Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бөлмелерді кешенді жинау және ұстау жөніндегі жұмысшылардың қызмет бабындағы міндеттері



1. Дәліздерді, лифт холлдарын жинау.

2. Қабаттардағы қосалқы бөлмелерді жинау.

3. Күлсалғыштарды тәртіпке келтіру.

4. Кілемдерді тазарту, қатты жамылғысы бар едендерді машинамен жинау.

5. Отельдің холлдарындағы және дәліздеріндегі жиһазды, айналарды, антиквариат заттарды, жарықтандырғыш аспаптарды күтімге алу.

6. Қабырғалардың, терезе алдының, есік қораптарының, терезелердің ұстағыштардың тазалығын ұстап отыру.

 

Имаратты техникалық қалыпты ұстау жөніндегі жұмысшылардың қызмет бабындағы міндеттері

1. Мейманханаға жапсарлас жатқан аумақты тазалықта ұстау.

2. Қоқысқа арналған урналарды және кәрзеңкелерді жуу; темекі тартатын жерлердегі тазалықты бақылау.

3. Мейманхананың ішкі ауласындағы қоқысты жинау.

4. Қоқыс салуға арналған контейнерді жуу.

5. Негізгі жинаулар кезінде мейманханадағы терезелерді жуу.

6. Орталық кіретін жердің маңдайшасын тазарту және жуу.

7. ӘШҚ басшысының және оның көмекшілерінің қосымша тапсырмаларын орындау.

Мейманханада кейбір ерекше жинау жұмыстарын орындау үшін шарт бойынша бөгде ұйымдар қатыстырылуы мүмкін. Мысалға, қабатталығы үлкен мейманханаларда терезелерді жууды көбінесе альпинистердің арнайы бригадалары жүргізеді. Шатырдағы қарды күреп түсіру немесе аквариумдарды тазарту секілді жұмыстар штаттан тыс қызметкерлердің күшімен жүргізіледі.

Мини-барларға қызмет көрсету ӘШҚ жүктелген мейманханаларда қосымша қызметкерлер қажет. Олар, әдетте, мини-барлардың аға тазалықшысы және мини-барлардың тазалықшылары болып табылады.

Мини-барлардың аға тазалықшысының қызмет бабындағы міндеттері

1. Мини-барлардың тазалықшыларының жұмысқа шығу кестелерін жасау.

2. Мини-барлардың тазалықшыларының жұмысын үйлестіру және бақылау.

3. Мини-барлар үшін барлық қажетті өнімге тапсырыс беру және оларды қоймадан алу.

4. Мини-барлардың барлық өніміне бағаларды толықтай білу.

5. Шығындарды мейлінше азайту мақсатында, қызмет бөлмелерімен ақпаратты жылдам алмасып отыру.

6. Жұмыста қамтамасыз етудің техникалық құралдарын пайдалана отырып, барлық қажетті құжаттарды жүргізу.

7. Отельдің меймандарға толу пайызы, меймандардың шамаланып отырған келіп кірулері және кетулері туралы ақпаратқа ие болу.

8. Клиенттердің мини-бар қызметтеріне ақы төлемеуімен байланысты шығынға акт толтыру.

Мини-барлардың тазалықшысының қызмет бабындағы міндеттері

1. Мини-барлардың отельде орныққан, белгіленген стандарттарға қатаң сәйкестікте ұсталуы үшін жауапкершілік:

а) мини-барлардың бетінің тазалығын ұстап отыру;

ә) мини-барлардың ішіндегі (сөрелер, мұзға арналған шелекше, ішкі қабырғалар және т.с.) тазалықты ұстап отыру;

б) өнімге ассортиментті, бағаларды білу және өнімнің саны, мөлшері бойынша нормаларды сақтау;

в) өнімді жайып қоюдың бірыңғай стандартын сақтау;

г) барлық өнімнің фирмалық таңбалауға ие болуын бақылау;

д) барлық өнімнің этикеткаларымен және затбелгілерімен меймандарға қарай бұрылуын бақылау;

е) барлық өнімнің жаңадан алынғандығын және жарамдылық мерзімінен асып кетпеуін бақылау;

ж) ай сайын мини-бардың мұзын ерітіп отыру.

2. Мини-бардың қажетті өніммен дер кезінде және үздіксіз толықтырылып отыруын қамтамасыз ету.

3. Қызмет бөлмелеріне отель клиенттерінің мини-бар өнімін тұтынуы туралы мәліметтерді (әсіресе кететін күні) жылдам беріп отыру.

4. Клиенттердің мини-барлар бойынша шығындарға дер кезінде ақы төлеуінің бақылануын қамтамасыз ету.

5. Тиісті құжаттар жүргізіп отыру.

6. Клиенттердің үлкен топтарының келіп кіруі және шығуы, VIP-меймандардың келуі туралы ақпаратқа ие болу.

7. Меймандардың өтініші бойынша мини-барды қосымша толықтырып отыру.

8. Клиенттердің мини-бар қызметтеріне ақы төлемеуімен байланысты шығынға акт толтыруға қатысу.

9. Мини-барлардың аға тазалықшының қосымша тапсырмаларын орындау.

 

Бақылау сұрақтары және тапсырмалары

1. Тазалықшылардың қызмет бабындағы міндеттерін (жалпы ережелерді) тізіп шығыңыз.

2. 1-ші (таңертеңгі) ауысымның тазалықшыларының жұмысының өзгешелігі неден тұрады?

3. 1-ші (күндізгі) ауысымның тазалықшыларының негізгі атқаратын міндеттерін атап шығыңыз.

4. Кешкі ауысымның тазалықшыларының нақты қызмет бабындағы міндеттерін көрсетіңіз.

5. Түнгі ауысымның тазалықшыларының міндеттері қандай?

6. 2-ші (кешкі) ауысымның супервайзерінің жұмыс көлеміне не кіреді?

7. Келесі қызметкерлердің: қызмет бөлмелерін жинаушылардың, дәліз қызметкерлерінің (хаузмендердің), бөлмелерді кешенді жинау және ұстау жөніндегі жұмысшылардың міндеттеріне не енгізілген?

8. Мини-барлардың аға тазалықшына және мини-барлардың тазалықшына (тазалықшыларына) қандай жұмыс жүктелген?

 

 

Дәріс. Тақырыбы: Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің қызметтері. ХЖБ қызметкерлерінің жұмыс технологиясы мен атқаратын міндеттері

Кілт сөздер: Кір жуу-химиялық тазарту бөлімі, ХЖБ қызметкерлері

Қарастырылатын сұрақтар:



Просмотров 2190

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!