Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Фирмалық (формалық) киім маркетингтің маңызды элементі ретінде1
Біркелкі форма – мейманханакәсіпорынының табысты бизнесінің құрамдас бөліктерінің бірі. Біркелкі форма сөзін «бірыңғай түр» («уни» - бірыңғай, ортақ деген сөзден шыққан) ретінде аударуға болады. Персоналдың мін таға алмайтын сыртқы түрі – сервистің жоғары деңгейінің көрсеткіші, мекеменің санаттылығының және бедел-мерейінің куәсі. Мекеме қызметкерлері кәсіби көрінуге және олардың түрінің өзі-ақ клиенттерде сенім ұялатуға тиіс. Мейманхананың корпоративтік киім киген қызметкерлері өздерін бірыңғай команда ретінде сезінеді, бұл кәсіпорынның бет-бейнесіне және оның өнімділігіне міндетті түрде оң әсерін тигізеді. Ыңғайлы да әдемі киім киген қызметкерлерде корпоративтік мақтаныш сезімі пайда болады, бұл сезім болса олардың сапалы және «жан-тәнімен» еңбектену ниетіне көбіне көп әсерін тигізеді. Формалық киім – мекеме концепциясының ажырамастай бөлігі. Фирмалық стиль – бұл ұйымның корпоративтік рухы да, интерьерлердің безендірілуі де, жарнама өнімінің бірыңғай стилі және персоналдың мықтап ойластырылған киімі. Қызметкерлердің сыртқы түрі мекеменің корпоративтік стиліне қатаң сай болуға тиіс, әрі отельдің барлық қызметтерінің киімі бұл стильде ұсталынуға тиіс. корпоративтік киімді жасап шығарумен имиджмейкерлер, психологтар, медиктер, персоналды басқару жөніндегі мамандар, дизайнерлер жұмыс істейді. Кәсіби киім – сән индустриясының бір бөлігі. Дүние жүзіне танымал фирмалар үнемі жаңа топтамалар шығарып отырады, мамандандырылған кталогтар басып шығарады. Қазіргі заманғы жұмыс киімі – бұл сызықтардың әсемдігі, сапалы мата, түстер мен фасондар, реңдер, сонымен қатар киімге стильдік аяқталғандық беріп тұратын ойластырылған майда-шүйделер. Фирмалық киім кәсіпорынның атқаратын міндетіне және стиліне сай болуға, ыңғайлы, өңдеуге (жууға, химиялық тазартуға) төзімді, гигроскопиялы, тозуға шыдамды, берік, ауа өткізетін болуға, мыжылып-бырыспауға, маусымға сай болуға, арнайы функционалдық бөліктерге (алжапқыштар, бас киім, қалталар) ие болуға тиіс. Біркелкі формаға қойылатын аса маңызды талаптардың бірі оны жасаған кезде күн сайын киіп жүруге, жиі жуып отыруға және химиялық тазартуға есептелген, аса жоғары тозуға шыдамдылығы бар арнайы маталар пайдаланылуға тиіс екендігі болып табылады.Біркелкі форма осылардан жасалған маталардың ұзақ пайдалану барысында өздерінің бастапқы сипаттамаларынан айырылып қалмағандығы маңызды. Формалық киім тіптен күнделікті жұмыста киілмейтін киімге қарағанда, қарқындырақ пайдалануға ұшырап отырады. Біркелкі формаға арналған маталар өте мұқият таңдап алынады, өйткені олар жұмыс түріне және жұмыс ырғағына сай болуға тиіс. кәсіби киім ыңғайлы болуға, «тыныс алуға», пішінінен айырылмауға тиіс. TREVIRA (100% полиэстер түрлерінің бірі), PREMIUM (60% - жүн, 38% - полиэстер, 2% - лайкра), OPTIMA (55% - полиэстер, 45% - жүн) секілді маталар өздерін жақсы жағынан көрсетіп отыр. Мейрамханаларға, мейманханаларға, казиноларға арналған киім тіккен кезде габардин, габардин-стрейч, спандекс, костюмдік жартылай жүннен маталар, блузкалық креп-атлас, кашибо-креп ең жиі қолданылады. Сапалы біркелкі форманың көрсеткіштерінің бірі оны пайдаланудың қарапайымдығы болып табылады –персоналда жуған, химиялық тазартқан, сондай-ақ үтіктеген кезде ешқандай проблема туындамауы керек. Қазіргі кезде өнімдер тігу үшін тіптен химиялық тазарту қызметтерін пайдаланбай, ерлердің пиджактарын жууға мүмкіндік беретін ең қазіргі заманғы маталар мен технологиялар қолданылады, бұл оларды, әсіресе мейманхана-мейрамхана кешені жағдайларында күтуді айтарлықтай шамада жеңілдетеді. Фирмалық түске, мекеменің интерьеріне, қызметкерлердің жасына, ол орындайтын міндеттерге сай болудан өзге, киімнің фирмалық символикасы: логотипі, сауда белгісі, бренді, ұраны және қызметкердің аты болуы керек. РФ Үкіметінің 1997 ж. 25.04. №490 Қаулысымен бекітілген, «Ресей Федерациясында мейманхана қызметтерін көрсету ережелерінің» 14-тармағына сәйкес, мейманхананың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, көрсетілетін қызметтердің тізімі мен сапасы оған берілген санаттың талаптарына сай болуы керек екендігі қарастырылған. Федералдық туризм жөніндегі агенттіктің 2005 ж. 21.07. №86 Бұйрығымен бекітілген, Мейманханаларды және өзге орналастыру құралдарын классификациялау жүйесінің 15-ші «Әртүрлі санаттардағы мейманханаларға және өзге орналастыру құралдарына қойылатын талаптар» тарауының 10-шы «Ресей Федерациясында мейманхана қызметтерін көрсету ережелері» пунктінде(**) және одан жоғары санатты мейманханалар үшін қызмет көрсетуші персоналдың формалық киімді пайдалануының міндетті екендігі көрсетілген. Мейманханалар үшін формалық киімді беру тәртібін және оның қызмет ету мерзімін белгілейтін нормалар регламенттелмейтіндіктен, мейманханалардың басшылығы кәсіпорын ішінде пайдалану үшін, осыларға киім берілетін қызметкерлердің қызметтерін, берілетін киімнің түрін, оның қызмет ету мерзімін және т.с. көрсете отырып, Формалық киім беру тәртібі туралы ереже жасап шығарады. Азіргі заманғы отельдің әртүрлі қызметтерінің және бөлімдерінің қызметкерлеріне арналған мамандандырылған киім Аспаздардың біркелкі формасына әртүрлі аспаздық шалбарлар, күртелер, көйлекер, алжапқыштар, қалпақтар, пилоткалар, телпектер, мойын орамалдар, бандаптар жатады. Осындай өнімдердің модельдерінің және түстерінің үлкен таңдауы бар. Олардың арасында классикалық ақ модель де, мүлдем бірегей, мысалға, камуфляжды, шахматтық реңдердегі модельдер де, сондай-ақ соңғы кездері сәнге айналған, жайдарман жазулары және ірі бедерленген суреті бар модельдер де бар. бұл берік және ұзақ уақытқа шыдайтын маталардан жасалған жарқын, әдемі киім. Асхана персоналының арнайы киімінде міндетті түрде мақта болуға, ол гигроскопиялы, ауа өткізетін болуға тиіс. аспаздар мен ыдыс-аяқтың, асхана құралдарының тазалығы үшін жауап беретін стюардинг (Stewarding) қызметі үшін майға төзімді күртелер мен шалбарлар алмастырылмайтын бұйымдар. Сондай-ақ майдың әсеріне төзімді аяқ киім қажет. Ол бұл кезде таза болып қала отырып, тек ұзақ қызмет етіп қана қоймай, мұнда ыстық май шашыраған кезде аяқты қорғап та тұрады. Даяшыларға арналған киім төзімді, ыңғайлы және әдемі көйлектерді, жейделерді, блузкаларды, алжапқыштарды, шалбарларды, юбкаларды, спенсерлерді, желеттерді ойластырады. Аксессуарлар ретінде белдікер, көбелек тәрізді мойынтұмарлар, галстуктер қызмет етеді. Мейрамханалардың, барлардың, факелердің біркелкі формасы келушілердің көзінің жауын алып тұруға және бұл кезде осындай киім киіп жүрушілерге өздерін жайлы сезінуге жағдай жасауға тиіс. Техникалық қызметтердің персоналына арналған арнайы киімотельддің инженерлік-техникалық қызметінің қызметкерлерінің еңбегін ыңғайлы және қауіпсіз етуге тиіс. Осы қызметтің персоналының біркелкі формасы –комбинезондар мен шалбарлардың, күртелер мен жейделердің, футболкалар мен бас кимідердің (күнқағарлардың, бейсболкалардың) сан алуан модельдері. Түсі мен дизайны бойынша басқа қызметкерлердің біркелкі формасымен үйлесіп тұратындарын немесе интерьердің түстерін қайталайтындарын таңдап алуға болады. Сантехниктерге, электриктерге, ағаш шеберлеріне арналған киім өте функционалды болуға тиіс. Жұмыста қажетті сан алуан құрал-саймандарды орналастыру үшін арнайы киімде көптеген ыңғайлы қалталар мен құрылғылар бар. Шалбардың белдігіндегі созылмалы ендірмелер қимыл-қозғалыстың толық еркіндігін қамтамасыз етеді, ал мұнда жылытатын материал орналастыруға болатын, тізедегі арнайы қалталар тіптен суық ауа райында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Сан көптеген «молниялардың» және батырмалардың арқасында киімді оңай және жылдам киюге және шешуге болады. Ал комбинезондардың баулары киімді өлшем мен мүсін бойынша ретеп отыруға мүмкіндік береді. Ащы, күйдіретін заттармен жұмыс істейтіндерге қышқылға және сілтіге төзімді костюмдер қажет. Өндірістік персоналға арналған арнайы киім шағын жарақаттардан, химиялық күйіп қалулардан, ыстық беттермен жанасудан, тоңазытқыш камераларда жұмыс істегенде үсіп қалудан, алуан түрлі тиеу және түсіру жұмыстары кезінде қорғап отыруға тиіс. Өндірістік персоналға тиісті аяқ киім – суға төзімді, соққыға қарсы, антистатикалық аяқ киім үлгілері қажет. Қазіргі заманғы жұмыс киімі мен аяқ киімі техникалық персоналға тек стильді көрініп қана қоймай, оның еңбегін тиімді және қауіпсіз етуге жағдай жасайды. Сауықтыру орталықтарының қызметкерлеріне арналған біркелкі форма. Дәстүр бойынша, сауықтыру орталықтарының қызметкерлері спорт киімдерін шығаратын “Reebok”, “Adidas”, “Nlke” және т.б. секілді жетекші фирмалардың спорт киімдерін киіп жүреді. Соңғы кездері отельдердің басшылары, оурының персоналының киімінде жалпы алғанда спорттық стильді ұстана отырып, сонда да бұларда іскерлік стиль мен ресмилік еместік арасында қажетті баланс сақталған, арнайы жасап шығарылған модельдердің пайдасына таңдау жасай бастауда. Мейманханалардың медицина кабинеттерінде және сұлулық салондарында да ығыр қыла бастаған «ақ халаттардан» басқа стильге көше бастауда. Олардың орнына әр алуан түстердегі әдемі де бірегей туниктер мен шалбарлар келе бастауда. Мейманханаларда тазалықшыларға және жинау жұмыстарымен байланысты өзге персоналға арналған киім мұқият, тәптіштеп ойластырылады. Тазалықшыларүшін – әр алуан туниктер, шалбарлар, көйлектер, халаттар, көйлек-халаттар, сондай-ақ классикалық варианттар – қайырмалы ақ жағасы және ақ алжапқышы бар, ХІХ ғасыр стиліндегі қара көйлектер. Отель қызметкерлерінің осындай санатына арналған біркелкі форма осыдан жасалған мата су мен кір жұқтырмайтын қасиеттерге ие болуға, тіптен күн сайын жуып отырғанның өзінде өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылмауға тиіс. киім әдемі және ықшам, үнемді болуға тиіс. Мейман өзінің отельде болуының алғашқы сәтінен бастап осының өкілдерімен қатынас жасайтын қабылдау және орналастыру қызметінің қызметкерлерінің біркелкі формасы ерекше көңіл бөлуге лайық. Ресей мейманханаларының швейцарлары мен қол жүгін әкеліп жеткізушілері үшін ыңғайлы және жылы костюмдер, кительдер, спенсерлер, френчтер қарастырылған. Осындай киім тігу үшін қолданылатын материалдар болып негізінен жүн, жартылай жүн, полиэстер табылады. Швейцарлардың жұмысы олардың отель ғимаратынан тысқары, негізгі кіретін жердің маңында жүруімен байланысты болғандықтан, онда жылдың суық мезгілінде оларға жылы пальто қажет болады. Швейцарға арналған, пелеринасы бар пальто үлгісі жиі кездесіп отырады. Швейцарлардың және қол жүгін әкеліп жеткізушілердің жұмысы меймандарды қарсы алумен, қол жүгін тасымалдауда көмек көрсетумен байланысты екендігін көкейге ала отырып, олардың киімдерінің басқа адамдар тобының арасында көзге күрт шалынатындай болуы, отель персоналына жататындығы көрініп тұратындай болуы тиіс. Аталған қызметкерлердің, сондай-ақ гардероб қызметкерлерінің, хабар тасушылардың киімінде лампастар немесе канттар, алтын және күміс реңді галундардың, жылтыраған түймелердің және бірегей бас киімнің болуы кездейсоқ емес. Отель қызметкерлерінің осы санаты үшін формалық киімнің ұсынылатын түстері: қызыл, қоңыр, көк, қара-жасыл, сұр, қара түстер болып табылады. Формалық киімнің болуы клиенттің оған ақпарат немесе көмек алу үшін сөз айту қажет болған кезде мейманхананың өкілін іздестіруін жеңілдетеді. Біркелкі форманың матасының түсі мен фактурасы жыл мезгіліне және климат жадайларына сай болуға тиіс: жоғарғы санатты мейманханалардың қызметкерлерінде киімнің ашық реңді жеңіл материалдардан жасалған жазғы варианты және қысқы варианты – күңгірт реңді тығызырақ материалдардан жасалған киімі бар. Қабылдау және орналастыру орнының (Reception) персонлының киімі.Receptionқызметкерлерінің костюмдері мен жейделері, көйлектері, әдетте, жүннен, жартылай жүннен, сондай-ақ полиэстерден, әдетте классикалық іскерлік стильде жасалған.Аксессуарлар ретінде ашық түсті мойын орамалдар, көбелек пішінді мойынтұмарлар, шағын шарфтар, галстуктер мен банттар қызмет етуі мүмкін. Receptionперсоналының біркелкі формасының түсі қатаң шектермен шектелмеген. Өкілдік киім. Ең алдымен –бұл корпоративтік стиль үшін жүннің/полиэстердің/лайкраның, жүннің/полиэстердің үйлесімінен классикалық костюм бағыттары, 100% мақтадан, 100% подиэстерден, сондай-ақ аралас маталардан ерлердің жейделері мен әйелдердің блузкасы. Әдетте, оларда «аса сәнді» элементтер жоқ, классика басым болады. Өкілдік киім үшін аз отырып қалатын, барқытты, аз мыжылатын, пилингтемейтін, яғни, киіп жүру барысында тауарлық түрінен айырылмайтын, оңып кетпейтін маталар қажет. Мұндай киім отельдің басшылығына (басқарушыға, атқарушы директорларға, ірі бөлімдердің менеджерлеріне және т.с.) беріледі. Ресми шараларға, қабылдауларға, жоғары лауазымды тұлғаларды қарсы алуларға қатысу үшін ол этикет нормаларын сақтаумен байланысты болады. Өкілдік киімді таңдаған кезде шектен шығуларға жол бермеу керек. Бір жағынан, мұндай киім стильді, бірақ мен мұндалап тұрған қымбат емес болуға тиіс. Қызмет көрсетуші персонал мен мекеменің клиенттері арасында әрқашан шек болып отыруға тиіс. Мейманханадағы негізгі тұлға клиент болып табылатын қарапайым ақиқат туралы ешқашан ұмытпау керек. Екінші жағынан, халықтың: «Киіміне қарап қарсы алады» деген даналығын есте ұстай отырып, тым жұпыны көрінуге де болмайды. Персоналдың киіміне ақша үнемдеу отельдің іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін, өйткені қызметшілердің лайықты формалық киімі – кәсіпорынның табыстылығының маңызды көрсеткіші ғой. Кез келген өзге істегі секілді, отель персоналына арналған формалық киімді таңдаған кезде персонал өзін жайлы және сенімді сезінетін, ал келушілер отельдегі атмосфераға риза болатын «алтын орта» аса маңызды. Осылар қызметшілер үшін киім таңдауды бірсыпыра жеңілдетіп тастайтын, мейманханалар мен мейрамханалардың персоналына арналған біркелкі форма жасайтын белгілі фирмалардың каталогтарынан өзге, мейманханада бірқатар классикалық ережелерді басшылыққа алады: · көйлек әрқашан костюмнен ашығырақ түсті болуға тиіс; · галстук костюммен және көйлекпен үйлесімін тауып тұруға тиіс; · бір реңді көйлекке суреті бар галстук, жолағы немесе торы бар көйлекке – бір реңді, мамыражай реңді галстук жарасады; · ашық реңді костюмдермен ашық түсті галстуктер тағы қабылданған; · жолағы немесе торы бар костюммен сәл ашығырақ, бір реңді галстуктерді таққан артығырақ көрінеді.
|