Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге асырылуы



Азаматтардың меншік құқығы дегеніміз,оны өзіне тиесілі мүлікті иелену,пайдалану және оған билік ету өкілеттігі болып табылады. Азамат өз қалауынша өз мүлкіне қатысты кез-келген қатынасты жасай алады (Азаматтық Кодекстің 188-бабы). Азаматтар заңға сәйкес өзінің қарамағындағы ғимараттарды, құрырылысты, мекен-жайды, сондай-ақ көп пәтерлі үйдегі пәтерін кәсіпкерлік қызмет мақсатында жалға беруге құқылы.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтардың меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру. Кәсіпкердің еңбек құқығын жүзеге асырудағы ерекшелігі жеке дара кәсіпкерліктің түрі мен меншік сипатына байланысты. Мысалы, некеде тұратын азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайын кәсіпкер ретінде атамаса да, ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі керек емес. Азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың ортақ мүлкін пайдаланса, егер заң құжаттарында немесе некелесу шартында не жұбайлар арасындағы басқадай келісімдерде өзгедей көзделмеген болса, пайдалану үшін басқа жұбайдың рұқсаты керек.

Жұбайлар кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың біреуі басқасының келісімімен іс айналымын жүргізеді, ол жеке дара кәсіпкерлікті тіркегенде расталынады немесе, егер жеке дара кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылатын болса, нотариусте куәландырылып жазбаша көрініс табады. Жұбайлардың біреуінің іскерлік айналымда екеуінің атынан әрекет жасауына екіншісінің жоғарыда көрсетілгендей келісімі болмаса, ол іс жүргізуші жұбай кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырады.

Жеке дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атына құқық пен міндеттер алады, оларды жүзеге асырады. Бірлескен жеке дара кәсіпкерлікте кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер жасалады, заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан құқықтар мен міндеттер иемделінеді және жүзеге асырылады. Азамат, өз кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәміле жасағанда, егер жасалған мәмілердің мән-жайларынан айқын көрініп тұрмаса, өзінің жеке дара кәсіпкер ретінде әрекет ететінін көрсетуі керек. Мұндай көрсетудің болмауы жеке дара кәсіпкерді өз міндеттемелері бойынша көтеретін тәуекелден және жауапкершіліктен босатпайды. Өз қызметін жүзеге асырғанда жеке дара кәсіпкер мәтіндері сол адамның жеке дара кәсіпкер екендігін анық көрсететін іскерлік құжаттаманың жеке бланктерін, мөрлерді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.

 

2. Меншік құқығына ие болу әдістерібастапқы және кейінгі болып бөлінеді. Меншік құқығын алудың бастапқы тәсілдері басқа тұлғаның меншігінен тундамайды. Мұндай тәсілдер болып табылады:

- оккупация, ешкімге тиесілі емес өзінің меншігіне айналдыру;

- иеленудің мерзіміне байланысты затты меншікке алу. Иелену құқығын алу мерзімі - затты абыройлықпен жалғастырып иеленуге байланысты меншік құқығын алу.

- Көмбе табу. Рим құқығы бойынша көмбенің жартысын тауып алған, екінші жартысын жер иесі алады.

Меншік құқығын алудың кейінгі тәсілдері бастапқы меншік иесінің құқығына негізделеді. Мұндай тәсілдер болып табылады:

- Затты тапсыру (әдет-ғұрып - traditio). Әдет-ғұрып – бұл затты меншікке тапсыру ниетімен байланысты. Әдет-ғұрыптың негізі болып келісім-шарт табылған.

- Спецификация, яғни затты қайта өңдеп алу. Спецификацияның негізінде бір заттан басқа бір зат пайда болды.

- Заттарды қосу, яғни бір затты екіншісіне қосып, оның құрамдас бөлікке айналып кетуі.

- Мұрагерлік бойынша. Меншік құқығы мұраға қалдырушы қайтыс болған кезде мұрагеріне көшеді.

- Біреудің меншігінің табысы мен көмбесін қолдану.

- Претор немесе сот шешімі.

Затқа меншік құқығы жойылады:

- Дереликции, яғни, иесінің өз еркі бойынша меншігінен бас тартуы.

- Зат өлген кезде;

- Иеліктен шығарған кезде;

- Иесінің мүлкін тәркілеген кезде;

- Заттың азаматтық құқық айналымынан алынып тасталуы.

Меншік құқығының қорғалуы кез келген бұзушылыққа қарсы бағытталған заттық талап-арыз арқылы жүзеге асты. Меншік құқығы үшін негізі виндикациондық және неготорлық талап-арыздың түрлері болған.

Меншік құқығына ие болу негіздері.

Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.

1. Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу –сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.

2. Көзделген реттермен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке мншік құқығын алуы мүмкін.

3. Тұтыну (тұрғын үй, құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативтің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады.



Просмотров 1977

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!