![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тәжірибені жүргізу реті
Материалдың аталуын анықтайды. Құрғақ үлгіні жіппен байлап, 0,5 г-ға дейінгі дәлдікпен өлшейді ( Үлгіні байланған жіппнен ұстап тұрып, балқытылған балауызға әрбір 30-40 сек. сайын бірнеше рет 1-2 секундтан батырады. Тексеру арқылы үлгінің балауызбен толық қапталғанына көз жеткізеді (егер әлі де толық қапталмаған болса, онда 2-3 рет тағы батырады). Балауыз қапталған үлгіні өлшейді ( Мөлшерлегіш цилиндрге белгілі деңгейге дейін су құйып, 1 см Үлгіні цилиндрге малып (жіппен ұстап тұрып), ығыстырылған судың көлемін (
Үлгіге жабысқан балауыздың көлемін балауыз массасын тығыздығына (0,930 г/см
сонда балауыссыз үлгі көлемін былай есептеп шығарады:
Үлгінің орташа тығыздығын төмендегі формула бойынша есептейді:
Тәжірибе нәтижесі 3-кестеге енгізіледі. 3-кесте. Геометриялық пішіні дұрыс емес кеуекті материалдың тығыздығын анықтау нәтижесі
Сусымалы материалдың тығыздығын анықтау
Сусымалы материалдың тығыздығын анықтау үшін, алдын ала өлшенген биіктігі 10 см болатын цилиндр ыдысқа құйғыш арқылы материалды сеуіп толтырады (1-сур.). Мөлшерлегіш цилиндр көлемін түйіршіктер (фракциясына) өлшеміне қарай алады (4-кесте). Материал біріңғай толтырылады. Ыдыста пайда болған төбешікті пышақпен немесе сызғышпен алып тастайды. Материалмен бірге цилиндрді өлшеп, материалдың нығыздалмаған күйіндегі тығыздығын ( Сусымалы материалдың нығыздалу коэффициентін анықтау үшін, өлшенген материалды толтырылған қалпында, артық материалды қиып тастамай сілкіндіргіш үстелге апарады да, мөлшерлегіш ыдысты қолмен сүйемелдеп тұрып, материалды 25 рет (тұтқасын айналдыру арқылы) сілкілеп нығыздайды. Бұдан кейін құйғыш астына ыдысты қойып, үстіне материал қосады; мөлшерден артығын пышақпен немесе сызғышпен алып тастап, материалды өлшейді де нығыздалған күйіндегі тығыздығын анықтайды (
1-сурет. Сусымалы материалдың тығыздығын анықтайтын стандартты құйғыш.
4-кесте. Сусымалы материалдар үшін түйіршік ірілігіне қарай мөлшерлегіш цилиндрлар.
Алынған нәтижені 5-кестеге енгізеді.
5-кесте. Сусымалы материалдың тығыздық нәтижелері.
Шынайы тығыздық пен кеуектілікті анықтау Материалдардың шынайы тығыздығын пикнометрлік әдіспен анықтау МеСТ 8735-88 (СТ СЭВ 6317-88) «Құрылыс жұмыстарына арналған құм. Сынау әдістері», МеСТ 9758-86* «Құрылыс жұмыстарына арналған бейорганиалық кеуекті толтырғыштар. Сынау әдістері», МеСТ 8269-87* «Құрылыс жұмыстарына арналған табиғи тастан алынған қиыршық тас, шығыршық тас және шығыршық тастан алынған қиыршық тас. Сынау әдістері» талаптарына сәйкес орындалады. Мды сынауды орындау реті
Құмды сынаққа дайындау. Тесіктерінің диаметрі 5 мм електен өткізілген 30 г құм сынамасын тұрақты салмаққа дейін құрғатып, содан соң эксикаторға шоғырланған күкірт қышқылы немесе сусыз кальций хлоридінің үстіне орналастырып, бөлме температурасына (18-200С) дейін салқындатады. Құмды араластырады және 15 граммнан екі бөлікке бөледі. Құм сынамасының әр бөлігін алдын-ала кептірілген және өлшенген пикнометрге (m2) салып, пикнометрді құммен бірге өлшейді (m1). Содан кейін пикнометрге тазартылған суды пикнометрдің 2/3 көлеміндегі мөлшерде құяды да, араластырып, оны сәл еңкіш күйде құм немесе су моншасына орналастырады. Пиктометрдегі затты ішіндегі ауа көбіршіктерін жою үшін 15-20 минут қайнатады. Ауа жойылғаннан кейін пиктометрдегі сүртіп, бөлме температурасына дейін салқындатады да, тазартылған суды белгіленген жеріне дейін құйып өлшейді (m4). Содан кейін пикнометрді босатып, жуып, белгіленген жеріне дейін су құып өлшейді (m3). Барлық өлшемдер 0,01 г қателігімен орындалады.
2-сур. Пикнометр.
Материалдың шынайы тығыздығы мына формуламен анықталады:
мұндағы m1 – пикнометрдің құммен бірге салмағы, г; m2 – бос пикнометр салмағы, г; m3 – тазартылған су құйылған пикнометр салмағы, г; m4 – пикнометрдің құм және таза сумен бірге ауа көбіршіктерін жойғаннан кейінгі салмағы, г; ρс – су тығыздығы (ρс =1 Шынайы тығыздықты екі рет анықтау нәтижелерінің айырмашылығы 0,02 г/см3-тен жоғары болмауы керек. Үлкен айырмашылық болған жағдайда үшінші рет анықтап, екі жақын мәннің арифметикалық орташасын алады. Нәтижені 6-кестеге жазады. 6-кесте. Материалдың шынайы тығыздығын анықтау нәтижелері.
Материал кеуектілігі. Кеуектілік деп оның көлемінің кеуектермен толтырылу дәрежесін айтады. Демек, кеуектілік тығыздыққа қарама-қарсы түсінік, яғни материал тығыз болған сайын, оның кеуектілігі төмен болады және керісінше Кеуектілік мәні (0,1% дәлдікке дейін) келесі формуламен анықталады:
![]() |