Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Көне грек комедиясы. Комедияның пайда болуы және дамуы. Аристофан
Қоғамда орын алған әртүрлі қоғамдық қақтығыстар біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр адамдарының көзқарастарына елеулі өзгерістер енгізді. Құлиеленушілік қоғам демократиясы дағдарысқа ұшырап, қоғамдық өмір мәселелеріне салғырттық, өз қаласының тағдырына самарқаулық байқалды, жеке бастың мүддесі қоғамдық мүддеден жоғары тұрды. Философиялық мектептердің біразы мәдениет жетістіктерінің бәрінен безіп, адамньщ табиғат аясына кетуін уағыздаса, екіншілері адамдарды «алаңсыздыққа» шақырып, «елеусіз өмір сүру» принципін уағыздады. Қоғамдық өмір мәселелерін белсене сынаған Аристофан комедияларының орнына өз заманының саяси оқиғалары ақ түсті суретгелетін мән-мағынасыз комедиялар пайда болды. Міне, осындай тарихи жағдайда грек мәдениетінің тағы бір кезеңі — тоқырау кезеңі басталды.Аристофан (б. з. д. 445—385 жылдар шамасы) — «комедияның атасы» болып саналады. Аристофан 44 комедия жазған. Олардан толық сақталғаны 11.Оның өмірі жөнінде нақты мәліметтер аз. Аристофан Пандион жанындағы Кидафин (Кидатенайон) округінде шамамен б.з.б. 445 жылы дүниеге келген, ал шамамен б.з.б. 385 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі.Аристофан жазуды ерте бастаған. Сондықтан оның «Тойлаушылар», «Вавилондықтар», «Ахарндықтар» атты алғашқы шығармалары (б.з.б. 427-425 жж.) актер Каллистраттың атынан жарияланған. Аристофан актер ретінде де танылған. Ол өзінің «Салт аттылар» комедиясында Пафлагондық-Клеонның рөлін ойнаған. Бізге жеткен «Байлық» атты комедиясынан кейін де Аристофан «Кокал», «Эолосикон» атты драмаларын жазады. Бірақ бұл екі драмасы бізге жеткен жоқ. Оны Аристофанның қазасынан кейін ұлы Арар сахналаған. Кей деректерде бұл екі драмасын Аристофан ұлы Арардың есімі театрлық ортада танымал болу үшін оған сыйға берген делінеді. Антик әдебиетін зерттеуші ғалым А.Ф.Лосев әлеуметтік-тарихи кезең тұрғысынан Аристофан шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырады:1. Бірінші кезең – б.з.б. 427-421 жылдар аралығы (Пелопоннес соғысының алғашқы кезеңінен бастап Никиев заманына дейін). Бұл кезеңге жататын шығармалары саяси сарында, халықтық стиль дәстүрін қатаң сақтай отырып жазған. Оған «Кутила» (б.з.б.427 жыл), «Вавилондықтар» (б.з.б.426 жыл) атты сақталмаған туындыларынан басқа, «Ахарндықтар» (б.з.б.425 жыл), «Салт аттылар» (б.з.б 424 жыл), «Бұлт» (б.з.б.423 жыл), «Аралар» (б.з.б.422 жыл), «Бейбітшілік» (б.з.б.421 жыл) драмалары жатады.2. Екінші кезең – б.з.б. 414-405 жылдар аралығы. Б.з.б. 421 жылдан бастап б.з.б 414 жылға дейінгі шығармашылығы жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Бұл кезеңдегі туындыларында саяси сарын байқалмайды. Комедиограф қоғамдық-сатиралық тақырыпты қозғап, саяси талаптар мен оппортунизмге байланысты театр өнері мен ақындарына арналған сатиралар тудырады. Бұл кезеңдегі комедияларына: «Лисистрата» (б.з.б.411 жыл), «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» (б.з.б.411 жыл), «Бақалар» (б.з.б.405 жыл) жатады.3. Үшінші кезең (б.з.б.392-388) – егін шаруашылығына байланысты туған салттық-саяси комедияның ығысып, кейінгі тұрмыстық комедияларға жол бере бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Оған «Халық жиналысындағы әйелдер» (немесе «Заң шығарушы әйелдер»), «Байлық» (б.з.б.388 жыл) шығармалары жатады.Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесінің ұсынысымен бүкіл ілгерішіл адамзат 1954 жылы Аристофанның 2400 жылдық мерейтойын атап өтті.[5] Аристофанның «Лисистрата», «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» атты комедияларын Мүсілім Базарбаев қазақ тіліне аударды.Комикалық ақын Аристофанның негізгі қаруы – күлкі болды. В.Г.Белинский Аристофанды «ежелгі Грекияның соңғы ұлы ақыны» деп таныды. Поэтика» - Аристотель. Аристотель(б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектерлдің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың ситілі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты.
|