Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сауықтыру орталығының қызметкерлерінің қызметтік міндеттері. Жалпы ережелер



Сауықтыру орталығының барлық ауысымдарының қызметкерлері:

1. Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білуге, жасанды тыныс жасай білуге.

2. Бассейнде жүзіп жүрген адамдарды бақылауға, (қажет болған кезде) көмек көрсетуге.

3. Массажды біліктілікпен жасай білуге.

4. Әрқашан таза спорт киімін киіп жүруге.

5. Әрқашан ұқыпты, жинақы көрінуге (қыздардың ұзын шаштары жиналып, түйрелуге тиіс).

6. Жайдары жағдай, жайлы атмосфера жасауға.

7. Бүкіл жабдықтың жарамдылығын бақылап отыруға.

8. Өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға.

9. Клиенттердің барлық ақылға сыйымды өтініштерін орындап отыруға.

10. Клиенттерге назар аударуға, олар туралы қам жеуге, білікті көмек көрсетуге.

11. Сауықтыру орталығының бөлмесін және жабдығын пайдалану бойынша кеңестер беруге.

12. Мейманға жеке фитнес-бағдарлама жасай білуге.

13. Келушілердің сауықтыру орталығындағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтауын бақылауға.

14. Кикілжің туындаған жағдайда жылдам басшыға хабарласуға.

15. Сауықтыру орталығының бөлмесінде тазалықтың жоғары деңгейін ұстап отыруға, жұмыс орнын тазалықта ұстауға.

16. Көрсетілетін ақылы қызметтерге бағалар прейскурантын білуге.

17. Отельдің сауықтыру орталығында қолданылатын компьютер бағдарламасын білуге.

18. Касса операцияларын дәл және дұрыс орындауға, қаржылық құжаттама жүргізуге.

19. Барда азық-түлік пен сусындардың болуын бақылауға.

20. Жұмыста қажетті өзге заттардың болуын бақылауға.

21. Сауықтыру орталығында көрсетілетін қызметтерді жарнамалауға.

22. Отельдің сауықтыру орталығында қабылданған қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жұмыс істеуге.

23. Өндіріс ішіндегі оқытып-үйретуге қатысуға.

24. Стажерлерді жұмыс орнында оқытып-үйретуге.

25. Отельдің басқа қызметтерінің персоналымен жақсы қарым-қатынасты ұстап отыруға міндетті.

Айтылып кеткеніндей, жоғарғы санатты отельдің сауықтыру орталығында әр ауысымда кем дегенде екі қызметкер еңбек етеді. Егер ауысым бойына бір қызметкер тікелей клиенттерге қызмет көрсетумен және олармен қарым-қатынас жасаумен айналысса, ал екінші қызметкер сауықтыру орталығының бөлмесін тәртіпке келтіріп, онда тазалықты қалыпты ұстап тұрса, бұл дұрыс деп есептеледі. Өзара алмастырушылық жүйесіне сәйкес, келесі кезекшілікте олардың рольдерін ауыстырғаны әділ болады.

Сауықтыру орталығының қызметкерлері көбіне көп 2 ауысыммен жұмыс істейді.

 

Сауықтыру орталығының күндізгі ауысым персоналының нақты міндеттері:

Клиенттерге қызмет көрсетумен айналысатын қызметкер:

1. Кофе қайнатқышты қосуға.

2. Музыканы қосуға.

3. Бардың тірегіне жуылған жемістер салынған құмыраны қоюға.

4. Қабылдау және орналастыру қызметінде мейманхананың номер қорының (Room Status Report)ағымдағы жағдайы туралы есеп пен жаңа газеттер алуға.

5. Қабылдау және орналастыру қызметінің кассасынан алынатын мәліметтерге сәйкес, шетел валюталарын Ресей рубліне айырбастаудың мейманхана бағамы (курсы) туралы ақпаратты алмастыруға (қажет болса).

6. Сусындарға арналған мұздың қорларын толықтырып отыруға.

7. Сауықтыру орталығының барында клиенттерге қызмет көрсетуге.

8. Ауызсуға арналған кулердің жанында әрқашан бір рет қолданылатын пластик стакандардың жеткілікті санының болуын қадағалап жүруге.

9. Бардың тірегінде әрқашан: кектейльдерді араластыруға арналған таяқшаның және ішуге арналған түтікшенің, қанттың, майлықтың болуын қадағалап жүруге.

10. Бардың тірегін үнемі сүртіп жүруге.

11. Жұмыс журналын (меймандарды тіркеу кітабын) жүргізуге.

12. Меймандарды тіркеу кітабына клиенттердің бөлмелерінің номерлерін, келу уақытын, сондай-ақ клуб карточкаларының номерлерін жазып отыруға.

13. Солярийді пайдалану ұзақтығын жазып отыруға.

14. Массажисттің қызметін пайдаланғысы келгендерді жазып алуды жүргізуге.

15. Келушілер немесе клуб карточкасын сатып алғысы келетіндер үшін сауықтыру орталығы бойынша экскурсиялар жүргізуге.

16. Меймандарға көрсетілетін барлық ақылы қызметтерге шоттар жазып беруге.

17. Шоттарды меймандарға қол қоюға беруге (шотта мейманның анық қолының және бөлменің номерінің болуы міндетті) және оларды одан әрі ақы төлеу үшін қабылдау және орналастыру қызметінің кассасына беріп отыруға міндетті.

Тазалық пен тәртіпті ұстап отыруға жауапты қызметкер:

1. Қызметкерлер кіретін жерде сауықтыру орталығынан кілттерді (пломбасы бар желімделген пакетте) алуға және тиісті журналға өзінің кілттерді алуына қол қоюға.

2. Есікті ашып, сауықтыру орталығының барлық отсектерінде жарықты қосуға.

3. Саунаны қосуға және шөмішке су толтыруға.

4. Джакузидегі (+400с) және бассейндегі (+280с) температураны бақылап отыруға, нормадан ауытқыған кезде – инженерлік-техникалық қызмет ке тапсырыс беруге.

5. Үлкен орамалдарды шезлогтар бойынша жайып қоюға.

6. Бір рет пайдаланылатын шәркелерді сауықтыру орталығына кіретін жердегі сөрелерге салуға.

7. Сауықтыру орталығында орамалдардың болуын қадағалап отыруға.

8. Таза орамалдарды қайта санап шығуға және оларды кірді есепке алу жураныланы жазып алуға.

9. Кір орамалдарды қайта санап шығуға және оларды кірді есепке алу жураныланы жазып алуға.

10. Санитарлық бөлмелерде дәретхана керек-жарақтарының, раковиналардың жанында қағаз орамалдардың және сұйық сабынның болуын, душ кабиналарында мөлшерлегіштерге сұйық сабынның толтырылуы деңгейін тексеріп отыруға.

11. Тренажерлер мен солярийді өңдеуге арналған дезинфекциялайтын құралдарды дайындауға.

12. Кір жуатын бөлмеден таза кірді: орамалдарды, халаттарды, жинау жұмыстарына арналған шүберекті және жұмыс майлықтарын алып келуге.

13. Жұмыс барысында қажеттіні (жуғыш заттар, инвентарь, шығын материалдар) алуға арнайы бланкте тапсырыс толтыруға.

14. Жеке гигиена заттары бар кәрзеңкені толықтырып отыруға.

15. Айна және шыны беттерін сүртіп отыруға.

16. Сауықтыру орталығындағы барлық жабдықты сүртуге және дезинфекциялауға.

17. Солярийді жинауға және дезинфекциялауға.

18. Сауықтыру орталығының холлындағы үстелдерден және орындықтардан шаңды сүртіп алуға.

19. Барлық сөрелер мен киім ілгіштерді сүртіп шығуға.

20. Қоқыс салатын кәрзеңкелерден және шелектерден қоқысты алып тастап отыруға.

21. Сауна бөлмесін жинауға.

22. Тренажер залының бөлмесін жинауға (кілем беттерін шаңсорғышпен соруға).

23. Сауықтыру орталығындағы өсімдіктерге су құюды және оларды күтуді іске асыруға.

24. Барлық техникалық жөнсіздіктер туралы инженерлік-техникалық қызмет ке немесе ӘШҚ кеңсесіне хабарлап отыруға (техникалық жөндеуге тапсырыстарды тіркеу журналын жүргізуге).

25. Сауықтыру орталығында тазалық пен тәртіпті ұстап отыру үшін, басқа жұмыстарды да атқаруға міндетті.

Сауықтыру орталығының кешкі ауысым персоналының нақты міндеттері:

Клиенттерге қызмет көрсетумен айналысатын қызметкер

1. Күндізгі ауысымның қызметкерінен ауысымды қабылдап алуға (ерекше жағдайлар міндетті түрде жұмыс журналына жазылуға тиіс).

2. Бүкіл ауысым бойына бардың тірегінде жемістердің болуын қадағалап отыруға.

3. Өнімдерге (кофе, шәй, печенье, сүт, кілегей, шоколад) және сусындарға тапсырыс беруге.

4. Бар тірегінің жанында тазалықты ұстап отыруға.

5. Кулердегі ауызсу құйылған ыдысты дер кезінде ауыстырып отыруға.

6. Шырын қысқыштың тазалығын қадағалап отыруға.

7. Қант салғыштарда қанттың, қантты алмастырғыштың болуын бақылап отыруға.

8. Кофе қайнатқыштарда әрқашан ұнтақталған кофенің жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалап отыруға.

9. Алдындағы ауысымның қызметкері жасайтынның бәрін орындауға.

10. Ағымдағы күнге есептер жасауға, статистика жүргізіп отыруға.

11. Меймандардың өтініші бойынша пікірлер кітабын беруге және өзінің басшысына онда жасалған жазбалар туралы хабарлап отыруға.

12. Шоттарды қабылдау және орналастыру қызметіне апарып отыруға.

13. Шырын қысқышты және кофе қайнатқышты жууға.

14. Музыканы өшіруге міндетті.

Тазалық пен тәртіпті ұстап отыруға жауапты қызметкер:

1. Күндізгі ауысымның қызметкерінен ауысымды қабылдап алуға.

2. Жұмысқа арналған жұмыс майлықтарының қажетті санының болуын қадағалап жүруге.

3. Кір жуатын бөлмеден таза кір алуға.

4. Қоқыс шығаруға.

5. Қажеттігіне қарай сауықтыру орталығының бөлмелерін жинап отыруға және бүкіл ауысым бойына тазалықты ұстап отыруға.

6. Кірді кір жуатын бөлмеге тапсыруға.

7. Қажеттігіне қарай бөлмені жинап отыруға.

8. Барлық меймандар сауықтыру орталығынан кеткеннен кейін тренажер залының, холлдың, солярийдің, шешінетін жерлердің, душ кабиналарының аймағын мұқият жинап шығуға.

9. Кір орамалдарды жинап алуға, оларды қызмет бөлмесіне (осында кірге арналған арнайы арба тұрған) апарып тастауға.

10. Саунаны өшіруге.

11. Жарықты өшіруге.

12. Есікті жабуға.

13. Кілттерді қызметкерлер кіретін жерде (пломбасы бар конвертте) тапсыруға және кілттерді тапсырғанда тиісті журналға өзінің қолын қоюға міндетті.

Міндеттердің осылайша бөлінуі сауықтыру орталығының қызметкерлердің клиенттерге тамақ берумен қызмет көрсетумен, тазалық пен тәртіпті ұстап отыруға бағытталған функциялармен байланысты атқаратын міндеттерін анық, дәл шектеп отыруға мүмкіндік береді. Еңбекті осылайша ұйымдастырған кезде, мысалға, қызметкерге душ кабинасын жинағаннан кейін бірден клиенттерге кофе әзірлеуге тура келетін жағдай орын алмайды.

SPA-қызметтер: массаж (целлюлозаға қарсы, сегменттік, классикалық, хош иісті, түзетуші), косметология (талассотерапия, бет және дене косметологиясы) кеңінен ұсынылады.

Сауықтыру орталықтары спорт мерекелері мен клуб кештерін, отбасылық балалар бағдарламаларын өткізу бойынша қызметтерді жиі ұсынып отырады.

Барлық тізіп көрсетілген ұсыныстар мен қызметтер, әрине, осы мейманханакәсіпорындарының бәсекелестік кезіндегі артықшылығы және ұсынылып отырған қызметтерден қосымша қаржы түсулерінің тамаша мүмкіндігі болып табылады. Осындай қызметтер көрсету қызметкерлердің кеңейтілген штатын және отельдің өзге ұйымдық-басқарушылық құрылымын қажет етеді.

 



Просмотров 1324

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!