың орташа тығыздығын анықтау әдісі үлгі пішініне байланысты болып келеді. Материалдың орташа тығыздығын анықтаған кезде геометриалдық пішіні дұрыс үлгілермен қатар бұрыс пішінді үлгілерді пайдалануға болады.

 

Геометриялық пішіні дұрыс үлгілердің орташа тығыздығын анықтау

 

Барлық үлгілерді анықтап қарап шығып, әр материалдың атаулары анықталады. Үлгілер штангенциркуль мен немесе дәлдігі 0,1 см шамаға дейінгі сызғышпен өлшенеді және салмақтары анықталады:

а) пішіні текше немесе параллелепипед үлгілер үшін көлемді V негіз ауданын биіктігіне көбейту арқылы есептейді;

б) цилиндр пішінді үлгілер үшін көлем V төмендегі формуламен анықталады:

,

 

мұнда V – үлгі көлемі, ( ).

Материалдың орташа тығыздығын үлгі массасын есептелген көлемге бөлу арқылы 0,01 дәлдікке дейін анықтайды. Тәжірибе нәтижелері 1-кестеге жазылады.

 

1-кесте. Геометриялық пішіні дұрыс үлгілердің орташа тығыздығы нәтижелері.

 

Материал аталуы Үлгі массасы, г Өлшемі, см Көлемі, Орташа тығыздығы
         
2 …          

1.2. Геометриялық пішіні дұрыс емес тығыз үлгілердің орташа

тығыздығын анықтау

Құрғақ үлгіні 0,1 г-ға дейінгі дәлдікпен өлшеп, жіппен байлайды. Содан кейін мөлшерлегіш цилиндрге су толтырып, судың деңгейін анықтап алады да, үлгіні цилиндрге салып, ығыстырылған су көлемі белгіленеді. Материалдың орташа тығыздығы төмендегі формуламен анықталады:

 

, .

 

Нәтижені 2-кестеге жазады.

 

2-кесте. Геометриялық пішіні дұрыс емес үлгілердің орташа тығыздығын анықтау нәтижелері.

 

Материал аталуы Үлгі массасы, г Су көлемі, см³ Көлемі, Орташа тығыздығы
бастапқы үлгімен ығыстырылған
           
2 …            

1.3. Геометриялық пішіні дұрыс емес кеуекті материалдың

Тығыздығын анықтау

Геометриялық пішіні дұрыс емес кеуекті материалдардың тығыздығы үлгіні балауыздау әдісімен немесе үлгіге алдын ала су сіңіріп қанықтыру әдісімен анықталады. Ұсынып отырған тәжірибеде балауыздау әдісі қолданылады.



Просмотров 2834

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!