Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Керамикалық кірпіш сапасын бағалау



«Керамикалық кірпіш және тас. Жалпы техникалық шарттар» ҚР СТ 530-2007 талаптарына сәйкес кірпіштің сапасын сыртқы көрінісі, геометриялық өлшемдері және ақаулары бойынша анықтайды.

Қуыстары бойынша кірпіштер толық денелі (қуыссыз), қуысты (тиімді) және қуысты-кеуекті (жоғары тиімді, «жылы керамика») деп бөлінеді.

Кірпіштер мен тастардағы қуыстар негізінен тігінен немесе көлденең орналасады, және өтпелі және тұйық болуы мүмкін. Өтпелі цилиндрлі қуыстардың диаметрі 16 мм-ден, саңылаулы қуыстардың ені – 12 мм-ден үлкен болмауы керек. Тұйық қуыстардың диаметрі және көлденең қуыстардың өлшемдеріне шек қойылмайды. Кірпіштер мен тастардың сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 12 мм-ден кем болмауы керек.

 

1-кесте. Керамикалық кірпіш және тастардың номиналды өлшемдері.

 

  Бұйым түрлері Түрін белгілеу Номиналды өлшемдері, (мм) Өлшемді белгілеу
  ұзындығы ені қалыңдығы
  Дұрыс өлшемді кірпіш (жалаң) КО 1 НФ
  «Евро» кірпіші КЕ 0,7 НФ
  Қалыңдатылған кірпіш КУ 1,4НФ
  Модульді жалаң кірпіш КМ 1,3 НФ
  Көлденең қуысты қалыңдатылған кірпіш КУГ 1,4НФ
  Тас   К   2,1 НФ
  3,7 НФ
  2,9 НФ
  1,8НФ
  4,5 НФ
  3,2 НФ
  Ірі өлшемді тас     КК     14,3 НФ
  11,2НФ
  10,7 НФ
  9,3 НФ
  6,8 НФ
  4,9 НФ
  6,0 НФ
  Көлденең қуысты тас КГ 1,8 НФ
  Ескерту: Тұтынушының келісімімен өзге номиналды өлшемді бұйымдар шығаруға болады. Мұнда өлшемдеріне ауытқулар 2-кестедегі мәндерден аспауы керек.
 
 
 
 
     
     
                       

 

1-сурет. Керамикалық кірпіштер мен тастар

 

2-кесте. Кірпіштің номиналды өлшемінен ауытқу шамасы.

 

Бұйымдардың шекті өлшемдерден ауытқулары бір бұйымда аспауы керек, мм-ден
- ұзындығы бойынша:  
кірпіш және тас (ірі өлшемді тастан басқалары) ±4
ірі өлшемді тас ±10
- ені бойынша:  
кірпіш және тас (ірі өлшемді тастан басқалары) ±3
ірі өлшемді тас   ±5
- қалыңдығы бойынша:  
беттік кірпіш ±2
кәдімгі кірпіш ±3
тас соның ішінде ірі өлшемді тас ±4

 

Бұйымдарда екіден кем емес беттік жағы болуы тиіс – қыры және маңдай қыры. Кірпіштің бетінде қосындылардан, мысалы әкті қоспалардан, пайда болған сынықтары болмау тиіс. Омырылған, сызатталған, жарылған жерлер кірпіштің жалпы көрінісін нашарлатады, сондықтан олар стандарт талабына барынша сай 1,0 см-ден артық болмауы қажет. Бұйымдардың бетіндегі тұзданулар рұқсат етілмейді. Бұйымдардың сыртқы ақаулары, олардың өлшемдері мен мөлшері 3-кестеде көрсетілген мәндерден аспауы керек.

Кәдімгі және беттік кірпіште қарайған өзек және беттерінде байланысқан дақтар рұқтат етіледі.

 

3-кесте. Бұйымдардың бетіндегі ақаулар.

 

Ауытқу түрі Мәндері
беттік бұйымдар үшін кәдімгі бұйымдар үшін
Омырылу бұрышының тереңдігі 15 мм дейін, дана рұқсат етілмейді
Омырылу бұрышының тереңдігі 3-тен 15 мм, дана
Омырылу қабырғасының тереңдігі 3 мм және ұзындығы 15 мм дейін, дана рұқсат етілмейді
Омырылу қабырғасының 3 мм-ден үлкен тереңдігі және 3-тен 15 мм-ге дейін ұзындығы, дана
Жеке жарықтарының ұзындығы қосындысы, мм:    
- кірпіш үшін   шек қойылмаған
- тас үшін
сынық, дана рұқсат етілмейді
Ескерту: 1. Қуысаралық қабырғалардағы сызаттар ақау болып саналмайды. 2. Омырылу бұрышының тереңдігі 3 мм және қырларының соғылу ұзындығы мен тереңдігі 3 мм дейін ақау болып саналмайды. 3. Беттік бұйымдар үшін беттік шек ақаулары көрсетілген.

 

Бұйымдардың қырларының перпендикулярлылығынан ауытқу рұқсат етілмейді: кірпіш пен тас үшін – 3 -ден артық; ірі өлшемді тас үшін – кез келген қырының ұзындығынан 1,4%. Қырларының жазықтығынан ауытқу 3 мм-ден аспауы керек. Бір топта көлемнің 5%-нан артық сынық рұқсат етілмейді.

Студенттерге зертханада бір топқа 1 кірпіштен беріледі. Осы кірпіштің суретін дәптерге салып, өлшемдерін қояды және кірпіштің жан-жағының атауларын «төселім», «қыры», «маңдай қыры» деп жазады.

Кірпіштің ұзындығы, ені мен қалыңдығын (мм) 1 мм дәлдікке дейін өлшеп дәптерге жазады.

Кірпіштің шала күйдірілген немесе шамадан артық күйдірілгендігі анықталады. Егер кірпіштің реңі қызыл болып, балғамен ұрған кезде таза дыбыс шығармаса, онда мұндай кірпіш шала күйдірілген кірпіш болып саналады. Таза дыбыс шығарған кірпіш жақсы күйген болып есептеледі. Шамадан артық күйдірілген кірпіштің беттері мен қырлары балқыған, түсі қоңырқай және қисық болады. Кірпіштің шала немесе артық күйдірілуі стандарт талаптарына сәйкес жіберілмейді.

b

 


h
- ұзындығы l = 250±5 мм;

төселім
- ені b = 120±4 мм;

қыры
- қалыңдығы h = 65±1,5 мм

 

       
 
маңдай қыры
   
l
 

 


Кірпіштің пішінін тік қырлы және тік бұрышты тіктөрт бұрышты, қырлары айқын және беттері тегіс параллепипед ретінде болатынын анықтайды.

Металл бұрыштама және сызғышпен 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен кірпіш қырлары мен қабырғаларының қисықтығын немесе соғылуын анықтайды. Бұл үшін кірпішті тегіс үстелге қойып, оған металл сызғыш немесе бұрыштаманы қырынан жанастырыады, сол арқылы «а» бетінің иілу мәнін анықтайды (2-сурет).

 

2-сурет. Кірпіштің беттік және қабырғалық қисықтығын өлшеу:

1– болатты бұрыштама; 2 – болатты сызғыш; 3 – кірпіш.

 

Омырылған, сызатталған жерлер кірпіштің жалпы көрінісін нашарлатады, сондықтан оларды стандарт талабына барынша сай 1 мм дәлдікпен ең ұзын бойымен өлшейді.

Кірпіштің бұзылуына әкелетін әктік, түсі ақ қосындылар (үрме) рұқсат етілмейді.

Өлшем нәтижелерін дәптерге жазып, оны СТ РК 530-2007 деректерімен салыстырады да кірпіштің сапасын анықтайды.

Қарапайым бұйымдардың су сіңіргіштігі 6,0%-дан кем емес, беттік бұйымдардікі – 6,0%-дан кем емес және 14,0%-дан артық емес болуы керек.

Трепелдер және диатомиттерден дайындалған бұйымдар үшін, су сіңіргіштік 28%-ға дейін рұқсат етіледі.

Кірпіштер мен тастар аязға төзімді болуы керек және сумен қаныққан күйіндегі аязға төзімділік маркасы бойынша қандайда бір көзге көрінетін бүліну мен зақымданусыз (шытынау, ажырау, боялу, омырылулар) 25; 35; 50; 75 және 100 кезекпен мұздатып, еріту циклына төзуі керек.

Беттік бұйымдар үшін аязға төзімділік бойынша маркасы F50-тен төмен болмауы керек. Тұтынушының келісімімен аязға төзімділік бойынша маркасы F35 беттік бұйымдар шығаруға болады.

Түтін мұржалары, цокольдар мен жертөле қабырғалары пайдаланылатын бұйымдардың үшін аязға төзімділік бойынша маркасы F50-тен төмен болмауы керек.



Просмотров 3395

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!