Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Заттың қирауы және жойылуы



Заттың жойылуы физикалық және юридикалық жойылу арқылы болуы мүмкін. Физикалық жойылу дегеніміз- заттың толық жойылуы немесе ол заттың сапасы жоғалтылған жағдайға келтірілген болса. Юридикалық жойылу дегеніміз затты азаматтық айналымнан алып тастау.

 

6-билет1. Ортақ меншік ұғымы және пайда болу негіздері Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен,заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан да көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да меншікке қатысушылар,ал құқық ғылымында және оқулық әдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.

Көпсубъектілік ортақ меншіктің субъективтік құқығының ерекшелігін көрсетеді.

АК-ның ортақ нормалар ретінде көрініс табатын бір субъектілік құқық нормалары ортақ меншік құқығын да реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттейді.

Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (209-баптың 2-тармағы. Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса,мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.

Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едәуір бөлек болып келеді. Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиынтықта болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана болады, олар көбіне бірімен бірі туыстық қатынаста болады.

Бірлескен меншік заң құжатарында тікелей көзделген жағдайда ғана белгіленеді.

Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен, ал ондай келісімге олар өзара қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен меншіктегі ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ үлесті меншікті оған қатысушылардың келісімі бойынша немесе сот шешімі бойынша бірлескен меншікке айналдыру заңда көзделмеген.

Түріне қарамастан, ортақ меншік барлық оның қатысушыларының меншігі болып саналады, сондықтан ол көпсубъектілік меншік. Ортақ меншік құқығындағы меншік иелері арасында белгілі бір заттың жеке басы, мұндай заттардың жиынтығы немесе тұтас мүліктік кешен (мысалы, құқық объектісі ретіндегі кәсіпорын) түріндегі бөлінбеген объект болады. Сонымен ортақ меншіктің қатысушылары әрқайсы өзінше, басқаларынан бөлек, ортақ меншіктегі мүлікке түгелдей де, оның бөлек заттарына, бөліктері мен үлестеріне де меншік иесі бола алмайды.

Затқа ортақ меншікті заттың өз меншік иесі бар әрбір бөдшегіне меншік құқығынан ажырата алу керек. Мысалы, көппәтерлі үйде пәтерлердің әрқайсының және тұрғын емес жайлардың өз меншік иелері болуы мүмкін,ал ортақ меншік туындамайды. Бірақ, пәтерлердің барлық меншік иелерінің ортақ меншігі пәтерлерді бір бүтінге тұрғын үйге біріктіретін үйдің бөлшектері. Жылжымайтын мүлікке мұндай меншік,яғни жылжымайтын мүліктің жекелеген бөлігі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың дара меншігінде,ал қалған бөліктері олардың үлестік меншік құқығында болса, ол кондоминиум деп аталады(АК-ның 209-бабының 6-тармағы).

Ортақ меншік ұғымы кең ауқымды ортақ мүлік ұғымының негізгі түрі. Соңғы ұғым тек ортақ меншікті ғана емес, сонымен қатар ортақ заттық және міндеттемелік мүліктік құқықтарды да қамтиды. Сондықтан, ортақ меншік құқығын, ортақ мүлікке құқықтың түрі ретінде, басқа ортақ заттық және міндет-темелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық құқықтың неғұрлым заң жүзінде реттелген түрі-ортақ жер пайдалану құқығы. Бұл құқық, егер заңды түрде азаматтық айналымда жүрген болса, өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын. Ортақ жер пайдалану құқығы,ортақ меншік құқығы сияқты үлестік және бірлескен болуы мүмкін. Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы, ортақ шаруашылық жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару құқығы, заң тұрғысынан онша реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң жоққа шығармайды. Мысалы, екі немесе бірнеше мемлекеттік кәсіпорындардың ортақ шаруашылық жүргізу құқығында осы кәсіпорындардың қаражатына тұрғызылған үй болуы мүмкін. Ортақ заттық құқықтар туралы заңнамада ол қылықтар болса ортақ меншік туралы азаматтық заңнаманың ұқсас қалыптарына жүгінуге болады.

2. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығы Мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі жеке меншіктің кеңінен тараған түрінің бірі болып табылады.
Жекешелендіру үрдісі кезінде жеке меншікке негізделген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолындағы мүліктердің саны күрт өсіп кетті.
Азаматтық кодекс мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқылық түрін қарастырады. Осыған байланысты мемлекеттік емес занды тұлғалардың меншік құқығы институты шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік коғамдардың (компаниялардың) меншік құқығы және өндірістік кооперативтердің меншік құқығы деп бөлінеді.
Арнайы қабылданған зандар, сондай-ақ кондоминиумдердің меншік құқығын, шетелдік заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың меншік құқықтарын, шетелдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың меншік құқығын қарастырады.
Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік емес заңды тұлғалар жалпы тұжырым бірлігімен сипатталады. Яғни, оның бәрі де заңды тұлға, сонымен бірге өз мүлкінің меншік иесі ретінде көрінеді. Компаниялардың мүлікке қатысушылардың ешқандай ұжымдык немесе үлестік меншігі ешқашан, еш жерде болған емес. Әдетте олар бірлескен тұлғалар, бірлескен капитал ретінде ерекшеленеді. Айта кететін жайт, компанияның қатысушылары қатысушылардың қарыздарына ешқандай жауапкершілікті мойындарына алмайды. Олардың салымдары тиісті компанияның меншігіне айналады.'



Просмотров 1565

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!