Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Отельдің сауықтыру орталығы көрсететін қызметтердің спектрі



Жоғары санатты отельдердің спорттық-сауықтыру кешендерінде немесе орталықтарында (Health center, Sport club, Fitness center, Healthclub)демалыс пен спортпен шұғылдану үшін қажеттінің барлығы: бассейн, джакузи, сауна, солярий, тренажерлер залы, бар, шешінетін бөлме, душ кабиналары, дәретхана бөлмелері бар.

Бассейн.Мейманханалардағы бассейндердің өлшемдері, конфигурациясы, тереңдігі әртүрлі болады. Мысалға, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген ең ұзын бассейн деп Пуэрто-Рикодағы «Хайатт Ридженси Керромар» отелінің бассейні есептеледі. Меймандардың иелігінде ұзындығы 541 метр және ауданы 1,8 га бассейн тұр. Ол өзіне «су төбелерімен» қосылатын, тропиктік өсімдіктердің аясындағы 14 суағардан тұратын аймақпен қоршалған бес секцияны қосады. Бассейнде жасанды толқындар жасалған.

Бұл тараудың асында сөз осы тәріздес басы артық нәрселер мен шектен шығулар туралы емес, сыйымдылығы орташа бизнес-отельдердің көпшілігінде бар болып отырған, бассейн орналасқан сауықтыру орталықтары туралы болады.

Отель ғимаратындағы бассейннің 12 х 6 немесе сәл көбірек өлшемі күшті қалпына келтіру және жақсылап дем алу үшін әбден жеткілікті. Тереңдігі өзгеріп отырады және орташа алғанда 1,30 см құрайды. Бассейндегі көгілдір плитка мен ерекше жарықтандыру суға керемет тартымды көгілдірлік береді. Қауіпсіз баспалдақтар суға дейін түседі. Бассейнде үнемі судың өте жайлы температурасы (шамамен +280С) ұсталынып отырады, температура туралы бассейнге келушілерге электронды табло хабар беріп тұрады.

Бассейннің аймағында бір мезгілде бірнеше адамды сыйдыратын джакузи орналасады. Джакузидегі судың температурасы +400С.

Жоғарғы санатты мейманханадағы бассейн бөлмесі жайлылығымен және ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Суға шомылғаннан кейін күшті температуралық контраст болмауы үшін, бассейн аймағындағы еден мен қабырғалар міндетті түрде қыздырылып тұрады. Субтропиктің жағымды жұмсақ климатын жасауға тиісінше іріктеп алынған өсімдіктер: ховея пальмасы, құрма пальмасы, драцена, спиндапсус, филодендрон, монстера және бассейннің жанында орналасқан көптеген өзге өсімдіктер көмектеседі.

Бассейннің айналасына жұмсақ матрацтармен жабдықталған ыңғайлы шезлонгтарды орналастырады. Демалыстың жайлы атмосферасын баяу шығып тұрған сазды музыка толықтырып отырады.

Мейманханаларда судың химиялық құрамына көп көңіл бөледі. Су сүзгілердің көп сатылы жүйесі арқылы үнемі тазартылып отырады (арнайы материялық, ультракүлгін, құмды сүзгілердің көмегімен тазартылуы мүмкін). Суды зарарсыздандыру үшін сондай-ақ құрамында хлор бар препараттар, озондайтын қондырғылар және басқа да әдістер қолданылуы мүмкін. Күн сайын суда ауру тудыратын микроорганизмдердің пайда болуына жол бермеу үшін судың сынамалары алынып отырады.

Бассейн мен джакузи қатаң кесте бойынша (жылына бірнеше рет) судан толығымен босатылады, дезинфекциялай отырып, тыңғылықты тазарту жүргізеді және жаңадан су толтырады.

Сауна. Саунаға кіру үшін ұсынылатын температура +900С. Клиенттер өздерінің қалауы бойынша температураны өзгерте алады. Саунаның алдында суға арналған ожау бар. Өздерімен алып келген хош иістендіргіштерді қолдануға тыйым салынады. Сауналарда: құмсағаттар, термометр және меймандарда сеанс кезінде денсаулықпен проблемалар туындаған жағдайға арнап, арнайы қызметкерді шақырып алу батырмасы бар. Мұндай батырма жақсы көрініп тұруға және оңай қол жетерлік болуға тиіс.

Солярийтегіс және әдемі күнге шалыну алуға арналған. Күнге шалыну депрессиялармен және стресстермен күресуге көмектеседі. Солярий –сағат белдіктерінің ауысуына бейімделудің тамаша құралы. Күнге шалынудың бір немесе екі сеансы күштің айтарлықтай тасуын сезіну үшінжеткілікті. Солярийлер мейманханаларда өте қажет етіледі. Солярийдің корпусы бірегей болып ерекше көрінеді және бір нәрсесімен танылмаған ұшу нысанын еске салады. Модельдің түріне байланысты, смейманханаді қосу әртүрлі жүреді. Көбіне көп таймермен жабдықталған, жетондарға арналған арнайы қабылдағышқа жетондар салу арқылы іске қосылады.

Мейман сауықтыру орталығының қызметкеріне смейманханаде болуының ниет етілген уақыт саны туралы хабарлайды. Жетондардың бұл үшін қажетті саны салынып, осыдан кейін смейманхана 2 минут кідіріспен автоматты түрде қосылады, бұл клиентке дайындалып алуға мүмкіндік береді. Әрбір жетон аспаптың 4 минут жұмысына сәйкес келеді. Пайдаланылған жетондардың саны шотты төлеуге арналған сома болып табылады.

Сйді үлкен абайлықпен және тек сауықтыру орталығының қызметкерінің немесе дәрігердің кеңесін алдын ала алып барып қана пайдалану керек. Ммейманханаге бірінші кіру үшін 4-8 минут жеткілікті. Одан әрі бұл уақытты, өзіңнің жасыңа, жалпы көңіл-күйіңе, терінің түріне және т.с. байланысты 16-20 минутқа дейін көбейтуге болады.

Симейманханалердің қазіргі модельдері клиентке, аппараттың ішінде жатып, вентиляцияны өз қалауы бойынша ретке келтіру, дененің белгілі бір бөліктерінің үстіндегі шамдардың қуатын көбейтуге немесе азайтуға және т.с.мүмкіндік береді.

Сийдің жұмысының техникалық көрсеткіштері клиенттің жанында тұратын электронды таблоға шығарылады.

Ультракүлгін сәулелер алу сеансына жағымды музыка ілесіп отырады. Көру қабілетін зақымдап алмаулары үшін, клиенттерге қорғаныс көзәйнектерінің бірнеше түрін пайдалану ұсынылады. Клиенттердің иелік етуіне арнайы крем, орамал беріледі. Смейманханаде жеке өзінің косметикалық құралдарын пайдалану ұсынылмайды. Смейманханадің өшірілуі автоматты түрде жүргізіледі.

Тренажер (спорттық, гимнастикалық) залы.Жоғары санатты отельдердегі мұндай залдардың өз арсеналында бұлшық еттердің барлық дерлік топтарын (арқаның, қарынның, қолдың, аяқтың, кеуденің және бөксенің және т.с. бұлшық еттерін) дамытуға және нығайтуға арналған қазіргі заманға сай тренажерлер бар.

Бұлшық еттерді ұлғайту үшін сондай-ақ: 2,4,6,8,9,10 кг гантельдер қажет.

Тренажер залына келушілерде жүгіретін жолдар үлкен қошеметке ие. Клиенттерөзіне жүру немесе жүгіру бойынша бағдарламаны өз беттерімен таңдай алады. Мұның жүгіру жолының жылдамдығына, еңістігіне және т.с. қатысы бар. Тренажер шұғылданулар кезінде жүрек жұмысының ырғағын анықтау функциясына ие.

Көптеген клиенттерге велотренажер ұнайды. Жоғарғы санатты мейманхананың спорт залының бөлмесінде тренажерлердің арасында әрқашан жеткілікті жер болады.

Меймандардың бір бөлігі тек гимнастикамен ғана айналысады және олардың қарамағына секіргіштер, арнайы едендегі кілемшелер беріледі. Тренажер (гимнастикалық) залында арнайы балет станогын орнату артық болмайды. Жиі-жиі отельдерге балет артистері, хореографиялық ұдымдардың қатысушылары ат басын бұрып отырады. Бұлшық еттерін созу үшін осындай станокта жаттығу жасауды жанындай жақсы көретін жай спортқа әуес адамдар да бар.

Тренажер залдарының бір немесе бірнеше қабырғаның бүкіл ауданына үлкен айналары бар, бұл кеңістікті көзбен қарағанда кеңейтіп, шұғылданып жатқан адамдарға өз қимылдарын бақылауға мүмкіндік береді. Меймандардың жайлылығы үшін тренажер залында: телефон, спутниктік теледидар (бірнеше арна, әр алуан шет тілдерінде), бейне магнитофон, ауызсуға арналған қондырғы, киімге арналған сөрелер мен ілгіштер, қызметкерді шұғыл шақырып алуға арналған батырма бар. Сауықтыру орталығына басқа келушілерге кедергі келтірмеу үшін, теледидардың қаттылығы орташа болуы керек.

Бар. Спортпен айналысқаннан кейін сауықтыру орталығының барындағы жағымды атмосферадан ләззат алып, жақсылап тынығуға болады. Бардың айырықша ерекшелігі мәзірге мұқият теңдестірілген төмен калориялы тағамдардың, жеңіл тіскебасарлардың, спорттық және энергетикалық сусындардың, жаңа ғана сығылғандарын қоса отырып, шырындардың үлкен ассортиментінің кіретіндігі болып табылады.Ассортимент алкоголь ішімдіктерін юолдырмайды. Мұндай барды көбіне витаминді немесе фитнесбар деп атайтындығы кездейсоқ емес.

Меймандар ыстық сусындарға тапсырыс бере алады: мұнда кофенің бірнеше түрі, шәйдің алуан түрлі сорттары ұсынылады. Әдетте, сусындарды сауықтыру орталығының қызметкерлерінің өздері әзірлеп, меймандарға ұсынып отырады. Салаттарды және басқа да күрделірек тағамдарды меймандардың қалауы бойынша Room service қызметі арқылы тапсырыс беріп, жеткізіп отырады. Сауықтыру орталығына келушілер салауатты тағамды артық көреді. Тағам жеуге осында орындықтары бар, ыңғайлы үстелшелер топтасып тұрған бассейннің холлында; бар тіреуішінің артындажәне шезлогтардың жанындағы үстелдерде бассейн аймағында рұқсат етіледі. Тамақ пен сусындарды сауықтыру орталығына өзімен бірге алып келуге тыйым салынады.

Бар тірегі бір мезгілде бюроның да, mini-Reception-ның да міндетін атқарады. Тіректің артында қызметкерлер қажетті құжаттар жүргізеді, шкафтардан, шешінетін бөлмелерден кілттер беріледі, мұнда клиенттермен есеп айырысуға арналған кассасы бар компьютер жабдығы орнатылған. Отельде тұрып жатқан меймандар үшін сауықтыру орталығына келіп, кіру тегін. Олар үшін қосымша ақыға тек массажисттің қызметі көрсетіледі, смейманханаді пайдалану және барда тағамдар мен сусындарға тапсырыс беру мүмкіндігі беріледі. Массаж массаж жасауға арналған бөлмеде, дәрігердің кабинетінде немесе номерде жүргізіледі. Әдетте, меймандарға классикалық (жалпы) массаж ұсынылады. Массаж жасау ыңғайлы болуы үшін, меймандар бөлмесінде мұны сауықтыру орталығының қызметкері өзімен бірге алып келетін арнайы портативті массаж үстелі қажет. Массаж үшін ақы төлеу белгіленген тарифке сәйкес жүргізіледі. Әдетте, бұл қызмет тек отельде тұрып жатқан меймандарға ғана көрсетіледі.

Сауықтыру орталығына отельде тұрып жатпаған клиенттердің келуіне келер болсақ, мейманханалардың бұған қатысты әртүрлі саясаты бар. Бір отельдердің басшылығы өз отельдерінің сауықтыру орталықтарына «шеттен келген» келушілерге үзілді-кесілді қарсы. Басқа отельдердің басшылығы сауықтыру орталықтарына мұндай келулерді қосымша табыс табу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Бұл жағдайда отельде тұрып жатпаған клиенттер үшін сауықтыру орталығын пайдалануға прейскурант бойынша ақы белгілейді.

Отьрдің бір бөлігі одан әрі кетіп, барлық ниет білдірген адамдарға сауықтыру орталығына баруға клуб картасын (абонемент) сатып алып, оның қызметтерін пайдалануды ұсынады. Клуб карталарының ең әр алуан түрлері бар:

· белгілі бір күндері сауықтыру орталығына келудің ұзақтығы бойынша (кварталға, жарты жылға, бір жылға);

· келушілердің саны бойынша (жеке карта, 2 адамға есептелген, отбасылық карта және т.с.);

· келу уақыты бойынша (таңертеңгілік, күндізгі, кешкі уақыт);

· аптаның күндеріне байланысты (демалыс күнінің картасы, жұмыс күнінің картасы) және т.с.

Сауықтыру орталығына оқтын-оқтын келіп тұратын аламдардан ерекшелігі, клуб карталарының иелері, әдетте, кейбір жеңілдіктерге ие. Ең тартымды жеңілдік -сауықтыру орталығының қызметтеріне жеңілдік. Сауықтыру орталығына клуб карталары бойынша келетін клиенттердің саны негізгі клиенттер (отельде тұрып жатқан) үшін ыңғайсыздықтар және көп адам толып кету жағдайын жасамайтындай оптималды болуы керек.

Сауықтыру орталығының бөлмесінде орамалдарға, жеке пайдаланылатын заттарға арналған стеллаждар орналастырылады. Ерлерге және әйелдерге арналған жеке бөлмелер ойластырылған, бұларда: дәретханалар, душ кабиналары, суға шомылатын киімге арналған кептіргіштері мен фендері бар шешінетін жер бар.

Отельдердің көпшілігініңсауықтыру орталықтарында клиенттерге қызмет көрсету күн сайын таңертеңгі сағат 7 бастап 23 сағатқа дейін үзіліссіз жүргізіледі. Сауықтыру орталығының қызметкерлері демалыс үшін жайлы атмосфера жасауға, меймандар туралы қам жеуге тиісті. Жоғарғы санатты отельдің сауықтыру орталығында кез келген ауысымда екі және одан көп адам жұмыс істейді. Олар өздерінің жұмысын дем алуға және тамақ ішуге кезекпе-кезек тоқтатып отырады.

Егер мейманханада меймандар тұрғын қабаттардан тікелей сауықтыру орталығына келіп түсе алатын жеке лифт бар болса, бұл өте ыңғайлы. Лифт барлық қабаттарға соқай өтіп, тікелей сауықтыру орталығының жанында тоқтайтындықтан, бұл жағдайда меймандарға отельдің басқа клиенттері өздерін халатта және шәркеде немесе спорт киімінде көріп қояды-ау деп алаңдамауға болады.

Сауықтыру орталығында жайлы жағдай орын алуға тиіс. Сауықтыру орталығының бөлмесінің жақсы жарықтандырылуы, жаблықтардың арасында жеткілікті орын болуы керек. Әдетте, кіретін есіктің алдына сауықтыру орталығына келген кездегі жүріс-тұрыс ережелері ілінеді.

Тазалықтың жоғары деңгейін ұстап отыру мақсатында, клиенттерден сауықтыру орталығында жеткілікті мөлшерде бар болып отырған, бір рет пайдаланылатын шәркелерді кию сұралады. Бұдан өзге, мейманандарға монша халаттары және жеке гигиена заттары беріледі.

Әдетте, жоғарғы санатты отельдің сауықтыру орталығының бөлмесіне есіктегі құлыптың есептегіш-оқығыш құрылғысы бойынша магнит картаны өткізу арқылы кіруге болады. Отельде тұрып жатқан клиенттер номерлерінен магнитті кілт-картаны беріп, киім ауыстыруға арналған шкафтың кілтін алады. Қызметкер кілт-картаны конвертке салып, онда клиенттің бөлмесінің номерін және шкафтың берілген кілтінің номерін белгілеп жазады. Сауықтыру орталығының кеткен кезде кері ретпен алмасу жүреді.

Отельде тұрмайтын клиенттер ұсынған клуб картасымен де дәл осындай рәсім жүреді. Тек бөлменің номерінің орнына клуб картасының номері көрсетілетін болады. Сауықтыру орталығының қызметкерлері сауықтыру орталығында қазіргі сәтте кімнің бар екендігі туралы ақпаратқа дәл ие болуға тиіс. Бұл сауықтыру орталығының қызметтеріне ақы төлеуге шоттар беру үшін, сондай-ақ клиентті телефон бойынша шұғыл шақырып алған немесе ол үшін маңызды өзге ақпаратты берген жағдайда қажет.

16 жасқа дейінгі балалар сауықтыру орталығына тек ересектермен ғана келе алады. Бассейнді пайдаланардың алдында клиенттерге душ қабылдап алу ұсынылады. Шашы ұзын клиенттердің шаштарын байлап қойған немесе оларды жоғары қарай түйреп қойған дұрыс болады. Бассейнде үрленетін матрацтарды, резеңке қайықтарды және судағы ойындарға арналған өзге заттарды қолдануға тыйым салынған. Қауіпсіздік мақсатында жиектен бассейнге және джакузиге сүңгуге тыйым салынады. Бассейнде және джакузиде суға түсуге арналған іш киімде болу талап етіледі. Бассейннің немесе джакузидің шетіне стакандар, фужерер, тәрелкелер қоюға болмайды. Сауықтыру орталығы демалыс орны болып табылады.Мұнда қатты сөйлеген, ұялы телефон пайдаланған орынсыз. Клиенттер сауықтыру орталығының мүлкін қасақана немесе дәлелденген түрде бүлдірген жағдайда, олардан материалдық шығын үшін тиісті сома өндіріліп алады.

 



Просмотров 1067

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!