Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Мейманхананың ӘШҚ басшысының қызмет орнына қойылатын біліктілік талаптары
Бұл бөлімшенің басшысы көбінесе тікелей бас директорға (басқарушыға) немесе бас директордың мейманхана шаруашылығы бойынша орынбасарына (ірі отельде) бағынады. Қызмет көрсетудің жоғары стандарттары бар мейманханаларда ӘШҚ басшысының қызметіне келесідей біліктілік талаптары қойылады: Ø жоғарғы білім; Ø мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі; Ø ағылшын тілін еркін білу, басқа шет тілдерді білу құпталады; Ø отельде қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды игеру. Бұдан өзге, мұндай бөлімшенің басшысы материалдық жабдықтауды жоспарлау, персоналды басқару және т.с. саласындағы білімдердің айтарлықтай үлкен көлеміне ие болуға тиіс. Мұндай деңгейдегі басшыға мынандай қасиеттер: талап қойғыштық, жауапкершілік, тиянақтылық, коммуникабельділік, жұмысқа жоғары қабілеттілік және т.б.тән болуы керек. Housekeeping қызметінің басшысының қызмет бабындағы міндеттерінің арасында төмендегілер басым міндеттер болып табылады: Ø бөлімшенің жұмыс сапасын бақылаумен және жақсартумен байланысты мәселелерді шешу; Ø қызметті кәсіпорынның корпоративтік саясатына сәйкес басқару; Ø отель клиенттері үшін мейлінше жайлы атмосфера жасау.
2 ӘШҚ басшысының міндеттері: 1. Отельдің меймандар бөлмелеріндегі және қоғамдық бөлмелеріндегі тазалықты бақылауға. 1.1. Осы бөлімнің жауапкершілік аймағына кіретін бөлмелерді қарап шығуды үнемі жүргізіп отыруға. 1.2. Аталған бөлмелердегі негізгі жинау, қосымша жөндеу және өңдеу жұмыстары секілді шараларды жүргізуге және бақылауға. 2. Кадр бөлімімен бірлесе отырып, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, оқытып-үйрету, ынталандыру, қолдау көрсету жөніндегі мәселелерді шешуге; персоналдың жұмысын бақылауға және бағалауға, қажетті жағдайларда жұмыстан аластатуға және шығаруға. 2.1. Жұмысқа үміткерлермен әңгімелесулер жүргізуге. 2.2. Өндірістік оқуларға (тренингтерге) және қызмет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін қажетті басқа шараларға қатысып отыруға. 2.3. Қызметкерлердің оқытып-үйрететін бағдарламаларға қатысуын тексеруге. 2.4. Персоналдың аттестациясын дер кезінде өткізіп отыруға. 2.5. Бөлімшеде үнемі жиналыстар өткізіп отыруға; бөлім қызметкерлерінің жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауы (өртке қарсы дабыл кезіндегі дұрыс жүріс тұрысы) үшін жауапкершілік арқалауға. 2.6. Бөлімшенің жұмысын отельде қабылданған стандарттардың негізінде ұйымдастыруға; қызметкерлердің қызметтік нұсқауларды, іскерлік этикет және гигиена ережелерін қатаң орындауын бақылауға. 2.7. Отель басшылығына ең көзге түскен қызметкерлерді ынталандыру немесе ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік шаралар қолдану туралы ұсыныстар беріп отыруға. 2.8. Қол астындағы қызметкерлерге жаңа ішкі өкімдер мен нұсқаулар туралы үнемі хабар беріп отыруға және олардың орындалуын қатаң бақылауға. 2.9. Сеніп тапсырылған ұжымда жайлы климат жасауға, жұмыс барысында туындайтын мәселелерді кәсіби және жедел шешуге. 3. Қызмет персоналының жұмысқа шығу кестелерінің жасалуын және орындалуын бақылауға.Қызмет персоналының еңбек демалыстарының кестесін жасауға және бақылауға. 4. Негізгі құралдарды, төсек жаймасын, біркелкі форманы үнемдеу мақсатында түгендеуді дер кезінде жүргізіп отыруға. 5. Клиенттердің және мейманхананың мүлкінің сақталуы мақсатында қызмет кілттерін беру және қабылдау рәсімін күн сайын бақылап отыруға. 6. Жұмыс үшін қажетті материалдарға тапсырыстарды дер кезінде беріп отыруға, қажетті қорлардың болуын қамтамасыз етуге және материалдық шығындардың деңгейін бақылап отыруға. Сатып алуларды қатаң бюджетке сәйкестікте жүргізіп отыруға. 7. VIP-персоналарға арналған номерлердің, сондай-ақ банкеттер, конференциялар және мейманханада жоспарланған өзге шараларды өткізуге арналған бөлмелердің дайындалуын және безендірілуін бақылауға. 8. Отельге қызмет көрсетудің кейбір мәселелері бойынша сыртқы фирмалармен және компаниялармен ынтымақтасуға, олармен шарттар жасасуға, сатып алуларды жүргізуге. 9. Тиісті құжаттаманы жүргізіп отыруға, қажетті есептерді үнемі жасап және тапсырып отыруға. 10. Отельдің барлық қызметтерімен және, бірінші кезекте, қабылдау және орналастыру бөлімімен, тамақтануды ұйымдастыру қызметімен, инженерлік-техникалық қызметпен, материалдық жабдықтау бөлімімен тығыз ынтымақтасуға. 11. Мыналарға: 11.1. Төсек жаймасын, біркелкі форма, меймандар үшін жеке пайдалану заттарын, номер қоры және қоғамдық бөлмелер үшін жуғыш заттар мен материалдар, кеңсе тауарларын және клиенттер үшін меймандостықтың қосымша бұйымдарын сатып алуға. 11.2. Едендерді күтуге арналған жабдық сатып алуға. 11.3. Кір жуатын-химиялық тазарту бөлмесіне жуғыш препараттар мен құралдар сатып алуға. 11.4. Матрац, жамылғы, драптаушы материал, абажурларға арналған материалдар, айналар, жиһаз заттарын сатып алуға кететін шығындарды қосатын жыл сайынғы бюджетті жоспарлауға. 12. Басшылықтың нұсқауы бойынша өзінің құзыретіне сәйкес келетін және өндірістік жағдайға байланысты қажетті басқа тапсырмаларды орындауға міндетті. Басшы, демалыс күндерді (сенбі, жексенбі) қоспағанда, күн сайын, дәстүрлі 8 сағаттық кесте бойынша жұмыс істейді. Бұл кезде демалыс күндері жұмысқа шығумен, еңбек демалысынан шұғыл шақырып алумен және өнлірістік қажеттілік бойынша және т.с. байланысты артық жұмыс істеуді жоққа шығаруға болмайды. ӘШҚ басшысының қарамағында меймандар бөлмелерінің, қызмет бөлмелерінің және қоғамдық бөлмелердің жиналуын қамтамасыз ететін қызметкерлер штаты (мейманхана шаруашылығы бөлімі); кір-жуатын-химтазарту бөлмесінің штаты, сондай-ақ сауықтыру орталығының персоналы болады. Көптеген мейманханаларда ӘШҚ-не (Housekeeping) өсімдіктерді күту мамандары және флористер жатады. ӘШҚ қызметкерлерінің әр тобының өз нақты тапсырмалары мен міндеттері бар. Бақылау сұрақтары және тапсырмалары 1. Мейманхананың ӘШҚ басшысының қызметіне қандай біліктілік талаптары қойылады? 2. Мейманхананың ӘШҚ басшысының негізгі қызмет бабындағы міндеттерін атап беріңіз. 3. Мейманхананың ӘШҚ басшысының жұмысқа шығу кестесі қандай? 4. Мейманхананың ӘШҚ-не қандай бөлімдер жатады? Дәріс Тақырыбы:Қабатаралық қызметкерлердің жұмыс істеу технологиясы Мейманхананың ӘШҚ персоналының жұмысқа шығу кестелері Кілт сөздер: персонал, мини-бар, тазалықшы Қарастырылатын сұрақтар:
|