Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері



 

Кәсіпкерлік субъектілерін жіктеу әртүрлі негіздер бойынша жұргізілуі мүмкін. Біріншіден, соның негізінде құрылған және жұмыс істейтін меншік түріне байланысты мемлекеттік және жеке ұйымдарды бөлуге болады. Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің заңды тұлға құқықтарының болуы немесе болмауына сүйене отырып, оларды мынадай: кәсіпкерлер - заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер деп саралауға болады. Үшіншіден, ұйым пайда (табыс) табу үшін құрылғанына және оны өзара қатысушылар (құрылтайшылар) арасында бөлісуіне байланысты коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар деп бөлуге болады.

Бөлудің басқа негізі ретінде жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен белгіленген сандық және сапалык көрсеткіштері алынуы мүмкін және соларға сәйкес жеке

кәсіпкерлік субъектілері;

1) шағын кәсіпкерлік субъектілері;

2) орташа кәсіпкерлік субьектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері деп үш топқа белінген.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын жеке кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі активтерінің орташа жылдық құны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген (заңға сәйкес 2009 ж. қантардьщ 1-інен бастап, АЕК - 1273 теңге) алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен (бұдан ары қарай -АЕК) жоғары емес жеке кәсіпкер-лікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады, ал шағын кәсіпкерлік субъекті-«лері жұмыскерлерінің орташа жыддық саны барлық жұмыскерлерді филиалдар, өкілеттіктер және сол субъектінің баска да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса есептеп анықталады.

Аталған шарттардың біреуі артық болған жағдайда, шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін қарастырылған жеңілдіктерді бір шағын кәсіпкерлік субъектісі пайдалана алмайды. Бұл жерде сөз шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы да, басқа жеңілдіктер туралы да (оның ішінде бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп-кисап жасаудың онайлатылған түрі) болып отыр.

Сонымен қатар заң аталған шарттар талабына сай болғанмен, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайтын субъектілерді арнайы бөліп көрсетіп отыр. Атап айтқанда, оларға төмендегідей кызмет түрлерін:

1) есірткі заттары, психикаға әсер ететін заттар, прекурсорлар айналымына байланысты қызмет;

2) акцизделген өнім өндіру және (немесе) көтерме саудамен сату қызметі;

3) астық қабылдау орындарында астык сақтау бойынша қызмет;

4) лотерея өткізу кызметі;

5) ойын-сауык және шоу-бизнес саласындағы қызмет;

6) сертификация, метрология және сапаны басқару саласындағы қызмет;

7) мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын шығару бойынша қызмет;

8) радиоактивті материалдар айналысына байланысты кызмет;

9) банк кызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы (сақтандыру агенттігінің қызметінен басқа) кызмет; 10) аудиторлық кызмет;

11) бағалы қагаздар нарығындағы кәсіби кызмет («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 6-бабы, 4-тармағы) жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жаткызылады. Мұндай шектеулер кездейсоқ енгізіліп отырған жоқ, аталған субъектілер мемлекеттік қолдау шараларының көрсетілуіне мұқтаж емес деген жорамал жасалған.

Орташа кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмастан, жұмыскерлерінін орташа жылдық саны елу адамнан асатын жеке кәсіпкерлер де, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны елу адамнан асатын, бірақ екі жүз адамнан артық емес және активтерінің орташа жылдық кұны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалык бюджет туралы заңмен белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар да саналады («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заннын 6-бабы, 7-тармағы).

Ірі кәсіпкерлік субъектілері болып жұмыскерлерінің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын немесе активтерінің орташа жылдық кұны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалык; бюджет туралы заңмен белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлык есептік керсеткіштен жоғары жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 6-бабы, 8-тармағы).

Акырында, кәсіпкерлік кызмет субъектілерін жіктеу олар атқаратын кызметтерге байланысты болып шықты. Осы ұстанымдар бойынша:

1) кәсіпкерлік қызмет субъектілері (кәсіпкерлік қызметте жүзеге асыру негізгі міндет болып саналатындар);

2) негізгі міндеті әлеуметтік, мәдени, ғылыми және басқадай шаруашылық қызмет болып табылатын кәсіпкерлік құқық субъектілері (олардың негізгі міндеттерін іске асыру үшін шаруашылық айналымға түсу, кәсіпкерлік шарттар жасасу және т.б. қажет болатын жағдайларда кәсіпкерлік құқық субъектілері ретінде әрекет ететін коммерциялык емес уйымдар);

3) кәсіпкерлік қызметті реттеуді (ұйымдастыруды) жүзеге асыратын субъектілер (оларға, бәрінен бұрын, шаруашылық қызметті тиісті аумакта реттейтін, кәсіпкерлік қызметті өздері құрған мемлекеттік кәсіпорындарда ұйымдастыратын мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқару органдары жатады) жеке-жеке ажыратылады.

 

 



Просмотров 9326

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!