Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мейманхананың ӘШҚ жаңа қызметкелерді жұмысқа қабылдау



ӘШҚ жаңа қызметкерлерді қабылдауды мейманхананың кадр бөлімі ұсынған анкеталар (түйіндемелер) бойынша қызмет басшысы жүргізеді. Егер қызметте жаңа қызметкерге деген қажеттілік (бос орын) бар болса, онда таңдап алынған үміткерді әңгімелесуге шақырады. Басшы келген адамды кәсіпорынмен таныстырып шығуға; осы адам атқаруы мүмкін жұмыс туралы әңгімелеп беруге; жұмыс жағдайлары, жалақы, ережелер және қызметкердің міндеттері туралы хабар беруге тиіс. Көптеген жоғары санатты мейманханаларда келесі тәсіл қолданылады: егер жұмыс орнына үміткерге оған алдын ала ұсынылған жағдайлар, шарттар жарамды болып отырса, оны бір жұмыс күні ішінде тәжірибелі тәлімгердің жетекшілігімен тегін жұмыс істеуге шақырады. Бұл, бір жағынан, келген адам (көбінесе адамның осындай жұмыс тәжірибесі болмаған, басқа жұмыс саласынан келген болып шығады) осы жұмыстың өзіне жарайтын-жарамайтындығын, оны ұнататын-ұнатпайтындығын өзі үшін шешіп алуы үшін жасалады. Бір жұмыс ауысымында оған барлығын мәнісіне жетіп алу, бағыт-бағдар алу, барлығын түсініп, бағалау қиынға соғатындығы түсінікті, солай болғанымен де, жұмыстың бірнеше сағатынан кейін, өздерінің «басқа мекен-жай бойынша келгендігін» түсінетін адамдар бар. Екінші жағынан, жұмыс беруші адамның қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келетін-келмейтіндігін анықтап алады.

ӘШҚ жұмыс дене күшінің көп жұмсалуын қажет етеді. Ауысым ішінде тазалықшының жинау жұмыстарының халықаралық нормалары номерлердің санатына (бір бөлмелі немесе көп бөлмелі) байланысты 12 бастап 16 бөлмеге және одан көпке дейін өзгеріп оытрады. Бұл өте үлкен күш түсулер, бұл жиіркенгіш, күмәншіл адамдарға мүлдем келмейді. Бұл қызметте жұмыс істеуге ниет білдірген адамдарға өздерінің жұмысының төсек жаймасымен, кір ыдыс-аяқпен, қоқыспен, шаңмен және т.с. байланысты болатындығын анық түсіну керек. Бұл жұмыстың өзгешелігі осындай. Жетекші Мәскеу мейманханаларының бірінің директоры тазалықшыларды іріктеп алған кезде келесі тәсілді қолданады: ол тазалықшыөз үйін көрсетуін өтінеді, қалай жинайтындығын, оның қандай қожайын екендігін көреді. Көргенін негізге ала отырып, ол адамның өзін жұмыста қалай көрсетіндігі туралы пікір қалыптастырады.

Айтылып кеткеніндей, жаңадан кірген қызметкер тәлімгермен жұмыс істейді. Тәлімгер жылы шырайлы, тез тіл табысып кететін, қызметтің ең тәжірибелі және кәсіпқойлығы жоғары қызметкерлерінің қатарынан болуға тиіс. Тәлімгердің ықтимал қызметкерге оның алдағы жұмысының барлық қырлары туралы түсінік бергені маңызды. Қызметтің қызметкелері тамаша және адал жұмысы үшін алатын ынталандырулар, басымдықтар, сыйақылар, дивидендтер, көтермелеулер туралы тіс жармай, тек жұмыстағы қиындықтар туралы ғана айта беруге болмайды. Тәлімгер сонымен қатар өте байқағыш адам болуға тиіс. Егер, айталық, тәлімгер жаңа қыздың жұмыс істеуге шектен тыс қысқа юбкада, биік шпилькадағы туфлиде, мұнымен тіптен қаламсап алу мүмкін маникюр жағып келсе, осының бәріне қоса ол жұмысқа мүлдем қызықпай, ауқатты шетелдіктермен танысып алуға тырысса, онда тиісті қорытындылар жасалатын болады. Мейманхана – бұл осында клиенттерге қызмет көрсете жүріп, миллионермен танысып алып, оған сәтті күйеуге шығып кетуге болатын орын деп ойлайтын қыздар қатты қателеседі.

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін тәлімгер қызмет басшысына сыналушы туралы, оның жұмысы туралы өз пікірін баяндап береді. Тәлімгердің пікірін және жұмыс орнына үміткердің әсерін талдай отырып, басшы жұмысқа қабылдау бойынша оң немесе теріс жауабын береді. Теріс жауап алынған жағдайда кәсіпорын да, адамның өзі де жұмысқа қабылдау және одан шығару бойынша ресми іс-қимылдар жасауға күшін және уақытын жұмсамайды.

Егер жұмысқа үміткер қабылданған болса, одан қажетті медициналық тексеруден өту өтініледі. Ол терапевттің қорытындысын, флюорографиялық тексерудің нәтижесін, э/биоз және глист/жұм. бар-жоқтығына анализдердің нәтижелерін ұсынуға тиіс. Терапевттен анықтама және анализдердің нәтижелері бір жылға жарамды. Бұдан өзге, тері-венеорология диспансерінде қаралу нәтижесі туралы анықтама (анықтама 6 ай жарамды) және дифтериядан егілу (10 жыл жарамды) болуға тиіс. Голограммасы бар толтырылған медициналық кітапша жұмысқа шыққанға дейін-ақ кадр бөліміне ұсынылуға тиіс. Одан арғы жерде қызметкерлерді тұрақты медиициналық куәлендіру, әдетте, отель қаражатының есебінен жүргізіледі.

Жұмысқа құжаттар толтырған кезде жаңа қызметкерден мыналарды жасау қажет болады:

Ø қызметтік нұсқауға қол қою;

Ø өз паспортының көшірмесін (барлық беттер) ұсыну;

Ø білімі туралы құжаттардың көшірмелерін ұсыну;

Ø неке туралы (некеде тұрған азаматтар үшін) куәліктің көшірмесін ұсыну;

Ø зейнеткерлік сақтандыру кармаңдайшасының көшірмесін ұсыну;

Ø жеке сәйкестендіру номерін (ЖСН) беру туралы сертификаттың көшірмесін ұсыну;

Ø баланың (балалардың) (болса) туу туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесін (көшірмелерін) ұсыну;

Ø бұрынғы жұмыс орнынан табыстар туралы анықтаманы ұсыну (егер мұны заңнама талап еткен жағдайда);

Ø еңбек кітапшасын ұсыну (егер бар болып отырса);

Ø жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазу.

Медициналық кітапша және барлық қажетті құжаттар толтырылғаннан және мейманхананың кадр бөліміне ұсынылғаннан кейін, үш айға (сынақ мерзіміне) еңбек шарты (келісім-шарты) жасалып, оған қол қойылады. Қызметкерді біркелкі формамен, жеке белгімен – бейджбен (ағылшын тілінен аударғанда Badge – эмблема, жұлдызша, символ, таңба) қамтамасыз етеді, оған персоналға арналған шешінетін бөлмедегі жеке шкафтың кілті, мейманханаға рұқсат қағаз және жұмысқа қажеттінің барлығы табыс етіледі. Енді стажер (Trainee) оқып-үйрену процесіне кірісе алады.

Housekeeping қызметінің жаңа қызметкеріне ең алдымен тазалықтың және мейманхананың жоғары беделі мен бейнесін ұстап отырудың қандай маңызды роль ойнайтындығын түсіндіріп беру керек. Тазалықшылардың жұмысы клиенттің өзіне осы мейманханаға қайтып келу керек пе, жоқ па екендігін шешуіне көбіне көп әсер етуі мүмкін болғандықтан, тазалықшылардың жұмысы мейманхана үшін үлкен маңызға ие. Сонымен қатар жаңа қызметкерді отель өмірінің барлық қырларымен таныстыру, мейманхананың барлық қызметтерінің жұмысы туралы түсінік беру қажет. Тек осыдан кейін барып қана оны кәсіптік қыр-сырына үйрету керек. Әр жаңадан кірген қызметкерге тәлімгер бекітіледі, ол қызметкерді үлкен іс осылардан құралатын майда-шүйдеге үйретіп шығу үшін жауап береді. Housekeeping қызметінде мәтіндік материалдармен қатар, көрнекі материалдар да бар. Жаңа қызметкер төсек орынның қалай жайылуы керектігін немесе косметикалық заттардың қалай орналастырылуы керек екендігін кез келген уақытта эталон фотосуретпен салыстыра алады. Жұмысқа жаңадан кірген тазалықшыкөп нәрсеге үйреніп шығуға тиіс, бұл істе тәлімгер зор роль ойнайды.

ӘШҚ қызметінің қызметкерлерінің жұмысы, мүмкіндігіне қарай, келушілер үшін елеусіз болуға тиіс. Меймандарда мейманханада барлығы да сиқырлы тақшаның серпілісі бойынша, ешқандай күш жұмсамай, өздігінен өзі жасалатындай сезім, әсер қалыптасуға тиіс. Егер мейман тазалықшылармен, еден сүрткіштермен, хаузмендермен, гүл өсірушілермен және т.с. үнеміұшырасып отырмаса – бұл мейманхана үшін жақсы көрсеткіш. Тазалықшыға отельде тұрып жатқандардың көзіне жиі түспеу және, одан бетер, өзінің қиямет жұмысына шағым айтпау керек. мейман мұны шайлық ақы алу ниеті ретінде бағалап қалуы мүмкін. Өзінің күш-қайратын тазалықшыномерді мейлінше сапалы жинауға және өзіне тапсырылған өзге тапсырмаларды орындауға бағыттауға тиіс. Жақсы отельдің тазалықшына қарапайымдық пен өз абырой-беделі сезімі тән болуға тиіс. Егер мейман жинаудың сапасына және қызмет көрсетудің деңгейіне риза болса, ол тазалықшыға сыйақы бере алады.

Тазалықшыкәсібіне оқытып-үйрету жұмыс барысында жүріп отырады. Бір тазалықшыларертерек, екіншілері сәл кейінірек өз бетімен еңбектене бастайды. Сынақ мерзімін табыспен өткен жағдайда, одан кейін адам алып отырған қызметіне лайық болған жағдайда мұны ұзарта отырып, қызметкермен бір жыл мерзімге жаңа шарт (келісім-шарт) жасалады.

 



Просмотров 1434

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!