Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер



 

Кәсіпкерлік шарттардың тек өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар.

Кеңестік шаруашылъщ құқық теоретиктерінің бірі А.Г.Быковтың пікірі бойынша, шаруашылық шарттың өзгеше белгілері: арнайы субъектілік құрам; шаруашылық шартпен қоғамдық қатынастардың ерекше саласын жанама түрге келтіру; шаруашылық шарттың жоспарлы сипаты больш табылған. Әрине, қазіргі заман жағдайында бұрыннан келе жатқан шарттарды жоспарлы және жоспарлы емес деп бөлу енді қолданыс таппайды. Е.А.Суханов әділдікпен атап кеткендей, қалыпты, азаматтъщ шарттан айырмашылыгы тек оның қатысушылары бір-бірімен ештеңеге келісе алмай, жоспарлау-реттеу органдарының нұсқаулары бойынша шарт тараптары болып жарияланған шаруашылық шарт құрылысы енді келмеске кетті. Бірақ соған қарамастан, шаруашылық шарттың басқадай белгілері нарықтық қатынастар жағдайында да өзектілігін жойған жоқ.

Шартты кәсіпкерлік деп тану үшін айтарлықтай маңызы жоқ тағы бір белгі - бұл шарттың қайтарымдық сипаты больш саналады, өйткені басты және айқындаушы белгі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалатын шарттың кәсіпкерлік мақсаты, ал ол кәсіпкерлік қызметтің қайтарымдық сипатын да, басңадай белгілерін де алдын ала айқындайды.

Сонымен, кәсіпкерлік шарттың басты және айқындаушы белгісі екеу: 1) айрықша субъектілік құрам (тараптар немесе тарап-тардың біреуі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табьшады); 2) шарт жасасудың мақсаты (шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалады, сол себепті кәсіпкерліктің барлық белгілеріне сай болады).

Кәсіпкерлік шарт қызметтеріне мыналар жатады:

1) кәсілкерлік қызмет субъектілері арасьгада заңдық маңызы бар байланыстар орнату қызметі;

2) келісімге қатысушылардың өзара байланысты қызметінің мазмұнын (яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретіндегі тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерін) анықтау қызметі;

3) кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру қызметі (кәсіпкерлік қызмет субъектілері шарт жасаса отырып, оның формасын, шарттарын, түрін, тараптардың кұқықгары мен міндеттемелерін және т.б. өз қалаулары бойынша айқындауға құқылы);

4) келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету қызметі (міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің қосымша тәсілдерін белгілеу жолымен және т.б.). Бұл қызметгер барлық кәсіпкерлік шарттарға тән, ортақ қызметтер болып табылады (әдебиетте кәсіпкерлік шарттармен орындалатын қызметтерге қатысты басқа да пікірлер бар болса да, мысалы, мынадай: коммерциялық ұйымның ішкі қатынастарын оңтайландыру қызметі, сонымен қатар өтемдік және жазалау қызметтері).

 

 

Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату

Ерекшеліктері

 

Кәсіпкерлік шарттың формасы мәмілелер мен шарттардьщ формасына жататын жалпы ережелермен, сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрлерінің формасына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет аясы машықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызмет үдерісінде жүзеге асырылатын; сонымен қатар нақгы мәмілелерден басқа, жүз есептік көрсетшштен асатын сомаға жасалатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиіс.

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалтанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады; алайда тараптар мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген жағдайда мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз больш қалуына әкеліп соқтырады (ҚР АК 153-бабының 3-тармағына сәйкес, мәмілелердің жай жазбаша түрі сақталмағаң жағдайда, сыртқы экономикалық мәмілелер жарамсыз деп танылады).

Егер заңдармен, шартпен немесе іскерлік қызмет дағдыларымен өзгедей жағдай көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу туралы келісім шарттың жасалған түрінде орындалады. Тараптардың бірі екінші тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныстан бас тартатынын хабарлағаннан немесе ұсыныста көрсетілген немесе шартпен немесе заңмен белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім белгіленбеген болса, отыз күн ішінде жауап бермеген жағдайда шартты өзгерту немесе бұзу туралы сотқа арыз бере алады.

Шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтатылады, ал өзгергенде әрекет ете береді, бірақ өзгерген түрінде. Міндеттемелердің тоқтатылуының немесе өзгеруінің уақыты тараптардың шартты өзгерту немесе бұзу туралы келіскен сәті болып табылады, ал шартты бұзу немесе өзгерту сот тәртібімен шешілген жағдайда, соттың шартты бұзу немесе өзгерту туралы шешімі заңды күшіне енген сәттен есептеледі.

Шартты орындаудан біржақты бас тартуға (шарттан бас тартуға) азаматтық заңмен, басқадай заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайларда рұқсат етіледі. Сонымен, мынандай: шартқа негізделген міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі (ҚР АК 374-бабы — орындаудың мүмкін болмауы себепті міндеттеменің тоқтатылуы, егер ол борышкер жауапты болмайтын жағдайдан туындаса); белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот болып танылса; соның негізінде шарт жасалған мемлекеттік органның актісі өзгергенде немесе заң күшін жойғанда; сонымен қатар егер заңмен немесе тараптардың келісімімен басқадай көзделмесе, шарт мерзімі көрсетілмей жасалған жағдайларда тараптардьщ біреуі шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Егер заңмен немесе тараптардың келісімімен өзгедей белгіленбесе, тараптар шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін міндеттемелері бойьшша орындағандарын қайтаруды талап етуге құқылы емес. Егер шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты елеулі бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуы немесе өзгеруі себепті келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

 

 



Просмотров 5422

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!