Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жұмысты орындау тәртібі



Сыналатын металл үлгі бетінінің 3-5 см2 ауданын егеумен немесе абразивті материалмен тазалайды. Үлгіні құрылғы (шарикті қаттылық өлшегіш) үстелінің үстіне қояды да, құрылғы шпинделінде бекітілген болат шармен жанасқанға дейін үстелді көтереді. Содан кейін «Қосу» нүктесіне басады. Жүк түсіріледі де, сыналатын үлгіге шарик жаншылады. Металл бетінде таңбадақ (із) қалады, іздер көп болған сайын, металл жұмсақ деуге болады. Таңдадақ диаметрін штангенциркульмен өлшейді.

Шарик өлшемдері әртүрлі болғанда бірдей қаттылық нәтижелері тек қана жүктеменің шарик диаметрінің квадратына қатынасы тұрақты болғанда алынады. Осыдан, шарикке берілетін күш келесі формула бойынша алыну керек:

 

(3)

 

К мәнін металл түріне және қаттылығына байланысты 3-кестеге сәйкес қабылдаймыз.

Шарик диаметрін D және қажетті жүктемені F (4-қосымша) алып, таңбадақ диаметрінің шегі төмендегі мән аралығында болатындай етіп таңдайды (4-қосымша)

(4)

 

Егер үлгідегі таңбадақ рұқсат етілген d мәннен үлкен немесе кіші болса,онда жуктемені F азайту немесе көбейту қажет және сынақты қайта орындау керек.

К коэффициенті қаттылығы бойынша әртүрлі топтағы металдар үшін әртүрлі мәнге ие. Оның сандық мәні таңбадақ өлшеміне қойылатын талаптарды қамтамсыз ету керек (5-қосымша). Үлгі қалыңдығы таңбадақ тереңдігінен 8 есе артық болуы тиіс.

Таңбадақтың табылған диаметрі бойынша кестені қолданып немесе формула бойынша қаттылық санын НВ табуға болады.

Бринелль бойынша қаттылық (HB) мен иілімді материалдардың беріктік шегі арасында келесі тәуелділік орын алады:

 

,

мұндағы k – пропорционалдық коэффициенті: HB 1750 қаттылықтағы болат үшін k=0,34; HB 1750 қаттылықтағы болат үшін k=0,35; жасытылған мыс, қола және жез үшін k=0,55; алюминий қорытпалары үшін – k=0,36-0,38.

3-кесте. Бринелль қаттылығы бойынша ұсынылатын жүктеме (5-қосымша).

 

Шар диаметрі D, мм Берілетін жүктеме F, Н
2,5
980,7
612,9 245,2
2,5 612,9 306,5 153,2 61,3
294,2 98,1 49,0 24,5 9,81
Қаттылық аралығы HB 55 – 650 35 – 200 <55 8 – 55 3 – 20
Өлшенеді Болат, шойын, мыс пен оның қорытпалары, жеңіл қорытпалар Шойын, мыс қорытпалары, жеңіл қорытпалар Мыс пен оның қорытпалары, жеңіл қорытпалар Жеңіл қорытпалар Қорғасын, қалайы

 

Бринелль бойынша металл қаттылығы 4-кестеде көрсетілген.

 

4-кесте. Бринелль бойынша металл қаттылығы.

 

Металл НВ Металл НВ
Титан Алюминий 16-25
Темір 70-80 Күміс
Магний 30-40 алтын
Мыс Қалайы
Мырыш Қорғасын

 

5-кестеге алынған өлшеулер мәндерін енгізеді.

 

5-кесте. Бринелль бойынша металл қаттылығын анықтау нәтижелері

 

Металл маркасы   Шар D, мм F, H (кгс)   Іздің диаметрі, мм Орташа арифм. мәні , мм HB (HBW)
             
             

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Материал қаттылығы дегенді қалай түсінесіз?

2. Құрылыстық конструкцияларға арналған материалдар ретінде металлдарға қандай қасиеттерге ие?

3. Қаттылықты анықтаудың қандай тәсілдері бар?

4. Қандай түсті металдар құрылыста кенң тараған және олардың қасиеттері?

5. Металдардың механикалық қасиеттерін қандай сынақтар нәтижесімен белгілейді ?

6. Бринелль бойынша қаттылықты анықтаудың мәні неде?

7. Бринелль бойынша қаттылықты анықтаудағы болат шариктердің диаметрлері қандай?

8. Бринелль бойынша болат шариктерін қаттылықтың қандай мәніне дейін анықтауға болады?

9. Роквелл бойынша қаттылықты анықтаудың мәні неде?

10.Қандай тәсілде және қандай ұштар қолдануға болады?

11.Ең көп қолданылатын қаттылықты анықтау тәсілдерін атаңыз?

12.Қандай тәсіл бойынша қаттылықты анықтағанда A, С, В шкалалары бойынша көрсеткіштерді алады?

13.Викерс әдісі бойынша қаттылықты анықтаудың артықшылығы қандай?

 

Әдебиет:

 

1. ГОСТ 9012 - 59 (ИСО 6506 - 81, ИСО 410 - 82). Метод измерения твердости металлов по Бринеллю.

2. Ибраимбаева Г.Б., Есельбаева А.Г., Байсариева А.М. Строительные материалы: Методическое пособие к выполнению лабораторных работ для специальностей 5В073000 – «ПСМИиК», 5В072900 – «Строительство», 5В042000 – «Архитектура». – Алматы: КазГАСА, 2011. Ч.1. – 64 с.

3. Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Құрылыс материалдарынан зертханалық жұмыстар: Оқу құралы. – Алматы. Триумф, 2009. – 368 б.

4. Кулибаев А.А. Құрылыс материалдарына анықтамалық: Оқулық. – Алматы: «Триумф «Т», 2010. – 328 б.

5. Архабаев А.А. Құрылыс материалдарын сынау: – Алматы, ҚазБСҚА, 1994. – 48 б.

6. Сорокин В.Г., Волосникова А.В., Вяткин С.А. и др. Марочник сталей и сплавов. – М.: Машиностроение, 1989.

 

Ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС



Просмотров 2195

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!