Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Ызмет бабындағы киімді беру және ауыстыру тәртібі
Қызметкерлердің біркелкі формасын тәртіпке келтіру отель есебінен жүргізіледі. Мейманхана қызметкерлерін ыңғайлы және әдемі біркелкі формамен қамтамасыз етеді, ал хжбнің персоналының бір бөлігі оның үнемі жуылып және химиялық тазартылып отыруы үшін жауап береді. Хжбнің тігіншісі, қажет болған кезде, біркелкі форманы сәл пәл жөндеуді жүргізеді, оны қызметкердің мүсініне қиыстырады. Біркелкі форма әрқашан мінсіз болуға тиіс. Қызмет киімін алғаш рет берген кезде әрбір қызметкерге формуляр толтырылады. Одан арғы жерде бұл формулярда қызмет киімін және аксессуарларды барлық беріп отырулар мен қайтарулар тіркеліп отырады. Мейманханамен келісім-шарт мерзімі аяқталған кезде қызметкердің атына жазылған және формулярда көрсетілген барлық киім заттары қайтарылып берілуге тиіс. Қызмет кіиімін алмастыру, әдетте, кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің бөлмесінің және персоналға арналған қызметтік шешіну бөлмелері арасында орналасқан кір сақтау бөлімінде жүргізіледі. Жоғары санатты отельдердің көпшілігінде қызметтік киімді ауыстыру, шағын техникалық үзілістерді қоспағанда, кір сақтау орнының персоналының бүкіл жұмыс күні бойында жүргізіледі. Бірқатар отельдерде қызмет киімін ауыстыру белгілі бір сағаттарда жүргізіледі. Көбінесе бұл уақыттың келесі аралықтары: 8.00 бастап 10.00 дейін – таңертеңгі ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін; 13.30 бастап 15.30 дейін – күннің екінші жартысында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін; 20.30 бастап 21.30 дейін – кешке ұзақ жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қызмет киімін ауыстыруға арналған қосымша сағаттар. Отельдің барлық қызметкерлері өздерінің қызмет киімін өздері ауыстыруға тиіс. Кір сақтау бөлмесінің қызметкері (кастелянша) қызмет киімін өңдеуге қабылдап алған кезде оның күйін тексереді. Киімді сәл-пәл жөндеу қажет болған жағдайларда, бұған ерекше назар аудару керек. Кір сақтау бөлмесінің қызметкерлерімен немесе кастеляншамен келісіп алмай, қызмет киімінде әлденені өзгертуге тыйым салынады. Қызметкерлердің ерекше өтініштері қызмет киімін есепке алу кітабында (журналында) белгіленуге тиіс. Көйлектер мен блузкаларды күн сайын ауыстырып оытру керек. Шалбарларды, юбкаларды және пиджактарды бұдан сирегірек ауыстырып отыруға болады, бірақ негізгі нәрсені ұмытпау керек – олар әрқашан жаңа және ұқыпты түрге ие болуға тиіс.Кір сақтау бөлмесінің қызметкері немесе кастеляншаотель персоналының қызмет киімін ауысттыруының тұрақтылығын бақылауды жүргізіп отырады. Олар тапсырылған біркелкі форманы бақылайды, оны кір жуу-химиялық тазарту бөлімі үшін сұрыптайды. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінде біркелкі форманың әрбір заты ерекше түрде таңбаланып, ретке келтіріледі. Қызметкерлердің біркелкі формасы әдетте, бірнеше кір жуатын машинамен, оның ішінде абайлап жууға арналған машинамен (жүн, жібек және т.с.), көйлектерге арналған бу манекенімен, кептіргішпен, бірнеше үтіктеу үстелдерімен, жағалар мен манжеттерге арналған пресстермен және т.с. жарақтандырылған, кіші кір жуатын бөлме деп аталатында өңделеді. Бұл кезде жұмыстың сапасын: барлық түймелердің орнында тұрғандығын, дақтардың, тігістің сөгілулерінің жоқ па екендігін және т.с. бақылай отырып, таза біркелкі форманы кір жуу-химиялық тазарту бөлімінен кір сақтау бөлмесінің қызметкері немесе қастелянша қабылдап алады. Одан әрі таза біркелкі форматиісті қызметтер мен бөлімдер бойынша сұрыпталады. Қызмет киімін сақатау және беру процесін жүйеге келтіру үшін белгілі бір қызметтің немесе бөлімнің қызметкерінің әрбір біркелкі формасының өзінің жеке номері болады. Дайын біркелкі форманы алған кезінде қызметкер тек қызметін және белгілі бір номерді ғана айтады.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалары 1. Мейманхананың жұмысында фирмалық (формалық) киім қандай роль ойнайды? 2. Асхана персоналының, даяшылардың, техникалық қызметтердің, сауықтыру орталығының, қабылдау және орналастыру қызметінің қызметкерлерініңбіркелкі формасын сипаттап беріңіз. 3. Отель басшылығының және менеджерлер құрамының өкілдік киімі қандай болып келеді? 4. Отель қызметкерлерін фирмалық (формалық) киіммен қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылады және оны пайдаланудың ережелері қандай? 5. Қазіргі заманғы отельдерде қызмет киімін беру және ауыстыру бойынша қандай тәртіп қолданылатындығын түсіндіріп беріңіз.
Дәріс. Тақырыбы: Отельдегі сауықтыру орталығы. Сауықтыру орталығының жұмыс технологиясы және персоналының атқаратын міндеттері Кілт сөздер: сауықтыру орталығы, бассейн, тренажер Қарастырылатын сұрақтар:
|