Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Номерлерді жинау барысындағы реттілік
Өзінің қымбат уақытын жоғалтпау үшін, номерлерді жинау кезінде тазалықшыорын ауыстырудың дәл кестесін білуге тиіс; аса мұқият, зейінді, жинақы және бақылағыш болуға тиіс. Айталық, номерден қоқысты шығарып бара жатып-ақ, тазалықшыарбаға келесі рет келген кезінде оны қолына қыстыра кетуді ұмытпас үшін, номерде қандай полиграфия өнімінің жетіспейтіндігін анықтап алуға тиіс. Қарапайым түрінде номерлерді жинау процесі жұмыстардың келесідей реттілігінен тұрады: Ø бөлменің ауасын алмастыру; Ø ыдыс-аяқты жинау және жуу; Ø кереуеттерді жинау; Ø жиһаздың берінен шаң-тозаңды және ластануларды кетіру; Ø кілемнің бетін және жұмсақ жиһазды тазалау; Ø санитарлық желіні жинау. Жинаудың әрбір кезеңінің өз нюанстары мен сырлары бар. Номерді жинаған кезде «тазадан – ласқа»; жоғарыдан төменге» деген классикалық принципті ұстану керек. Номерлерді жинау санитарлық нормаларға қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс. Жоғарғы санатты мейманханаларда бөлмелердің тазалығы операция бөлмелеріндегідей болуға тиіс. Тазалықшыларжұмыстарында пайдаланатын дәкеден жасалған байлағыштар, қолғаптар, резеңке алжапқыштар, арнайы зарарсыздандырушы ерітінділер бөлмелерді жинау кезіндегі стерилдьділікті және гигиенаның жоғары деңгейін айғақтайды. Жинаудың басында тазалықшыға, осылайша шамшырақтардың жұмысын тексеріп, барлық шамдарды жағу; перделерді және терезені ашу (егер ауа-райы жағдайлары мүмкіндік берсе) керек. Бөлменің ауасы алмасып жатқан кезде ванна бөлмесіндегі сантехника жабдығын дымқылдаған және, осылайша бұдан кейінгі жұмысты жеңілдете отырып, оған жуғыш және тазалағыш заттар салу керек. Белгілі болып отырғанындай, мейманханадағы ең қажетті қызмет көрсетулердің бірі клиенттердің тамаққа (таңертеңгілік асқа, түскі асқа, кешкі асқа, сусындарға және т.с.) тапсырыс беруі болып табылады.Мейман мейрамхана қызметіне телефон шалып, номерден кір ыдыс-аяқты алып кетуді өтіне, подносты дәлізге шығара немесе ыдыс-аяқты номердегі подноста әлде арбада қалдыра алады. Тазалықшының міндеті - мейманхана ыдысын номер осымен жабдықталған ыдыстан дәл, тура сұрыптап алу. Көбінесе мұның стакандарға, күлсалғыштарға, құмыраларға қатысы бар. Кір ыдыс-аяғы бар подносты қызмет лифтіне мүмкіндгінше тезірек апарып тастау және оларды мейрамхана қызметінің қызметкерлері бұларды үнемі алып кетіп отыратын арнайы стеллаждарда қалдырып кету керек. Жақсы мейманханаларда қабаттарды аралап шығудың және ыдыс-аяқты жинап алудың жақсы кестесі қолданылады – бұл тәулігіне төрт ретке дейін. Сірә, мейманханада кір подностарды айналып өтіп жатқан меймандардың немесе подностар арқылы қызмет көрсетуші персоналдың аттап өтуінің көрінісінен өткен эстетикалық емес ештеме жоқ шығар. Сондықтан, дәліз бойынша өтіп бара жатқан кез келген қызметкердің меймандар мен отель персоналына ыңғайсыздықтар келтіретін подностарды алып кетіп отырғандығы жөн болады. Тазалықшыномерге тиесілі ыдыс-аяқты (шыны поднос, стакандар; бәлкім, құмыралар немесе графин; мұзға арналған шелекше және т.с.) мұқият жуып шығады және, шаң ыдыс-аяққа қонбас үшін, таза ыдыс-аяқты жинау біткенге дейін уақытша салфеткамен жауып қояды. Одан әрі тазалықшыбарлық қоқыс кәрзеңкелерінің (урналарының, шелектерінің, контейнерлерінің және күлсалғыштардың) ішіндегісін жұмыс арбасында орналасқан қоқысқа арналған қапқа лақтырады; бос ыдыстарды ванна бөлмесіне қояды. Күлсалғышты тазарта отырып, тазалықшыоның ішіндегісін мұқият қарап шығуға тиіс, өйткені мейман онда кездейсоқ құнды заттарын (зергерлік бұйымдар, монеталар және т.с.) қалдырып кетуі мүмкін. Күлсалғыштан күл мен темекі тұқылдарын қапқа лақтырардың алдында, қоқыстың ықтимал тұтануын болдырмау үшін, күлсалғышқа су құю керек. Қоқыс кәрзеңкесінде қауіпті заттар (шыны жарықшақтары, лезвие, ине, түйреуіштер және т.с.) болуы мүмкін, сондықтан кәрзеңкедегі қоқысты қолмен алып тастауға болмайды. Қоқыс салынатын кәрзеңкелер босатылады, шайылады, кәрзеңкенің түбіне салфетка немесе пластик қап салынады. Қоқыс салынатын кәрзеңкелер құрғақ, дақтарсыз және иіссіз болуға тиіс. Олардан қоқысты алып тастағаннан кейін, күлсалғыштарды шайып шығып, құрғатып сүртеді. Күл салғыштар тек темекі тартатын меймандарға арналған номерлерде, көбінесе үстелге, сандыққа және ванна бөлмесіндегі дәретхана үстеліне қойылады. Тұрғын номерді жинаған кезде тек қоқыс кәрзеңкелерінің ішіндегілерді және бос бөтелкелерді лақтыруға болады. Номерді ағымдағы жинаудағы келесі кезең төсек-орынды жинау болып табылады. 4-5* санатты шетел мейманханаларында төсек ақжаймасын ауыстыру мейманның мәртебесіне, номердің санатына, тұру мерзіміне және т.с. байланыссыз, күн сайын жүргізіледі.Басқа санаттағы шетел мейманханаларында кірді ауыстырудың кезектілігі, мерзімділігі, жиілігі (frequency of change of linen) қатты өзгеріп отырады. Отандық мейманханаларда төсек жаймасын ауыстыру Федералдық туризм агенттігінің 2005 ж. 21 шілдедегі №86 Бұйрығымен бекітілген «Мейманханаларды және өзге орналастыру құралдарын классификациялау жүйесі» нормативтік құжатында көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі. Осы құжаттың негізінде кір, төсек жаймасы келесі ретпен алмастырылады:
Кір төсек жаймасымен жұмыстың басында персонал арнайы қолғаптар, дәкеден жасалған таңғыштар және резеңке алжапқыштар киюге міндетті. Пайдаланылған төсек жаймасын кереуеттен алып, бұл кезде ештеменің жоғалмағандығын тексеріп, ванна бөлмесінен кір орамалдарды алып тастау қажет. Тұрып жатқан адамның кінәсінен зақымдалған, бүлінген төсек жаймасы немесе оның ішінара жоқтығы табылған, анықталған кезде осындай жағдайларға мейманханада қолданылатын тәртіпке сәйкес барлық шараларды қолдану керек. Мұндай жағдайда тазалықшыға аталған іс туралы келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша шара қолдану үшін супервайзерге жылдам хабарлау керек. Басында мейманға шамамен мынандай мазмұндағы инабатты жолдауды толтыру керек: № ________бөлме Дата_______________ Құрметті _________________________мырза (ханым)! Бүгін, Сіздің номеріңізді жинап жүріп, тазалықшы____ сүзгіні таппады. Сіз осы проблемаға көмектесе алмас па екенсіз. Алдын ала рахмет. Құрметпен, қабаттың сзпі ___________________ * * *
Мұндай еске салулар номерде тұрған кез келген өзге затқа немесе аксессуарға қатысты болуы мүмкін. Кей кездері, асығып жүріп, әдейі емес, меймандар мейманхананың заттарын өз заттарымен бірге қосып қоюы мүмкін (көбінесе мұның орамалға, салфеткаларға қатысы бар). Егер мейман бұл өтінішке жауап бермесе, жауап қатпаса және бұл дипломатиялық жолдау нәтиже бермей жатса, онда әкімшілік-шаруашылық қызметінің басшысы мен супервайзері мейманханаға зиян келтіру туралы акт (мейманхананың мүлкін бүлдіру туралы акт) жасауға құқылы. Мейманхананың мүлкіне келтірілген зиянның құнын мейман актінің негізінде төлейді. Акт үш данамен жасалады; клиентке қол қоюға беріледі; зиянды тапқан тазалықшы, супервайзер немесе ӘШҚ басшысы қол қояды және одан кейін төлету үшін қабылдау және орналастыру қызметіне табысталады. Сондай-ақ төсек ақжаймасының арасында мейманның заттарының жоқ па екендігін тексеріп шығу керек. Пайдаланылған төсек ақжаймасын және орамалдарды тазалықшыжұмыс арбасында тұрған, кірге арналған арнайы қапқа салады. Бұл кезде қапқа кірдің тым көп толып кетпеуін қадағалап отыру керек. Мұны тек тазалықшыларғана емес, хаузмендер (дәліз қызметкерлері) де қадағалап тұрады, олар қажеттігіне қарай кірді тазалықшылардың арбасынан алып, кірге арналған арнайы арбаларда оны кір жуатын бөлмеге тасымалдайды. Кірге арналған арбалар жабылу мүмкіндігіне (үстіңгі жақтағы қақпақ немесе арнайы тент) ие болуға тиіс. Houseman сөзі ағылшын тілінен аударғанда – қызметші, жинаушы. Хаузмендер сонымен қатар тұрғын қабаттардың таза төсек жаймасымен толықтырылып отыруы; төсек жаймасының жұмыс кезінде тазалықшыларға дер кезінде жеткізіліп отыруы; жамылғылардың, көрпелердің, перделердің, жастықтардың берілуі және ауыстырылуы үшін де жауапты. Олар қосымша ұйқы аксессуарларына қажеттілік бола қалған жағдайда меймандардың өтініштерін орындайды, сонымен қатар кірдің пайдаланылуын бақылауды және есепке алуды жүргізіп отырады. Тазалықшыларпайдаланылған кірдік саны бойынша күн сайын хаузмендердің алдында есеп беріп отырады. Бұл тазалықшылартарапынан мүмкін болатын қызмет бабын пайдалануларды жою үшін қажет. Тазалықшыларжұмысты шалағай істеп, пьын толығымен алмастырмай, қайта жиналған кереуеттің көрінісін ғана жасап, мейманның ұйқысынан кейін тек төсекорын жабдықтарын түзетіп, керетін жағдайлар сирек емес. Тазалықшылардың осы тәріздес іс-әрекеттері жұмыстан шығаруға дейін жазаланып отырады. Тазалықшылардың төсек жаймасының әрбір жинағы бойынша хаузменнің алдындағы есебі өз міндеттеріне дұрыс қарамауды тиып тастауға мүмкіндік береді. Егер, мысалға, 4-5* отельдің тазалықшы15 бір орындық тұрғын номерді жинауға тиіс болса, онда ол төсек жаймасының 15 пайдаланылған жинағын тапсырып отыруға тиіс. Егер де тазалықшытөсекорыннғамүлдем қол тигізілмегендігін көрсе және мейманның номерде қонбағандығына (steep out) сенімді болса, тек осындай жағдайда ғана төсекорын ауыстырылмайды, бұл жайында қабат персоналының жұмыс құжаттарында белгі жасалады. Тазалықшыға төсек жаймасында биологиялық жолмен пайда болған іздерді және дақтарды тапқан кезде әсіресе мұқият болу керек. Мұндай төсек жаймасын жеке қапқа салған дұрыс болады. Кір жуатын бөлмеде мұндай төсек жаймасы ерекше түрде, жеке гигиеналық жуғыш машинада, барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып қалыпқа келтірілетін болады. Кір жуатын бөлмеден алынған жыртылған немесе бүлінген ьтын айналымнан алып тастау керек. Оны пайдаланылып қойған, кір төсек жаймасыымен араластырып, қайтадан жууға жіберуге болмайды. Бұл төсек жаймасының одан бетер тозуына және жууға кететін шығындардың ақталмай артуына алып келеді. Қазіргі уақытта мейманханаларда экология мәселелеріне көп көңіл бөлінеді: қуатты, суды тұтынуды айтарлықтай қысқартуға; қалдықтардың мөлшерін азайтуға жағдай жасайтын бағдарламалар жасалады. Осыған байланысты отель персоналының барлық экологиялық талаптарды орындауын қамтамасыз ететін, жүріс-тұрыс жөніндегі ережелерді жасап шығару керек. Сондай-ақ отельдің клиенттерінің арасында экология мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу қажет. Мысалға, көптеген отельдерванна бөлмелерінде меймандарды өздері алмастырғысы келген орамалдарды еденге лақтыруға немесе оларды ваннаның өзінің түбіне жинауға шақырған меймандарға үндеулер орналастырады, бұл тазалықшыларға барлық орамалдарды бірін қалдырмай жинап тастамай, тек пайдаланылғандарын ғана алмастыруға мүмкіндік береді. зерттеулер отель клиенттерінің тым болмаса жартысы проблеманы түсінуіне қол жеткізген кезде, күн сайын жуылатын орамалдардың санының үштен бір бөлікке қысқаратындығын көрсетті, бұл нәтижесінде тек су мен қуатты үнемдеп қоймай, матаның пайдаланылу мерзімін ұзартуға да мүмкіндік береді. Клиенттерге осындай жолдаудың мәтінін сауатты тұжырымдау керек. Ол бұйрық берген әміршіл түрде жазылмауға және қызмет көрсету сапасының төмендеу сезімін тудырмауға тиіс, адамдардың санасына әсер етуге, ынтымақтасуға және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үлкен іске қатысуға деген ұмтылыс тудыруға тиіс. Отельдің клиенттеріне осындай жолдаудың мысалын келтірейік: Сіздің тазалықшыңыз Сізге сәлем береді және біздің мейманханамызда жайлы тұруыңызды тілейді! Құрметті мейман! Сіз әлемнің барлық отельдерінде күн сайын орамалдың қаншама тоннасының қажетсізден-қажетсіз жуылып жатқандығын және жуғыш заттардың қаншама орасан зор бөлігінің суымызды ластап отырғандығын көз алдыңызға елестете аласыз ба? Өтінемін, шешім қабылдаңыз: Ваннаның түбіндегі орамалдар – «Өтінемін, ауыстырыңыз» дегенді, Ілгіште тұрған орамалдар – «Мен оларды әлі пайдаланамын» дегенді білдіреді. Қоршаған ортаның игілігіне. Көп рахмет және жақсы демалыс тілеймін. Осы тәріздес үндеулер тек орамаларға ғана қатысты емес, бүкіл төсекорынға да қатысты қолданыла алады. Мысалға, көптеген отельдер осыларда су кеңістіктерін мекендеушілер (балықтар немесе суда жүзетін хайуандар) кездейсоқ бейнеленбеген арнайы жарқын және біртума маңдайшалар жасап шығарған. Мұндай маңдайшалардың мәтіні шамамен келесідей мазмұнға ие: Келесі бір стандартты емес, бірмәнді емес жағдайды қарастырыпп шығайық. Номерді жинап жүріп, барлық стакандарға қандай да бір белгісіз сұйықтық, бәлкім, қандай да бір сусын құйылғандығын көреді. Бір жағынан, мейман номерді тастап кеткенге дейін номерден ештемені шығаруға және алуға болмайтындығы түсінікті. Екінші жағынан, жинаған кезінде тазалықшыыдыс-аяқты шайып шығуға, құрғатып сүртуге, оны мінсіз таза етуге міндетті. Осындай үйреншікті емес жағдайда не істеу керек? Номерді қара ниетпен, «қойнына балта салып келген» мейманның алып отырмағандығына қалайша сенімді болуға болады? Егер тазалықшы ыдыс-аяқты сұйықтықтан босатып, стакандарды шайып шықса, мұндай клиентке отельге оның, айталық, аса қымбат тұратын, коллекциялық француз коньягі жоғалып кеткендігіне шағым беруге барлық жағдайлар жасала қалады. Егер де стакандарға қол тигізбей қалдырса, клиентте номердің нашар жиналғандығына шағымдануға себеп дайын тұрады. Біріншісі де, екіншісі де нашар. Осындай типтегі клиенттер осындай немесе ұқсас шағымдармен, әдетте, басқарушыға шағымданып, жүгінеді және өзіне келтірілген жайсыздықтар үшін әр алуан өтемақыларды және дивидендтерді талап етеді. Отельдер осындай зұлым, айлакер клиенттерден жиі-жиі зардап шегіп, нақты ақшасынан айырылып отырады. Айтылғанға сүйене отырып, отельдің басшылығына және персоналына клиенттерден анағұрлым дана болу және өкінішті әбестіктер мен мүлт кетулерге жол бермеу қажет. Біздің нақты жағдайымызда тазалықшыға номерге бос стакандардың қосымша санын қойып қою ұсынылады, ал егер сұйықтық ұзақ уақыт бойына стакандарда тұруын жалғастырса, Reception арқылы мейманмен хабарласу және одан осы жайында не ойлайтындығын анықтап алып, осыған қатысты оның жеке нұсқауларын алу керек. Номерді жинаудың реттілігі туралы мәселеге қайтып оралсақ, номерде жасалуы керек келесі іс – кілем жамылғыларын және жұмсақ жиһазды тазартып шығу. Кейбір отельдер осымен жабдықталған орталық шаң кетіру жүйесі бүгінгі таңда онша жетілдірілмеген болып танылып отыр. Оның негізгі кемшілігі – жұмыс кезіндегі қатты шу. Қазіргі мейманханаларда тазалықшыларәртүрлі маркадағы және модельдегі, оның ішінде кілем жамылғыларын дымқыл жинауды жүргізуге мүмкіндік беретін жеке шаңсорғыштарды қолданады. Телефон аппараты әрқашан мінсіз таза болуға тиіс. Телефон аппаратының тұтқасы күн сайын дезинфекциялаушы ерітіндімен өңделіп отырады. Телефон аппаратының сымы бұралмаған болуға және түйіндері болмауға тиіс. Телефон аппаратының сымдары ептілікпен жасырылуға тиіс. Жинап жүрген кезінде тазалықшытелефонның зақымдалмағандығына және жақсы жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуге тиіс. Телефон аппаратының жанында телефон келіссөздеріне тарифтер туралы ақпарат және Интернетке қосылу бойынша нұсқау болуға тиіс. Осылайша күн сайын теледидар мен бейнемагнитофон да сүртіліп отырады. Қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес, теледидар мен өзге электр аспаптары ажыратылған күйінде сүртіледі. Теледидарды оны қосқан кезде мейманхана және ол көрсететін қызметтер туралы бейнеролик көрсетілетін ішкі каналға ретке келтіріп қойған дұрыс. Теледидар пульты зақымдалмаған және әрқашан таза болуы керек. Теледидарды қашықтықтан басқару пульты әрқашан белгілі бір қатаң белгіленген орында, отельде енгізілген стандартқа сәйкес (әдетте кереует жанындағы тумбочкада) жатуға тиіс. Тазалықшы теледидардың сағаттарының дәл уақытты көрсетіп тұруын қадағалауға тиіс. Мейманды өзіне қажетті уақытта оятуға мүмкіндік беретін «ұйқыдан оятқыш» функциясымен байланысты болғандықтан, теледидар сағаттарында дұрыс орнатылған уақыт өте маңызды. Ақылы теледидардың бағдарламасын қоса отырып, қарап шығу мүмкін болатын арналардың тізімі бар ақпарат қатаң белгіленген орнында жатуға тиіс. Мұнда номерлер радиомен жинақталған мейманханаларда тазалықшыға оны классикалық музыка арнасына реттеп қою ұсынылады. Жинап жүрген кезде тазалықшы барлық жарықтандыру аспаптарының жұмысын тексереді. Электр шамдар оптималды жарықтандыруды қамтамасыз етуге және жұмыстың үлкен ресурсына ие болуға тиіс. Жанып кеткен шамдар инженерлік-техникалық қызмет қызметкерлерінің күшімен жылдам ауыстырылуы керек. Жекелеген мейманханалардың интерьерлерінде антиквариат бұйымдары болады (белгілі суретшілердің картиналары, бірегей ескі жиһаз, бағалы құмыралар, аса сирек кездесетін хрусталь люстралар мен айналар). Әлемнің кейбір біртума мейманханалары туралы бұл осыларда тұруға болатын мұражайлар деп айтуға болады. Мұндай отельдердегі бұйымдарды, заттарды сақтап қалу үшін, жинаған кезде оларға аялай қарау керек. Жинап жүрген кезінде тазалықшытерезелердің тазалығына назар аударады. Олар ішкі жақтарынан да, сыртқы жақтарынан да мінсіз таза болуы керек. Сондай-ақ балкондардағы тазалық та маңызды. Күндізгі уақытта тығыз перделер ысырылған және терезенің бүйірлері бойынша ұқыпты және тегіс ілініп тұрады. Тьльді перделер ысырылған және терезені әдемі бүрмелеп тұрады. Жалюзи бар жерлерде олардағы шаң мен ластанулар арнайы щеткамен кетіріледі. Мұндай щетка үстінен және астынан екі секцияны қамтиды және жұмыста өте тиімді. Бөлмені жинап жүрген кезде жылытатын радиаторларды жіберіп алуға болмайды. Батареялардың бетінен және ішкі қуыстарынан арнайы шаруашылық щеткасымен шаң мен ластанулар кетіріледі. Мұндай щетка радиаторларды дымқыл тазарту үшін де жарайды. Номерлерді жинаудағы келесі бір өте маңызды нысанға – ванна вөлмесіне көшуге болады. Ванна бөлмесін жинауға кірісе отырып, тазалықшықайтадан резеңке қолғаптар, резеңкеленген алжапқыш және қорғаныс дәке таңбасын киеді. Жинаудың «тазадан – ласқа, жоғарыдан – төменге» деген классикалық ережесін ұстана отырып, дәйекті түрде: аспалы сөре немесе айнасы бар дәретхана тумбочкасы (үстелшесі), раковина, қабырғалардағы кафель плиткасы, ванна, биде, унитаз, еден ретке келтіріледі. Мейманханаларда орамалдардың ең кең таралған еуропалық өлшемдері: 50 х 50, 50 х 100, 70 х 140 см-өлшемдері болады. Түкті бұйымдар өте тартымды көрінуге тиіс. Орамалдар қонаққа бет жағын көрсетіп жатуға немесе ілініп тұруға тиіс. Орамалдардың жиектері қабырғаға бұрылуы керек. Тазалықшыорамалдарды мейманхананың логотипі (эмблемасы, бренді) мүмкін болғанша көбірек көрінетіндей етіп жинайды және іледі. ӘШҚ-де орамалдаржы осыларға сәйкес жинау керек болатын үлгілер (фотосуреттер) болуы керек. Жайлы және ыңғайлы болуы үшін меймандардың иелігіне монша халаттары (Bathrobes) және шәркелер (Slippers) беріледі. Халаттар көбінесе әмбебап өлшемдерде: L, XL, XXL өлшемдерінде болады. Жоғары санатты отельдер үшін балалар халаттарының болуы (әдетте, «капюшоны бар» модель) құба-құп. Мейманханада өздерінің тұрақты клиенттеріне атаулы халаттар беру жақсы мәнер деп есептеледі. Атаулы халатты әдеттегі халаттан халаттың жоғарғы қалтасындағы мейманнның атының, мысалға, Mr.Brown немесе Mr.Green деген қосымша (мейманхананың логотипінен өзге) зер кестесі ерекшелендіретін болады. Мұндай халат үнемі пайдаланылмай, тұрақты мейманның отельге келесі рет тоқтауын тосып тұрады. Мұндай қабылдау отельдегі өз клиенттеріне қызмет көрсетудің персоналанған тәсілін куәлендіреді. Отельдердегі монша халаттарының екі негізгі фасоны: Ø кимоно. Ұзындығы 130 см. Жеңдерінің ұзындығы ¾, белдігі бар; Ø жағасы бар шәлі. 130 см. Жеңдеріұзартылған, оларды манжетпен бүктеуге мүмкіндік беретіндей. Кимоно моделінің жазғы жылы маусым үшін артықшылығы бар. Кейбір меймандар халаттарды, орамалдарды, тоқыма майлықтарды жаңсақтықпен бір рет пайдаланылатын бұйымдарға жатқызып, Отандарында қандай да бір мейманханадағы жайлы өткізілген уақыт туралы еске түсіріп жүру үшін өздерімен бірге алып кетеді. Әрине, әлемде егер меймандар өздерінің фирмалық халаттарын немесе орамалдарын өздерімен алып кетсе өте қуанатын отельдер бар. Бұл отельдің тиімді жарнамасы. Бірақ мұның әлемнің, мысалға, мұндағы Imperial Suite тәулігіне 33243 доллар тұратынЖеневадағы President Wilson Hotel; Royal Suite үшін бағасы тәулігіне 25 639 доллар тұратын Афиныдағы Grand Resort Lagossiотелі;Багам аралдарындағы «Атлантис» мейманханасындағықұны тәулігіне 25 000 доллар Bridge Suit; сондай-ақосындағы көп бөлмелі номерлер тәулігіне 4000 бастап 5000 долларға дейін тұратын Оңтүстік Африка республикасындағы “The Palace” («Сарай) отелі; Римдегі «Эксельсиор» отелі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Бурж Аль Араб» отелі және бірқатар өзгелерісекілді ең қымбат отельдеріне ғана қатысы бар. Отандық отельдерге, тіптен ең жоғары санатты отельдерге келетін болсақ, онда тоқыма бұйымдарын мейманхана туралы естелікке сыйлық ретінде таратып беретіндей осыншама салтанаттылық, ауқым және материалдық ауқаттылық бізде әзірге болмай отыр. Отельдердің меймандарына өкпелеп қалмайтындай түрде тоқыма бұйымдардың мейманхананың меншігі болып табылатындығы туралы хабарландырылады. Осындай еске салудың мәтіні былайша болуы мүмкін: Осы тәріздес маңдайшаны ванна бөлмесінде көзге түсетін жерде орналастырылған мақсатқа лайықты. Ауаның циркуляциясы жүруі үшін, ванна бөлмесінің есігін сәл ашылған (шамамен 15 см-ге) етіп қалдырады. Қазіргі заманғы отельдержылытудың және ауа алмастырудың бақыланатын жеке жүйелерімен жарақтандырылған. Мейманхана бөлмелеріндегі оптималды температура деп 20-220С есептеледі. Жинап жүрген кезде тазалықшыжылыту маусымы кезінде термостаттың температурасын бақылайды, сондай-ақ жазғы кезеңде бөлмеде белгіленген температураны ұстап отыру үшін, кондиционердің реттегішін қажетті позицияға орнатады. Номерді жауып кете отырып, тазалықшысіріңкенің (ол күлсалғыштарға мейманхананың логотипін жоғары қаратып қойылады); меймандарға арналған ақпарат папкасының; бөтелкеге арналған ашқыштың (штопордың); киімге арналған щетканың, кір жуатын бөлмеге арналған қаптардың (Laundry form; Laundry List); тігуге арналған жинақтың; полиграфиялық ақпаратық өнімнің; сондай-ақ экстремалды жағдайға арналған құтқарушы тыныс алу аппаратының, электр фонарьдың, мейманхананың эмблемасы салынған фирмалық пакеттің немесе сөмкенің және меймандардың отельде жайлы және қауіпсіз тұруын қамтамасыз ететін өзге де қажетті заттардың болуына назар аударады. Жинаудың соңында тазалықшыбұл кезде жағымды және ығыр етпейтін хош иісі бар дезодоранттаушы құралды пайдалана отырып, номердегі ауаны жаңартады. Одан әрі ол жарықты өшіреді (номер меймандар немесе тазалықшыномерден кеткен кезде жарықты автоматты түрде өшіруге мүмкіндік беретін қуат үнемдеуші контроллермен жабдықталмаған жағдайда). Жинауға арналған барлық заттарды алып кету керек. Одан соң есіктің тұтқасынан «Тазалықшыномерде» маңдайшасы алынады, есік жабылады және жеке тапсырмада жасалған жинау жұмыстары және номердің дайындығы туралы жазба жасалады. Егер тазалықшыномерді мейман болған кезде жинаса, номерден кете отырып, оған мейманға отельде жайлы тұруын тілеп, есіктің тұтқасына «Мазаламаңыздар» деген маңдайшаны ілу керек пе екендігін сұрау керек. Номерлерді жинап жүріп, тазалықшыларжүріс-тұрыстың негізгі ережелерін ұмытпауға тиіс: 1. Жинау кезінде номерге ешқашан бөтен адамдарды (отель қызметкерлерін қоса) кіргізбеу. 2. Ешқашан номерден телефон соқпау. 3. Жинау кезінде номерде телефон қоңырауына жауап бермеу. Меймандарға бұл туралы қызмет көрсетуші персонал білмеуге тиіс өте маңызды және құпия ақпарат берілуі мүмкін. 4. Еш жағдайда да номерді жинап жүрген кезде теледидар хабарларын көрумен айналыспау. 5. Меймандардың жеке заттарына тимеу. Тұрғын номерлерде, әдетте, талай қызықты және тартымды, көздің жауын алатын заттар, бұйымдар: қалпақтар, зергерлік әшекейлер, духи құйылған флакондар, гигиена заттары, әдемі журналдар, фотосуреттері бар альбомдар және т.с. болады. ККейбір тазалықшыларда бір нәрсені өлшеп көру, бір нәрсені пайдалана тұру, журналды парақтап шығу және т.с. ниеті пайда болады. Бұған қатаң тыйым салынған. Егер мейманнан мұндай белгі келіп түссе, әлде басшы тазалықшыны осындай әдепсіз іс жасап жатқанында көріп қалса, мұның ізін шала жұмыстан шығаруға дейін, елеулі жазалау шарасы қолданылуы мүмкін. 6. Номерді дем алуға арналған орын ретінде пайдаланбау. Кей кездері қызмет көрсетудің деңгейі төмен мейманханаларда тазалықшылар, тапсырылған жұмысты мерзімінен бұрын атқарып тастап, өздеріне номерлердің бірінде бірлесе жиналуға, жұмсақ жиһазға орналасуға, теледидарды қосуға және темекі тартуға жағдай жасап, мүмкіндік береді. Бұл отельдегі ішкі тәртіп ережелерінің өрескел бұзылуы.
|