Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Алматы Технологиялық Университеті
Экономика және бизнес» факультеті Туризм и сервистік қызмет» кафедрасы
«Бекітемін» «Экономика және Бизнес» факультетінің деканы ________Жангуттина Г.О. «___» __________ 2015 ж.
СИЛЛАБУС Пәннің аты және коды: TK AShKZhU 3209- Әкімшілік-шаруашылық қызметтің жұмысын ұйымдастыру Кредит: 4 Семестр:6 Оқытушының аты-жөні: Абдилдаева Н.Д. Кафедра: 609 Телефон:2935288 (ішкі 154) Офис-сағаты: график бойынша e-mail: tiso-atu@mail.ru Пререквизит: «МІжМБ-ді кәсіпкерлік қызмет негіздері», «Сервистік қызмет», «Сервис психологиясы» Постреквизит:«Қызмет көрсетудегі тәуекелдер» Пәнге қысқаша түсініктеме:«Әкімшілік-шаруашылық қызмет жұмысын ұйымдастыру» пәні ЖОО-да болашақ туризм саласын дамытуда сапалы кадр дайындауда оқу жоспарындағы маңызды мамандандырылған пән болып табылады. Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы әлемдік стандарттарға сай маман дайындауда сауаты терең жоғары дәрежелі мамандарды даярлау, сол білімді ұлттық және халықаралық дәрежеде профессионалды тұрғыда қолдана алуға даярлау. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді әкімшілік-шаруашылық қызмет жұмысымен таныстыру, әлемдік стандарттарға сәйкес, сапалы маман даярлау. Мейрамхана бизнесін ұйымдастырудың жаңа жобаларын жүзеге асыру. Пәнді оқытудың міндеттері: - мамандарды қазіргі білім талаптарына сай даярлау; - өз білімдерін әлемдік талаптарға сай жаңалықтарды енгізе отырып, ғылым жолында үлкен мүмкіндіктерді ашу; - сапалы кадр дайындап, еліміздегі туризм бизнесін өркендетіу, прогрессивті даму концепцияларын практикада қолдану. Студент міндетті:осы пәнді оқығаннан соң, әлеуметтік процестер мен экономикалық ахуалдың салдарынтүсіндіруі қажет. Білуге: - қызметкерлерді басқарудың ғылыми және практикалық негіздерін; - басқарудың қазіргі заманғы теориясын; - кәсіпорындарда менеджменттің даму үрдістерін; - мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласындағы қызметкерлердің жағдайы мен еңбек уәждемесін. Игеруге: - қонақ үй бизнесіндегі әкімшілік-шаруашылық қызметін айқындау және талдау; - ғылыми білімді ішкі экономикалық саладағы кәсіптік қызметте қолдану. Икемділікке: Мемлекетке туристерді жұмылдыру үшін негізгі базалық перспектива көзі болып табылатын – қонақ үй және мейрамхана бизнесін дамытып, жаһандану заманында дұрыс жолға қою. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар:
|