Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері



 

Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсшкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсілкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді — жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК ІО-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) жэне кәсіпкерлік қатынастардың жай қатысушысы (деңгейлес қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқьщтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: 1) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсілорындар); 2) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар) («Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңның 1-бабы, 2-тармағы).

Сонымен катар мемлекеттік кәсіпкерліктің ерекше ұйымдық-құқықтық формалары болып ұлттық компаниялар және ұлттық холдингтер әрекет етеді. ҚР Үкіметінің шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке тиесілі және заңмен көзделген жағдайларды есепке алмағанда (2003 ж. мамырдың 13-інде шыққан № 415-ІІ «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 34-бабы), ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі больш саналатын, ұлттык компаниялар мен басқадай акционөшіік қоғамдардың меншік кұқымен иеленген акциялар ниеттерін тиімді басқару үшіп кұрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.

Кәсіпкерлік қатыиастардың қатысушылары катарына ұлттық басқарушы компанияларды және ұлттық даму институттарын жатқызу керек. Ұлттық басқарушы компания болып құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Укіметі болып табылатын| негізгі мақсаты ұлттық даму институттары және баска да заңды тұлғалардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) тиімді басқару болатын акционерлік қоғам саналады. Ұлттық даму институттары - бұлар қызметінің негізгі мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлік саласында жобаларды жүзеге асыру болып табылатын акционерлік коғамдардың ұйымдық-құқықтық формасында ҚР Үкіметінің шешімімен құрылған қаржылык, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйыммдар.

Аяқтай келе, кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық затты тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асыра алатынын атап өткен жөн.

Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге - заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі (жеке кәсіпкерлік) деп бөлуге болады.

Жеке кәсіпкерлік түрлеріне дара және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Дара кәсіпкерлік пеп меншік құкымен өзіне тән мүлік негізінде сонымен бірге мүлікті пайдалануға және (немесе) билеуге басқадай құқы бар («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңнын 7-бабы, 2-тармағы) бір жеке тұлға айналысады.

Бірлескен кәсіпкерлікпен оларға ортак меншік құкымен берілген мүлік негізінде және мүлікті ортақ пайдалануға және (немесе) билеуге басқадай құқы бар («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңньш 7-6абы, 2-тармағы) жеке тулғалар тобы айналысады.

Бірлескен кәсіпкерлік формаларына мыналар жатады:

1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортак меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

2) шаруа (фермерлік) қожалығының немесе жекешелендірілген тұрғынжай негізінде жүргізілетін отбасылык кәсіпкерлік;

3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлес меншігі негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Жеке кәсіпкерлікті үш түрге саралауға болады: 1) шагын кәсіпкерлік (шағын бизнес); 2) орташа кәсіпкерлік (орташа бизнес); 3) ірі кәсіпкерлік (ірі бизнес). Бұл - әлемнің барлык дамыған елдерінде қолданылатын жалпы танымал бөлу.

«Жеке Кәсіпкерлік туралы» Заңның 6-бабы, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға тек азаматтық заңмен көзделген ұйымдық-құқықтық формада кұрыла алады, сол себепті коммерциялық ұйымдардың жеке кәсіпкерлігінің ұйымдық-кұқықтық формалары шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив болуы мүмкін (ҚР АК 34-бабы 2-тармағы). Коммерциялық емес ұйымдарды айтатын болсақ (мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, коғамдық қор, діни бірлестік түрінде және заң актілерімен көзделген басқадай формада (ҚР АК 34-бабының 3-тармағы), онда олар кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылык мақсаттарына сәйкес қана айналыса алады.

 



Просмотров 11153

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!