![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Гипс үлгілерінің иілу және сығым беріктігінің шегін анықтау
Иілу және сығым беріктігін анықтау үшін қалыпты қоюлықтағы гипс қамырынан 40×40×160 мм өлшемді арқалық-үлгілер қалыптайды. Үш арқалық-үлгіні (призма) қалыптау үшін 1 кг гипс байланыстырғышын қалыпты қоюлыққа сәйкес келетінде мөлшердегі суға сеуіп салып, қол араластырғышпен біркелкі масса алынғанша 60 секунд араластырады, содан кейін қалыптарды толтырады (6-сурет). Гипстің ұстасуы кейін 15
а) б)
6-сурет. Жиналмалы металл қалып: а) – көлденең қимасы; б) – үстінен көрінісі.
Үлгіні МИИ-100 пресс қондырғысының таяныш элементтеріне оны дайындағандағы көлденең қырлары тік күйінде болатындай жағдайда орналастырады. Үлгілер жабдықтың нұсқамасы бойынша сыналады. Иілу беріктігін анықтаудан шыққан алты жарты үлгілерді бірден сығым беріктігінің шегін анықтауға сынайды (7-сурет). Алынған нәтижелер 5-кестеге жазылады.
7-сурет. Сығым беріктігіне сынағандағы үлгінің тілімшелердің арасында орналасу жағдайы: 1 – пресстің төменгі тақтасы; 2 – тілімшелер; 3 – пресстің жоғары тақтасы; 4 – үлгінің жартысы.
Үлгінің сығым беріктігінің шегін анықтау үшін қиратушы қүш мәнін үлгі орналасқан тілімшенің 25 см
5-кесте. Гипс үлгісінің беріктік шегін анықтау мәндері.
Зертханалық жұмыс аяқталғаннан кейін тәжірибе нәтижелерін МеСТ 125-79* (СТ СЭВ 826-77) талаптарымен салыстырып (1, 3, 6-кестелеріне қараңыз), қорытынды шығарылады. 6-кесте. Гипс үлгісінің беріктік шегі
Бақылау сұрақтары: 1. Гипс алу үшін қандай табиғи шикізат қолданылады? 2. Гипстің майдалық дәрежесін қалай анықтауға болады? 3. Гипс қамырының қалыпты қоюлығы дегеніміз не, ол қандай мақсатпен және қалай анықталады? 4. Қатаю мерзімдері қалай және қандай аспаптар көмегімен анықталады? 5. Гипс маркасын қалай анықтайды, ол үшін үлгілер қалай дайындалады?
Әдебиет: 1. ГОСТ 23789-79 (СТ СЭВ 826-77 в части методов испытаний). Вяжущие гипсовые. Методы испытаний. 2. Ибраимбаева Г.Б., Есельбаева А.Г., Байсариева А.М. Строительные материалы: Методическое пособие к выполнению лабораторных работ для специальностей 5В073000 – «ПСМИиК», 5В072900 – «Строительство», 5В042000 – «Архитектура». – Алматы: КазГАСА, 2011. Ч.1. – 64 с. 3. Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Құрылыс материалдарынан зертханалық жұмыстар: Оқу құралы. – Алматы. Триумф, 2009. – 368 б. 4. Бисенов Қ.А., Үдербаев С.С., Әбиева Г.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «Издат Маркет», 2008. – 224 б. 5. Белов В.В., Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. – М.: ИАСВ, 2004. – 176 с. 6. Попов Л.Н., Попов Н.Л. Лабораторные работы по дисциплине «Строительные материалы и изделия»: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2005. – 219 с.: ил. (Профессиональное образование).
Ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы «ПОРТЛАНДЦЕМЕНТ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ» – 1 сағат
![]() |