Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
XX ғасыр реализмі. Хемингуэй
Эрнест Хемингуэй 1899 жылдың 21 шілдесінде Чикаго қаласының маңында дүниеге келді. Жастайынан өжет, тік, батыл болып өскен ол аңшылықты, балық аулауды жан-тәнімен сүйді. Осы еркелігімен басын талай бәйгеге тігіп, өмірі қыл үстінде жүргендей көрінетін. Эрнест бала кезінен-ақ, жазуға деген икемін көрсетіп, оқыған жұртты таңдандыратын. Осы дарынының арқасында 18 жасында жергілікті «Канзас Стар» газетіне журналист болып қызметке тұрады. Эрнесттің стилінің бір ерекшелігі нақтылық пен түсініктілік еді. Жұмысқа алушылар Эрнест стилінің осы ерекшелігін бағалаған болатын.Бірақ жазушының тыныш өмірі бұлай жалғаса бермеді. Ол 1918 жылы өз еркімен фронтқа сұранады. Соғысып жүріп, минаға тап болып, ауыр жарақат алады. Жарақаттың ауырлығы соншалық, денесіне 237 жерден мина ұшқыны тигенін көрген адам жылап, аяныш білдірмей тұра алмады. Бұл Италияда орын алған оқиға еді. Осы жарақаттар кейіннен Эрнесттің жайлы өміріне біраз кедергі болады.Бірақ әлбетте жазушы өзі сүйген саласындағы жұмысын тоқтатқан жоқ. Қойын дәптеріне біраз дүниелер жазылған еді. Бар қызық сол дәптердің саяхаттап жүріп жоғалған кезінде орын алды. Одан кейін Хемингуэйдің шығармашылығында ерекше сілкініс болды. Оның жаңа шығармалары көпшіліктің көңілін дөп басып, «Қазіргі күндер» атты топтамамен жарық көрді. Америкалық жазушы Гертруда Стайн Эрнестпен құрған бір сұхбатында фронтта өмірін өткізгендерді "жоғалған ұрпақ" деп атап еді. Осы сөз Хемингуэйдің жүрегіне қатты әсер етіп, «Арайлап атқан таң» атты роман жазып шықты. Кітап соғыстан кейінгі өмірге, тыныс-тіршілікке арналды. Әсіресе соғысқа қатысқан адамдардың өз-өзін табуы туралы әңгімеленді. Жазушы өзінің хоббилері туралы да ықыласпен жазды. «Тал түстегі өлім» романында испандық коррида туралы әңгімеледі, «Қош бол, майдан!» атты романында өз өмірі туралы, өміріндегі махаббат оқиғаларын әдемілеп жеткізген. 3. Қайта Өрлеу дәуірі – гуманизм дәуірі.Қайта Өркендеу дәуірі шамаменалғанда ХІV-ХVII -ғасырлар аралғын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетісті терге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең. Осы дәу философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептеледі.Қалыптасу жағдайлары:1) Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан — өнеркәсіпті дамыту ауыл-селодан — қалаға көшу кезеңі басталды;2) Ұлттық мемелекеттер мен абсолюттік монархия қалыптасты;3) Жаңа тап — буржуазия пайда болды;4) Терең әлеуметтік конфликтілер: Германияда Шаруалар соғысы Фраиция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрді.Қайта Өркендеу Дәуірінің дамуы үш кезеңнен тұрады: 1) гуманистік немесе антропоцентристік — ХІV-ғ. ортасынан XV- ғасырдың ортасына дейін; 2) онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм кезеңі — ХV-ғ ортасынан ХVІ-ғ. бірінші үштігіне дейін; 3) натурфилософиялық кезең — ХVІ-ғ. екінші жартысынан бастап ХVІ-ғ. басына дейін. Бұл жіктеудіш салыстырмалы екендігін ескерткен дұрыс.Ерекшеліктері:1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі — Адам, ол космостық болмыстың негізгі звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы ретінде карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды;2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды;3) Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды;4) Философиялық ой өнермен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғи негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін де игере алады. Ренессанс адамы — шығармашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығына да, ой сұлулығына да жете алады. Адам — дүниедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). Осы эстетикалық негіз Өркендеу философиясына ерекше мазмұн берді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі асқақтатылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін аса қүнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі;5) Ренессанс философиясына гуманизм — адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мой-ындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретінде Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі — гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат. саясаткер және тағы баска білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа гуманистер модениетін жасауға талпынды. Олар өздеріне » философ» деген атақ беріп. философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды философ деп санамады. Гуманизмнің негізін салушылар: Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати.
Билет.Көне Рим әдебиеті 1.Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді.Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты. Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған..Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, оларды өзгертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ. Рим әдебиетінің дамуы, оның «алтын дәурі», Рим империясының пайда болуы мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді. Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес келеді. І. Ежелгі кезең – рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.д.д. 240 ж, дейін). ІІ. Архаикалық кезең – Цицеронның әдеби қызметіне дейін (б.д.д. 240ж.- 81 жж.). ІІІ. Рим әдебиетінің «алтын дәуірі»: 1) Цицеронның заманы – рим прозасының гүлдену кезеңі (б.д.д.81-43 жж.); 2) Августың заманы – рим поэзиясының гүлдену кезеңі (б.д,д. 43-14 жж.). IV. Рим әдебиетінің «күміс дәурі» (14-117 жж.). V. Соңғы императорлық кезең. (117-476 жж.). Рим мифологиясы. Римдіктер олимп құдайларына құлшылық етті, бірақ олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы: бас құдай Зевсті – Юпитер, теңіз құдайы Посейдонды – Нептун, аналар мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гераны – Юнона, соғыс құдайы Аресті – Марс, сауда-саттықтың құдайы Герместі – Меркурий, сұлулық пен махаббат құдайы Афродитаны – Венера, қолөнері мен өнерді қорғаушы әйел құдай Афинаны – Минерва, Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті. Рим театрыларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырды. І ғ. Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынды. Грек жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылды. Рим ақындарының өздері де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды. Марк Туллий Цицерон (б.э.д.106-43 жж.) – атақты адвокат, шешен, жазушы, саяси қайраткер. Цицерон Арпин қаласында дүниеге келді. Ол Римдегі грек оқытушылардан білім алды. Мектепте грек әдебиетінің классикасымен танысты –Гомердің поэмаларымен, драмалармен, шешендік сөздермен. Цицерон философиямен, грек және латын тілінде шешен сөйлеумен, грек тілінен аударумен және поэма жазумен машықтанды.Цицеронның өте бай әдеби мұрасы сақталды: саяси бағытта, сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық және теориялық философия туралы 19 трактаты, латын тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы туралы 800-ден астам хаты бар. Цицерон адвокаттық қызметіне б.э.д. 80-ші жылдардың аяғында кірісті. 63 ж. ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі: ол Сенатта басшы роль атқарады, Кіші Азияда проконсул болады. 48 ж. император Цезарь жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген шығармалар жазды: риторикалық («Брут», «Шешен» - римдегі шешен өнерінің тарихы, стилі туралы), философиялық трактаттар. Цицерон рим әдебиетінде бұрын болмаған көркем философиялық прозаны жетілдіруін мақсат етті. Цицеронның маңызды жетістіктерінің бірі – латын тілінде философиялық терминологиясын шығару. Б.э.д 44 ж. бастап Цицерон қайта саясатпен айналысады. Оның атақты «Филиппики» еңбегі Антонийге қарсы күрестің әдеби ескерткіші болып есептеледі. Публий Марон Вергилий (б.э.д. 70-19 жж.) – римнің даңқы шыққан ақыны. Оның өмірі аңызға айналған. Вергилий солтүстік Италияда қолөнерші отбасында дүниеге келген. Алғашқы білімді Кремонада, соңынан Миланда алған. Римде риторикалық білімін жетілдірген. Вергилийдің жас кезінде жазған өлеңдері «Ұсақ өлеңдер» деген шағын жинақ болып шықты (ақын өлгеннен кейін).Вергилийдің алғашқы маңызды шығармасы – «Буколики» («Бақташы жыры») б.э.д. 42-38 жж. жазылған. Жинағында ақын идиллиялық өмірді (табиғат аясында тыныштықта өмір сүру) мадақтап, саясаттан аулақ болуға тырысады. «Буколики» дүниежүзілік әдебиетінде ерекше орын алады. Вергилий рим әдебиетінде бұрын болмаған буколикалық жанр енгізді. «Буколики» шығармасының арқасында Вергилий рим ақындарының алдыңғы қатарына шығады. Ақынның келесі шығармасы – «Георгики» («Егіншілік туралы дастан») император Октавиан Августке арналған. Вергилийдің 7 жыл жазған еңбегі 4 кітаптан тұрады (егіншілікке, жемістерді өсіруіне, мал шаруашылығына, бал араларды өсіруіне арналған). Шығармаларында ақын шаруаның еңбегін дәріптейді, Италия халқының, тарихи қайраткерлерінің, табиғатының даңқын шығарады. Әйгілі ақын Вергилий «Энеида» дастанын жазды. Ол «Энеида» дастанына 10 жылға жуық еңбек сіңірді.Вергилий грек және рим мифтерін зерттеді. Ол дастанда Троя қорғаушылардың бірі, әйел құдайдың баласы Эней туралы айтты. Эней өрт-жалынға оранған қаладан асыл заттарды емес, өзінің әбден қартайған әкесін арқалап шығады. Әдеттен тыс шым-шытырық оқиғалардан кейін ол Италияға қоныстанады. Эней өлген әкесімен дидарласу үшін өлілердің жер астындағы патшалығына түседі. Сол арада дана қарттың рухы Энейге оның ұрпақтары Римнің негізін қалайтынын және халықтардың аса қуатты әміршілері болатынын болжап айтады. Вулкан құдай Энейге арнап қалқан соғып, оның бетіне Рим тарихындағы болашақ оқиғалар мен Августың салтанат құруын бейнелейді. Эней өзінің болашақ ұрпақтарын, олардың арасынан Римге тыныштық орнататын, тіпті Римнен шалғайдағы Халықтарды қаһарымен қалтырататын «құдіретті Августы» да көреді. «Энеида» салтанатты және әуезді өлеңмен жазылған. Вергилий дастанда ерлікті, өз борышына адалдықты, үлкендерге деген құрметті дәріптейді. Ақын гректер мен римдіктердің діни нанымдарын, ежелгі аңыздарын империяны және Августың өзін әсірелей дәріптеу үшін шебер пайдаланды. Гораций Флакк (толық аты Квинт Гораций) - (б.д.д.65 – 8 жж.) Италияның оңтүстігінде Венузияда дүниеге келген. Ол азаттық алған құлдан туған. Рим және Афиныда білім алған. Азамат соғысы басталған кезде әскерге кетеді. Алғашқыда республикашылар жағында болғанымен, кейін император Августың сарай ақыны болған. Гораций өлең жазуға б.з.д. 42 ж. бастап кіріседі. 30-шы жж. ақынның екі жинағы шығады. Гораций «Одалар», «Сатиралар», «Хатттар», «Эподтар» т.б. кітаптардың авторы. Оның үш шығармасы әдеби тақырыпқа жазылған. Горацийдің өлең өнерін мадақтаған «Ескерткіш» одасы жаңа заман ақындарына үлгі болған. (Г.Р.Державин, А.С.Пушкин т.б.). Горацийдің ақындық сырын ашқан «Поэзия ғылымы» еңбегін кейін классицизм теоретиктері пайдаланған. Гораций мұрасы Еуропа поэзиясының әсіресе XVI - XVIII ғғ. лирика жанрының қалыптасуында аса зор роль атқарды. Лукреций - Б.д.б. І ғ. Римнің ұлы ғалымы Лукреций мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарды. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Лукрецийдің пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір-бірімен қосылып, аспан денелерін, Жерді, тірі заттарды, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жанның мәңгі өмір сүретінін теріске шығарды. Апулей Луций (б.д.б. 124 ж. шамасы - өлген жылы белгісіз). Африка Мадаврада туып өскен атақты рим жазушысы. Дәулетті жанұядан шыққан. Карфагенде риторикалық білім алған, Афиныда философияны оқыған. Апулейге тірі кезінде үлкен статуя орнатылды. Ол латын, грек тілдерінде жазды. Оның философиялық, жаратылыстану тақырыптарына жазылған еңбектері, әр түрлі жанрда жазылған поэтикалық шығармалары бар. Апулейдің грек тілінде жазған шығармалары сақталған жоқ. Латын тілінде жазылған шығармалардың көбі сақталды: философиялық трактаттар және «Метаморфозы» немесе «Алтын есек» атты үлкен роман (қолжазбаларда роман «Метаморфозы» деп аталған, IV ғ. әйгілі христиан жазушысы Августин оны «Алтын есек» деп атайды). Әлем әдебиетіне Апулей «Алтын есек» романының авторы болып кірді. Романда ІІ ғасырдағы Рим провинциясы тұрғындарының тұрмысы, рухани өмірі бейнеленген. «Алтын есек» Еуропа әдебиетіндегі бірінші психологиялық роман. Сиқыршы қасиетінің арқасында жануарға айналып, одан қайта адам кейпіні оралған адам туралы фольклорлық аңыз антикалық әдебиетте Апулейге дейін болған. «Метаморфозы» грек шығармасының өңделген түрі. Апулей грек жазушысы Лукиан шығармасының сюжетін көптеген эпизодтармен кеңейтті. Апулейдің финалы да Лукианнан өзгеше. Комедия(гр. котосііа - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Греқияда шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі - Аристофан (б.з.б. 445 - 385). Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады. Характерлер қақтығысы, мінездер шайқасы бірінші катарға шығады. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлер тартысының үстінде жеке бастың мақсаты мен құлқынның қайы үшін ұнамсыз кейіпкерлер өзара кикілжіңге барады, күлкіге ұшырайды. Комедияның ерекшелігі тартыспен, сюжетпен, қызықты оқиғамен қатар тіл өрнегіне де қатысты. Дараланған, өзгелерге ұқсамайты нәр кейіпкердің тілі күлкі шақырса, сахналық туындының ажары кете бастайды. Бұл тұрғыда әсірелеу, ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск) сияқты көркемдік құралдары кеңінен пайдаланылады. Комедияда көбінесе жамандық жеңілт, жақсылық үстем болып аяқталады. Жағымсыз кейіпкерлер бармақ шайнап, қателігін мойындады, жеңіліп тізе бүгеді, адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құрады. Әлем әдебиетінде комедияның көптеген классик, үлгілері жасалды. Англияда -У.Шекспир,Испанияда-Лопе де Вега, Францияда - Ж.Б. Мольер, П.Бомарше, Италияда- К.Гольдони тамаша комедиялық шығармалар жазды. Орыс әдебиетінде Д.И. Фон-визиннің "Тоғышары" А.С. Гри-боедовтің "Ақылдың азабы", Н.В. Гогольдің "Ревизоры" Аристофан (б. з. д. 445—385 жылдар шамасы) — «комедияның атасы» болып саналады. Аристофан 44 комедия жазған. Олардан толық сақталғаны 11. Олар: Ахарняндықтар" "Салт аттылар" "Бүттар", "Аралар" ,"Бітім" ,"Құстар" ,"Әйелдер Фесмофорий тойында","Лucucmpama" ,"Бақалар" ,"Әйелдер халық жиналысында" ,"Байлық". Оның өмірі жөнінде нақты мәліметтер аз. Аристофан Пандион жанындағы Кидафин (Кидатенайон) округінде шамамен б.з.б. 445 жылы дүниеге келген, ал шамамен б.з.б. 385 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Әкесінің аты – Филипп, анасының аты – Зенодора. Кей деректерде Аристофанның Филипп, Арар, Никострат, Филетр есімді ұлдары болған және олар комедия жанрының ақындары делінеді. Зерттеушілердің кейбірі Аристофанның афиндық азамат екендігіне күмән келтіреді. Оны Эгинеде, Родоста, енді бірі Египетте дүниеге келген дейді.[2] Б.з.б. ІV ғасырдың басынан сақталып қалған жазба деректе, Аристофанның Пандионид бесжүздік Кеңес мүшесі болғандығы айтылады. Комедиограф өмірінің көп бөлігі Пелопоннес соғысы кезеңімен тұспа-тұс келеді.Аристофан жазуды ерте бастаған. Сондықтан оның «Тойлаушылар», «Вавилондықтар», «Ахарндықтар» атты алғашқы шығармалары (б.з.б. 427-425 жж.) актер Каллистраттың атынан жарияланған. Аристофан актер ретінде де танылған. Ол өзінің «Салт аттылар» комедиясында Пафлагондық-Клеонның рөлін ойнаған. Бізге жеткен «Байлық» атты комедиясынан кейін де Аристофан «Кокал», «Эолосикон» атты драмаларын жазады. Бірақ бұл екі драмасы бізге жеткен жоқ. Оны Аристофанның қазасынан кейін ұлы Арар сахналаған. Кей деректерде бұл екі драмасын Аристофан ұлы Арардың есімі театрлық ортада танымал болу үшін оған сыйға берген делінеді. Аристофан 40-тан аса комедия жазғанымен, бізге 11 еңбегі ғана жеткен. Хронологиялық тәртіп бойынша: «Ахарндықтар» - 425 жыл, «Салт аттылар» - 424 жыл, «Бұлт» - 423 жыл, «Аралар» - 422 жыл, «Бейбітшілік» - 421 жыл, «Құстар» - 414 жыл, «Лисистрата» - 411 жыл, «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» - 411 жыл, «Бақалар» - 405 жыл, «Халық жиналысындағы әйелдер» - 392 немесе 389 жыл, «Байлық» - 388 жыл. Сонымен қатар, Аристофанның басқа комедияларынан 900-ге жуық ұсақ үзінділер, фрагменттер ғана калған. Аристофан комедияларының тақырыбы — әлеуметтік теңсіздікті, идеялық ағымдарды күшейтіп, Афины демократиясының дәстүрлі негізіне нұқсан келтіретін соғыс саясатын сынау болды. Аристофан соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті аңсады.Оның кейіпкерлері адам мінезінің бір қырын ғана алған және ол оны өткір, гротескілі түрде көрсетеді. Сонымен қатар актерлер көрермендерді күлдіру үшін шарж, пародия, буффонадаңы кең пайдаланды. Аристофанның ең жақсы саяси комедиясы б.з.д. 424 жылы қойылған "Салт аттылар" (салт аттылар — Афины әскерінің ақсүектер бөлігі) болды. Плавт – біздің заманымызға дейін шығармалары тұтас жеткен, комедия жанрында жазған алғашқы рим авторы (б.д.д. 184 ж. шамасында дүниеден кетті). Тит Макк (жалған аты Плавт – «жалпақ табан» деген мағына береді) Умбрияда туып-өскен. Ол туралы мәлімет өте аз. Танымал драматург көптеген комедияларын қалдырды. Оның комедиялары грек шығармаларының сюжеттеріне жазылған. Көбіне Плавт «жаңа» аттикалық комедия авторларын алды – Менандр, Филемон, Дифилды. Плавт демократиялық бағытта жазған драматург.Оның көптеген комедияларында икемді құлдың бейнесі үлкен сүйіспеншілікпен суреттеледі («Елес», «Вакхидалар», «Псевдол»). Плавтың әйгілі комедиялары – «Мақтаншақ сарбаз», «Екі Менехм», «Тұтқын» т.б. Плавтың пьесалары шешен диалогқа, күлкіге құрылған. Олар гректер мен римдіктердің өмірін, тұрмысын шебер суреттеп, ескі әдет- ғұрыпты күлкі етеді. Теренций-Теренцийдің бүркеншік аты – Афр болды. Оның бұлай аталуының да өзіндік себебі бар. Құлдың отбасынан шыққан.Теренцийдің туған жері – Африканың Карфаген қаласы болатын. Бала күнінде сенатор Теренций Луканның сарайында құлдықта жүреді. Сенатор Теренций Луканның осы бір сүйкімді әрі ақылды балаға ықыласы түсіп, оған «Теренций» деп өз есімін береді. Теренций әдебиетте комедия жанрын таңдады. Оның артында біздің дәуірімізге дейін толық жеткен 6 комедиясы сақталды. Бірақ комедиограф шығармалары өз дәуірінде лайықты бағасын алған жоқ. Теренцийдің әдебиеттегі қарсыластарының түсінігінше, бұл комедиялардың авторы – африкандық босқын емес, Сципион мен Лелий. Бірақ ол екеуіне сахна төрінде көрінуге болмайтын болғандықтан, оны Теренций атынан жариялап отырған. Теренций тек екі арадағы делдал ғана деп танып, қалың жұртшылыққа неше түрлі әңгімелер таратты. Бірақ Теренций бұл жағдайларға көңіл бөліп, мән берген жоқ. Себебі, ол Сципион өмір сүрген қоғам туралы, оның ерекшеліктері мен кемшіліктері жөнінде ашық жазған болатын. Б.з.б. 60 жылдардың екінші жартысында Сципион құрған саяси топ Рим өмірінде маңызды рөл атқарды. Сципион тобының мүшелері Римдегі агрессияны тоқтатуға ұмтылып, бір-бірімен өзара жауласып жүрген топтарды ауызбіршілікке шақырып, татуластыруға тырысты. Олар өз мақсатына жету үшін грек философтары мен тарихшыларының, Панетий мен Полибий ұсынған теорияларды қолданды. Соның ішінде Панетий мен Полибийдің «Рим мемлекетінің ғажап құрылуы» атты теориясына сүйенді. Ұлы қолбасшы Эмилий Павел македон патшасы Персейді жеңгеннен кейін македондық патша кітапханасындағы классикалық грек әдебиеті өкілдерінің барлық туындыларын Римге алдырды. Болашақ қолбасшылар мен саяси қайраткерлер үшін Ксенофонт, Платон, Аристотельдің шығармалары нағыз құнды жәдігерге және нобильдік орта жастарының сүйікті кітабына айналды. Грекияда философиялық тақырыпта жүргізілетін диспуттар арнайы алаңдарда өткізілсе, Римде мұндай форумдар нобилет түрінде жүгізіліп отырды. Алғашында әрбір римдік азамат үшін ең басты, маңызды мәселе – мемлекеттік істер болса, енді римдіктердің көп уақыты әдебиетке, философияға арналған сабақтар мен білімді адамдармен сұхбаттасуға арналды. Нобилдердің қала сыртындағы виллаларында, арнайы залдарда, грек скульптурасы, колонналарымен әшекейленген үйлерінде эллиндік мәдениетті дәріптеушілер, грек өнерін бағалушылар мен әдебиетті сүйетіндер жиналды. Өзімен бірге рим мәдениетіне жаңа бағытты әкелген нобилеттер Жерорта теңізі жағасындағы барша елдердің өнер байлықтары мен шығармашылық құндылықтарын бойына сіңірген болатын. Теренций шығармашылығы – дәл осы білімді нобилеттер үйірмелерінің негізгі идеясының маңызды әрі нақты көрінісіндей болды. Жоғарыда айтылған Светонийдің жазған автобиографиясына сүйенсек, Теренций 160 жылы Грекияға аттанып, содан қайтып еліне оралмаған. Теренций 6 комедия жазған және оның бәрі де бізге жетті. Теренцийдің бірінші комедиясы — "Андриянка" б.з.д. 166 жылы қойылды, екіншісі — "Ене" бірінші рет б.з.д. 165 жылы қойылды, бірақ көрермендер қол күресін көру үшін пьеса ортасынан кетіп қалғандықтан қойылым аяқталмай калған. Екінші рет бұл комедияны Теренций б.з.д.160 жылы қояды, бірақ көрермендер қайтадан бірінші актіден кейін гладиаторлар ойынына кетіп қалады. Басынан аяғына дейін бұл комедияны Теренций сол 160 жылдың екінші жартысында көрсетеді. "Өзін-өзі азаптаушы" атты үшінші комедиясын Теренций б.з.д. 163 жылы,"Евнух атты" төртінші комедиясын б.з.д. 161 жылы, бесінші "Формионды" да 161 жылы және алтыншы "Аеайыидылар" комедиясын б.з.д. 160 жылы кояды.
|