Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Меймандар қалдырып және ұмытып кеткен заттарды тіркеу журналының үлгісі



Заттардың тіркеген, сипаттаған кезде белгілі бір ережелерді білу, бұл мәселеде аса абай және өте кәсіпқой әрекет ету керек. Ұмытылған заттардың тек сыртқы, визуалды сипаттамасын ғана жасау ұсынылады. Әсіресе мұның зергерлік және былғары бұйымдарға қатысы бар. Айталық, бір қарағанда алтыннан жасалған білезік табылды дейік. Алтын білезік табылды деп жазған дұрыс болмайды, дұрысы – сары металдан жасалған білезік. Немесе, мысалға, меймандар сақиналарын ұмытып кеткен және ол платинадан немесе бриллиантпен бірге күмістен жасалған сақинасы секілді көрінеді. Бұл жағдайда бұл затты былайша тіркеу керек: түссіз, мөлдір тасы бар, ақ металдан жасалған сақина табылды.

Тіркелгеннен кейін, ұмыт болған заттар тиісті өлшемдердегі арнайы пакеттерге орналастырылады, оларға ұмыт болған заттарды тіркеу журналынан көшірілген келесі ақпараты бар шағын карточка бекітіледі:

·тіркеу номері;

·мейманның аты (егер белгілі болса);

·зат табылған орын;

·затты тапқан адамның аты;

·ескертулер;

·басшының немесе көмекшінің қолы.

Бұл карточкалар ұмыт болған заттарды жүйеге келтіруге көмектеседі.

ӘШҚ-де ұмытылған заттар сақталатын арнайы бөлме бар. Ірі габаритті заттар үшін стеллаждар бөлінген. Ерекше құнды заттар (ақша, кредит карталары, зергерлік бұйымдар, құжаттар) сейф ойластырылған. Соынмен қатар ұмыт болған, жылдам бұзылатын өнімдерге арналған тоңазытқыш қажет.

Әдетте, шетелдік мейманханаларда ұмыт болған заттарды сақтау мерзімі 1 жыл және 1 күн құрайды. Ұмытылған азық-түлікке келсек, онда бұл мерзім 3 күн құрайды (бұл тек ашылмаған азық-түлікке қатысты).

Ұмытылған заттар туралы толық ақпаратты ӘШҚ басшысы жылдам қабылдау және орналастыру қызметіне береді, мұнда табылған заттарды иелеріне қайтарып беру бойынша шұғыл шаралар қолданылады. Шетел мейманханаларында, мүмкіндігіне қарай, клиенттермен немесе «ұмытшақ» меймандар осылардың бағыттары бойынша қоныстанған компаниялармен тікелей байланыс жасауға тырысады және оларға тауып алынған заттар туралы хабарлайды. Кейбір мейманханаларда бұл мәселеде одан әрі барады және ұмытылған заттарды почтамен жөнелтеді. Ресейде ұмытылған заттарды иелеріне почтамен қайтару қолданылмайды.

Клиенттер уағдаласқан мерзімнің ішінде өздері отельде ұмытып кеткен заттарын іздеп, қайтып оралған жағдайда, оларды беру кезінде кейбір ресми әрекеттерді ұстанып, сақтау керек. Біріншіден, хабарласып отырған клиенттің шындығында да қандай да бір заттың иесі болып табылатындығына көз жеткізу керек. Екіншіден, затты (заттарды) берген кезде міндетті түрде тиісті құжатты толтыру қажет.

Бұл технологиялық құжат, басқа құжаттар секілді, мейманханада кем дегенде бір жыл сақталады. Заттың иесінің өзінің қандай да бір себеппен өзі мейманханада ұмытып кеткен затын алып кетуге мүмкіндігі болмайтын жағдайлар болып тұрады. Адам өзіне осы мәселені шешуге көмектесуді өз әріптестерінің бірінен, таныстарынан, туған-туысқандарынан, осылардың бағыты бойынша қоныстану орын алған компанияның өкілдерінен және т.с. сұрай алады. Затты басқа адамға беру тек онда ұмыт болған заттың иесінен сенімхат болғанда ғана мүмкін болады. Ұмытылған заттар үшін жауапты мейманхана қызметкеріне сонымен қатар ұмыт болған заттың иесінен оның затының белгілі бір адамға берілуі жайындағы ниеті туралы ауызша түрдегі хабарлама алу да қажет болады.

Егер затты оның иесі немесе сенімді адамы сұрамаған жағдайда, белгіленген мерзім өткеннен кейін мейманхана оған меншік иесі құқығына енеді. Мейманхананың басшылығы 2 апта мерзімде затқа иелік ету бойынша шешім қабылдайды. Әдетте, зат оны тапқан адамға беріледі. Отельдің қызметкерлерінде табылған заттарды қайтарып беруге қосымша ынта пайда болатындықтан, бұл өте саналы тәсіл.

 

 

Отельдің қызметкерлеріне меймандардан сыйлықтар секілді, қызметкерлерге көшкен ұмытылған және меймандар қайтып сұрамаған заттар ерекше рәсімделуге тиіс. Қалдырылып кеткен және ұмытылған заттардың журналында заттың қызметкерлердің қайсысына берілгендігі туралы жазба жасалады және заттарды шығаруға оұқсат қағаз (рұқсат) жазылып беріледі. Рұқсат қағазда:

·дата;

·қызметкердің тегі, аты;

·лауазымы, қызметі/бөлімі;

·мейманханадан шығаруға рұқсат берілген заттардың және бұйымдардың атауы;

·қызмет басшысының қолы көрсетіледі.

Рұқсат қағаздың түпнұсқасы мейманханадан қызметшілер шығатын жерде қауіпсіздік қызметінің (Security) қызметкерлеріне көрсетіліп, осында есепшілік үшін қалады. Екінші данасы қызметкердің (Employee) өзіне беруге арналған және үшнші данасы заттарды шығаруға рұқсат беріп отырған адамда (Authorizing Person) қалады.

Табылған заттың құны зор болған, бірақ иесі одан бас тартқан жағдайда, қабылдау және орналастыру қызметінің қызмет басшысы табылған заттың иесінінен мейманхананың пайдасына жазбаша бас тарту алу үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

Клиент кеткеннен кейін номерлерді жинау кезінде құнды заттарды сақтауға арналған жеке сейфке ерекше назар аудару керек.

Егер мейман кеткеннен кейін сейф жабық қалған болса, қабылдау және орналастыру қызметінің менеджерімен және екі куәгерімен бірлесе отырып сейфті ашу, тиісті акт толтыру және жоғарыда аталғандай әрекет ету керек. Жаңа мейман кірер алдында сейф ашық тұруға тиіс.

Егер мейман кеткеннен кейін номерде кілт-карта қалған болса, оны міндетті түрде ӘШҚ басшысының кеңсесіне алып келу керек.

«Қалдырылған және ұмытылған заттар» тарауының қорытындысын жасай отырып, отель қызметкерлерінің осы мәселедегі құзыретсіздігінің елеулі кикілжіңдерге алып келуі мүмкін екендігі туралы айта кету керек. Айталық, бүгін тазалықшымеймандар отельден шығып кеткеннен кейін қалдырып кеткен тарақты қажет болмағасын лақтырып тастады, ал ертеңінде клиенттер, ол өткен ғасырдың кинематограф жұлдызына тиесілі болған жеке бас заттарының аукционында сатып алынғандықтан, тарақтың құнының бірнеше мың доллар құрайтындығын мәлімдейді. Немесе өзге мысал: ерекше мән берместен, тазалықшыномерден зең басып кеткен шағын банканы лақтырып тастайды. Кейініректе ол жаңа дәрілік препарат жасау бойынша эксперимент жүргізуге арналған аса маңызды құрамдас бөлікті лақтырып тастаған және осылайша жаңа әлемдік ғылыми жаңалық ашуды кешеуілдеткен болып шығуы мүмкін. Меймандар өздері кеткеннен кейін номерлерде кейде бір қарағанда ешқандай құндылық болып табылмайтындай заттарды қалдырып кетеді. Бірақ бұл меймандардың өздері үшін олардың қымбат және бағаланбайтын еместігін білдірмейді. Бұларды меймандарға сүйікті адамдары сыйлағандықтан немесе өмірлеріндегі қандай да бір оқиғалармен байланысты болғандықтан, мейманханада ұмытып қалдырылған ескі шарф, көзәйнекке арналған футляр немесе кітап клиенттерге өте қымбат болып табылатын жағдайлар болады.

«Қалдырылып кеткен және ұмытылған заттар» - сірә, мейманхана жұмысындағы ең осал аспекттердің бірі болар. Бұл дәл сол, пайдақор клиенттерге өздерінің қулықпен ойластырылған «қапқандарын» қойып кету өте оңай болатын жағдай. Мейманхана қызметкерлерінен олар қойған барлық «қапқандарды» өте ептілікпен орағытып өтіп, бұл кезде қажетті нұсқаулармен және ережелермен қаруланып, сұм клиенттерге отель персоналын кәсіпқой еместіктеріне кінәлауға мүмкіндік бермеу талап етіледі.

 



Просмотров 1447

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!