Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Кір сақтайтын бөлменің қызметкерінің міндеттері
1. Мейманхана-мейрамхана кірінің және қызметкерлердің біркелкі формасының сақталуы үшін толық материалдық жауапкершілік арқалауға. 2. Мейманхана-мейрамхана кірінің және қызметкерлердің біркелкі формасының қабылдануын, сақталуын, берілуін қамтамасыз етуге. 3. Тапсырылған кірді және біркелкі форманы бақылауға, оны кір жуу және химиялық тазарту бөлмесі үшін сұрыптауға. 4. Меймандардың кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын жинауға және бөлуге. 5. Кір сақтайтын бөлменің ұтымды пайдаланылуын қадағалауға, кірдің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес сақталуын ұйымдастыруға. 6. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің балансында есепте тұрған материалдық құндылықтарды ай сайын түгендеуді жүргізуге. 7. Жарамсыз болып қалған кірді және біркелкі форманы шығынға жазу актілерін ай сайын жасап отыруға. 8. Қатаң есептік құжаттарды жүргізуге. 9. Кір кір, төсекорын тысы, төсек жаймасыкір жуу-химиялық тазарту бөліміне дер кезінде тапсырып отыруға және нфоы мен мейрамхана шаруашылығына қажетті таза кірді алып отыруға. 10. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінде өңделген, кір сақтайтын бөлмеге келіп түсіп жатқан заттардың сапасын бақылауды жүргізуге. 11. Кірді және біркелкі форманы тексеруге, пайдалануға жарамсыз кір мен біркелкі форманың берілуіне жол бермеуге. 12. Ақаулы деп тапқан кірді екінші қайтара өңдеуге кір жуу-химиялық тазарту бөліміне немесе жөндеу үшін тігіншіге жіберуге. 13. Әрқашан кірдің мейманхананың ӘШҚ және тамақтандыруды ұйымдастыру қызметінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін жеткілікті қорына ие болуға. 14. Кірді сұрыптауға және тиісті сөрелер бойынша жинастыруға, біркелкі форманы белгіленген тәртіпке сәйкес іліп қоюға. 15. Меймандардың тапсырыстарының орындалу мерзімдерін және олардың номерлерге жеткізілуін бақылауға. 16. Кір сақтайтын бөлмені жинауды үнемі жүргізіп отыруға. 17. Өндіріс ішіндегі оқытуларға қатысуға. 18. Жұмыс орнында өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтауға. 19. Бөлім бойынша ішкі жарлықтарды және нұсқауларды, сондай-ақ жалпы бөлім бойынша ережелерді, бұйрықтарды, меморандумдарды орындауға міндетті.
Ара қатынас бойынша кір, төсекорын тысы, төсек жаймасы мен мейрамхана кіріне бүкіл мейманханакірінің шамамен 70%-ы, түкті бұйымдарға (орамалдар, аяққа арналған кілемшелер, халаттар, майлықтар) – 25%, біркелкі формаға және тұрып жатқан меймандардың жеке заттарына - 5%келеді. Отель үшін қажетті кір, төсекорын тысы, төсек жаймасының саны әрбір жататын орынға кір, төсекорын тысы, төсек жаймасының төрт жинағы есебінен анықталады. Бір жинақ пайдалануда болады, екіншісі – жинау сатысында, үшіншісі – кір төсекорын тысы, төсек жаймасына алмастыруға таза тұрған ретінде, кір жуатын бөлмеде, төртіншісі –күтпеген жағдайларға (электр қуатының ұзақ уақыт болмауы, кір жуатын жабдықтың сынып қалуы және т.с.) дайын тұрады деп шамаланады. Уақыт өте келе кір жарамсыз болып қалады. Көп жағдайда ол мұны атқаратын міндеті бойынша пайдаланбайтын клиенттер тарапынан бүлінуге ұшырап отырады. Орамалдар, майлықтар бүлінуге көбірек дәрежеде ұшырайды. Әр екі жыл сайын кір, төсекорын тысы, төсек жаймасы ауыстырылып отыруға тиіс. Оны пайдалану барысында, тозуына немесе істен шығып қалуына қарай, жекелеген бұйымдар айналымнан шығарылып, жаңаларымен ауыстырылып отырады. Жаңа кірді сатып алу және кірді жаңартып отыру үнемі және бірқалыпты жүріп отырады. Отельге меймандар көбірек толған кезде, тиісінше, кірдің көбірек тозуы жүреді. Бұл болмай қоймайтын процесс. Қызметкерлердің өздері отельдің материалдық құндылықтарына ұқыпсыз қараған кезде іс басқаша. Мысалға, кейбір тазалықшыларарнайы майлықтардың және шүберектің орнына жинау кезінде пайдаланылған, ал кейде таза кірді де (орамалдар, майлықтар) пайдаланады. Бұл жинаудың санитарлық-гигиеналық ережелерінің өрескел бұзылуы, сондай-ақ кірді аямастан бүліндіру болып табылады. Кір жуатын бөлмеде тиімділігі ең жоғары жуғыш препараттарды қолдана отырып жуғаннан кейін мұндай кірде жиі-жиі дақтар қалып отырады. Мұндай кір істен тезірек шығады және шығынға жазылуға жатады. Отельдің ӘШҚ басшысы осындай деректерді анықтап, айыпты қызметкерлерді қатаң жазалап отыруға тиіс. Жоғары санатты отельдерде кір жуу-химиялық тазарту бөлімікүн сайын демалыссыз, әдетте таңертеңгі 8 бастап кешкі 20 сағатқа дейін екі ауысыммен жұмыс істейді. Кір сақталып тұратын бөлме таңертеңгі ауысымның қызметкерлерін біркелкі формамен қамтамасыз ету үшін ертерек (таңертеңгі 7) ашылады. Бүкіл жұмыс күні бойына кір жуатын бөлмеге номер қорынан кір, төсекорын тысы, төсек жаймасы, түкті өнімдер келіп түсіп отырады. Тамақтандыруды ұйымдастыру қызметінен кір жуатын бөлмеге асхана жаймалары (дастархандар, майлықтар, орамалдар) келіп түседі. Мұнда үнемі кір кірді таза кірге ауыстыру жүріп жатады. Кір біркелкі форманыотель персоналы кір сақтау бөлмесіне немесе формалық киім қоймасына қайтарып беріп, бұл жерде ол тазаларына алмастырылады. Арнайы бөлінген қызметкерлер күн сайын номерлерден меймандардың жеке төсекорын тысы, төсек жаймасын алып кетіп, оны хжбне жеткізіп отырады және тапсырыстардың орындалуына қарай таза заттарды номерлерге жеткізеді. Бірқатар отельдер кір жуатын бөлмені функционалдық тұрғыдан екі аймаққа: кіші кір жуатын бөлмеге (форма киімін және меймандардың жеке заттарын жууға арналған) және үлкен кір жуатын бөлмеге (мейманхана-мейрамхана кірін жууға арналған) бөледі. Хжбнің осыған ұқсас функциялар орындайтын қызметкерлері әртүрлі отельдерде әртүрлі аталуы мүмкін. Мысалға, бір мейманханадағы хжбнің ауысым бастығы екінші бір мейманханадағы кір жуу машиналарының аға операторы орындайтын дәл сол жұмысты жасайды. Химиялық тазарту оператор кейбір отельдерде химиялық тазарту аппаратшысы деп атайды. Сонымен қатар кір сақтау бөлмесінің қызметкері, кастелянша және кір сақтау бөлмесінің қоймашысы қызметтері арасында да елеулі айырмашылық жоқ. Басқа қызметтер мен бөлімдердегідей, вкотельдің хжбнде өзара алмастырушылық жүйесі өте дамыған. Барлық қызметкерлер өндіріс інішдегі оқытып-үйретулерге үнемі қатысып отырады және, қажет болған кезде, бірін бірі алмастырып отыруға қабілетті.
|