Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі



Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және

Даму тарихы

 

Кәсіпкерлік құқықтың жетілуі сауда құқығының пайда болуына байланыс-ты тарихи қалыптасты. Бастапқыда сауда құқығы Батыс Еуропа мен Азия ара-сындағы сауда-саттықтың дамуында делдалдық қызмет атқарған Италияда пайда болды. ХІ-ХІІІ ғасырларда консулдық соттар шешімдеріне негізделген қарапайым (үлгі боларлық) құқық болып табылатын итальяндық сауда құқығы қалыптасты. Сауда құқығының ары қарай дамуы Италияның сауда-саттық үстемдігін Франция кейіннен Испания, Англия, Голландия сияқты елдер ал-мастырған XV-XVIII ғасырларға жатады. 1673 жылы Францияда Сауда кодексі (Құрлық саудасы туралы ордонанс), ал 1681 ж. тарихқа Кольбер (Людовик XIV билігі кезінде министр лауазымын атқарған, бұл кодекстерді қабыл-дауға негізгі бастамашы болған) ордонанс-тары ретінде енген Теңіз кодексі (Теңіз саудасы туралы ордонанс) қабылда-нады. Демек, әуел баста сауда заң-дары, ал тек 130 жыл өткен соң ғана азаматтық заңдар бір жүйеге келтірілген (кодификацияланған). Францияның 1804 жылғы Азаматтық кодексі (Напале-онның Азаматтық кодексі деген атаумен танымал) және Францияның 1807 жылғы Сауда кодексі азаматтық және сауда құқығы дуализмінің, яғни жеке құқық дуализмінің негізін қалады.

 

 

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі

Заманға ұғымы

 

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқыққа қатысты оның мәні және құқықтық табиғатын түсіну үшін, негізгі үш көзқарасты бөліп айтуға болады:

Сонымен, бірінші көзқарасқа сәйкес, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық тақырыбының мазмұны мен әдістерінің айтарлықтай өзгергенін түсінеді. Сойтіп, В.С. Мартемьяновтың пікірі бойынша кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық саласына тауарларды , жұмыстарды және қызметтерді өндіру үшін азаматтардың меншігін сату барысында пайда болған қатынастар көшті, сонымен қатар субъектілердің – тшаруашылық қатынастарына қатысушылар-дың (бұлар жеке тұлғалар – кәсіпкерлер де, ал заңды тұлғалар – кәсіпорын-дар, ұйыидар, заңды тұлғалар бірлестіктері, сонымен бірге өз органдары атынан мемлекет те болып табылады, яғни нарық мүдделері мен қажеттілік-тері бойынша жеке пайда табу мақсатын көздеп, кәсіби шеберлікпен әрекет ететін субъектілер) саны өскен.

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты зерттеудегі екінші бағыт кәсіпкер-лік (шаруашылық) заңының белгілі тұтастығын тануғанегізделген. Осыған байланысты Ю.Г.Басин кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық азаматтық құқықытың қосымша саласы, ал кәсіпкерлік (шаруашылық) заң заңның кешенді саласы ретінде әрекет етеді дегенді айтады.

Үшінші бағыттың өкілдері (мысалы, Н.Ю.Круглова, П.Г.Лахно, С.П.Морозов) кәсіпкерлік құқық – бұл жеке құқықтық және әр түрлі салалар-ға жататын (азаматтық құқық, әкімшілік құқық, халықаралық құқық, қаржы құқығы және т.б.) көпшілік құқықтық нормаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы дегенді мақұлдайды.

Сөйтіп, кәсіпкерлік құқық – құқықтың әртүрлі салалары нормаларын біріктіретін жан-жақты саласы.

Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: шетелдік заң әдебиетінде шаруашылық құқығын кең мағынасында түсінуді жақтайтындар оған шаруашылық қызметін іске асыру барысында пайда болатын қатынас-тарды реттейтін құқықтың әртүрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, ұаржы, еңбек, халықаралық, қылмыстық және т.б.) нормаларын сығызады.

 

 

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және

Даму кезеңдері

 

Сауда құқығы ешқашан Қазақстанның құқық жүйесінде (атап атқанда, Ресей империясына кіру кезеңінде) оқшау өмір сүрмегенін есепке ала отыр-ып, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың дамуында негізгі екі кезеңді бөліп атауға болады.

Бірінші кезең – бұл экономиканың жеке және мемлекеттік секторлары-ның қатар өмір сүруімен және экономиканың (социалистік) жаңа тұрпатын құқықтық реттеу қажеттілігімен, сонымен қатар социалистік құқық жүйесі және социалистік заңдар негіздерін құрумен сипатталады.

ХХ ғасырдың 20-30ж.ж. басталып, ал содан кейін жиырма-отыз жыл үзілістен кейін, ХХ ғ. 60-80 ж.ж. ол құқықтың дербес саласы ретіндегі шаруа-шылық құқығын құрумен аяқталды. Бұл кезеңде шаруашылық құқығы соци-алистік құқық жүйесінде жетекші орындардың бірін иеленген-ді.

Шаруашылық құқығы теориясын зерттеуге Л.И.Абалкин, Г.Л.Знамен-ский, В.В.Лаптев, В.К.Мамутов, М.Г.Масевич, В.А.Рахмилович, М.К.Сулей-менов, И.А.Танчук, Р.О.Халфин сияқты белгілі ғалымдар өздерінің маңызды монографиялық еңбектерін арнады. Шаруашылық жүргізудің әдістерін жетіл-діру, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, өнім сапасын көтеру, ғылы-ми-техникалық ынтымақтастық пен сыртқы экономикалық қызметті өркенде-ту мәселелері алдыңғы жоспарға шыққан ХХ ғасырдың 80 жылдарының екін-ші жартысында басталған «қайта құру» дегеннің табысты жүзеге асуын дәл осы шаруашылық құқығы қамтамасыз етуге тиіс болды. Алайда бұл идеялар-дың іске асуына тағдыр жазбапты, өйткені КСРО ыдырап, жаңа тәуелсіз мем-лекеттердің құрылу үдерісі басталды.

Екінші кезең – бұл шаруашылық құқығының іс жүзінде Қазақстан Рес-публикасының тәуелсіздік алған сәтінен басталып, осы уақытқа дейін жалға-сып келе жатқан кәсіпкерлік құқыққа айналу кезеңі. Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 11-індегі «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы туралы» Заңы Қазақстанның кәсіпкерлік қызмет туралы арнай заңының тууына және кәсіпкерлік құқықтың қалыптасуына бастама болды.

 

 

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің

Ралы мен әдістері

 

Дәстүрлі түрде кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық құралының құрамы-на қатынастардың үш тобы жатқызылады:

1)кәсіпкерлік мүліктік (деңгейлес қатынастар);

2) кәсіпкерлік басқару (сатылас қатынастар);

3) кәсіпкерлік фирмаішілік (корпорациялық қатынастар).

Қатынастардың бірінші тобына кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру барысында пайда болатын қатынастар, оның ішінде кәсіпкер өз қызметін іске асыру кезінде пайда болған коммерциялық қатынастар ғана емес, сонымен бірге коммерциялық емес қатынастар да, оның ішінде заңды тұлғаларды құру және тарату бойынша ұымдастырушылық-мүліктік қатынас-тар; кәсіпкерлік қатынастарға түскен комерциялық емес ұйымдардың (мыса-лы, биржалар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық қорлар және т.б.) ұйымдас-тырылуы мен қызметі бойынша қатынастар кіреді.

Қатынастардың екінші тобына кәсіпкерлік (шаруашылық) қызмет субъектілері және мемлекеттік немесе соған өкілетті басқа да органдар арасында қалыптасқан кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметті ұйымдастыруға (реттеуге) байланысты қатынастар құрайды. Мұндай қатынастар көпшілік-құқықтық болып табылады.

Қатынастардың үшінші тобына деңгейлесе де, сатыласа да қалыптаса беретін шаруашылықішілік немесе корпорациялық деп аталатын қатынастар кіреді. Мұндай қатынастар бір кәсіпорын шегіндегі оның бөлімшелері ара-сында, сонымен қатар солар және тұтас кәсіпорын арасында пайда болады.

Сөтіп, кәсіпкерлік қатынастарды қоғамның қатынастардың басқа түрлерінен ерекшелендіріп тұратын белгілер төмендегілер болып табылады:

1) кәсіпкерлік қатынастар кәсіпкерлік қызметпен байланысты, өйткені оны іске асыру барысында туады;

2) бұл қатынастардың тікелей қатысушысы болып кәсіпкер немесе басқадай шаруашылық жүргізуші субъект саналады.

Құқықтық реттеу әдісі – бұл құқықтық қатынастар қатысушыларына құқықтық ықпал ететін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы болып табылады.

Кәсіпкерлік құқық ұстанымдарының қатарына өзінің тікелей мәнін құқықтық нормаларда таба алмаған, бірақ азаматтық заңның бар жүйесін кемсітетін төмендегідей азаматтық-құқықтық ұстанымдарды да жатқызуға болады:

1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді еркін ауыстыру ұстанымы (ішкі шекара дегенді білмейтін, тауарлардың, жұмыстардың қызметтердің, қаржы қаражаттарының, шығармашылық қызмет нәтижелерінің және т.б. алмасуы еркіндігі бір мемлекет аумағында да, әртүрлі мемлкеттер арасында да шектемейтін біртұтас нарық, біртұтас экономикалық кеңістік ережелеріне негізделген):

2) кәсіпкерлік қатынастар қатысушылары ретіндегі тұтынушылар құқықтарын қорғау ұстанымы (тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді);

3) кредит берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ұстанымы (кредит берушіні қорғау борышкерге өзіне қабылдаған міндеттерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін барлық қолайсыз зардаптарды жүктеуден, сонымен қатар кредит берушіні міндеттерді кездейсоқ орындамау қаупінен және борышкердің кінәсін дәлелдеу қиындығынан босатудан көрінеді);

4) азаматтық құқықтардың қорғалуы ұстанымы (азаматтық құқықтардың қорғалуының дара сипатында, жеңіліс тапқан жақ үшін қорғау органын және азаматтық құқықтарды қорғау тәсілін таңдау еркіндігінде, сонымен қатар жеңілген жақтың бұзылған құқын қорғауға арыздануға немесе арызданбауға өз бетінше шешім қабылдауында көрініс тапқан).

Жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның қорғауды қамтамасыз ету мен шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымы Қазақстан Республикасы-ның Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде және басқа да кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормативтік актлерде бекітілген.

 

 

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі

 

Демек кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөлімі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі бастауларын және кэсіпкерлік қатынастарды реттеу-дің негізгі ұстанымдарын айқындайтын институттар және нормалардан тұра-ды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың жалпы бөлімі жүйе-сіне оның құқықтың кешенді саласы ретіндегі мэнін ашып көрсететін төмен-дегі құқық нормаларынын жиынтығы (құқық институттары) кіреді: кәсіпкер-лік қатынастар, кәсіпкерлік құқық субъектілері; банкроттық (дәрменсіздік); кәсіпкерлік қызмет (түсінігі, белгілері, түрлері мен формалары); кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу; кәсіпкерлік шарт; кәсіпкерлік қызмет саласын-дағы жауапкершілік; кәсіпкерлердің құқыктарын корғау (қорғаудың форма-лары және тәсілдері). Сонымен қатар кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөлімінде кәсіпкерлік құқықты заңды реттеу құралы мен әдісі, кәсіпкерлік құқық ұстанымдары, кәсіпкерлік құкық көздері, кэсіпкерлік құқық жүйесі және тұтас құқық саласы үшін маңызды болып саналатын басқа да мәселелер көрініс тапқан.

Ерекше белімнің басқаша арнайы құқық институттары деп аталатын құқық нормаларының жиынтығы (институттар) қатынастардың жекелеген аспектілерін немесе түрлерін реттеуге арналған. Сол себепті кәсіпкерлік құқ-ықтың ерекше бөлімін мынадай кұқық нормаларының жиынтығын құрайды: биржа қызметін кұқықтық реттеу; инвестициялық қызметті құқықтық реттеу; сыртқы экономикалык қызметті құқықтық реттеу; банк қызметін құқықтық реттеу; көлік қызметін кұқықтық реттеу; сактандыру қызметін құқықтық рет-теу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік құқықтың ерекше бөлімі жүйесіне сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың жекелеген түрлері, оның ішінде сыртқы экономикалық мәміле-лер, биржа мәмілелері, жер қойнауын пайдалану саласындагы кәсіпкерлік шарттар кіреді.

 

 



Просмотров 5866

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!