Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу



 

Сақтандыру қызметі - бұл уәкілетті органның ҚР заңдарының талаптарына сәйкес берілген лицензия негізінде немесе ҚР өзара сактандыру туралы заң актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын, сактандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға және орындауға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі.

Сақтандыру - бұл жеке және заңды тұлгаларды сақтандыру

жагдайларының зардаптарынан корғауды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі екені заң тұргысында бекітілді (Сактандыру туралы Заңның 1-бабы).

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті түрінде төмендегі топтарды қамтиды:

1) өмірді сақтандыру (сақтанушы қайтыс болған немесе сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

2) аннуитеттік сақтандыру (жыл сайын төлем жасау) - бұл зейнетақы немесе рента түрінде сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбекке қабілеттігін жоғалтқан (жасы бойынша, мүгедектігі бойынша, ауруы бойынша), асыраушысы қайтыс болған және жұмыссыздық жағдайларьшда немесе сақтанушының жеке табыстарының төмендеуіне немесе жоғалуына жеткізген басқа жағдайларда, шартпен белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңмен сақтандыру төлемдерін төлеп тұруды қарастыратын жинақтық сақтандыру түрлерінің жиынтығы).

3) өмірде белгілі бір жағдайдың орын алуына байланысты сақтандыру (сақтандырылушының өмірінде алдын ала айтылған оқиға (некеге тұру немесе сәбидің дүниеге келуі) орын алған жағдайларда белгіленген сомада сақтандыру төлемін төлеу қарастырушы жинақтық сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

4) сақтандырушының инвестщиялық табысына сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру (сақтандырылушы қайтыс болған немесе сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда, сақтанушының (сақтандырылған, пайда алған адамның) сақтандыру ұйымының қосымша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру немесе сақтандыру сомасын көбейту көмегімен инвестициялық қызмет жүргізу нәтижесінде тапқан пайдасына қатысу шартымен сақтандыру төлемін белгіленген сомада төлеу немесе сақтандыру төлемін зейнетақы немесе рен­та түрінде төлеу қарастырылатын жинақтық сақтандыру жиынтығы).

«Жалпы сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті түрінде төмендегі топтарды қамтиды:

1) жазатайым оқиғадан сақтандыру (сақтандырылушы қайтыс болған, еңбекке қабілеттігін (жалпы немесе кәсіптік) жоғалтқан (толықтай немесе ішінара) немесе жазатайым оқиға кесірінен сақтанушының денсаулығына зиян келтірілген, кәсіби ауру-сырқау жағдайларында сақтандыру төлемін белгіленген сомада және (немесе) сақтандырылған адамның шығындарын ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде жүзеге асыру қарастырылатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

2) ауру-сырқау жағдайына байланысты сақтандыру (жазатайым

оқиғадан сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушының ауыруына

немесе денсаулығының басқадай бұзылуына байланысты, сақтандыру төлемін белгіленген сомада және (немесе) сақтандырылған адамның шығындарын ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде жүзеге асыру қарастырылатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

3) автомобиль көлігін сақтандыру;

4) теміржол көлігін сақтандыру;

5) әуе көлігін сақтандыру;

6) су көлігін сақтандыру;

7) жүктерді сақтандыру (жүктерді иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты, жолжүгін, тауарларды және өнімдердің басқадай түрлерін қосқанда, сондай-ақ тасымалдау тәсіліне байланыссыз, олардың бүлінуі, жойылуы, жоғалуы себепті мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

8) мүлікті залалдан сақтандыру, 3-7-тармақтарда көрсетілген топтардан басқа (мүлікті иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты, оның бүлінуі немесе жойылуы, ұрлануы себепті мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

9) автомобиль көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

10) әye көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

11) су көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Сонымен, сақтандыру нарығына катысушылар тобына мыналар кіреді:

1) сақтандыру ұйымы немесе сақтандырушы (сақтандыру шарттарын жасау және орындау бойынша қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде немесе ҚР өзара сақтандыру заңына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын занды тұлға);

2) қайта сақтандыру ұйымы немесе қайта сақтандырушы (қайта сақтандыру жасау және орындау бойынша қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға);

3) сақтандыру брокері (сақтандырушымен шарттар жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының тапсырмасымен соның мүддесіне өкілеттік ететін немесе өз атынан сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасауға байланысты делдалдық қызмет атқаратын, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беру қызметін орындайтын заңды тұлға);

4) сақтандыру агенті (бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және солардың тапсырмасымен өзіне берілген өкілеттіктерге сәйкес сактандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызмет атқаратын жеке және заңды тұлға);

5) сақтанушы (сақтандырушымен сактандыру шартын жасасқан занды немесе жеке тұлға);

6) сақтандырылған адам (соған қатысты сақтандыру жүзеге асырылған адам; егер шартта өзгедей көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам да бола алады);

7) пайда алушы (сақтандыру шартына немесе міндетті сактан­дыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылады);

8) актуарий (сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің, сақтандыру сыйақылары мөлшерлемелерінің көлемін экономикалық-математикалық есептеуді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілетінің және қаржылық орнықтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сак­тандыру және қайта сақтандыру ұйымының өткізіліп жатқан және өткізуге жоспарланған сақтандыру түрлерінің пайдалылығын және табыстылығын бағалайтын, өкілетті органның лицензиясын алған жеке тұлға).

 



Просмотров 3604

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!