Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚҰРУ, ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ



Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектісін құру үшін, мүлік иеленушінің

құрылтайшысы ретінде саналы-жігерлі қызметі қажет. Бұның тең дәрежеде жеке кәсіпкерге де, занды тұлғаға да қатысы бар. Алайда егер заң жеке кәсіпкерге қатысты тек бір ғана құрылу тәсілін (алдын ала шешу, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркеу) белгілесе, ал заңды тұлғаларға қатысты мұндай тәсілдер үшеу:

1) өкімдік - мемлекеттік билік немесе басқару органының тікелей бұйыруы, өкім беруі жолымен құрылады (мұндай бұйрықты мүліктің меншік иесі немесе оның өкілі өкімдік акт шығару түрінде бере алады Осындай тәртіппен, мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер құрылады);

2) рұқсат беру - заңды тұлғалар өздерінің құрылтайшыларының (мемлекеттік және жеке кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар) бастамашылығымен, бірақ тиісті мемлекеттік мекемелердің рұқсат беруімен құрылады;

3) алдын ала шешу (тіркеу) - заңды тұлғаны мұндай жолмен құру үшін мемлекеттік органның рұқсаты талап етілмейді (екі шарттың болуы қажет:

1) мұндай заңды тұлға құру тәртібі занда алдын ала көзделуге тиіс;

2) заңды тұлға мүшелерінің тиісті заң актісі талаптарына жауап беретін ұйымға бірігу туралы жалпы жиналысының шешімі болуы керек).

Заңды тұлғаның заңдық қабілеті ол кез келген заңды тұлға үшін міндетті саналатын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады.

Жеке кәсіпкерлік туралы заңмен жеке кәсіпкерлік субъектілерін заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің әртүрлі тәсілдері белгіленген.

Жеке кәсіпкерлік субъектлері – жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, айтатын болсақ, оларды тіркеу тәртібі жеке кәсіпкерлік туралы заң нормаларына сәйкес анықталады. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және тұлғаларды мемлекеттік тіркеу алдын ала шешілген сипатта болады және оны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенде көрсетілген тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық салық органында есепке алудан тұрады.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шектеусіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу үшін, жеке кәсіпкер тіркеуші органға:

1) тіркеуші орган белгілеген үлгі бойынша арыз;

2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін соманың төленгенін растайтын құжат;

3) түпнұсқасын көрсете отырып, жеке тұлға екендігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3,5х4,5 көлеміндегі сурет;

5) жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқын растайтын) құжат табыстайды. Егер арызданушы кәмелетке толмаған болса, онда аталған құжаттарға ата-анасы, асыраушысының немесе қамқоршының келісімі, ал мұндай келісім беру болмаса, кәмелетке толмаған адамның әрекет етуге толық жарамдылығы туралы сот шешімі қоса беріледі.

Қайта тіркеу заңды тұлға емес, жұмыс істеп жатқан тіркелген заңды тұлғаны қолданылып жүрген заңдар талаптарына сәкестендіру дегенді білдіреді. ҚР АК 42-бабының 6-тармағына сәйкес, заңды тұлға мынадай:

1) жарғы капиталының және акционерлік қоғамның жарияланған жарғы капиталының көлемі азайған;

2) заңды тұлға атауы өзгерген;

3) шаруашылық серіктестерінде және жабық акционерлік қоғамдарда қатысушылар құрамы өзгерген жағдайларда және басқадай негіздер бойынша қайта тіркеуден өткізіледі.

 

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату

 

Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сонымен қатар заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен өкілеттік алған органның шешімі немесе заң актілерімен қарастырылған жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заң заңды тұлғаны қайта кұрудың бес формасын: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгертуді (соны­мен бірге басқа формаларда да қайта құруды іске асыру мүмкіндігі көзделген) ерекше атап көрсетеді.

Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға: қосылған және біріккен жағдайда — өткізу актісіне сәйкес, ал бөліну, бөлініп шығу жағдайында - бөлу теңгеріміне (баланс) сәйкес өтеді.

Заңды тұлғаны тарату - бұл оның заңды тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен шығарылу жолымен қызметін тоқтатуы. Заңды тұлғаны тарату нәтижесінде - қайта құрудан айырмашылығы - мұнда құқықтық мирасқорлық болмайды

 

 

КӘСПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ МҮЛІКТІҢ

ЫҚТЫҚ РЕЖИМІ

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей

Басқару құқығы

 

Меншік материалдық және материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынас болып табылады. Меншік құкығы - субъектінің өз иелігіндегі мүлікті қалауы бойынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқығы.

Иелену құқығы - мүлікті іс жүзінде иеленуді іске асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Пайдалану құқығы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін шығарудың, сонымен қатар одан пайда табудың (табыс, өсім, жеміс, төл және басқадай табыс түрінде) заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Билік ету құқыгы - мүліктің заңды немесе іс жүзіндегі нақты тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Меншік иесі өз қалауымен иелігіндегі мүлікке қатысты кез келген әрекетті орындауға, оның ішінде бұл мүлікті басқа адамдар меншігіне басыбайлы беруге, меншік иесі болып қала отырып, оларға иелену, пайдалану және билік ету бойынша өз өкілеттіктерін беру әрекеттерін іске асыруға, мүлікті кепілдікке беруге немесе оны басқадай тәсілдермен жүктеуге, басқаша түрде билеуге құқылы.

 

 

Мүлік (түсінігі және құрылымы)

 

Жоғарыда айтылып кеткендей, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс.

Заң әдебиетінде «мүлік» ұғымын анықтауда бірмағыналылық жоқ. Бүгінгі күні негізгі үш бағыт қалыптасқан:

1) мүліктің материалдық түсінігі (мүлік деп белгілі бір тұлғаның меншік құқы немесе басқадай заттық құқы бар заттардың және мүліктік құқықтардың жиынтығы ұғынылады);

2) мүліктің міндеттемелік түсінігі (мүлік деп заттар мен мүліктік құқықтар жиынтығы ұғынылады); мүліктің кең мағынадағы түсінігі (мүлік деп иеленушінің мүліктік жағдайын сипаттайтын заттардың, мүліктік құқықтар мен міндеттердің жиынтығы ұғынылады).

Сондықта заң шығарушы «мүлік» ұғымының кең түсініктемесін қабылдады, себебі, ҚР азаматтық заңы мүліктің төмендегідей құрылымын анықтап береді: заттар (ақша мен бағалы заттарды қосқанда); жұмыстар мен қызметтер; зияткерлік меншік; мүліктік құқықтар (талап ету құқығы); міндеттер (борыштар). Бұл жерде «мүлік» санатының заңдық анықтамасы, бірінші кезекте, тәжірибе мүдделеріне жауап береді.

Сонымен мүліктің төмендегідей түрлерін бөлуге болады:

1) зат­тар;

2) акша;

3) бағалы қағаздар;

4) жұмыстардьщ нәтижелері;

5) кызметтер;

6) шығармашылық зияткерлік қызметтің нысандандырылған нәтижелері;

7) мүліктік құқықтар.



Просмотров 8033

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!