Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі



 

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесін ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі және төмендегі топтарға біріктіруге болатын басқа да нормативтік құқықтық актілер құрайды.

Бірінші топқа кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі бастамаларын белгілейтін арнайы нормативтік құқықтық актілер ісіреді, олар Қазақстан Республикасының: 1995 ж. мамырдың 2-індегі № 2255-ші «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңы; 1998 ж. сәуірдің 22-індегі № 220-1 «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңы; 2002 ж. мау-сымның 24-індегі № ЗЗО-ІІ «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинге) туралы» Заңы; 2006 ж. қаңтардың 31-індегі № 124-ІИ «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы; 2007 ж. қаңтардың 11-індегі № 214-ІІІ «Лицензиялау туралы» Заңы; 2008 ж. желтоқсанның 25-індегі № 112-IV ҚРЗ «Бәсекелестік туралы» Заңы; ҚР Президентінің 1998 ж. сэуірдің 27-індегі № 3928інші «Азаматтар-дың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау туралы» Жардығы; ҚР Президентінің 1999 ж. мамырдың 28-індегі № 49-ыншы «Азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау бойынша қосымша шаралар туралы» өкімі: ҚР Үкіметінің 2005 ж. сәуірдің 23-індегі № 1560-ыншы «Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» қаулысы; ҚР Үкіметінің 2006 ж. маусымның 2-індегі № 496-ыншы «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптау кеңестері жөніндегі Үлгі ережелерді бекіту туралы» қаулысы; ҚР Үкіметінің 2006 ж. мамырдың 31-індегі № 477-інші «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркеу ережелерін бекіту туралы» қаулысы және басқалары.

Екінші топқа шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы норма-тивтік құқықтық актілер кіреді, олар: ҚР Үкіметінің 2003 жылғы маусымның 17-індегі № 572-інші «Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъекті-лері қызметіне тексеру жүргізуінің Ережелерін бекіту туралы» қаулысы; ҚР Үкіметінің 2003 ж. сәуірдің 4-індегі № 327-інші «Шағын кәсіпкерлік субъ-ектілеріне республикалық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын нысан-дарын мүліктік жал-дауға немесе соңынан қайтарымсыз меншікке алу құқы-мен сенімдік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы» қаулысы; ҚР Үкіметі-нің 2005 ж. мамырдың 12-індегі № 450-інші «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарына шағын жэне орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша же-делдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы және басқа-лары.

Үшінші топты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы актілер - Қазақстан Республикасының: 2001 ж. шілденің 9-ындағы № 225-ІІ «Ғылым туралы» Заңы; 2006 ж. наурыздың 23-індегі № 135-ІІІ «Инновация-лық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы; ҚР Президентінің 2006 ж. наурыздың 16-ындағы № 65-інші «Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық саясаты аясында ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабіле-тін ары қарай көтеру бойынша мемлекеттік шаралар туралы» Жарлығы; ҚР премьер-министрінің 2006 ж. шілденің 17-індегі № 206-О «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» өкімі және басқалары құрайды.

Төртінші топты тұтынушылар қуқықтарын қорғау туралы актілер - Қазақ КСР-інің 1991 ж. маусымның 5-індегі № 640-ХІІ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының: 1998 ж. шілденің 9-ындағы № 272-1 «Табиғи монополиялар туралы» Заңы; 2001 ж. мамырдың 8-іидегі № 197-11 «Тұтынушылар кооперативі туралы» Заңы; 2003 ж. сәуірдің 8-індегі № 404-ІІ «Су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушы-лар кооперативі туралы» Заңы; 2004 ж. сәуірдің 8-індегі № 543-И «Тағам өнімдерінін сапасы және қауіпсіздігі туралы» Заңы; ҚР премьер-министрінің 1999 ж.қазанның 21-індегі №151-р «Қазақстан Республикасыңда тұтынушы-лар құқықтарын корғау бойынша нормативтік құқықтык базаны жетілдіру мәселелері» туралы өкімі және басқалары құрайды.

Бесінші топқа отандық тауар ендірушілерге қолдау көрсету туралы актілер - Қазақстан Республикасының: 1998 ж. желтоқсанның 28-індегі № 337-1 «Тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» Заңы; 1999 ж. шілденің 13-індегі № 421-1 «Демпингке қасы шаралар ту-ралы» Заңы; 1999 ж. шілденің 16-ындағы № 441-1 «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» Заңы;

Алтыншы топты кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін реттейтін нормативтік қуқықтық актілер - Қазақстан Респуб-ликасыньщ: 1995 ж. сәуір-дің 5-індегі № 2170-інші «Тауар биржалары туралы» Заңы; 1995 ж. тамыздың 31-індегі № 2444-інші «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы;

Жетінші топқа кәсіпкерлік қызметтің жекелеген аспектілерін реттейтін жалпы сипаттағы нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан Республикасының: 1997 ж. шілденің 16-ындағы № 167-1 Қылмыс-тық кодексі; 2001 ж. қаңтардың 30-ындағы №155-ІІ Әкімшілік құқық бұзу-шылық туралы кодексі;

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызмет туралы заңдары жүйесіне ҚР халықаралық шарттары кіреді.

 

 

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

(ҰҒЫМЫ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ)

 

Кәсіпкерлік адам қызметінің салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет – бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзінде асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналды-ратын объективті экономикалық заңдар саналады.

Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін баста-машылық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет – ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемле-кеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Экономикалық қызмет – бұл өндірісті, сауда-саттық-ты, көлік қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қызмет. Экономикалық қызмет қндірісті, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды қосқандағы материал-дық және рухани игіліктер үдірісінен көрініс табады.

Егер осы ұйымдарды салыстыратын болсақ, онда төмендегіні айқындауға болады: кәсіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделеген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Шаруашылық қызмет – кәсіпкерлік қызметке қарағанда кеңірек ұғым, өйткені оны іс жүзіне асыру үшін кәсіпкердің ерекше мәртебесі болғаны талап етілмейді, онымен коммерциялық емес ұйымдар да айналыса алады (егер бұл олрдың мақсат-мұраттарына сай келсе және заңға қайшы болмаса).

Қазақстан Республикасының зааңдарында «кәсіппкерлік қызмет» түсінігінің орнына «кәсіпкерлік» деген термин енгізілген (соғн сәйкес мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік деп ажыратылады). Сөйтіп, «жеке кәсіпкерлік» деп жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектлерінің өздерінің меншігіне негізделген және олардың тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігі үшін жеке кәсіпкерлік субъектлері атынан жүзеге асырылатын бастамашылық қызметін айтамыз («Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы 1-бабының 5-тармағы). Сол себепті кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:

1) кәсіпкершілік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;

2) меншіктің болуы;

3) тәуекел сипаты;

4) пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.

Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметінің жүзеге асыруының негізі болып табылады. ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлігін кез келген заңды кәсіпкерлік кызмет үшін пайдалануға құқылы. Сонымен бірге, белгілі бір мүлікті иелену кәіпкерлік кызметген айттмсуга мршңзш бередц яғни кәсіпкерлік кызметгі жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылады. ҚР Азаматтык кодексі аякын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей баскару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады (ЗЗ-бабы І-тармағы), сондыктан оқшау мүліктің болмауы кандай да бір ұйымның занды тұлға, тиісінше кәсіпкерлік кызмет субъектісі деп танымалуына себеп болады.

Кәсіпкерлік кызметтің маңызды белгісі пайда, табыс та6у өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдык және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін.

 



Просмотров 5135

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!