Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Отельдің кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің персоналының қызметтік міндеттері
Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің меңгерушісі: 1. Өнімдерді жоғары сапамен үнемді жууды және химиялық тазартуды қамтамасыз ету үшін кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің жұмысын ұйымдастыру және бақылап отыруға. 2. Бұл кезде мейманхананың меймандарға толу болжамдарын ескере отырып, хжбнің персоналының жұмысқа шығу кестелерін, бір жылға демалыстар жоспарын жасауға. 3. Хжбнің кадрларының іріктелуі және қызметкерлер штатының жинақталуы үшін жауапкершілік арқалауға. 4. Жұмысқа тұруға үміткерлермен әңгімелесу жүргізуге. 5. Хжбнің жаңа қызметкерлерін химиялық тазартуға арналған жабдықпен, препараттармен жұмыс істеу дағдыларына үйретіп, баулуға. 6. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің қызметкерлерінің жабдықты пайдалануының дұрыстығын қадағалауға. 7. Кі жуатын бөлмеде тазалық пен гигиенаның жоғары деңгейде ұсталуын бақылауға. 8. Қатты ластанған және зақымдалған кір, төсекорын тысы, төсек жаймасымен жұмыс істеу технологиясының сақталуын бақылауға. 9. Материалдардың жұмсалуын бақылап отыруға. 10. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімін жұмысқа қажеттінің барлығымен қамтамасыз етуге тапсырыстарды дер кезінде беріп отыруға. 11. Хжбнің жұмыс жабдығының түгенделуін ұйымдастыруға және жүргізуге; 12. Кір, төсекорын тысы, төсек жаймасының және біркелкі форманың түгенделуін ұйымдастыруға және жүргізуге; 13. Жууға және химиялық тазартуға арналған препараттардың ай сайын түгенделуін жүргізіп отыруға; 14. Отель меймандары өткізген заттардың киімді күтудің халықаралық белгілерін (символдарын) және меймандардың ерекше ниеттерін ескере отырып жуылуының және тазартылуының сапасын бақылауға; 15. Отель персоналы өткізген заттардың жуылуының және тазартылуының сапасын бақылауға; 16. Мейманхана-мейрамхана кірінің, біркелкі форманың, отель менеджерлері мен басшыларының өкілдік киімдерінің қабылдануын және табысталуын бақылауға; 17. Меймандардың жеке заттарын жууға және химиялық тазартуға берілген тапсырыстардың орындалу мерзімдерінің сақталуын және олардың номерлерге жеткізілуін бақылауға; 18. Кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын сақтайтын бөлмелерде таза кір, төсекорын тысы, төсек жаймасының қорларының сақталуын және бар болуын бақылауға; 19. Отель үшін сатып алынған жаңа кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын бақылауға және тіркеуге; 20. Перделерді, жамылғыларды, жастықтарды тазарту секілді арнайы шараларды жоспарлауға; 21. ӘШҚ және инженерлік-техникалық қызметтің басшысынахжбнің жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарының және профилактикалық шаралардың қажеттігі туралы баяндап отыруға; 22. Кір жуатын бөлмеге тапсырылған кір, төсекорын тысы, төсек жаймасында табылған, меймандардың табылған заттарымен не істеу керектігін білуге; 23. Химиялық тазарту бөлімінің машиналарымен және жабдықтарымен, жуатын және кептіретін машиналармен жұмыс істей; қажет болған кезде, өзінің бағынышты қызметкерлерінің орнында жұмыс істей білуге; 24. Өндірістің барлық технологиялық циклдарын, химикаттарды қолдану ережелерін және олардың кір, төсекорын тысы, төсек жаймасының күйіне әсер етуін білуге; 25. Мейманхана-мейрамхана кірін жинақтау технологияларының орындалуын бақылауға; 26. Электр қуатының тұтынылуы үшін жауапкершілік арқалауға; 27. Телефон қоңырауларына телефон этикетінің ережелеріне сәйкес жауап беріп отыруға; 28. Бағынышты қызметкерлердің сыртқы түрін және біркелкі формасын қадағалауға; 29. Жұмыс орнындағы жарақат алудың барлық оқиғаларын тіркеп отыруға және бұл туралы қызмет басшысына баяндап отыруға; 30. Хжбнің қызметкерлерінің ішкі тәртіп ережелерін бұзулары туралы рапорттар дайындауға; 31. ӘШҚ қызметінің басшысымен бірлесе отырып, кір жуу бөлмесінің келесі жылға бюджетін жасауға; 32. Жиналыстарға және кеңестерге, сондай-ақ барлық өндірістік оқытуларға қатысуға; 33. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің персоналының қауіпсіздік техникасы ережелерін және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы үшін жауапкершілік арқалауға; 34. Тиісті жұтыс құжаттарын жүргізуге, қажетті есептерді үнемі жасап отыруға және тапсыруға міндетті. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің меңгерушісінің орынбасары: 1. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің меңгерушісі орнында болмағанда бөлімді басқаруға; 2. Кірді және киімді өңдеу технологиясының сақталуын бақылауға; 3. Барлық ауысымдардың қызметкерлерінің жұмысын бақылауға; 4. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің тазалығы және жабдықтың дұрыс пайдаланылуы үшін жауапкершілік арқалауға; 5. Химиялық тазартуға арналған химикаттардың және жуғыш препараттардың ұтымды пайдаланылуын бақылауға және осы үшін жауапкершілік арқалауға; 6. Тұрақты түгендеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысуға; 7. Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі мәселелерінде қырағылық көрсетуге; 8. Өндірістік оқытуларға және кеңестерге қатысуға; 9. Бағынышты қызметкерлерге жиналыстар мен кеңестерге қозғалған мәселелер мен проблемалар туралы хабар беруге; 10. Тиісті технологиялық құжаттар жүргізуге; 11. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің меңгерушісінің өзінің жұмысына сәйкес келетін және өндірістік қажеттілікке орай туындап отыратын жекелеген тапсырмаларын орындауға міндетті. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің ауысым бастығы: 1. Жұмыс ауысымын басқаруға, ауысымда кадрлардың орнына қойылуына жауап беруге. 2. Кір жуу машиналарының операторларының орнында жұмыс істеуге. 3. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің балансында есепте тұрған материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысуға. 4. Материалдық құндылықтар жарамсыз болып қалған жағдайда оларды шығынға жазу актілерін дайындауға қатысуға. 5. Қажетті технологиялық бланктерді, үлгілерді, журналдарды, квитанцияларды толтыруға, картотека жүргізуге. 6. Кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын өңдеу технологиясының сақталуын бақылауға. 7. Жуу үшін кір, төсекорын тысы, төсек жаймасының партиясын жинақтау ережелерінің сақталуын бақылауға. 8. Технологиялық циклдың барлық кезеңдерінде кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын өңдеу сапасын бақылап отыруға. 9. Бүкіл жабдықтың тазалығы мен дұрыс пайдаланылуы үшін жауапкершілік арқалауға. 10. Жуғыш заттардың дұрыс және үнемді пайдаланылуы мен қолданылуын үнемі бақылап отыру және осы үшін жауапкершілік арқалауға. 11. Өндірістік оқытуларға қатысуға. 12. Тұрақты түгендеулер жүргізуге қатысуға. 13. Кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің персоналының қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқауларды сақтауы жауапкершілік арқалауға; 14. Хжбнің меңгерушісінің және оның орынбасарының ауысым бастығы қызметіне сәйкес келетін немесе өндірістік қажеттілікке орай туындайтын жекелеген тапсырмаларын орындауға міндетті. Жуу машиналарының операторы: 1. Мейманхана-мейрамхана кірлерін өңдеу технологиясына (кірдің партияларын түсі, сапасы, ассортименті бойынша сұрыптау) сәйкес жинап алуды және сұрыптауды жүргізуге. 2. Кірді жуар алдында таразыға тартуға. 3. Кір жуу бөлмесінің жабдығын кәсіби пайдалануға, оны тазалықта ұстауға. 4. Кір жуғыш және кептіргіш машиналарға көп күш түсуіне жол бермеуге. 5. Жуғыш заттарды дұрыс және үнемді пайдалануға. 6. Кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын сақтайтын бөлмені таза кір, төсекорын тысы, төсек жаймасымен, түкті орамалдармен, дастархандармен және майлықтармен үнемі толықтырып отыруға. 7. Күн сайын кір жуатын бөлмедегі жұмыс орындарын жинауды жүргізуге. 8. Өндіріс ішінде оқытуларға қатысуға. 9. Санитарлық-гигиеналық талаптарды және нормаларды қатаң сақтауға. 10. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтауға. 11. Бөлім бойынша ішкі жарлықтарды және нұсқауларды, сондай-ақжалпы бөлім бойынша ережелерді, бұйрықтарды, меморандумдарды орындауға міндетті. Үтіктеу жабдығының операторы: 1. Жуылған кірді ассортимент (атаулары) бойынша сұрыптауға. 2. Үтіктеу жабдығына кәсіби қызмет көрсетуге. 3. Барлық мейманхана-мейрамхана кірін сапалы үтіктеуге. 4. Жуудағы кемшіліктері, ақаулары бар өнімдерді екінші қайтара өңдеуге қайтарып отыруға. 5. Түкті өнімдерді белгіленген стандарттарға сәйкес мұқият жиыстыруға. 6. Отель қызметкерлерінің біркелкі формасын үтіктеуге. 7. Жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті ұстап отыруға. 8. Өндіріс ішіндегі оқытуларға қатысуға. 9. Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының ережелерін, өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтауға. 10. Бөлім бойынша ішкі жарлықтарды және нұсқауларды, сондай-ақ жалпы бөлім бойынша ережелерді, бұйрықтарды, меморандумдарды орындауға міндетті. Тігінші: 1. Мейманхана-мейрамхана кірінің және отель қызметкерлерінің біркелкі формасының мінсіз күйі үшін жауапкершілік арқалауға. 2. Отельді кір, төсекорын тысы, төсек жаймасымен қажетті мөлшерде және мінсіз күйде қамтамасыз етуде кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің өзге қызметкерлеріне көмек көрсетуге. 3. Тігін жабдығын, кесте тігу техникасын, оверлокты кәсіби пайдалануға. 4. Өнімдерде дақтарды тапқан кезде оларды екінші қайтара өңдеуге қайтарып отыруға. 5. Міндетті түрде шот ұсына отырып, меймандардың өтініштері бойынша киімді тігу, ұсақ жөндеу және қайта құрастыру бойынша қызмет көрсетуге. 6. Үнемі өндірістік журнал жүргізіп отыруға. 7. Қызметкерлерге арналған біркелкі форманы өлшем бойынша қиыстырып келтіруге және, қажеттігіне қарай, қызметкерлердің біркелкі формасын ұсақ жөндеуді жүргізуге. 8. Шымылдықтарды, қаптамаларды, жамылғыларды жөндеуді, сондай-ақ жиһаз қаптамасын жөндеуді жүргізуге. 9. Мейманхананың кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын жасауды іске асыруға. 10. Шығынға жазылған және зақымдалған кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын жинауға арналған шүберекке қайта тігуді жүргізуге. 11. Күн сайын өзінің жұмыс орнын жинап отыруға. 12. Тігін жабдығын таза күйде ұстауға. 13. Шағын жөндеуге қабылданған меймандардың заттарының, персонал біркелкі формасының, нфоының, мейрамхана шаруашылығының кір, төсекорын тысы, төсек жаймасының сақталуы үшін толық жауапкершілік арқалауға. 14. Мейманханада өткізілетін арнайы шараларға арналған заттар жасауға. 15. Жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіздік техникасын сақтауға. 16. Басшылықтың өз жұмысына сәйкес келетін және өндірістік қажеттіліктен туындайтын жекелеген тапсырмаларын орындауға міндетті.
Химиялық тазартудың аппаратшысы: 1. Меймандардың жеке заттарын және отель персоналының біркелкі формасын қолданылатын технологияға қатаң сәйкестікте сапалы өңдеуді жүргізуге. 2. Киімді күтудің халықаралық белгілерін (символдарын) егжей-тегжейлі білуге. 3. Химиялық тазарту машинасын және дақ кетіретін станокты нұсқауға сәйкес пайдалануға. 4. Бу генераторымен, бу үтігімен, кірді үтіктеуге арналған преспен, бу манекенімен жұмыс істей білуге. 5. Киімді тазартудың барлық температуралық және техникалық режимдерін сақтауға. 6. Химиялық тазарту үшін қолданылатын барлық химикаттар туралы білуге. 7. Машинада тазартардың алдында, өнімдердегі дақтарды алдын ала кетіруді жүргізуге. 8. Өнімдердің химиялық тазартудан кейінгі сапасын мұқият бақылап отыруға. 9. Дақ кетіретін препараттарды тиімді қолдануға. 10. Машиналарды және химиялық тазартуінің бөлмесін тазалықта ұстауға, жұмыс орнында үнемі тазалық пен тәртіпті ұстап отыруға. 11. Электр қуатын үнемдеуге. 12. Жұмыс орнында өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтауға. 13. Бөлім бойынша ішкі жарлықтарды және нұсқауларды, сондай-ақ жалпы бөлім бойынша ережелерді, бұйрықтарды, меморандумдарды орындауға міндетті. Химиялық тазартудың бақылаушысы: 1. Меймандардың жеке заттарын олар химиялық тазартуға толтырған бланк- тапсырыстарға сәйкес өңдеу үшін қабылдап алуға. 2. Отельдің менеджерлерінің және басшылығының біркелкі формасын және өкілдік киімін өңдеуге қабылдап алуға. 3. Химиялық тазартуға өңдеу үшін келіп түсетін барлық заттарды мұқият қарап шығуға. 4. Киімдегі ақаулар табылған кезде бұл туралы кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің басшысына хабарлауға. 5. Тапсырыстарды таңбалауға; өңдеуге тапсырылған киімнің қалталарын тексеруге. 6. Жуардың алдында көйлектердің манжеттерін және жағаларын алдын ала тазартуды жүргізуге. 7. Кір, төсекорын тысы, төсек жаймасын түсі, атаулары, ластану дәрежесі бойынша дұрыс сұрыптауды жүргізуге. 8. Өнімдердің өңделу сапасын бақылауға (сапасыз жұмыс кезінде – қосымша өңдеуге қайтарып отыруға). 9. Дайын өнімдерді сұрыптауға. 10. Меймандардың тапсырыстарын белгіленген стандарттарға сәйкес орап, бууға. 11. Мейманхананың клиенттеріне көрсетілген кір жуу-химиялық тазарту бөлімінің қызметтеріне шоттар ұсынуға. 12. Мейманхана қызметкерлерінен ақы үшін жеке іш киім жууға және жеке киімді тазартуға тапсырыстар қабылдауға. 13. Жұмыс орнының тазалығын үнемі қалыпты ұстап отыруға. 14. Өндіріс ішіндегі оқытуларға қатысуа. 15. Жұмыс орнында өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтауға. 16. Бөлім бойынша ішкі жарлықтарды және нұсқауларды, сондай-ақ жалпы бөлім бойынша ережелерді, бұйрықтарды, меморандумдарды орындауға міндетті. Химиялық тазартудың үтіктеушісі: 1. Меймандардың жеке заттарын және отель қызметкерлерінің біркелкі формасын қолданылатын технологияға сәйкес сапалы үтіктеуді жүргізуге. 2. Барлық үтіктеу жабдығын бар болып отырған нұсқауларға сәйкес кәсіби тұрғыдан пайдалануға. 3. Әртүрлі маталар үшін барлық технологиялық талаптарды және температура режимдерін сақтауға. 4. Өндіріс ішіндегі оқытуларға қатысуға. 5. Жұмыс орнында өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтауға. 6. Бөлім бойынша ішкі жарлықтарды және нұсқауларды, сондай-ақ жалпы бөлім бойынша ережелерді, бұйрықтарды, меморандумдарды орындауға міндетті.
|